Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Контрольная (отчёт)Кожевникова.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
12.09.2019
Размер:
247.71 Кб
Скачать

35.Оқытудың қазіргі педагогикалық технологиялары.

Көптеген уақыттар желісінде «технология» түсінігі педагогикалық ұғымдар қорынан тыс қалып келді. Шынайы мəні («шеберлік жөніндегі ілім») педагогикалық міндеттерге: педагогикалық процесті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау – сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылды.  Педагогикалық əдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұшырасады, мысалы: оқу-үйрену, тəрбиелеу, оқыту технологиялары, білімдендіру жəне дəстүрлі технологиялар, бағдарламаластырылған жəне проблемді оқу технологиялары, авторлық технология жəне т.б.  Алғашқыда педагогтар «педагогикалық технология», «оқу-оқыту технологиясы» жəне «тəрбиелеу технологиясы» ұғымдарының өзіндік мəн-мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу жəне тəрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты орындалатын педагог іс-əрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан «педагогикалық технология» мəні «оқу технологиясы», «тəрбие технологиясы» ұғымдары мəндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау.  Педагогикалық технология – бұл педагогикалық əрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Əрі сол жобаның дəл жаңғырып іске асуы.  Педагогикалық технология кешенді, бірігімді процесс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау жəне білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалар шешімін басқаруды қамтиды. 

36.Оқытудың қосымша формалары. Семинар сабақтары көбінесе оқылған лекция тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді. Тақырып сұрақтарына сай пікір алмасу, өз көзқарастарын дәлелдеу, мұғалімдерге оқушылардың оқу материалын қаншалықты меңгергенін, соған орай сенімдері мен түсініктерінің қалыптасқандығын бақылап, тексеріп, бағалап және бағыт – бағдар беріп отыруға мүмкіндік туғызады. Саяхат жұмысының мақсаты – оқушылардың сабақта алған теориялық оқу материалдарын практикамен жалғастыру және бекіту болып табылады. Сондықтан, оқыту процесінде оның мазмұны зор. Ол барлық оқу пәндерінде, әсіресе, дүниетану, табиғаттану және еңбек сабақтарында кеңінен қолданылады. Бұл оқушыларды оқу процесін бақылай білуге жаттықтырады және оқу материалын өмірмен байланыстыра алуға үйретеді. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың факультатив түрі оқушылардың сұранысы мен қызығушылығы негізінде әртүрлі пәндерге қатысты ұйымдастырылады. Оның қызметі көпжылдық: оқушыларды ғылымға қатыстыра отырып, олардың дүниетанымын терңдетеді және кеңейтеді; белгілі бір пәнге қатысты танымдық қызығушылықтарын тұрақты қалыптастырады. Оқушылардың факультативтік оқуда алған білімдері мен дағдылары сабақтарда белсенді қолданылып, олардың міндеттері, мазмұны мен әдістері арасындағы өзара байланыс логикалық тұрғыда іске асса, онда оқу жүйесінің нәтижесі анағұрлым артады. Конференция ретінде өткізілген сабақ түрлері кейбір тақырыптарды тереңірек меңгеру, оның ғылыми дәрежесін көтеру мақсатын көздейді. Сол үшін де семинар сабақтарына қарағанда, конференция түрінде өткізілген оқу жұмысы ұсынылған әдебиеттер мен қосымша құралдардың көлемі кеңірек болады. Оны дайындау және өткізу тәртібі семинар сабағына ұқсас келеді. Бірақ, оқу конференциясында баяндамашылар мен сөйлеушілердің саны көбірек болуы қажет. Сондықтан, оған бірнеше қатар сыныптардың оқушыларын қатыстыруға болады.

Пәндік үйірме жұмыстары сабаққа қарағанда бағыты, мазмұны, ұйымдастыру тәсілі мен уақыт өлшемі тұрғысынан өзіндік ерекшеліктер бар. Олар оқушылардың қызығушылығы мен пәндерге бейімділігін дамытуда және тапсырылған жұмыстарды нәтижелі орындауға қолайлы жағдайлар туғызып отырады. Сонымен қатар, оқытудың өмірмен байланысын қамтамасыз ету, пәнаралық байланысты нығайтуға ықпалын тигізеді.

