Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД кант Каз ВМ и ВС сент 2012.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
12.11.2019
Размер:
5.21 Mб
Скачать

7. Материалдық құндылықтарды көшіру тәртібі.

Қауіпсіз аймаққа әкетілуге тиіс материалдық кұндылық тізбесін ҚР үкіметі, облыстық, қалалық әкімдер, министрліктер мен ведомстовлар анықтайды. Қалалардан бірінші кезектегі мыналар әкетуге тиіс: қауіпсіз аймаққа қоныстандырылатын халықты жабдықтауға арналған азық-түлік, дәрі-дәрмек өнеркәсіптік товарлары, сондай-ақ мұражай мен банк құндылықтары, архив материалдары, айырықша қондырғылар. Материалдық кұндылықтарды көшіру бойынша шараларды өтінім негізінде көлік органдары жоспарлайды. Жүк тасымалының көлемі көлік, арту, жұмыс күші, механизация құралы мүмкіндігін ескере отырып күн бойынша анықталады.

Мүмкіндігінше жүктерді алып кету халықты тасымалдаумен қатар, ал мүмкіндік жоқ болса ол аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

Халықты көшіру мен қоныстандыру басталысымен халық көшірілген қалалардан әкелінген жүктерді жөнелту ұйымдастырылады. Жөнелту үшін жабдықтау, көлік және жергілікті атқару органдары өкілдері қатарынан жедел топ құрылады. Маңызды материалдық кұндылықтарды әкету үшін үкімет шешімімен әуе көлігі пайдаланылуы мүмкін.

8. Көшіру шараларын жүргізу.

Көшіру органдары халықты қоныстандыру мен көшіруді ҚР үкіметі арнайы өкімін алғаннан кейін ұйымдастырып жүргізеді.

Тікелей көшіру шараларын жүргізумен ұйымдардың АҚ бастықтары мен штабтары, КМК басқарушылары, қалаларда (аудандарда) құрылатын көшіру комиссияларының басшылығы айналысады.

Көшіру оны хабарлағаннан кейін қысқа мерзімде өткізіледі. Бұл шараларды өткізуге өндірістік және шаруашылық шұғыл тасымалдардан бос қоғамдық көліктің барлық түрлері (теміржол, автокөлік, су және де авиациялық), сондай-ақ жеке меншік көлік пайдаланылады. Көшіруге жататын тұрғындардың бір бөлігі жаяу шығарылуы мүмкін.

Көшіруді өткізу туралы өкімді алған сәтте, АҚ бастықтары және қалалық (аудандық) ТЖ басқарма органдары АҚ қызметтерімен және көшіру комиссияларымен бірлесіп, әзірленген жоспарларға сәйкес кәсіпорындардың және мекемелердің, оқу орындардың, КМК және т.б. басшыларына, ал олар өз кезегінде жұмысшылар мен қызметшілерге, олардың отбасыларына және қалған тұрғындарға жиналу-көшіру пунктіне жету уақыты туралы хабарлайды. Халықты хабарландыру үшін әртүрлі хабарлағыштар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары – радио, теледидар, баспасөз және т.б. қолданылады.

ПИК басшылары жұмыс істемейтін халықты хабарлау мен жинауды ұйымдастырады. Жалғыз бастылар мен басқаның көмегіне мұқтажды көшіру органдарына жеткізеді.

Әскери басшылық ықпалдастық жоспарына сәйкес көшіру шараларын қамсыздандыру үшін көлік бөледі, көпірлер мен өткелдерді пайдалануды нақтылайды, ахуалдың өзгерісі туралы хабарлайды және қажет жағдайда ТЖ бойынша басқару органдары мен көшіру органдарына жоспарға өзгеріс туралы ұсыныс береді. Ол қоғамдық тәртіпті, коменданттық қызметті, қозғалысты реттеу мен бағытты барлауды ұйымдастыру мен іске асыруға көмек көрсетеді. Кеткен әскерлердің бос орны мен әскери калашықтар мен әскерлер қалдырған мүлік халықты қоныстандыруға және оны тіршілік көзімен қамсыздандыруға бөледі.

Министрліктер, ведомстволар АҚ бастықтары өз орталық аппараттары қызметшілерін отбасы мүшелермен көшіруді ұйымдастырады, сонымен қатар министрлікке бағынысты ведомстволар мен объектілер жұмысшылары мен қызметшілерін және отбасы мүшелерін көшіру барысына бақылау жасайды.

Көшіру-жинау пункттерінің бастықтары пункттерді дайындыққа келтіреді, жеке құрамның міндеттерін нақтылайды, отырғызу пункттерінің бастықтарымен және бекітілген ұйымдармен байланыс жасайды және жаяу саптардың шығу, көлікті беру мен жөнелту уақыты өзгерген жағдайда, халықты жөнелту кестесін нақтылайды; келуші халықты қабылдау мен тіркеуді, оларды жаяу маршруттардың бастапқы пункттеріне мен көлікке отырғызу пункттеріне жөнелтуді ұйымдастыралы. Орналастырылатын және көшірілетін халық көшіру жинау пунктіне белгіленген уақыты өз бетінше келіп жетеді.

