Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД кант Каз ВМ и ВС сент 2012.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
12.11.2019
Размер:
5.21 Mб
Скачать

Негізгі әдебиеттер.

1. Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша басшылық құрамды даярлауға арналған материалдар жинағы. ТЖ АҚ курстары.

2. ҚР Төтенше жағдайлары туралы заңы, Алматы,  ж

3. ҚР Азаматтық қорғаныс туралы заңы. Алматы,  ж.

4. ТЖ және АҚ Респуликалық курстары. Тіршілік қауіпсіздігі курсы бойынша ЖОО студенттеріне арналған оқу құралы. 1 және 2 кітап. Алматы, 2003.

5. Арпабеков С. Өмір тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, 2004.

6. Абдыров А.М., Кезенбаева С.А. Тіршілік қауіпсіздігі пәнінен оқу әдістемелік кешен. Астана, 2004.

7. Суровцев А.А., Мельников Е.Н. мемлекеттік тілге аударған Жүнісбаев Н.А. Тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, 2003.

8. Әлімбеков Е. Азаматтық қорғаныс-бүкіл халықтық іс. Алматы,1986.

9. Габдуллина М.Х., Абдыров А.М., Рүстембаев Б.Е. Өмір тірішілік қауіпсіздігі және экология негіздері бойынша тест сұрақтары. Астана, 2006.

10. Абдыров А.М., Рүстембаев Б.Е., Мұстафин Ж.Ж. Тіршілік қауіпісіздігі пәні бойынша ЖОО оқитын студенттерге арналған әдістемелік нұсқау. Астана, 2005.

11. Акимов Н.И., Ильин В.Г. ГО на объектах с/х производства. .

12. Николаев Н.С. ГО на объектах АПК  М.  90.

13. Приходько Н.Г. Безопасность жизнедеятельности Курс лекций.

Алматы. .

14. Белов В.С. Безопасность жизнедеятельности. М. .

Қосымша әдебиеттер.

1. Журнал Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық -әдістемелік жинақтары.

2. Әлімбеков Е., Малгазин С. Азаматтық қорғаныс терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі.

3. Информационнометодический сборник материалов по ЧС и ГО.

Выпуски , АЧС РК.

4. Егоров П.Т. и др. Гражданская оборона, 1997.

5. Наставление по организации и ведению ГО в районе сельском и на с/х объектах народного хозяйства, 1977.

6. Краткие методические рекомендации по курсу ГО. - Алматы, 1995.

7. Информационно-методическое издание для преподавателей. Основы безопасности жизнедеятельности, - М., 2002. [kgl]

[gl] №5 ДӘРІС. Тақырып: Радиация көздері, табиғи радиоактивтілік, жергілікті жердің радиоактивті зақымдалуы. [:]

Дәрістің мақсаты: Радиация көздері, табиғи радиоактивтілік пен жердің радиоактивті зақымдалуы туралы түсінік алу және адамның ағзасына сәуле алудың қаупі,олардан қорғалу әдістерімен танысу.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Радиоактивтілік, табиғи радиоактивтілік.

2. Аумақтық радиоактивті ластануы.

3. Адамға сәуле алудың қаупі.

4. Хайуанаттардағы сәулелену ауруы.

  1. Радиоактивтілік, табиғи радиоактивтілік.

Радиоактивтілік және оған жалғасатын иондық сәулелену жер бетінде тіршілік пайда болғанға дейін өмір сүрді. «Иондық сәулелену» атауы физикалық табиғаты бойынша әр түрлі сәулелену түрлерін біріктіреді. Радиоактивтік материалдар Жер мен Күн жүйесінің планеталарының құрамына олар пайда болған сәттен бастап кірді. Радионуклидтер тау жыныстарында, топырақта, суда кездеседі. Олар белгілі бір деңгейде өсімдіктер, адам ұлпасы мен мүшелерінде және хайуанаттарда да кездеседі.

Радиоактивтілікті ашу француз ғалымы Анри Беккерелдің есімімен байланысты, ол 1896 жылы қара қағазбен жабылған фотопластинканы ағартқан уран тұзының сәулеленуін анықтады. Жарыққа және 1895 жылы ашылған рентген сәулелеріне ұқсастыру бойынша бұл құбылыс радиоактивтілік атауына ие болды, яғни сәулелендіру қабілеті. Радиоактивтілік сәулелену көптеген физиктер мен химиктердің назарын аударды. Осы құбылысты зерттеуге Мария және Пьер Кюри орасан зор үлес қосты. 1898 жылы олар уранның сәулеленгеннен кейін басқа химиялық элементке айналатындығын анықтады. Олардің кейбірін – радий мен полонийді ғалымдар таза күйінде ажыратты. Бір грамм радийдің сәулеленуінің бір грамм уранның сәуелеленуінен миллион есе асып түсетін болып шықты. Бұдан кейін радий өзінің «сәулеленуші» атауына ие болды.

