Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД кант Каз ВМ и ВС сент 2012.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
12.11.2019
Размер:
5.21 Mб
Скачать
  1. Халықты радиациядан қорғау шаралары.

ҚӘУЗ-дi шығаратын немесе қолданатын барлық нысандарда, сонымен қатар атом энергетика ныcaндapындa жұмыс iстейтiндерге және сол аумақта тұратын халыққа тiкелей қауiп келтiредi.

ҚР аймағында бес ядролық реактор бар:

Бiреуi Алматы қаласының жанындағы Алатау поселкесiндегi Ядролық физика институтында. Реактордың түpi СС ҚИ -10 (Қазақстанның судағы су реакторы). Ядролық отынды 7 кг. Тиеу, ғылыми мақсатта қолданылады.

Басқа ядролық реактор Ақтау қаласындағы жылдам нейтроны бар БН-350 – ол негiзiнде суды бүркушi ретiнде қолданылады, қазiргi уақытта жұмыс iстемейдi.

Үш ядролық қондырғы-кезiнде әскери ғылыми мақсатта қолданылған бұрынғы Семей ядро полигонында (оның бiреу бекiтіген).

ТМД аймағында ВВЭР-1000 түрiндегi реакторлар қолданылады.

ВВЭР-450 ядролық отынды тиеу

РБМК-IООО 45 – тен 32 тоннаға дейін

Иондаушы сәулеленудiң негiзгi сипаты.

Иондаушы сәулеленудiң небәрi 4 түpi бар: α,β,γ нейтрондық сәулелелерi.

Α – сәуле шығарғышы аз мөлшерде өтyiмeн сипатталады, бiрaқ ауқымды иондағыш қабiлеттiлiгi адам ағзасына тыныс алу жолдарымен түceдi. Респиратор, сүзгi газқaғaрлар арқылы қopғaнyға болады.

Β – альфа сәуле шығарушысымен салыстырғанда, бұл сәуле шығарғыш өткiштiгiнiң күштiлiгiмен сипатталады, бiрақ иондағыш қабiлeтi альфа сәуле шығaрғышымен салыстырғанда аз. Қopғанaтын заттар – респиратор, терiнiң ОЗК Л-l түpiн қорғайтын заттар;

γ – оның өткiш қасиетi күштi, оның сәулесi темiрбетон, кiрпiштен қаланған ғимараттардың қабырғасынан; брони танктен өтiп кетедi. Қорғанатын жерлер –панаханалар, метролар.

- гамма сәулесi бойынша әлсiздену коэффицентi:

- тaнк – 10 рет

- БТР – 4 рет

- кiрпiштi ғимарат – 10 рет

- машина- 2 рет

Нейтрондық сәулелену – тез өткiштiгiмен қатар, иондағыш қасиeтiмен сипатталады. Қорғаныс орындары- панаханалар, метролар. Сутегі бар материалдар.

Сәулелену дозасы:

- жұтатын доза – кез – келген жұтылған заттың масса бiрлiгiнiң иондағыш сәулелерiнiң энергиясын сипаттайды. СИ жүйесiнде өлшеу бiрлiгi –грей (Гр), жүйеден тыс бiрлiк РАД болып табылады.

- экспозициялық доза- үй-жайлар, жергiлiктi жерлерде радиациялық жағдайды бағалау үшiн керек. СИ жүйесiнде өлшеу бiрлiгi – кулон / кг (КЛ/кг), жүйеден тыс – Рентген (Р);

- балама доза- сәулеленудің биологиялық баламасын сипаттайды. СИ жүйесiнде өлшеу бiрлiгi – Зиверт (ЗВ), жүйеден тыс бiрлiк РББ (рентгеннің биологиялық баламасы).

Барлық сәулеленудің табиғи көздерiнен орташа сәулелену дозасы жылынa 200-300 м/рентгендi немесе 0,2-0,3 РББ-ны құрайды. Жылына бiр адамға 0,5 РББ, иондaғыш сәулелер көздерiнде жұмыс жасайтын адамдарға – 25 РББ.

