Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Контрольная (отчёт)Кожевникова.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
12.09.2019
Размер:
247.71 Кб
Скачать

1. Тәрбиенің мақсаттылығы;

Тәрбие принциптері ішіндегі ең негізгісі, оның мақсаттылығы. Өйткені, тәрбие процесіндегі тәрбиелік ықпалдар мен әрекеттер белгілі бір мақсатқа бағытталады. Мақсат- тәрбиелік шаралардың кездейсоқтық сипатқа тап болмауын қамтамасыз етеді. Мақсатқа сай тәрбие міндеттері анықталып, оны атқаруда жұмыстардың түрлері, мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері белгіленеді. Сондықтан да бұл принцип тәрбие жүйесінде жетекші принцип ретінде саналады.

2. Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғамдық құрылыс практикасымен байланыстылығы;

Бұл принциптің мәні жас ұрпаққа тәрбие беруді қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси өмірімен ұштастыра жүргізуді талап етеді. Ол, мектептегі теориялық білімдерді оқушыларға меңгертуде, оларды өмірмен байланыстыру, қоғамдағы болып жатқан өзгерістермен хабардар етіп, оған нақтылы көзқарастарын, сенімін орнықтыру, қоғамдық пайдалы еңбекке қатыстыру т.б. тәрбие мақсатының түпкі мүддесін көздейтін әрекеттерге араластыру.

Жас ұрпақты қоғамдық өмірге ерте кезден араластыру өз еліне, туған өлкесіне деген сүйіспеншілікке баулу, ел азаматтарына, еңбек ардагерлеріне деген құрметтеушілік, ізгілік ниеттерінің орнығуына, қысқасы, «өмір мектебінің» баспалдағынан біртіндеп қуат алып, оның қыр-сырымен танысуға мүмкіндік туғызады.

Еңбек арқылы тәрбиелеу принципінің мақсаты баланы еңбек ете білуге, оны қадірлеп-қастерлеуге, оған деген жағымды көзқараспен қарым-қатынас қасиеттерін орнықтыруды, сонымен қатар қарапайым еңбек құралдарын пайдалана білу қабілеттерін сіңіру қажеттіліктерінен туындайды. Адамды табиғат жаратқанмен, оны нағыз адам етіп қалыптастырған- еңбек процесі. Адам баласының қоғамдағы өмірі тек еңбекпен байланысты, себебі ол оны саналы өмір сүре білуге дағдыландырады. Тек еңбек процесінде адам баласы өз тіршілігін қамтамасыз етіп, қоғамға пайда келтіреді. Сондықтан да бұл принцип тәрбие процесінің өн бойында өзекті мәселе болып қала береді.

3. Жеке тұлғаға талап қоюшылық пен құрметтей білудің бірлігі;

Бұл принциптің көздейтін мақсаты:

- оқушыларға қоғамдық мінез-құлық нормалары мен ережелерін саналы түрде меңгертуді;

- оқушыға қатысты өзіне жүктелген міндеттерді мүлтіксіз орындауды;

- мектепте оқушыларға арналған ережені қатаң сақтауды;

- мектеп пен отбасы және мектептен тыс мекемелердің тәрбие жұмысының барлық буындарының талап бірлігін үйлестіруді;

- оқушының мінез-құлқындағы жақсы қасиеттеріне сүйенуді;

- жеке басына сеніммен қарап, белсенділігін арттыруды;

- сүйіспеншілік көрсетуді т.б.

Құрметтеу мен талап қоюшылықты бірыңғай атқару тәрбиенің ізгілік бағыты мен ынтымақтастық педагогиканың негізін қалайды.

4. Балалардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу;

Тәрбие жұмысының табысты болуы, көбінесе әрбір жеке тұлғаның жас шамасына сәйкес өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып жүргізуге байланысты. Әрбір жеке бала, ол өзінше бір өмір. Оның түсінігі, сенімі, көзқарасы, ақыл-ойының деңгейі бірдей емес, соған орай мінез-құлық ерекшеліктері мен адамгершілік қасиеттерінің сапасы да әртүрлі. Сондықтан да тәрбие процесінде балалардың дара ерекшеліктерін ескерудің маңызы зор. Тәрбиенің мазмұны мен амал тәсілдері де осы принципке тәуелді.