Сынақ жұмыстарын бастауыш сынып оқушыларына енгізудегі мақсат-бағдарламадағы теориялық білімдерді күшейту, бекіту және оқыту процесінде оқушылардың жоғары белсенділіктерін, жауапкершілігін, дербестігін орнықтыру.

Үйдегі оқу жұмысы. Оқушылардың үйде өз беттерінше орындайтын оқу жұмыстары сыныпта өткен сабақтардың жалғасы ретінде саналады. Сондықтан да оны кей жағдайда оқыту процесінің бір компоненті ретінде қарастырылады.

  1. Оқыту әдістері және оларды топтастыру. Әдіс (гректің metodos) деген сөзінен алынған, табиғат құбылысын және әлеуметтік өмірдің жағдайын зерттеу немесе таным жолы, құбылыстарды оқып білу жолдарын, әдіснамалық теория танымы мен шындықты зерттейтін тәсіл.

Педагогтар оқыту әдісі туралы түсінікті әр түрлі етіп дәлелдеді. Біреулері оны «танымды басқаға беру әдісі» (Д.И.Тихомиров) немесе мұғалімнің іс-әрекеті мен әдіс-тәсілі (Н.В.Ельницкий) деп қарастырса, С.А.Ананьев оқыту әдісін «білім беру тәсілдерінің үйлестіру жиынтығы» деп көрсетеді.

Педагогикалық энциклопедияда «Оқыту әдістері -мұғалім мен оқушылар жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен білімді, іскерлікті және дағдыны игереді, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттер дамиды»,-деп жазылған.

Демек, оқыту әдістері бұл мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекетінің тәсілдері. Оқыту әдісін осылай дидактика тұрғысынан түсіндіру жалпы философиялық анықтамаға сай келеді. Әдіс дәл жалпы мағынасында мақсатқа жету іс-әрекетін нақты ретке келтіру тәсілдері. Оқыту әдістерінің өзіне тән тарихы бар.

ХХ-ші ғасырдың 20-жылдарында белгілі педагог-ғылымдар Б.Е.Райков, К.П.Ягодовский, М.М.Пистрак т.б. оқытудың түсіндірме, практикалық еңбек, эвристикалық, зерттеу, лабораториялық әдістерін жасады.

30-жылдары М.М.Пистрак, П.Н.Шимбирев, И.Т.Огородников оқытудың жаңа әдістерін ұсынды. Бұларға әңгіме, әңгімелеу, көрсету, демонстрация, лекция, кітаппен жұмыс, лабораториялық жұмыс жатады.

50-жылдардан бастап оқыту әдістерінің жіктеу проблемасына айрықша көңіл бөлінді. Грузин педагогы Д.О.Лордкипанидзе оқыту әдістерін топтастыруға әрекет жасады. Ол әдіскерді топтастыру үшін білім көзін негізге алады. Д.О.Лордкипанидзе оқыту әдістерін үшке бөледі: сөздік әдістер; кітаппен жұмыс істеу әдістері; оқыту-практикалық сабақтар әдістері.

50-жылдардың аяғы мен 60-жылдардың басында орыс ғалымдары Е.Я.Голант, С.Г.Шаповаленко, Н.М.Верзилин білім көзін негізге алып, оқыту әдістерінің жаңа жіктеуін үш топқа бөлді:1) Сөздік әдістер тобы: әңгімелеу, әңгіме, түсіндіру, лекция, кітаппен жұмыс. 2) Көрнекілік әдістер тобы: демонстрация, иллюстрация, бақылау әдістері 3) лабораториялық, практикалық, графикалық жұмыстар, әр түрлі жаттығулар.

