Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Контрольная (отчёт)Кожевникова.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
12.09.2019
Размер:
247.71 Кб
Скачать
  1. Отбасы тәрбиесінң мақсаты және міндеттері, құралдары, формалары, балалар мен ересектер өмірінде іс-әрекетті ұйымдастырудың әдістері

Отбасы бұл адамдардың әлеуметтік-педагогикалық тәрбие тобы, әрбір мүшенің өзін-өзі сақтау, ұрпақты жалғастыру және өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Отбасы белгілі дәстүрлерден, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы.

Отбасылық тәрбие дегеніміз – ата-аналар мен туыстардың күшімен нақты отбасындағы қалыптасатын тәрбие мен білім берудің жүйесі.

Отбасының негізгі міндеттері:

  • баланың өсіп, дамуына толық жағдайлар жасау;

  • балаға әлеуметтік-экономикалық және психологиялық қорғаушы болу;

  • өз халқының этно-мәдениетінің тәжрибесін ауыстыру;

  • баланың адамгершілігін дамытуға мүмкіндік жасау.

Отбасылық тәрбиенің негізгі принциптері:

  • өсіп келе жатқан адамға қайырымдылық және мейрімділік көрсету;

  • балаларды отбасы өміріне еңгізу, ақылшы ретінде қарау;

  • балалармен ашық және сенімділік қарым-қатынас жүргізу;

  • талап қоюда жүйелік жасау;

  • өзінің баласына шамасына қарай көмек жасау, сұрақтарға жауап беруге дайын болу.

Отбасы – адамзат қоғамның ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі – дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі – дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру.

Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты, сондықтан ол қоғам мүддесіне қызмет етуі тиіс. Отбасы ең алғашқы тұлғаны дамытатан әлеуметтік орта. Отбасында баланың тұлғалық қасиетіне ықпал ететін көптеген жағдайлар болады.

Баланың отбасындағы тұлғалық қасиетін жетілдіретін жағдайдың бірі – отбасы ішілік және отбасынан тысқары атқарылатын еңбек. Отбасындағы күнделікті тұрмыс қажеттігін қамтамасыз етуден туындайтын еңбек баланы әлеуметтік қатынасқа түсіріп, оны ересек өмірге тәрбиелейді. Сондай еңбектің барысында баланың жауапкершілігі артып, еңбек ету қажеттігін түсінетін болады.

Отбасында баланы еңбекке баулуда ата-аналар мына төмендегі жайларды ескеруі тиіс:

  • еңбек әрекетінің негізгі мазмұнын айқындап алу;

  • еңбектің қай түрімен айналасатынын алдын ала жоспарлау;

  • еңбек етуге құрал-жабдықтарды дайындап, жұмыс жасауға қолайлы жағдай туғызу;

  • шұғылданатын еңбек түріне сәйкес бағыт-бағдар беру, көмектесу, басшылық жасау;

  • еңбек түрлеріне байланысты әдістемелік әдебиеттермен танысу;

  • еңбек әрекетінің әдіс-тәсілдерін меңгеру, балаларға үйретудің тиімді жолдарын қарастыру;

  • еңбек етуге баланың ынта-ықыласын, қызығушылығын үнемі арттырып отыру;

  • баланың еңбек нәтижесіне назар аударып, мадақтап оны сыйға тартуға немесе пайдаға жаратуға бағыт беру;

  • еңбектің бала жасына лайықты болуын, шектен тыс күш түсірмеуін қадағалау;

  • күнделікті тұрмыспен, салт-дәстүрмен сабақтастыра отырып баланы еңбекке тәрбиелеу.

Отбасы тəрбиесінде қолданылатын басты əдістер – бұл өнеге-үлгі, бірлікті еңбек, іс-əрекет, əңгіме-сұхбат, қолдап-қуаттау, баланы қорғау. «Мендей бол!», «Мендей істе!» ұранымен тəрбиелей отырып, ата-аналар өз өнегесімен қалай жасау, еңбектену қажеттігін үйретіп, сыйластық- сүйіспеншілік сезімін білдіреді. Отбасыда ешкім «мен енді сені тəрбиелемеймін» - деп айтпағаны жөн, себебі төңіректегінің бəрі: - баланы қалыптастыруда өз үлесін қосып барады. Балаға болған қатынас, ата-аналар арасындағы байланыс, басқа адамдармен араласу, отбасы ішіндегі тұрмыс процесі, барша отбасылық істер. Сондықтан да тəрбие үшін арнайы шарт, жағдайлар жасаудың тіпті де қажеті жоқ –тек қана дұрыс, инабатты, адамгершілік əдеп сақтап, өмір сүруді басты ұстаным етіп алу керек.