Сәуле ауруының өршуi 100 РББ сәулелену дозасынан асып кеткенде байқалады.

Tұрғындapды РЗ-дан қорғау – радиациялық қауiп туралы хабардар ету және тез арада көшiру.

  1. Зақымдану ошағындағы радиациялық ахуалды бағалау.

Қарсылас жақ осы заманғы зақымдау құралдарын қолданған жағдайда, сондай-ақ атом өнеркәсібі кәсіпорындарындағы авария кезіндегі ауа, жер және онда орналасқан ғимарат, техника мүлік радиациялық зақымдануға ұшырайды.

Жердің радиоактивті зақымдануы нәтижесінде пайда болған ахуал радиациялық ахуал деп аталады. Ол радиациялық зақымданудың көлемімен және сипатымен анықталады және шаруашылық объектілерінің өндірісті қызметіне, бөлімшелердің іс-әрекетіне, халықтың тіршілігіне айтарлықтай ықпал етеді. Адамдардың, малдардың зақымдану қаупі радиациялық ахуалды тез анықтау мен бағалауды және құтқару жұмыстарын жүргізуде оның ықпалын ескеруді талап етеді.

Осы мақсатта радиациялық барлау мәліметтері бойынша болжау әдісімен радиациялық ахуалды анықтау мен бағалау жүргізіледі.

Болжау зақымдау уақытын, сипатын және бөлімшелердің іс-әрекет режимдері мен зақымдалған жердегі халықтың өзін-өзі ұстау тәртібін анықтау мақсатында мәліметтер береді. Бұл зақымдаудың тек нақты деректерден едәуір айырмашылығы болуы мүмкін шамалас сипаттамалары ғана.

Болжаудың бастапқы мәліметтері: жарылыстың қуаты, түрі мен орталығының (кіндігінің) деректері, жарылыс уақыты, орташа желдің жылдамдығы мен бағыты.

Шаруашылық объектілерінде радиациялық ахуалды болжамайды, тек ТЖ мен АҚ жөніндегі жоғары тұрған органдардың мәліметтерін ғана пайдаланады. Объектілердің АҚ және ТЖ штабтары мен қызметтері оны тек барлау мәліметтері негізінде ғана бағалайды.

Аумағының көлемі жердің радиациялық зақымдану аймағымен салыстырғанда шағындау шаруашылық объектісі үшін болжаудың тек екі нұсқасы ғана ықтимал: объекті қызметкерлері сәулеленуге ұшырайды немесе ұшырамайды. Сондықтан объект аумағынан радиоактивті зақымдану жағдайы үшін радиоактивті бұлт ізінің белдігі кәсіпорын аумағының ортасы арқылы өтетін кездегі ең жағымсыз нұсқа алынады.

Болжанатын радиациялық ахуал міндетті түрде радиациялық барлаумен нақтыланады. Радиациялық ахуалды бағалау болжау мәліметтерін алғаннан кейін жүргізіледі.

Радиациялық ахуалды бағалау үшін нені білу қажет? Оны бағалау үшін бастапқы мәліметтер мыналар: радиоактивті зақымдануды туғызған ядролық жарылыстың уақытың радиация деңгейі мен оны өлшеу уақытың радиацияны әлсірету коэффициенттерінің маңызын сәулеленудің жол берілген дозасын, сондай-ақ қойылған міндет пен оны орындау мерзімдері.

Радиациялық ахуалды бағалау кезінде радиация деңгейін бір уақытқа келтірген жөн (әдеттегідей, ядролық жарылыстан кейінгі бір сағатқа). Бұл радиациялық ахуалды картаға (схемаға) түсіруді және бұдан әрі радиация деңгейінің төмендеуін қадағалауды жеңілдетеді.

Осындай міндетті шешу кезінде екі нұсқау кездесуі мүмкін.

