Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД кант Каз ВМ и ВС сент 2012.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
12.11.2019
Размер:
5.21 Mб
Скачать

2. Адамға радиацияның әсері.

Адам сәулеленудің екі түріне: сыртқы және ішкі сәулеленуге ұшырайды.

Сәулеленудің сыртқы көздеріне Галактика жұлдыздарының жарылысы мен күннің қатты сәуле шығару кезінде пайда болатын космостық сәулелену жатады. Космостық сәулелену дозасы адамға әсер етеді. Теңіз деңгейінен биіктеген сайын ауаның, азонның қорғаныс қабаттары жұқара түседі, сондықтан да сәулелену жоғары.

Космостық иондаушы сәулелену табиғи радиациялық аумақты құрайды, оған жердегі барлық тірі организмдер ұшырайды.

Сәулеленудің жердегі көздері жер қойнауындағы, атмосферадағы, судағы және өсімдіктердегі радиоактивті заттар болып табылады.

Жер шарының көптеген аудандарында дозаның қуаты 4-12 мкр/сағ шегінде болады. Осы аудандарда тұратын адамдардың жылдық дозасы 30-100 мбэр (0,03-0,1 бэр).

Табиғи көздерден адамның ішкі сәулеленуі организмге азық-түлік тағамдары, су мен ауа өткен кезде болады. Балықты көп жейтін адамдар, бұғы етімен коректенетін солтүстік аудандар тұрғындары салыстырмалы түрде сәулеленудің жоғары дозасын алады, өйткені бұл тағамдарда радиоактивті заттардың мөлшері көбірек кездеседі.

Сағаттың жарқырауық циферблаты АЭС-тегі болмашы улы заттың бөлінуіне қарағанда төрт есе артық жылдық дозаны береді.

Циферблаттан 1м қашықтықтағы сәулелену 1см қашықтықтағыдан гөрі 10000 есе әлсіз. Түрлі-түсті телевизор бойынша телебағдарламаларды жыл бойында күн сайын үш сағаттан қарау 0,5 мбэр береді. Рентген кезінде адам 30мбэр доза, флюорография кезінде – 370мбэр доза алады.

Адамдардың, хайуанаттар мен өсімдіктердің жаппай радиациялық зақымдануы мүмкін авариялар мен бүліншіліктер кезінде ядролық энергетикалық қондырғылар мен экономикалық өзге де объектілері радиациялық қауіпті объектілер деп аталады. Оларға: әртүрлі мақсаттағы атом станциаляры, ядролық отын циклындағы кәсіпорындар, атом су асты қайықтары, ядролық оқтұмсықтар жатады.

РҚО (радиациялық қауіпті объектілер) – дағы авариялардан кейінгі алғашқы сағаттар мен тәуліктегі қоршаған орта ластануының адамдарға әсері жердегі радиоактивті ауамен араласқан (радиоактивті түскен бұлттан бөлінетін азық-түлік) радиоактивті бұлттан сыртқы сәулеленумен (ядролық отынды бөлу өнімдері, уранмен байытылған – 235 уран қос тотығы – 238), РҚ бұлттарымен демалу салдарынан сәуленің ішке өтуімен, сондай-ақ адам денесі үстіңгі жағының осы заттармен ластану салдарымен анықталады. Бұдан кейін көптеген жылдар бойында сәулелену дозасының жинақталуы ластанған азық-түлік пен суды пайдалану салдарынан өтетін болады.

3. Халықты радиациядан қорғау шаралары.

ҚӘУЗ -дi шығаратын немесе қолданатын барлық нысандарда, сонымен қатар атом энергетика ныcaндapындa жұмыс iстейтiндерге және сол аумақта тұратын халыққа тiкелей қауiп келтiредi.

ҚР аймағында бес ядролық реактор бар:

Бiреуi Алматы қаласының жанындағы Алатау поселкесiндегi Ядролық физика институтында. Реактордың түpi СС ҚИ -10 (Қазақстанның судағы су реакторы). Ядролық отынды 7 кг. тиеу, ғылыми мақсатта қолданылады.

Басқа ядролық реактор Ақтау қаласындағы жылдам нейтроны бар БН-350 - ол негiзiнде суды бүркушi ретiнде қолданылады, қазiргi уақытта жұмыс iстемейдi.

Үш ядролық қондырғы – кезiнде әскери ғылыми мақсатта қолданылған бұрынғы Семей ядро полигонында (оның бiреу бекiтілген).

ТМД аймағында ВВЭР-1000 түрiндегi реакторлар қолданылады.

ВВЭР-450 ядролық отынды тиеу

РБМК-IООО 45–тен 32 тоннаға дейін