Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Контрольная (отчёт)Кожевникова.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
12.09.2019
Размер:
247.71 Кб
Скачать
  1. Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің мәні мен мазмұны

«Экология» ұғымын тұңғыш рет 1866 жылы неміс биологы Э.Геккель қолданды. Бұл ұғым гректің «ойкос» (үй немесе тұрғын үй /жилище/) және «логос» (ой /мысль/), яғни, «тұрғын үйді ойлау» деген ұғымнан пайда болса керек.

Экологиялық тәрбиенің мақсаты оқушылар бойында экологиялық білім, көзқарас, сенім жүйесін қалыптастырып, сол арқылы олардың табиғатқа, қоршаған ортаға парасаттылық, жауапкершілік қарым-қатынасын жан-жақты қалыптастырып, дамыту.

Мектепте экология пәнін оқыту – экологиялық және әлеуметтік мәселелердің мәнін түсіндіруге, қоршаған орта мен адамдар арасындағы өзара байланыстың дамуына талдау жасауға үйретеді. Нәтижесінде олар адам мен табиғат арасында тығыз байланыс бар екенін түсініп, адамның табиғатты орынды пайдалану мәселесімен біртіндеп танысады.

Экологиялық білім мен тәрбие беру - «табиғат-адам-қоғам» жүйесіндегі қарым-қатынасты оқушылардың ғылыми негізде игеруін қамтамасыз етуді көздейді. Соған орай экология сабақтарының негізгі мақсаттарының бірі- оқушылардың экологиялық санасын көтеру, ақыл-ой қабілетін дамыту, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйрету.

Экологиялық білім беру - өсімдіктер, жануарлар, жәндіктер, құстар, егістіктер, баулар, бір-бірінің тіршілік етуіне жағдай жасап, табиғи тепе-теңдікті сақтайтыны туралы теориялық білім беру. Оқу-тәжірибелік жұмыстарында оқушылар өндірістік орындарға, аң шаруашылығы, орман, мал шаруашылығы, су қоймаларына, астық дайындау элеваторына, жылу, энергетика орындарына барып, олармен іс жүзінде танысу, қоғамдық пайдалы шараларға қатысады.

Оқушылар әртүрлі пәндерді оқу нәтижесінде де экологиялық білімдерін байытады. Ол үшін экологиялық тәрбиені табиғат пен қоғамның өзара әрекетесуін оқушылардың ғылыми негізде игеруімен байланысты жалпы білімнің элементі (бөлшегі) ретінде қарау қажет. Соған байланысты орта мектепте білім беру жүйесінде экологияның түрлі мәселелерін пәнаралық байланыс негізінде қарау тиімді болмақ.

Мысалы, биология және география оқушыларға қазіргі өмірдегі өсімдіктер, жануарлар, қоршаған орта жағдайларынан көрініс береді. Олар экологиялық тепе-теңдік жайында; өсімдіктер, құрт-құмырсқалар, аңдар, құстар, орман, тоғайлар және жер қыртыстары мен өзен-көлдері, атмосфера қалай өзара әрекеттесіп, өмір сүру үшін бір-біріне қалай биологиялық жағдай тудырады, міне т.б. жайында мағлұматтар алады. Осы байланыстарды танып-білу оқушыларға табиғатта барлық дүние бір-бірімен тек бірлікте ғана өмір сүре алатындығы туралы көздерін жеткізеді және осы байланыс үзілсе табиғатта биологиялық тепе-теңдіктің өзгеруіне әкеліп, нәтижесінде үлкен апат әкеліп, адам баласының өміріне үлкен қауіп-қатер туатынына оқушылардың сенімін тудырады.

