Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Контрольная (отчёт)Кожевникова.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
12.09.2019
Размер:
247.71 Кб
Скачать
  1. Педагогика ғылымының пәні және міндеттері. Педагогиканың негізгі категориялары

Педагогика пәні қоғамның талабына сай өскелең жас ұрпақтың тәрбиелеу, білім беру және оқытудың жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттейді. Т.А. Ильина педагогика – тәрбие туралы ғылым ретінде тәрбиенің мәнін анықтау, түсіндіру, тәрбиенің өзіне тән ерекше заңдылықтарын көрсету, қоғамның, жеке адамның мүддесіне сай болуын, ықпалын айқындау, танып білу деп дәлелдеген.

педагогика пәні- индивидтің өткен ұрпақтарының әлеуметтік тәжірибені меңгеруі оқу және оқудан тыс уақыты бірлігіндегі біртұтас педагогикалық процесс болып табылады.

педагогиканың пəні – арнайы əлеуметтік мекемелерде (институттарда): отбасы, білім беру жəне мəдени-тəрбие орындарында –мақсат бағдарлы ұйымдастырылған шынайы біртұтас педагогикалық процесс ретінде көрінетін жүйеленген білім саласы. Бұл тұрғыдан педагогика əрбір адамның бүкіл өмір бойы дамуының кепілі жəне құралы болған педагогикалық процестің мəні мен мазмұнын, заңдары мен заңдылықтарын жəне оның бүгінгі бағыт-бағдары мен болашақ өркендеу жолын зерттеуші ғылым жүйесін аңдатады. Осы негізде педагогика тəлім-тəрбие процесінің ұйымдасу теориясы мен технологиясын, педагог іс-əрекетін (педагогикалық қызметті) жəне оқушылардың əрқилы оқу жұмыстарын жетілдірудің формалары мен əдістерін əрі олар арасындағы оқу істері төңірегінде туындап отыратын қарым-қатынас, ықпалдастық стратегиялары мен тəсілдерін нақтылап, ашып отырады.

Педагогиканың міндеттері:

  1. Үздіксіз білім берудің бірынғай жүйесін жасау.

  2. Халық ағарту жүйесін, оқу-тәрбие үрдісін интеграциялау, гуманитарландыру, интеллектуалдандыру, индивидуализациялау және демократияландыру, ғылыми теориялық прициптерін ашу.

  3. Қоғам өміріндегі тәрбиенің ролі мен жеке адамның қалыптасуы туралы оқушылардың жеке тұлға ретінде танымдық ерекшеліктерін ескеру, қоғам дамуы мен жеке бастын өзара қарым-қатынасы жайындағы теориялық мәселелерді айқындау.

  4. Білім беру мазмұнының ғылыми негіздерін жасау, жалпы, политехникалық және кәсіптік білім беру арасындағы қатынасты анықтау, оқу-тәрбие процесін оптималдандырудың тиімді әдістерін ашу, ғылыми практикалық мәнін көрсету.

  5. Оқыту үрдісін «технологияландыру», оны оқыту үрдесіне еңгізу.

  6. Халық педагогикасының педагогиа ғылымындағы орнын, жүзеге асырылу жолдарын айқындау, ұлтымыздың ерекшеліктерін білім мазмұнына еңгізу.

  7. Қоғамдағы мұғалімнің әлеуметтік орнын және оқу-тәрбие үрдісіндегі ұстаздық ролі мен маңызын көрсету және елімізде үздіксіз педагогикалық білім берудің мазмұнын жасау, өздігінен білім алудың ғылыми- практикалық негізін айқындау жатады.

Педагогиканың теориялық міндеттері үш деңгейде жүзеге асырылады:

- сипаттау немесе түсіндіру – озат əрі жаңашыл педагогикалық тəжірибені зерттеу;

- анықтау (диагностикалық) – педагогикалық құбылыс жағдайын, педагог пен оқушы іс-əрекеттерінің нəтижелілігі немесе тиімділігін жəне оларды қамтамасыз етуші шарттар мен себептерді айқындап алу;

- болжау (прогноздау) – барша педагогикалық жағдаяттарды табиғи тұтастық күйінде эксперименталды зерттеуден өткізу жəне оның негізінде сол педагогикалық болмыстың жаңаланған моделін құрастыру.

Педагогикалық ұғымдардың бірі – тәрбие. Тәрбие дегеніміз адамдарды қоғамдық өміргі және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа, қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі болып табылады. Тәрбие – белгілі жоғары мақсатқа бағытталған процесс;

Білім беру деп табиғат және қоғам жайлы ғылымдар жинақтаған білім жүйесін жеке тұлғаның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Бұл ұғымды тұңғыш рет еңгізген швейцар педагогы Иоганн Генрих Песталоции.

Оқыту – бұл оқушы мен мұғалімнің мақсатты түрде өзара әрект жасау үрдісі. Бұл үрдістің барысында білім беру, тәрбие беру және адамның дамуы, оның білім алуы жүзеге асырылады.