  1. Оқытудың сөздік әдістері. Әңгімелеу. (баяндау) Мұғалім оқу материалын бір ізділікпен баяндайды. Ол үшін материалды айқын, сенімді етіп бейнелейді. Фактыға негізделген мәліметтер әңгімелеу түрінде сөз етіледі. Әңгімелеуде талдау, жинақтау тәсілдері пайдаланылады. Әдетте, әңгімелеу, бастауыш сыныптарда 10-15, ал жоғары сыныптарда 20-25 минутқа созылады. Әңгімелеу әдісі көбінесе тіл, әдебиет, тарих, география сабақтарында қолданылады. Сабақтың қалған уақытында оқушылар мұғалімнің басшылығымен әр түрлі жұмыстарды өз бетінше орындайды.

Әңгіме әдісі сабақта сұрақ-жауап формасы түрінде қолданылады. Сондықтан мұғалім алдын-ала жоспар жасап, онда сұрақтардың жүйесін мұқият ойластырады. Бұл оқушылардың білімін тақырып бойынша логикалық бір ізділікпен аықтауды қамтамасыз етеді. Әңгімені осылай өткізу оқушылардың ойлау белсенділігін арттырады. Оларды басты және өте маңызды мәселелердің мазмұнын, өзара байланысын анықтауға талаптандырады. Оқушыларды болжауға бағыттайды, өз ойларын дәлелдеуге мәжбүр етеді. Әңгіме әдісінің барлық процесі өтілген оқу материалын жүйеге келтіруге және жинақтап қорытуға мүмкіндік береді.

Түсіндіру. Мұғалім оқу материалын баяндауда оқушылардың белсенділігіне, ынтасына, білім деңгейіне сүйенеді, материалдың мазмұнын дәлелдейді, кейбір ережелердің, ұғымдардың, заңдардың мәнін ашады. Материалды түсіндіруге түрлі құралдарды, есептер шығаруды, жазып алуды кең түрде қолданады, оқушылар баяндау процесінде мұғалімнің сұрақтарына жауап береді, байымдайды, дәлелдеуге тырысады.

Лекция. Басқа әдістерге қарағанда лекцияның көлемі, күрделілігі, логикалық құрылысы жағынан өзгешелігі бар. Сондықтан лекцияны бастар алдында оқушыларға нақты сұрақтардан тұратын оның жоспары ұсынылады. Лекция сұрақтар бойынша логикалық бір ізділікпен баяндалады. Әрбір сұрақтан кейін қорытынды жасалады. Лекцияда кейбір тың, құнды ғылыми әдебиеттерде осы уақытқа дейін жарияланбаған мәселелер баяндалады. Сонымен бірге талас пікірлер және жалған теориялар жөнінде нанымды түсініктер беріледі. Оқушылар баяндалған материалдың мазмұнын, маңызды дәлелдемені, нақты мысалдарды, ғылыми анықтамаларды, негізгі қорытындыларды жазып алады.

Кітаппен жұмыс. Мектепте кітаппен жұмыс істеу- өзіндік білім алуда негізгі әдістердің бірі. Бұл әдістің мәнділігі оқушының оқу ақпаратын өз ыңғайына, жағдайына қарай қайталап қарап, танымын өз шешімімен шектелуінде.

39.Оқу үдерісіндегі бағалау және баға. Оқушылардың үлгерімін бақылау нәтижесі бағалау арқылы көрсетіледі. Бағалау деп жұмысындағы дербестікті, тапсырманы дұрыс орындау нәтижесін білімнің, іскерліктің және дағдының сапасын анықтауды айтады. Үлгерімді бағалаудың білім беру және тәрбиелік маңызы бар. Білім берудің мағынасы оқушылар объективті білім алады, ой-өрісі кеңиді, ғылыми көзқарасы қалыптасады, іскерлікті, дағдыны игереді. Тәрбиелік мағынасы жағынан объективті бағалау жеке адамның қасиеттерін (еңбеккерлік, қайырымдылық, дербестік, ұжымшылдық т.б.) қалыптасудың құралы. Білімді, іскерлікті және дағдыны тексеру және бағалау танымдық іс-әрекет кезеңдерінің бірі болады. Бұл жерде негізгі мақсат-оқушылардың оқу жұмысын бақылау, олардың үлгерімін және кері байланысын есепке алу.

