Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Контрольная (отчёт)Кожевникова.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
12.09.2019
Размер:
247.71 Кб
Скачать
  1. Оқушыларға экономикалық тәрбие берудің мәні мен мазмұны

Тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысты тәрбиенің түрі-экономикалық тәрбие. Экономикалық тәрбиенің негіздері еңбек тәрбиесінде жатыр. Оқушының еңбекті қажетсінуін, еңбексүйгіштігін, қоғамдық еңбектегі белсенділігін, саналы еңбек тәртібін және басқа да моральдық сапаларын қалыптастыру экономикалық тәрбиенің алғышарттары болып табылады.

Экономикалық тәрбие деп оқушыларды экономикалық білімдер негіздерімен қаруландыру, қоғамның экономикалық саясатын ұғындыру, өндіріс, айырбас, бөлісу және тұтыну шеңберіндегі негізгі экономикалық қатынастарды тәжірибеде меңгерту деп түсіну керек.

Экономикалық тәрбие және білім беру – шаруашылық іс - әрекетті жақсартудың, өндірісті басқарудағы белсенділікті арттырудың қажетті және маңызды шарты. Мұның негізгі міндеттері мемлекеттің жүргізіп отырған экономикалық саясатымен айқындалады. Қазақстан Республикасының қазіргі әлеуметтік – экономикалық саясаты оқушылардың тәрбиесі мен білім алуына жоғары талаптар қойып отыр. Себебі бұрын қалыптасқан экономикалық саясат, экономикалық қатынастар күйреп, жаңа рыноктық, экономикалық саясат пен қатынастар орын тебуде.

Осы талаптарға сай оқушылардың экономикалық ойлауын дамыту үшін мектеп төмендегідей міндеттерді ескереді.

1. Қоғамның рыноктың экономикалық заңдары мен заңдылықтары меншіктің түріне қарай өндіріс дамуы мен өмір сүру заңдылықтары жөніндегі білімдерді игеру.

2. Мемлекеттің экономикалық теориясы мен саясатын, өндірісті жедел қарқынмен дамыту міндеттерін тәжірибеде шешудің жолдары мен әдістерін жақсы білетін, өзінің оқу - өндірістік іс - әрекетінде жоғары нәтижелерге жетуге қабілетті, өз ісіне ие бола алатын, өзіне және қоғам игілігіне ұқыпты және ыждағатты қатынас жасайтын тұлғаны қалыптастыру;

3. Өндірістегі экономикалық қатынастарға белсене қатынаса алатындай, еңбектің жаңа, алдыңғы түрлері мен әдістерін тез игеруге мүмкіндік беретін біліктермен қаруландыру;

4. Ақыл – ойға сыйымды қажеттіліктерді қалыптастыру

Экономикалық тәрбие және білім беру мектептегі барлық оқу пәндерінің мазмұны арқылы жүреді.

Экономикалық тәрбие мен білімнің өзіне тән әдістері бар. Білімді бекіту, іскерлікті қалыптастыру үшін мынандай әдісті қолдануға болады.

1. Жаттықтыру. Бұл әр түрлі іс-әрекеттер істей білуге машықтандыру, жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру, уақыт және өндіру нормаларын анықтау, материалдарды, электроэнергияны, суды, газды үнемді пайдалану т.б.

2. Практикалық жұмыстар және эксперимент. Бұл әдістерді оқушылардың өндірістік бригадасына, оқу өндірістік кооперативке, үйелмендік мердігерлікте немесе үйелмендік сүт фермаларда мектептерде шағын мал, құс фермаларында қолдануға болады. Практикалық және эксперимент жұмыстарының мақсаты – оқушыларды өнімді бағалай білу, ақша мен пайда сияқты ұғымдарды өмірде қолдана білуге дағдыландыру.

3. Экономикаға байланысты есептер шығару- еңбек ақыны, уақыт және өндіру нормаларын есептей білу, рентабельдік, пайда, өзіндік құн және басқа да экономикалық ұғымдар жайлы есептер шығаруға оқушыларды үйрету, жаттықтыру.

4. Цифрлы материалдарды талдау әдісі- саяхат кездерінде жиналған мәліметтердің негізінде кестелер, диаграммалар жасау, қандай болса да экономикалық шаруалардың тиімділігін анықтау үшін цифрлы материалдарды талдау т.б.

5. Ғылыми- техникалық,экономикалық әдебиеттермен жұмыс.

6. Экономикалық сөздік жасау, рыноктық экономика терминдерін қазақ тіліне аудару. Сөздікті пайдалана білуге оқушыларды үйрету, олардың қорын молайту.