Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Контрольная (отчёт)Кожевникова.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
12.09.2019
Размер:
247.71 Кб
Скачать
  1. Тұлға дамуына әсер ететін негізгі факторлар

  • Жеке тұлғаның дамуына әсер етуші факторлар мыналар:

  • Тұқым қуалаушылық.

  • Орта (биологиялық, географиялық, әлеуметтік).

  • Мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие.

  • Тұлғаның іс-әрекеті

       Американдық психолог және педагог Э. Торндайктың пікірінше, жеке тұлғаның барлық қасиеттерін тек тектілік, тұқым қуашылық ғана анықтайды. Оның ойынша, ақыл-ой қабілеті балаға көздері, тістері және саусақтарының сияқты дүниеге келгеннен-ақ беріледі.

        Тұқым қуалаушылық деп генетикалық код арқылы атадан балаға түр ұқсастығы мен кейбір ерекше қабілеттілігі нышанының берілуін айтамыз.

   Ата-аналарынан балаларына тұқым қуашылық арқылы:

― дене бітімінің ерекшеліктері;

― шаштың, көздің, тері қабатының түсі сияқты сыртқы белгілер;

― қан тобы, резурс-фактор;

― бала мінез-құлқының негізін құрайтын жүйке жүйесінің ерекшеліктері, психикалық 

     процестердің өту ерекшеліктері;

― қан аурулары, қат диабеті, кейбір эндокриндік бұзушылықтар;

― кейбір ерекше қабілеттіліктер нышаны.

        Маркс пен Энгельс адамды ортаға белсенді әсер ететін, өз өміріндегі жағдайларды өзгерте алатын әлеуметтік ортадағы қайраткер деп қарастырылады.

         Орта деп  бізді айнала қоршаған бүкіл дүниені айтады.

          Биологиялық және географиялық орта адамның дене бітіміне, денсаулығына, бет пішіміне, тері қабатының түсуіне айналысатын еңбек түрлерінің пайда болуы мен қалыптасуына, салт-дәстүрлердің пайда болуына ықпал етеді.

    Әлеуметтік орта сол орта үшін құңды болып табылатын бүкіл адами қасиеттер мен қабілеттермен, табиғатпен, адамдармен, қоғаммен қарым-қатынас нормаларының қалыптасуына ықпал етеді.

    Тұқым қуалаушылық пен ортаның адамға ықпалы мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие арқылы түзетіледі. Тәрбиенің тиімділігі оның мақөсаты, жүйелі және білікті жүргізілетіндігінде. Тәрбиешінің мақсатқа сай, жүйелі ықпал ету алдын-ала жоспарланған мақсатқа сәйкес тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына әкеледі.

   Джон Локк бойынша, бала жаны табиғатынан – ақ тақта сияқты таптаза болады, сондықтан тәрбиеші нені қажет деп тапса, соны сол таза ақ тақтаға жазуы тиіс. Бұл жерде ол тәрбиенің маңызын көрсетті.

   В.Г. Белинский тұжырымдауынша, өмір жазатын әріптердің мәні тәрбиеші мен жазы құралына  және сол тақтаның өз саласынан байланысты деп жазды. Мұнда ол тәрбиенің ролін аса  дәріптеді.

   Тәрбиенің тиімділігі оның мақсатты, жүйелі және білікті жүргізілетіндігінде. Тәрбиешінің мақсатқа сай, жүйелі ықпал ету алдын-ала жоспарланған мақсатқа сәйкес, тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына әкеледі.

  1. Тәрбие мақсаты және оның әлеуметтік ортамен шарттастығы

Тәрбиенің негізгі мақсаты - қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан -жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік факторлар да әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық-педагогикалык, пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э.Роттердамский, Я.А.Коменский, К.А.Гельвеций, Д.Дидро, А.Дистерверг, К.Д.Ушинский, В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский, К.Маркс, Ф.Энгельс, 3.Фрейд, Д.Дьюи, Э.Торндайк, Н.К.Крупская, П.П.Блонский, А.С.Макаренко, Л.С.Выготский, Э.И.Моносзон, Л. И.Божович, С.Л.Рубинштейн, В.В.Давыдов т.б.)

Тəрбие мақсаттары жалпы (барша адамдарға арналған) жəне даралықты (жеке адамға арналған) болып бөлінеді. Тəрбие мақсатын белгілеуде жекеленген іс-əрекеттердің ғана емес, бүкіл оқу–тəрбие процесінің де бірлік элементі ретінде психологиялық-педагогикалық диагностика маңызды роль атқарады. Осыдан, тұлғаны зерттеудің əрқилы əдістерін білу жəне олар негізінде тұлға мен ұжымды зерттеудің бағдарламаларын түзе алу қажеттіктері туындайды.

Бір тəрбиелік жүйеде əрдайым бір тəрбие мақсаты көзделеді, ал мақсатқа орай орындалатын міндеттер (жалпы не нақты) көптеген болуы мүмкін. Тəрбие мақсаттары қоғамның даму қажеттерімен айқындалып, əлеуметтік жəне техникалық прогреске, қоғам, ересектер мен балалардың мүмкіндіктеріне тəуелді келеді. Тəрбиелік іс-əрекет нəтижесінде көрініс беретін көкейкесті мақсаттар : əр адамның даралықты дамуы жəне оның əлеуметтенуі, ал бұл өз кезегінде ақыл-ес, адамгершілік, əсемдік (эстетикалық), азаматтық, еңбектік жəне тəн-дене тəрбиесі міндеттерінің орындалуымен анықталады.