Мұғалім оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеру сапасын тексеріп қана қоймайды, ол оларды ойлау тәсілдеріне, практикалық жұмысқа үйретеді және біліміндегі кемшілікті жоюдың жолдарын іздестіреді.

Оқушылардың білімін бағалау үшін мынадай жағдайларды ескеру қажет:

а) оқушы білімнің жақсы жақтарын және кемшіліктерін дәлелдеу;

ә) баға әділетті болуы қажет, оқушының бағасын әдейі төмендетуге, оған өте жеңіл –желпі қарауға және ымырашылыққа салынуға болмайды;

б) әрбір баға-бұл тек қана білімді есепке алу емес, ол шын тәрбиелік құрал. Сондықтан, оқушы білімін бағалауда немқұрайдылыққа салынуға болмайды;

в) оқушылардың кейбір теріс қылықтары үшін бағаны жазалау құралы есебінде қарастыруға болмайды;

г) оқушылар білімін тексеруді және бағалауды сабақтың әрбір кезеңінде іске асыру керек.

Үлгерімді бағалау «балл» есебінде көрсетіледі. Біздің мектептерде үлгерімді бағалау жүйесі бес балды болып қабылданған:

«5» бағасы -оқу материалын толық, дәл логикалық бір ізділікпен айтылған жауапқа қойылады;

«4» бағасы- материалды толық біледі, бірақ болар-болмас кемшілігі бар жауапқа қойылады;

«3» бағасы- жауабы негізінен дұрыс, бірақ толық емес, білімінде кейбір проблемалар еске алынбаған жауапқа қойылады;

«2» бағасы- оқушы жауабында қателіктер, білімінде елеулі кемшіліктер бар;

«1» бағасы – тексерілген оқу материалы бойынша білімі жоқ, толып жатқан өрескел қателері үшін қойылады.

40.Оқытудың көрнекілік және тәжірибелік әдістері. лабораториялық, практикалық, графикалық жұмыстар, әр түрлі жаттығулар.

Жаттығу. Жаттығу- ол оқыту әдісі, жоспарда ұйымдастырылған бірнеше рет қайталанатын іс-әрекет, білік пен дағдыны игеруде және олардың сапасын көтеру мақсатында орындалады.

Кәдімгі жағдайда жаттығулар түсіндірілген, арнайы, еркін болып бөлінеді.

Арнайы жаттығулар- бірнеше рет қайталанатын, оқыту және еңбек біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жаттығу. Егер арнаулы жаттығуларды бұрын-соңды қолдануға ендірсе, онда олар еркін жаттығулар деп аталады.

Еркін жаттығулар ертеде қалыптастырылған дағдыларды қайталау мен бекітуде қолданылады. Еркін жаттығусыз дағды ұмытылады. Түсіндірілген жаттығулар оқытуды белсендендіруге, оқу тапсырмаларын орындауға бағытталған. Бұл жаттығулардың мәнділігі мұғалім мен оқушылардың орындалатын іс-әрекеті негізінде материалдар жақсы қабылданады.

Ауызша жаттығулар тіл мәдениетін дамытуда және логикалық ойлауда, оқушылардың танымдық жағдайларында кеңінен қолданылады. Жазба жаттығулар (стилистикалық, грамматикалық, орфографиялық диктант, мазмұндама, конспекті, есеп шығару, іс-тәжірибені жазу т.б.) білік пен дағдыны дамытуда қолданылады. Жазба жаттығулар графикалық жаттығулар мен математика, физика, сызу, география, сурет, сонымен қатар өнеркәсіптік білім беруде қатар жүреді.

Лабораториялық әдіс. Жұмыс жасауда білік және дағдыны игертуде, практикалық білігін қалыптастыруға жағдай жасайды. Бұл әдіс өлшеу және есептеу нәтижесін салыстырып және шығару, зерттеу жұмыстарының жаңа жолдарын іздеу және белгілі жолдармен тексеру үшін өте қолайлы.

