Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Контрольная (отчёт)Кожевникова.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
12.09.2019
Размер:
247.71 Кб
Скачать
  1. Сабақ – оқыту үдерісін ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде

Орта ғасырларда қоғамның әлеуметтік-экономикалық ілгерілі дамуына байланысты білімді тұлғалардың көптеп қажет болуынан білімдену аймағы өрістей кеңіді. Бір қатар жастағы балаларды бір топқа біріктіре оқыту мүмкіндігі туындады. Осыдан оқудың сынып-сабақтық жүйесі пайда болды. Бұл жүйе ХVІ ғ. Белорусия мен Украина мектептерінде қалыптасып, өзінің теориялық негіздемесін ХVІІ ғ. Ян Амос Коменскийдің «Ұлы дидактика» кітабында тапты.

Бұл жүйенің сыныптық белгісі-белгілі бекіген құрамды, теңдей жастағы балалар тобының болуы. Сабақтық аталуы- оқу процесі қатаң белгіленген уақыт аралығында- дәрісте өткізілуінен.

Сабақ теориясына Я.А.Коменский дәуірінен кейінгі кезеңде елеулі үлес қосқан белгілі орыс педагогі К.Д.Ушинский болды.

Сынып-сабақтық жүйе барша елдерде кеңінен тарап, уақыт озуына қарамастан өзінің негізгі белгілерімен әлі күнге дейін сақталуда.

Алайда, ХVІІІ ғ.соңына қарай сынып-сабақтық жүйе орнына қолданылғандай оқуды ұйымдастырудың жаңа формаларын іздестіру көбіне оқушылар санын ұлғайту және оқу процесін басқару проблемаларымен байланысты болды.

Сынып-сабақтық жүйені реформалаудың алғашқы қадамын ХVІІІ ғ. Аяғында ХІХ ғ. Басында ағылшын священнигі А.Белл мен мұғалімі Дж. Ланкастер жасады. Олардың ниеті- жұмысшылар арасында бастау білімдерді кеңінен ен жайдыру қажеттігі мен оқыту және мұғалім дайындығына жұмсалатын қаржыны көбейтпеу аралығындағы қарама-қайшылықты үйлестіру еді.

Жаңа жүйе өзара оқытудың белл-ланкастерлік жүйесі атауын алып, Индия мен Англияда бірдей уақытта тәжірибеге енді. Бұл жүйенің мәні-ересек оқушылар мұғалім басшылығында материалды өздері игеріп, соң қажетті көрсетпе-нұсқаулар алып, өздерінен кіші жолдастарын оқытты, нәтижеде аз оқытушылар санымен жаппай оқуды ұйымдастыруға қол жететін болды. Бірақ оқу сапасы ойдағыдай жоғары деңгейге көтерілмеді, сондықтан белл-ланкастерлік оқу жүйесі кең өрістей алмады.

Ғалымдар мен практиктердің оқуды ұйымдастырудың жаңа формаларын іздестіргендегі мақсаты-сабақ жүйесінде кезігетін кемшіліктерді, атап айтсақ, оқушылардың танымдық белсенділігі мен дербес дамуына тұсау болып келген оқудың орташа білімді оқушыға бағдарлануы, оқу мазмұнының біртектілігі мен оқу игеру қарқынының дараланбауы, оқу процесі құрылымының өзгермеуін талап ету сияқты педагогикалық олқылықтардың орнын толтыру болды.

Еліміздегі қазіргі орта оқу орындарының көпшілігіндегі оқытудың негізгі түрі - сабақ. Өйткені сабақ жастары қатарлас топтағы оқушыларға бірыңғай бағдарламамен тиянақты күнтізбе бойынша білім берудің негізі болып табылады. Сабақтың типі жөнінде ғылыми тәжірибелік зерттеулер де, жүйелеулер де жетерлік. Дидактикалық мақсаттағы әр түрлі ойларды сараптай келгенде оны мына тұрғыда топтастырған орынды:

1. Жаңа білім меңгеру сабағы.

2. Іскерлік пен дағдыны қалыптастырып дамыту сабағы.

3. Алған білімді жүйеге келтіріп тұжырымдау сабағы.

4. Кайталау, пысықтау сабағы.

5. Тексеріп алған білім сапасын айқындау.

6. Аралас сабақ.

7. Жинақтап қорыту сабағы.

