Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД кант Каз ВМ и ВС сент 2012.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
12.11.2019
Размер:
5.21 Mб
Скачать

5. Көшіру органдары, олардың құрылымдары мен міндеттері.

Халықты бытыраңқы орналастыру мен көшіруді жоспарлауды және өткізуді тікелей жүзеге асыру үшін көшіру органдар құрылады, олар тиісті АҚ бастықтары шешімдерімен құралады. Өз уақытында көшіру комиссиялар, көшіру – қабылдау комиссиялары, жиналу-көшіру пункттері, көшіру-қабылдау пункттері құрылады. Көшіру органдарымен қатар көшіру мәселесін жылдам шешу үшін көлікке отырғызу, қозғалыс пен адамдарды түсірудің бастапқы нүктелері жабдықталады.

Көшіру комиссиялары (КК) республикада, облыстарда, қалаларда, қалалық аудандар мен ұйымдарда, сондай-ақ министрліктерде, ведомстволарда құрылады. Олар халықты бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялау жөніндегі шаралардың бүкіл кешенін орындауға және осы шараларды жан-жақты қамтамасыз етуге жауап береді.

Көшіру комиссиялардың құрамын орталық және жергілікті атқарушы органдардың тиісті басшылары бекітеді. Бірінші басшының орынбасарының бірі көшіру комиссияның төрағасы болып тағайындалады. Көшіру комиссия құрамына орталық және жергілікті атқару органдарының, азаматтық қорғаныс қызметтерінің, білім, әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімдерінің, әскери комиссариаттардың, ұйымдастыру, сондай-ақ келетін халықты тұрмысқа қажеттілермен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға бақылау жасау.

Көшіру-жиналу пункттері (КЖП) бір объекті негізінде құрылады. КЖП әкімшілігі жергілікті атқарушы органдарының қаулысымен, ұйымдардың бұйрықтарымен тағайындалады. КЖП өз қызметінде көшіру комиссияға бағынады.

Құрылатын көшіру-жиналу пункттерінің саны мен олардың тұрған жерлері бытыраңқы орналастырылатын және көшірілетін халықтың санын, көшіру маршруттарына отырғызу пункттерінің саны мен олардан жөнелтілетін пойыздар мен кемелердің үдемелілігін ескере отырып белгіленеді. Көшіру жиналу пункттері әдетте халықты көшіру маршруттарына, теміржол станцияларына теңіз және өзен аймақтары мен кемежайларына жақын жерлерге, адамдарды көшіру маршруттарының бастапқы пункттері мен тырғызу пункттеріне жиналу мен уақытында жеткізуге жағдай жасайтын жерлерге орналасады.

Әрбір көшіру-жиналу пунктіне рет нөмірі беріледі және оған шаруашылық жүргізу объектілері мен пәтерлерді иеленушілердің кооперативтері тіркеліп жазылады. Көшіру-жиналу пункті қалалық, аудандық, объектілік көшіру комиссиялармен, жаяу көшіру маршруттарының бастапқы пункттерімен, отырғызу пункттерімен және көлік органдарымен тікелей байланысы қамтамасыз етіледі.

Көшіру қабылдау пункттерінің әкімшілік құрамы келуші халықтың санымен оны қамтамасыз етуге байланысты шаралар көлемін ескери отырып белгіленеді.

КЖП-нің негізгі міндеттері: КК-мен, КЖП-ға бағындырылған объектілермен және ПИКтермен, көлік иелерімен байланыс жасау, оларға халықтың КЖП-ға келуі мен қауіпсіз аймаққа жіберілуі туралы ақпарат беру, көліктің өз уақытында берілуін, адамдарды жөнелтуді ұйымдастыру, КЖП-тегі адамдарға медициналық көмек көрсету қажеттігі туралы белгіленген тәртіппен КК-ға хабарлау, қоғамдық тәртіпті қамсыздандыру.