Практикалық әдіс басқаларға қарағанда оқушыларды тапсырманы жауапкершілікпен орындауға үйретеді, олардың бойында үнемді, шаруаға бейім сияқты қаиеттерді қалыптастыруға бағытталады. Оқушылардың еңбекке деген ықыласын, жан-жақты дағдыларын қалыптастырады. Орындалатын жұмыстың мақсатын, міндеттерін талдау және оның шешімін табу, жұмыстың жоспары және кестесін құру, материалдар мен инструменттерді дайындау, жұмыстың сапасын бақылау, қорытындыны талдау кіреді.

  1. Оқу экскурсияларының түрлері, қызметі және жүргізу әдістемесі. Экскурсия (латын сөзі Excyrsio - саяхат деген мағынаны білдіреді) - білікті маманның бақылауымен,алдын-ала таңдалған объектілер, тақырыптар және белгіленген жолдармен қоршаған ортаны бағытталған түрде тану процесі.

Экскурсияның қызметі

1. Ақпараттар.

2. Бос уақытты мәдени түрде өткізуді ұйымдастыру.

3. Қызығушылыққа ынталандыру.

4. Ғылыми ағарту.

5. Мәдени ой-өрісті кеңейту.

Экскурсиялар мазмұны бойынша шолу жасау (көп жоспарлы) және тақырыптық болып бөлінеді.

Шолу жасау экскурсиялары көбіне көп тақырыпты болады, осыған орай оларды көп жоспарлы деп те атайды. Оларда тарихи және соңғы материалдарды пайдаланады. Бұл қала, аймақ, облыс, республика, мемлекет туралы жалпы түсінік береді. Мұндай экскурсияның хронологиялық шектемесі – қаланың өмір сүру уақыты, ол туралы алғашқы айтылған сөзден бастап, қазіргі уақытына дейін, даму перспективалары.

Тақырыптық экскурсия тек қана бір тақырыпты ашуға арналған, егер де бұл тарихи экскурсия болса, оның негізіне бір тақырып немесе белгілі бір уақыт аралығы бойынша біріктірілген бір немесе бірнеше жағдайлар салынуы мүмкін. Егер бұл экскурсия архитектура тақырыбында болса, зерттеу пәні қала көшелерінде немесе алаңдарда орналасқан сәулет өнерінің қызықты шығармашылықтары, ал үлкен қалаларда өткен ғасырлардың архитектуралық ансамблі болу мүмкін. Тақырыптық экскурсиялар тарихи, өндірістік, табиғаттану (экологиялық), мәдениеттану, әдеби, құрылыс -архитектуралық деп бөлінеді.

Экскурсиялық объектілер топтастырылады.

Мазмұны бойынша: бір жоспарлы (өсімдіктер, жануарлар, бейнелеу туындылары және т.б.); көп

жоспарлы (тарихи ескерткіштер болып табылатын архитектура туындылары).

Қызметтік мәні бойынша: негізгі, қосымша, демонстрацияланатын және түсіндірмеленетін.

Сақтау дәрежесі бойынша: Алғашқы түрін сақтап қалған ғимараттар мен қайтадан салынған және өңделген архитектура туындылары, қазір жоғалып кеткен бірақ кезінде ескерткіштер орналасқан жерлер, яғни қазіргі олардың орнында тұрған құрылыс ортасы – экскурсия объектілері бола алады. Экскурсиядағы объектілер саны оның мақсаты мен тақырыбына тәуелді.

Экскурсияға қатысушылар құрамы мен санына қарай жеке, жергілікті тұрғындарға, келіп - кетуші туристерге, үлкендерге және мектеп оқушыларына орай бөлінеді. Экскурсиялық материалдарды қабылдау ерекшеліктері әр топ үшін шаралар құрамына, жүргізу әдістері мен техникасына, ұзақтығына байланысты өзгерістерді енгізуді қажет етеді.