Жаяу тәсілмен көшіру маршруттарының бастықтары басқару топтарымен бірге және Азаматтық қорғаныстың қоғамдық тәртіпті қорғау қызметімен өзара іс-қимыл жасай отырып, маршруттар бойынша жаяу саптардың ұйымдасқан қозғалысын қамтамасыз етеді; маршруттарға барлауды және солардын ізімен келе жатқан халыққа хабарлауды ұйымдастырдаы.

Көшіру кезінде өзіңізбен бірге ала жүретін ең қажетті құжаттар: куәлік (паспорт), әскери билет, еңбек кітапшасы немесе зейнеткер куәлігі, оқу орнын бітіргендігі туралы диплом (аттестат), неке және балалардың туы туралы куәлік пен ақша.

Заттар мен азық-түлік мөлшері оны алып жүретін адамға шақ болуға тиіс. Көлік құралдармен көшіру кезінде бірге алып жүретін мүлік пен азық-түліктің жалпы салмағы әрбір адам үшін 50 кг-дан аспауға тиіс.

Жаяу көшірілетіндердің колонналары, әдеттегідей, жиналу-көшіру нүктелерінің қасында құрылады. Жүруді жақсы ұйымдастыру мақсатында колонналарды цехтарға және басқа өндірістік бөлімшелерге бөлу ұсынылады. Колонналар басына тәжірибелі және беделді басшылар қойылады. Халықты жаяу шығару жолдар, сондай-ақ бағыттар және колонна жолдары бойынша жүргізіледі. Жаяу колонналардың бағыты ықтимал қирау аумағынан шығу мақсатымен әдетте бір тәуліктікте өтетін ара қашықтыққа жоспарланады.

Жаяу колонналары 500-1000 адамға дейін жасақталады. Колонналардың қозғалыс жылдамдығы 4-5 км/сағат, колонналардың ара қашықтығы 500 м дейін болып жоспарланады. Тәуліктік жүру мөлшері 30-40 км.

Дамылдау созымдылығы былайша белгіленеді: шағын үзіліс 30-45 мин, үлкен үзіліс 2-4 сағат. Шағын үзілістер қозғалыстың әрбір 2-2,5 сағатынан кейін, ал үлкен үзілістер тәуліктік жолдың екінші жартысының басында белгіленеді. Дамылдау кезінде колонна (топ) құрамы тексеріледі дәрігерлік көмек көрсетіледі, үлкен үзілісте ыстық тамақ беріледі.

Марш кезінде белгіленген тәртіпті сақтау қажет. Колоннаны оның бастығының рұқсатынсыз тастауға болмайды. Көңіл-күйін нашар сезінсе, дәрігерге көрінгені жөн. Медициналық қызмет тексерілген көзден су ішуге болмайды.

Колоннаға бөгде адамдар қосылса, бұл туралы колонна бастығына хабарлау қажет.

Түнде жүріп келе жатқанда, әсіресе соқпақтармен арта келе колонна жолымен өткенде жатқандарға жолдағы кедергілер туралы айтып, қасындағылардың қалып қоймауын және дамылдау кезінде қалғып кетпеуін қадағалау қажет.

Ыстық уақыттағы марш кезінде күн тимеу үшін бас киімді шешпей бірінің артынан бірі тасалай жүріп, су үшін режимін қатаң сақтау қажет, дамылдау орындарында мүмкіндігінше көлеңкелі жерге отыруға тырысу керек.

Қыстағы аязды және желді ауа райында бірі-бірінің үсіп қалмауын қатаң қадағалау жөн. Дамылдау орындарында қарға жатуға болмайды.

Көлікте отырғанда белгілен тәртіп пен ережені қатаң сақтап. АҚ мен ТЖ жөніндегі органдар өкілінің вагон, кеме немесе автомашина жетекшілерінің нұсқауын орындау қажет және олардың рұқсатынсыз одан түсуге болмайды.

ЖКП-ке келген халық тіркеуден өседі, елді мекендерге бөлінеді. Балалар, мүгедектер, қарттар, сондай-ақ дүние-мүлік жергілікті көлікпен жеткізіледі.

Көшірілгендер мен қоныстанғандарды орналастыру үшін қауіпсіз аймақтағы демалыс үйлері, санаторийлер, туристік және спорттық базалар, қоғамдық ғимараттар, сондай-ақ, саяжай мен бау-бақша жайлары, өзге де тұрақтар пайдаланылады. Халықты орналастыруға қолайлы жағдай жасау үшін тұрғын үй қорын дамыту, сауда мен қоғамдық тамақтандыру нүктелерін салу, су көздерін даярлау жөніндегі шаралар жүргізіледі.