Аз уақыттан кейін радиоактивті сәулеленудің біртекті емес екендігі және иондаушы және кіру қабілетімен ерекшеленетін сәулеленудің үш түрінің бар екендігі анықталды. Сәулеленудің осы үш түрі грек әріпінің алғашқы әріптерімен аталды: альфа, бета және гамма. Кейіннен альфа-бөлшектің электрон екендігі, гамма-сәуленің электромагнитті сәулелену екендігі анықталды.

Радиоактивтік ыдырау кезінде шығатын бөлшек пен гамма-квант заттармен ықпалдаса отыра өз энергиясын иондануға жұмсайды. Осы сәулелердің ортақ термині ретінде мына сөздер пайдаланылады: иондаушы сәулелену, иондағыш радиация немесе жай ғана радиация.

Иондаушы сәулелену – элементті бөлшектер ағынынан (электрон, протон, нейтрон, позитрон) және электрон магнитті сәулелену кванттарынан тұратын сәулелену, олардың заттар мен ықпалдасуы бұл заттарда әр түрлі заттардың пайда болуына алып келеді.

Радионуклид – атомдық салмағы мен атомдық заряды бар радиоактивті заттың атомы. Бірдей зарядтары бар, алайда атомдық салмағы әр түрлі атомдар осы элементтің изотоптары деп аталады.

Радионуклидтің ыдырау өнімдерінен басқа иондаушы радиацияға Жерге ғаламдық кеңістіктен келген ғарыш сәулелері мен электр энергиясын иондаушы сәулеленуге айналдыратын сәулеленудің жасанды көздері жатады (рентген аппараты, элементті бөлшектерді жылдамдатушылар және т.б.). Иондаушы сәулелердің әр түрлі ену қабілеті жоғалған энергияның әр түрлі жылдамдығымен байланысты болып шықты. Альфа бөлшектер заттармен ықпалдаса отыра өз қозғалысының бойын толық иондайды, сөйтіп энергиясын жылдам жоғалтады. Сондықтан альфа бөлшектердің көптеген заттардағы қозғалысы үлкен емес- олар ауада 3-8 см өтеді, металда-10 микрон, ал тіпті тығыз қағаздың парағы бір рет да альфа бөлшекті толығынан ұстайды.

Бета-бөлшектер үлкен ену қабілетіне ие, ауада олар 2 метрге дейінгі жолдан өтеді, ал олардың металда жұтылуы үшін қалыңдығы бірнеше миллиметр қабат жеткілікті.

Гамма-кванттар ауада жұтылмайды, ал олардың ағынының әлсіреуі гамма-квант пен жұту материалының энергиясына тығыз байланысты. Мысалы, цезий – 137 гамма – сәулеленуін әлсірету үшін қалыңдығы 30 см алюминий немесе қалындығы 8 см қорғасын қабаты мыңдаған есе қажет. Екінші жағынан гамма – кванттар (альфа және бета – бөлшектер сияқты) барлық бағыт бойынша кең мүмкіндікті көздеу ретінде шығады. Сондықтан да олардың жиілігі қашықтық квадратына сәйкес керісінше азаяды, яғни бір метр қашықтықтағы сәулелену жиілігі 10 см қашықтықтағыдан 100 есе аз болады.

Геохимиялық процестердің нәтижесінде радиоактивті элементтер жер қыртысында болуы, табиғи суларға түсуі, желдету процестеріне қатысуы мүмкін.

Көп жағдайда тау жыныстарындағы уран су бетіне шығып, оны едәуір қашықтыққа айдайды. Барлық табиғи суларда уранның қандай да бір мөлшері кездеседі. Егер судың жолында уранды жақсы бөлетін геологиялық процестредің үлкен созымдылығын ескергенде (ондаған және жүздеген мың жылдар) бұл орындардағы уранның жинақталуы айтарлықтай көлемге жетуі мүмкін.

Уранның қайта жинақталуы туралы ғана бірнеше мысал келтіруге болады. Қазылған көне хайуанаттар сүйектері қатты байытылған – проценттің он үлесіне дейін. Кейбір көмір өндіретін орындарында уран проценттің жүздеген үлесі деңгейіне дейін жинақталған учаскелерге түседі. Алайда уранның өзі организмге өнгеннің өзінде үлкен радиациялық қауіп төндірмейді, өйткені оның үлестік белсенділігі (яғни, белсенділігі бір граммға есептелген) көп емес, ол организмнен тез ығыстырылады және көп мөлшерде енген жағдайда (бір грамм шамасы) радиоактивтілікке байланысты химиялық улану басталуы мүмкін.

Ураннан ыдыраған өнімдердің радиациялық қауіптілігі едәуір жоғары. Олардың арасында радон бірінші орын алады.