Экскурсия жүргізу орны бойынша: қалалық, қала шетіндегі, өндірістік, мұражайлық, кешендік (бірнеше элементтерді қамтитын) болып бөлінеді.

Қозғалыс әдістері бойынша - әр түрлі көліктерді пайдалану арқылы немесе жаяу жүру арқылы. Жаяу жүріс экскурсиялардың артықшылығы - қажетті қозғалыс темпін құра отырып, көрсетілім немесе түсіндіру үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді.

Көлікті экскурсия (көбіне автобустарда) екі бөлшектен тұрады: аялдамаларда экскурсия объектілерін (мысалы, тарихи және мәдени ескерткіштер) талдау және топқа таныстыратын аялдамалар, ескерткіш орындары мен ескерткіштердің сипатына байланысты объектілерді ара жолда түсіндіріп айту. Кейбір экскурсиялық ұйымдар экскурсия жүргізу үшін троллейбустар, трамвайлар, өзен және теңіз теплоходтарын, тікұшақтарды пайдаланады.

Экскурсия ұзақтығы 1 академиялық сағаттан (45 мин) бір тәулікке дейін созылуы мүмкін. Қысқа мерзімді турларды (1 күннен 3 - 4 күнге дейін) демалыс күндер бағыты деп атайды. Мұнда ұзақтығы әр түрлі бірнеше экскурсиялар қарастырылуы мүмкін.

Жүргізу нысаны бойынша экскурсиялар әр түрлі болуы мүмкін

- Көпшілік экскурсия, бұған қатынасушылар 15-20 автобуспен белгілі бір бағыт бойынша біркелкі қозғалады. Әр автобуста экскурсия жетекшісі жұмыс жасайды;

- Серуендеу экскурсиясы, тану элементі мен демалу элементін ұштастыратын экскурсия түрі, көбіне орманда, саябақта, теңізде, өзенде өтеді;

- Дәріс беру экскурсиясы, (айтып түсіндіру көрсетуден басым болады); - Концерт экскурсиясы- музыкалық тақырыпқа арналады, автобус ішінде музыкалық туындылар тыңдау арқылы жүзеге асады;

- Көрініс экскурсиясы, бейнелеу әдебиетінің арнайы туындылары негізінде дайындалған әдеби-бейнелеу экскурсиясын жүргізу нысаны;

- Кеңес беру экскурсиясы – біліктілікті арттыру түріне айналған, экскурсияға қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап береді;

- Демонстрациялау экскурсиясы – топтарды өндіріс процестерімен, табиғи құбылыстарымен таныстыру түрі.

- Сабақ беру экскурсиясы – белгілі бір оқу орындарының оқу бағдарламасына сәйкес білім берудің түрі болып табылады;

Қорытынды: Экскурсияларды дұрыс топтастыру экскурсия жүргізушісінің клиенттермен арасындағы жұмысты дұрыс ұйымдастыруына қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді, мамандануды жеңілдетеді, әдістемелік секциялардың іс-әрекеттеріне негіз болады. Арнайы топ үшін экскурсия жүргізу заңдылықтарын қолдану әр экскурсияның үлкен дайындықпен және тиімді өтуіне ықпал етеді.

Жалпы экскурсиялық әдіс екі басты бөлімнен тұрады:

а) экскурсияны дайындау;

б) экскурсияны жүргізу;

Жаңа тақырыптарды дайындау реті

Экскурсияның мақсаты мен тақырыбын анықтау. Әр экскурсияның тақырыбына сәйкес белгілі-бір бағыты болуы қажет. Экскурсия тақырыбының қоғам немесе табиғаттағы белгілі бір ғылым саласымен байланысын сипаттайды.

Экскурсия мәдени-ағарту жұмыстарының ажырамас бөлігі, сонымен қатар балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу құралы болып табылады. Тұлғаның жан - жақты дамуына әсер етеді, эстетикалық және адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейді, дүниетануын қалыптастырады.

