Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Контрольная (отчёт)Кожевникова.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
12.09.2019
Размер:
247.71 Кб
Скачать
  1. Оқушылар ұжымы дамуының кезеңдері

Оқушылар ұжымы-тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жан-жақты даму мүмкіншілігін ұжымынан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт болып табылады. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттігі қоғамның өзі біртұтас ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды.

Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезеңдерін айқындаған А.С.Макаренко. Ол балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс-әрекетінің мазмұнына, тәртібіне, балалардың ара-қатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратты.

Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап іс-әрекетінің барысында орындалуға тиісті нақты міндеттер. Талап қою балаларды мінез-құлық нормасына үйрету, әлеуметтік тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін құбылыс. Мұндай жағдай бастауыш сыныптарда және әр мектептен біріктірілген оқушылардың жоғарғы сыныптарында болуы мүмкін.

Бұл кезеңде ұжым іс-әрекетінде белсенді, ынталы оқушыларға сүйену керек. Ұжым өміріне мұндай тәсіл сынып белсенді жұмыс істейтін оқушылар тобын көбейтуге және балалар мен мұғалімдердің жұмысты бірлесіп істеуіне әсер етуі мүмкін.

Бірінші кезең аяқталу үшін мына мәселелерді еске алған жөн:

  • ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау;

  • ұжым іс-әрекетінің дамуы;

  • жеке адам арасындағы қарым-қатынас іскерлік және гуманистік қатынастардың пайда болуы;

  • барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобының бөлінуі.

Бұл кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі- оқушылардың ұжымдық іс-әректеін ұйымдастыру, оларды әртүрлі іс-әрекетеріне қатыстыру, ұжымды балаға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру.

А.С.Макаренко ұжымды нығайту үшін тәрбие жұмысын барлық ұжымды тәрбиелеуден бастау қажет дейді.

Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға, яғни сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметінен тұрақты ұжым органдарына көшеді. Сондықтан бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Мысалы, жұмысты бірігіп жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым мүшелеріне көмектесу, іс-әрекеттерін бақылау т.б.

Мұғалімнің қызметі-коммуникативті, яғни балалармен байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін оқушылардың ынтасын қуаттау, жалпы міндеттерді орындауда барлық оқушылардың күш-қуатын нығайту.

Ұжымның бұл даму кезеңінде параллельді ықпал жасау принципі қолданылады, яғни тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.

Үшінші кезең - бұдан былай белсенді топтың және ұжым іс-әрекетінің дамуымен сипатталады, онда қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда қоғамдық пікір пайдаланылады. Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым өмірінде, оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп орындаудың арқасында ұжымдық, гуманистік қатынастар дамиды, демек, ұжымда тілектестік, бір-біріне ілтипатты болу, жолдастарының қуанышына, мұқтаждығына үн қатуға дайын тұру, мінез-құлық нормасын сақату, нормаға бағыну ияқты болымды қасиеттер пайда болады.

Ұжым қоғамдық пікірмен сипатталады. Қоғамдық пікір-бұл ұжым мүшелерінің талаптарды, пікірлерлі бағалаудағы бірлігі. Бұл бірлікті ұжым кейбір ұғымдар және құбылыстар жайындағы пікірлерді мақұлдайды немесе кінәлайды. Демек, ұжымдық талқылау, бағалау, жариялылық, әрекетілік-қоғамдық пікірдің негізгі ерекшелігі.