Радон – дәмі мен иісі жоқ түссіз газ, ауадан 7,5 есе ауыр, радийдің ыдырау өнімі болып табылады. Радон жер қыртысынан біртіндеп бөлінеді, алайда оның сырқы ауадағы жинақталуы көлемнің әр түрлі нүктелері үшін елеулі ерекшеліктерімен көрінеді. Топырақ эмиссиясын қоспағанда минералдық тектегі құрылыс материалдары: қиыршық ақ тас, цемент, кірпіш және т.б. радон көздері бола алады. Барлық жыныстарда уран мен торий кездеседі. Ал кейбір жыныстарда, мысалы гранитте уран көбірек жинақталуы мүмкін. Құрылыс материалдарына радон радий ыдырағанда пайда болады. Пайда болған радонның бір бөлігі көзге көрінбейтін тесік арқылы ғимаратқа түседі. Егер ғимарат нашар желдетілсе, ал құрылыс материалдары мен топырақ уран мен радийдың едәуір үлкен мөлшерін бойында ұстаса, онда радон үлкен мөлшерде жиналуы мүмкін. Адамның ғимаратта едәуір уақыт болатындығын ескергенде, ол ала алатын тиімді сәулелену дозасы кәсіпқойлар алатын доза жүктемесінен асып түсуі мүмкін. Көп жағдайда радонға байланысты дозалық жүктемені едәуір азайтуға болады. Жертөбелерді қымтау мен желдету топырақтан радонның өтуін айтарлықтай азайтады. Табиғи радиоактивтік элементтер қабырғада көп болса, радонның жиналуын қабырғаны герметикалық бояумен сырлау және қатты желдету арқылы азайтуға болады.

Радиацияның табиғи көздеріне космостық сәуле жатады. Олар алынатын радиацияның табиғи көздері дозасының жартысын құрайды.

Табиғи радиоактивтілік. Біздің санамызда радиоактивтік ластану ядро қаруынан кейін болады деген ұғым пайда болған. Ал негізінде радиоактивтілік табиғаттың өзінде де бар. Оны тек мамандар ғана біледі де, халыққа жете түсіндірілмейді. Егер осы білім көпшілікке жеткізілсе, адамдар қорғану әдістеріне мән берген болар еді.

Мұндай құбылысты ғалымдардың сезгеніне 100 жылдан асып кеткен, ал соңғы 30-40 жылда бұл ғылым одан әрі дамуда, өйткені атомды зерттеу басталды, атом қаруы пайда болды. Ал шынында ғарыштан жететін сәулелер, табиғи радиоактивті заттардың адам денесінде сақталатындығы анықталды, оның қоршаған заттарда болатындығы сезілді.

Біз үй жағдайында да сәулелерге ұшыраймыз: теледидардан, самолетпен ұшқанда, көшеде жүргенде т.т.

Дегенмен ядролық қарудың жарылысынан болатын радиациялық зақымданудың әсері өте зор. Сондықтан астық, зат, азық-түлік қоймаларын, басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері сақталатын орындарды қорғау жұмыстары атқарылуы қажет. Ол үшін ғимараттардың есік, терезелерін таспен бітейді немесе тақтаймен, фанермен шегелеп, сыртынан сылақ жүргізеді. Саңылауларын тығындайды. Сыртқы есікті брезентпен, киізбен не басқа материалдармен қағып тастайды. Мүмкін болса қабатталған есік қондырады. Үй, семья жағдайында, тамақ пен судың таза сақталуын ескеру керек. Суды шыны не металл ыдыстарда (термос, бидон, графин, банкі) сақтап, күн сайын жаңа сумен ауыстырып отыру керек.

Ең жақсы сақталатындар: консервілер, целлофанға оралғандар. Оралған тамақтар буфетте, шкафта, холодильниктерде сақталады. Әсіресе нан мен кептірілген нанды мұқият сақтау керек.Олар да полиэтилен қапшықтарға оралады. Картоп, капуста және басқа көкөністерді жақсы жабдықтаған үй астындағы қоймаға сақтау керек. Тасымалдайтын тағамдарды жабық фургондарда немесе цистерналарда ұстайды. Ондай көлік болмаса, брезентпен, полиэтиленмен мұқият жауып алып жүреді.

Көпшілік пайдаланатын су көзін сақтау маңызды жұмыс. Елді мекендерде құдықтар өте ұқыпты жабылуы керек. Ашық су көздері әдейі күзетке алынып, судың сапасы жиі-жиі тексеріліп тұрады. Судың, азық-түліктің радиоактивті затпен ластанғанын арнайы құралдармен тексереді. Егер ол жеткіліксіз болған жағдайда, тексеріс зертханаларда жүргізілуі керек.

Егер су көзінің ластанғандығы анықталса, ол жерге «ластанған» деген белгілер қойылады. Осы белгі кезекті тексеруден өтіп, судың тазалығы анықталғанда ғана алынады. Ауыл шаруашылығы жануарларын қорғау үшін оларды мұқият бекітілген қораларда сақтайды. Сондықтан ол қораларда су мен жем артығымен жинақталады. Қоралардың сыртының биіктігі 1 м, қалындығы 40-50 см топырақпен бітеледі. Есікке брезент, киіз қағылады. Кейбір бағалы, асыл тұқымды малдарға дорба-противогаз кигізеді, үстін жабулайды. Оларға мезгілінде прививкалар жасалып тұрады. Олар үнемі бақылауды болып, жақсы бағылуы керек. Ветеринарлар базарға түскен ет, сүттің тазалығын тексеріп отырады.