Сабақтың құрылымын, түрін жіктеп топтастыру шартты мәнде, өйткені бұлардың мазмұны мен әдісі бір-біріне ұқсастығымен қатар, іштей араласып бір арнада соғысып жатады. Сол себепті мектеп тәжірибесінде бір типті сабак болмайды. Сабақтың қойылған дидактикалық мүддеге жетуі оның құрылысына, оқылатын тақырыптың мақсатына, мазмұнына, оның әдіс-тәсіліне және оқушының дайындық деңгейіне байланысты. Оның айқын мысал үшін аралас сабақтың құрылымдық жүйесіне назар аударып қараңыз, ол бірден байқалады. Мұнда сабақты ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын тексеру, өткен сабақты пысықтау, жаңа сабақ, оны қайталау, үйге тапсырма беру. Оқытудағы дәстүрлі бұл жол сабақтың тиімділігін арттыруда қазіргі өскелең талапты толық қамтамасыз етуде әлсіздік көрсете бастады. Сондықтан оның құрылымын, мәнін жетілдіру жөнінде түрлі ізденулер етек алуда. Педагогика саласын зерттеуші ғалымдар оны қалай топтастырса да сабақтың ең негізгі көрсеткіші тұрғысынан мына салаларды айқындап, соған жауап беру керек деген тоқтамды ұсынады, ол мыналар: дидактикалық, әдістемелік, психологиялық және гигиеналық. Сабаққа қойылатын талаптың түйінін шешетін бұл ұстанымдарын таратып айтсақ былай болып шығады - дидактикада қамтылатын логикалық бағдар:

а) білімнің актуалдылығы және оны әрекетке айналдыру;

ә) жаңа білімдік мағлұматты меңгеру және таным түсінікті жетілдіру;

б) алған білімді пайдалану мен тиісті дағды қалыптастыру.

Әдістемелік бағдарда шешілетін міндет пен орындалатын жаттығу және оқушының кайталайтын жауабы жобаланып, сабақта атқарылатын іс-әрекет нақты жоспарлануы керек. Жаңа материалды түсіндірудің әдіс, тәсілдері керсетіліп, қойылып отырған міндетті шешудегі мұғалімнің басшылығымен атқарылатын, оқушының орындайтын және өздігінен атқаратын жұмыстары белгіленуге тиіс. Әдістемелік жобаның мән-мазмұндық құрылымынан қол жетуге тиісті мақсаттың тиімділік принциптері талап етіледі. Сабақтың психологиялық бағдарында қойылған мақсатқа орай психологиялық мотив мәселесі барлық жағынан қарастырылып, оқушының жас ерекшелігі мен дара ерекшелігімен санаса отырып, білімді меңгерудің психологиялы сипаттағы заңдылықтарына мән берілуі керек. Бұл ұстанымдағы сапалардың бірі гигиеналық бағдар болса, мұның да өзіне тән қоятын талаптары бар. Өйткені гигиена ғылымы сабақ ақыл-ой еңбегі болғандықтан оның өзіне тән талаптарын ғылыми-танымдық тұрғыдағы жөн-жосықты сақтауды міндеттейді.

Сабақ өткізу алдымен оқушының іс-әрекетін ұйымдастыру болып табылады. Мұның құрылымдық түрі - сыныптағы оқушылардың барлық құрамын және жеке тұлғаны жұпқа, топқа болу арқылы әрекетке келтіру негізінде жүргізіледі. Сараптай айтқанда сыныптағы барлық оқушының іс-әрекетін мұғалім басқарып бағдарлайтын бірлескен әрекет болып табылады. Сондай-ақ жеке тұлғаның әрқайсысы өз алдына дара да дербес түрде әрекеттенеді. Сабақ барысында оқушыларды топқа бөлгенде 4-5 шәкірт бір топ немесе екі-екіден бірлескен топ болып, берілген тапсырманы мұндай жағдайда орындаудын натижелік көрсеткіші жоғарырақ болады. Өйткені топтастыруда үлгерімі бірыңғай немесе әр түрлі үлгерімдегі оқушылар болса олар бір-бірінен жәрдем алады. Өзара пікірлесіп еңбек ету барысында нашар оқитын шәкірт білімді тиісті деңгейде меңгерудің жол-жосығын құрбыларынан үйреніп, іс-әрекетке ықыластана кіріседі. Топтағы оқушылар бір-бірінен тәлім алып, белсенділігінің артуына ықпал етеді.

Сабақтың теориясы мен тәжірибесінің жүзеге асып, табысқа жетіп нәтижелі болуы мұғалімнің сабақка дайындала білуіне тәуелді. Өйткені өтілетін сабақтың жүйесін айқындап, жоспарлау барысындағы үрдіс негізінде оқушының білім, білік, дағды меңгеруі психологиялық, жағынан шешуші сипатқа ие болатындығы ақиқат шындық.