Біріншісі: жарылыс уақыты белгілі.

Екіншісі: белгісіз.

Бірінші жағдайда: жарылыстан кейін (Р1) радиацияның деңгейін 1 сағатқа келтіру үшін радиацияның өлшенген деңгейінің көлемін қандай да бір уақытқа t (Pt) анықтамалықтар кездесетін кестеліктегі қайта есептеу коэффициентіне көбейту қажет.

Екінші жағдайда әуелі ядролық жарылыстан кейін өткен уақытты анықтау керек, оны уақытқа байланысты радиация деңгейінің төмендеу жылдамдығы бойынша табады. Бұл үшін тек бір нүктедегі радиацияның деңгейін өлшейді, алайда (Р1 және Р2) аралығымен ғана. Бұдан кейін екінші және бірінші өлшеу (Р21) арасындағы қатынас бойынша кестенің көмегімен жарылыс болған сәттен бастап екінші өлшемге дейінгі уақытты анықтайды. Мысалы, бірінші өлшем 12.00-де жүргізілді және радиация деңгейі 120 р/с, екінші өлшем 15.00-де жүргізілді және радиация деңгейі 42 р/с болды. Тиісінше, екі өлшемнің арасындағы үзіліс 3 сағат, ал деңгейлер арақатынасы (42:120) 0,35 болды. Тиісті кесте бойынша жарылыстың екінші өлшемге дейін 5 сағат бұрын, яғни 10.00-де (15.00-5.00) болғандығын табамыз. Уақыттың алынған маңызын ядролық жарылыстан кейінгі бір сағаттағы радиация деңгейін есептеу үшін пайдаланады.

Объектінің АҚ штабы ақпарат алынған барлық арналарды пайдалана отыра, радиоактивті ахуалды қорытындылайды (радиациялық және химиялық бақылау тіректерінің, радиациялық және химиялық барлау буындары мен топтарының, ТЖ және АҚ жоғары тұрған органдарының мәліметтері). Қорыту нәтижелері объектінің жоспарына еңгізіледі.

Бұдан кейін сәулеленудің ықтимал дозасын анықтаған жөн. Олар адамдар зақымдалған аумақта болған кезде олардың қайта сәулеленуін болдырмау мақсатында есептеледі.

Сәулелену дозасын анықтау үшін бастапқы мәліметтер мыналар: ядролық жарылыстан кейінгі бір сағатқа келтірілген радиация деңгейі мен зақымданған аумақта болу созымдылығы. Осы міндетті шешу кезінде әлсіреу коэффициенттерін ескеру қажет (Кәлс.) (кестені қараңыз).

Радиоактивті зақымдану жағдайында адамдардың аса қажетті іс-әрекеттерін анықтауға болады. Мұнда бір қатар міндеттер шешіледі. Адамдардың зақымдалған жерде болуының жол берілетін уақытының созымдылығын анықтау, құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін объектігі бөлімшелерді әкелу уақытын белгілеу, құтқару жұмыстарының толық көлемін орындау үшін ауысымдардың қажетті санын есептеуді жүргізу, радиоактивті зақымдану аймағынан (учаскесінен) кетуді қашан бастауға болатын уақытты табу, қатты және қауіпті зақымдану аймағынан адамдарды көшіру (әкету) уақытын нақтылау, жұмысшыларды, қызметшілерді және АҚ бөлімшелерінің жеке құрамын радиациялық қорғаудың ықтимал режимін анықтау қажет.

Ядролық энергетикалық қондырғылардағы авария жағдайында жердің радиоактивті ластануы жергілікті сипатта болады. Ол негізінен биологиялық белсенді радионуклидтерден туындайды. Жердегі сәулелену дозасының қуаты ядролық жарылыстың радиоактивті бұлтының ізіндегіден жүздеген, ал кейде мыңдаған есе әлсіз. Сондықтан да адамдар үшін сыртқы сәулеленуден гөрі ішкі сәулелену әлдеқайда қауіпті.