  1. Еңбектің мәні, қызметі және оқушыларды еңбекке тәрбиелеу

Қоғамдық құрылыста еңбек тәрбиесі-тәрбие жүйесінің негізгі бір саласы болып табылады. «Адамды адам еткен, еңбек»-демекші, «еңбек процесінде адам табиғатты өзгерте отыра, өзі де өзгереді» деген қағидаға сүйенсек, еңбек әрекетінің нәтижесінде адамның дене және интеллектуалдық күші мен қабілеттері қалыптасып, дамып және одан әрі жетіліп отырады. Бұл әрине адамның тұлғалық дамуының табиғи заңдылығы. Олай болса, еңбек тәрбиесі дегеніміз оқушылардың еңбек әрекетін ұйымдастыру және оның әр түрімен ынталандыру процесі, атқарып отырған жұмыстарына оларда шынайы жағымды қарым-қатынастарын орнату, жоғары нәтижеге жетуге деген белсенділіктері мен шығармашылықтарын ояту. Еңбек тәрбиесі сонымен бірге оқушылардың адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесінің үйлесімді дамуына да жағдай туғызады. Тұлғаның дамуында оқу мен еңбектің байланысын орнықтыру оның барлық қабілетін жандандырады, адамгершілік-ізгілік қасиеттері мен дене күштерін қалыптастырады. Сондықтан да мектептегі еңбек тәрбиесінің мақсаты оқушыларды еңбекке оқыту арқылы оған адал ниеттік қатынас орнату, еңбекті сүю, еңбек адамдарын құрметтеу, еңбектің қарапайым әдістері мен құралдарын пайдалана білуге үйрету, материалдық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауға дағдыландыру.

А.С.Макаренко балалар ұжымын құруда еңбекті қолданудың негізгі жолдарын белгілеп, еңбек тәрбиесінің ғылыми жүйесін жасады. Ол өзінің практикалық әрекетінде балаларды еңбектің барлық түріне қатыстырды және ауыл шаруашылығы еңбегінің қарапайым түрінен сол дәуірдегі жаңа техникамен жабдықталған өндірістік еңбекке араластырды. Оның бұл жетістігін жаңа жағдайда В.А.сухомлинский шығармашылықпен дамытып, жетілдірді. Оған:

- оқушылардың әртүрлі еңбек әрекетін тиімді ұйымдастыру және мектептегі оқудың бірінші күнінен оларды халық игілігі үшін белсенді еңбек етуге үйрету;

- оқушыларда еңбексүйгіштік қасиеттерін дамытып және азаматтық тұрғыдан жетілген етіп тәрбиелеу;

- оқушыларды саналы түрде мамандық таңдауға және сынып, мектеп ұжымы мен өз ауылына пайда келтіру барысында белсенді еңбек етуге дайындау мәселелері.

Сондықтан да осы жүйеде оқушыларда қоғам пайдасына қажетті еңбек етуге тұрақты сенімдерін қалыптатыру-еңбек тәрбиесі мен кәсіби бағыттың негізгі бір міндеті ретінде қарастырылды.

Осы бағытта ол еңбек тәрбиесінің және оқушылардың кәсіби бағытын ұйымдастыруға сай тиімді формалары мен тәсілдерін іздеуге аянбай еңбек етті.

Оқушыларды еңбек процеіне психологиялық тұрғыдан дайындаудың да маңызы ерекше. Оның негізіне қоғамға пайда келтіру үшін оларда еңбек етуге деген қызығушылығын қалыптастыру, еңбек ету қабілеттері мен қажеттілігін дамыту, тұрақты еріктілік қасиеттерін тәрбиелеу. Мұнсыз адамның еңбек әрекетін нәтижелі ұйымдастыру мүмкін емес.

Еңбекке психологиялық тұрғыдан даяр болуы белгілі бір тәрбиелік жүйе құрып, мынадай міндеттерді шешеді:

1) еңбектің мақсат және міндеттерін жете түсінуі;

2) нәтижелі еңбек ету әрекетін қажетсінетін түрткі тудыру;

3) еңбек біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру.

Мектептегі еңбекке оқыту мен тәрбиелеу мәселесінің қажеттілігі, оларды ғылыми тұрғыдан ұйымдастырып, зерттеуге үлкен мән беруге ықпал етеді. Бұл мәселе турасында Я.А.Коменский, Д.Локк, И.Г.Песталоцци, А.Дистерверг, К.Д.Ушинский және т.б. еңбектерінде көптеген құнды идеялар айтқан.