Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Контрольная (отчёт)Кожевникова.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
12.09.2019
Размер:
247.71 Кб
Скачать
  1. Тұлға қалыптасуында адамның биологиялық және әлеуметтік дамуы

Биологиялық фактор –адамға туа берілетін табиғи анатомиялық және физиологиялық қасиеттер. Әлеуметтік факторадамның дамып жетілуінде тіршілік ортасының қоғамның, тәлім-тәрбиенің әсері. Бұл екі яғни екі фактор  адамның психикалық дамуында бірін-бірі толықтырып отырады. Өткен тақырыпта бұдан 30-40 мвң жылдай бұрын  Homo  sapiens  (ақыл-ойлы  адам)  қалыптасқаннан кейін адамның биологиялық эволюциясы  мүлдем дерлік тоқтады дедік.  Мұның себебі неде ?- деген сұрқ туады.Адмның эволюциясы, жалпы алғанда, оның өмірінің барлық кезеңдрінде тоқтамай жүріп жатады. Бірақ қазіргі  эволюция  адам  өмірінің әлеуметтік жағына қатысты, ал биологиялық эволюцияға келсек, адам жануарлардан бөлініп  шықаннан кейін ол  шешуші рөл атқармйтын  болғаны сөзсіз. Енді адамның  эволюциясына  оның өмірін  мәдени жағынан ұйымдастыру, яғни қоғамдық  өндірістің тәсілі,  еңбек қызметінің дамуы, тұрмыс жағдайлары  тағы басқа шешуші әсер ететін болды. Тіпті денсаулығы әлсіз  адамдарда медицинаның көмегі арқасында  қоғам өміріне  белсене қатыса алады.Табиғи сұрыпталудың  күші қоғам өмірінде  барған сайын әлсіреуде,  өйткені денсаулық мекемелері және басқа әлеуметтік  институттар жеке адамдардың биологиялық  жағынан өзгергіштігін  ұдайв әлсіретеді.  Мысалы, Еуропада адамның құрт ауруынан өлімі 1840ж.  1млн адамнан  4000  адам болған болса, қазір 1млн адамның 13-і ғана өлетін болды,  ал бұл құрт ауруының  емдеуге қарсыласуы  бойынша сұрыпталуы  мүлдем дерлік тоқтады деуге болады. Мұндай мысалдарды  басқа аурулар бойынша да  келтіруге болады.Биологиялық тұқымқуалаушылық белгілері ауаға, суға, ұйқыға, қауіпсіздікке, ауырмауға қажеттілікті қамтитын адамзат тіршілігінің туған қажеттіліктері мен қабілеттерімен толықтырылады. Егер әлеуметтік тәжірибелерде негізінен адам иеленетін жалпы белгілермен түсіндірілетін болса, ал биологиялық тұқымқуалаушылық жеке тұлғаның индивидуалдығын, оның қоғамның басқа мүшелерінің бастапқы айырмашылығын түсіндіреді. Осыған байланысты биологиялық тұқымқуалаушылық толығымен жеке тұлғаны жасай алмайды. Себебі мәдениет те әлеуметтік тәжірибе арқылы беріледі.Яғни жеке тұлғалардың қалыптасуына биологиялық факторлары және жеке әлеуметтік топтағы жалпы мәдени үлгі әсер етеді. Сонымен қатар тұлғалардың қалыптасу процесін анықтайтын негізгі факторлар топтық тәжірибе және индивидуалды тәжірибе болып табылады. Бұл факторлар жеке тұлғалардың әлеуметтену процесінде толық бейнеленеді. 

Жеке тұлғаның қалыптасуына, сонымен катар, қоршаған орта да әсер етеді - адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар. Қоршаған орта макро және микро болып бөлінеді. Макро-орта дегеніміз - адамға әлеуметтік-экономикалық ықпалдардың мол жиынтығы (өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар деңгейі, өмірдің қаржы жағдайлары, мәдениеттің даму деңгейі, бұқаралық ақпараттар құралдары). Микро-орталық дегеніміз -баланың ең жақын карым-қатынас ортасы, ол - адамды әрдайым қоршайтын және оның дамуына әсер ететін өзара байланысты заттар, құбылыстар мен адамдар әлемі. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына, белгілі бір мөлшерде, табиғи немесе географиялық орта (климат), табиғат жағдайлары әсер етеді.

Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиені белгілі бір әлеуметтік қызметтер атқаратын қоғамдық құбылыс ретінде қарастыру қажет (ұрпақтан ұрпаққа берілетін әлеуметтік тәжірибе, жалпы адамзаттық мәдениет, т.б.), ал тар педагогикалық мағынада тәрбие дегеніміз - өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылыктарды игерту үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы бірлескен іс-әрекеттердің педагогикалық процесін ұйымдастыру.