Аралық көшіру пунктері (АЭП) елді мекендерге, байланыс жолдарына жақын, ықтимал қираулар аймағынан тысқары жерлерге орналасады. Олар инженерлік тұрғыдан дер кезінде даярланады және көшірілетін халықтың сәл дамылдауына, оларды тіркеуге қажет жағдайға дозиметрлік және химиялық бақылау жасауға, адамдарды санитарлық тазалау және қауіпсіз аймаққа жөнелтуге арналған. Егер қажет болса АКП-те киім мен аяқ-киім айырбасталады немесе тазартылады.

АКП-тің негізгі міндеттері: елді мекендерге келген халықты қарсы алу және уақытша орналастыру, аудандар КЖП-ларымен қауіпсіз аймақты, көлік қозғалысының кестесін келісу адамдарды соңғы баратын нүктеге жөнелтуді, дәрігерлік көмекті көрсетуге, қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыру, жаяу жүру бағытының және аудандар КЖП бастықтарына келген халықтың саны мен оларды қауіпсіз аймаққа жөнелту уақыты туралы баяндайды.

Көшіру-қабылдау комиссиялары (КҚК) селолық аудандар мен көшірілген халықты орналастыру жүргізілетін меншіктің барлық нысанындағы ауылшаруашылық ұйымдарында құрылады. КҚК селолық аудандар АҚ, меншіктің барлық нысанындағы ауылшаруашылық кәсіпорындары бастықтарының шешімдерімен құрылады. Оларды селолық аудандар, ауылшаруашылық кәсіпорындары бірінші басшыларының орынбасарлары басқарады. Олардың құрамына жергілікті атқару органдары мен АҚ және ТЖ қызметтерінің, келген халықты, қабылдауға, орналастыру мен қамсыздандыруға қатысатын өзгеде ұйымдардың қызметкерлері кіреді. КҚК-да есеппен ақпарат, қабылдау мен орналастыру, жолмен және көлікпен қамсыздандыру топтары құрылады.

КҚК-нің негіхгі міндеттері: көшірілгендерді қабылдау мен орналастыруды, оларды негізгі тіршілік көзімен қамсыздандыруды және қорғауды ұйымдастыру, келгендердің санын, берілетін көлік тәртібін нақтылау, қала КК-мен ұдайы байланыс жасау өз аумағындағы санитарлық эпидемиялық, радиациялық және химиялық ахуалды бағалау.

Көшіру-қабылдау пункттері (КҚП) келген халықты қабылдауға, есепке алу мен орналастыруға. Олар қоғамдық және әкімшілік ғимараттарындағы түсіру нүктелеріне жақын орналасады. КҚП саны мен құрылымын КҚП басшысы анықтайды. КҚП құрылымына қалалықтарды қабылдау және орналастыру, жөнелту және шығарып салу, қоғамдық тәртіпті сақтау топтары, сондай-ақ анықтама стөлі, медициналық нүкте, бала мен ана нүктесі, коменданттық қызмет кіреді.

КҚП негізгі міндеттері: қаладан келген автоколонналарды қарсы алу және түсіру нүктесі әкімшілігімен бірге адамдарды түсіруді қамсыздандыру. Қажет болса келгендерді жақын елді мекендерге орналастыру, оларды аудан автокөлік қызметімен бірлесе отырып тұрақты орналасу нүктесіне жөнелту, аудан КҚК-ларына келгендердің саны, оларды жөнелту, медициналық көмек қоғамдық тәртіп сақтау, адамдарды паналату туралы баяндайды.

Ұйымшылдық пен тәртіпті қамсыздандыру үшін халық арасынан жаяу колонналар бастықтары, жаяу жүру бағыттарының, автомобиль колонналарын, көшіру поездарының, кемелердің бастықтары тағайындалады.

Жаяу бағыттар бастықтар жағынан басқару топтар құрылады. Бағыт бастықтарына қоғамдық тәртіп сақтау мен барлау жүргізу үшін күш пен қаражат беріледі. Берілген күштер құрамында қозғалыс реттеу нүктелері құрылады.