Материалдарды зерттеу және жинау

Мұрағаттарда іздеу және зерттеу жұмыстары үлкен шығармашылықты, белсенділік пен табандылықты қажет етеді. Сонымен қатар экскурсияны дайындауға ғылыми ізденіс элементін енгізеді, яғни зерттеуші ғалымның жұмысына жақындатады. Экскурсиядағы жаңа деректердің қалай табылғандығы туралы әңгімелер кейбір жағдайда экскурсияның мазмұнын байытып, оның эмоционалдық әсерін күшейтеді.

Экскурсияның жүру бағытын құру

Экскурсияның маңызды сатысы - жүру бағытын құру болып табылады.

Ол объектілерді айқындау бойынша жұмысын аяқтайды. Жүру барысы келесі принциптер негізінде құрылады: хронологиялық, тақырыптық және кешендік (хронологиялық -кешендік). Экскурсияның жүру бағыты материалдарды ұсынудың біртұтастық және логикалық тізбегін қамтамасыз ететін жалпы композицияға сәйкес құрылады. Белгілі бір тақырыпшамен байланысты объектілерді топтастыру кезінде олардың алшақтығы, жақындап келу ыңғайлылығы есепке алынады.

Экскурсияны құру

Мәтінде әдістемелік дайындау сияқты экскурсияның құрамын көрсету қажет. Оны жеке, бірбүтін ретінде қабылдау, құру логикасымен атқарылады. Экскурсия негізіне экскурсияның жалпы композициясына сәйкес келетін логикалық жоспар жасау кіру қажет. Әр экскурсия үш басты бөліктерден тұрады: кіріспе, негізгі бөлік және қорытынды.

Кіріспе

Кіріспе және қорытындының негізгі бөліктен айымашылығы - ол экскурсия объектісімен байланысты болмайды. Кіріспе дәрістің бастамасына ұқсайды, оның мақсаты - тыңдаушылармен байланыс құру, тақырыпқа қызығушылықты арттыру. Бірақ та экскурсияда кіріспенің өзіндік спецификасы бар. Ең алдымен экскурсия жетекшісі өзінің аты-жөнін, жұмыс жасап жатқан мекемесінің атын, көлік жүргізушінің (егер автобуста болса), капитанның (теплоходта болса) аты-жөнін хабарлауы қажет. Одан кейін экскурсия тақырыбын, бағытын, уақыты мен аяқталу жерін айтады. Кіріспе құрылысы жағынан қызықты және мазмұны жағынан ашық болуы қажет. Экскурсия жетекшісі экскурсияға қатынасушылардың көңілін бірден баурап алу қажет. Еске сақтағаныңыз жөн, экскурсия бастамасы - жауапты сәт, өйткені осы уақытта экскурсияға қатынасушылардың экскурсия жетекшісі туралы пікірі қалыптасады.

Негізгі бөлім

Экскурсияның негізгі бөлімі - көрсетілім мен әңгімелеп айтудың ұштасуы негізінде құрылады. Оның барысында әр түрлі әдістемелік құралдар пайдаланылады. Әр экскурсиялық тақырыпшаны ашып көрсету қорытынды материалды шолып шығумен аяқталуы қажет.

Қорытынды

Қорытындыда экскурсия жетекшісі экскурсия нәтижесін шығарып, тақырып бойынша жалпы қорытынды жасап, экскурсияға қатынасушылардың сұрақтарына жауап береді. Қорытынды экскурсияға қатынасушылардың көргендері мен естігендерінің мәнін, мағынасын бекітеді, тақырыпты тағы да түсіндіреді. Экскурсия жетекшісі жұмысын аяқтай келе, экскурсияға қатынасушыларға басқа да экскурсияға қатынасуларын ұсынуы мүмкін.

Экскурсия объектісінің карточкасы

Экскурсия объектісінің атауы.

Орналасқан жері, мекен-жайы.

Пайда болу, ашылу және құрылу уақыты.

Авторы (архитектура, скульптура, ескерткіштер үшін)

Сыртқы белгілері: стилі, сипаты, белгісі және пайдаланылуы объектінің

қысқаша тарихы. Оның қазіргі таңдағы сипаты.