Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Контрольная (отчёт)Кожевникова.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
12.09.2019
Размер:
247.71 Кб
Скачать
  1. Педагогикалық зерттеудің әдістері

Зерттеу әдістері педагогикалық ғылым дамуының басты құрамды бөлігі болып табылады. Педагогикалық ғылым мен тұтас педагогикалық білімнің дамуы педагогикалық зерттеу әдістерінің даму деңгейіне байланысты. Ғылыми нәтижелердің анықтығы алғашқы ақпараттарды алудың жолдары мен тәсілдеріне және зерттеу әдістерінің сенімділігіне байланысты. Кез-келген педагогикалық зерттеу белгілі ғылыми білімдерді дәлелдеу емес, ол- жаңа білімдерді табу процесі. Ол адамның зерттеу объектісі, заттар мен құбылыстардың мәнін ашуға бағытталған жан-жақты танымдық іс-әрекетінің бір түрі.

2. Педагогикада зерттеудің үш деңгейі бар: эмпирикалық, теориялық және әдіснамалық. Экспериментальді-эмпирикалық деңгей әдістерінің тұтас бір тобы бар (гр. Empeiria-тәжірибе) .

1.Бақылау әдісі. Бұл –педагогикалық мәселелерді зерттеуде жиі қолданылатын әдістердің бірі. Бақылау деп әдеттегі жағдайда педагогикалық құбылыстарды қабылдау арқылы тануды айтады. Ғылыми бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі.

Әңгіме әдісі. Бақылау мәліметтерін әңгіме әдісі арқылы түскен материалдармен толықтырады. Әңгіме әдісін дұрыс қолдану үшін арнайы жоспар жасап, онда негізгі сұрақтар мен жанама сұрақтардың және әңгіме жасаудың әдістері мен тәсілдерінің нақты көрсетілгені жөн.

Эксперимент. Эксперимент деп нақты жағдайды есепке алып, педагогикалық процесті әдейі зерттейтін ғылыми тәжірибені айтады. Педагогикалық эксперименттерге сүйеніп, зерттеуші оқытудың және тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін, формалары мен мазмұнын тексереді. Экспериментті зерттеулердің нәтижелері әдеттегі жағдайда жүргізілетін педагогикалық жұмыспен салыстырылады. Сондықтан эксперимент мәліметтерін салыстыру үшін екі объект алынады. Олардың бірі- экспериментті, екіншісі- бақылау объектісі деп аталады.

Оқушылардың жұмысын зерттеу. Оқушылардың жазба, бақылаужәне графикалық жұмыстары, суреттері, пәндер бойынша дәптерлері, әр түрлі тақырыптарға жазылған баяндамалары мен рефераттары және еңбек сабақтарында жасаған заттары зерттеушіні кейбір қажетті мәліметтермен қаруландырады. Осы құжаттар арқылы оқушылардың дербес қабілетін, оқуға және еңбекке көзқарасы мен қатынасы, олардың теориялық және практикалық дайындықтарын, осыған орай, мұғалімдердің де іс-әрекетін зерттеп анықтауға болады.

Анкета. Бұл арнайы іріктелген танымдық сұрақтар мен олардың мүмкін деген жауап варианттарының қатал логикалық құрылысы. Анкета мүмкін деген бірнеше жауаптары бар жабық сұрақтардан тұрады. Егер анкетадағы сұрақтардың жауаптары болмаса, онда ол ашық сұрақтар деп аталады. Жабық сұрақтарға қарағанда ашық сұрақтарға статистикалық талдау жасау қиынырақ. Анкета әдісі көбінесе адамдардың бір-біріне, оқиғаларға, іс-әрекет, пікірлерді зерттеу түрлеріне деген қатынасын анықтау үшін қолданылады.

Педагогикалық құжаттарды зерттеу білім беру жүйесі қызметінің негізгі бағыттарының жағдайы мен даму тенденцияларын көрсетеді. Оқу жоспарлары, бағдарламалары, оқулықтар, оқу-әдістемелік оқу құралдары, мұғалімдердің сабақ жоспарлары, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, колледждердің оқу- тәрбие бағдарламалары мен жоспарлары, сынып журналдары, мұғалімдердің есеп беруі, оқкшыларды оқыту, тәрбиелеу мен дамытудың мазмұндық компоненттері тіркелетін басқа да құжаттар зерттеудің ең маңызды негіздері болып табылады.

Теориялық деңгей әдістері. Ғылыми танымның екінші деңгейі – теориялық деңгей. Ол зерттеушіге зерттеу әдістері мен ғылыми нәтижелер арасындағы себеп-салдарлық тәуелділікті айқындауға, эмпирикалық деректерден теориялық қорытындыларға көшу барысындағы педагогикалық заңдылықтарды анықтауға көметеседі. Теориялық деңгей әдістері:

Әдебиет көздерін зерттеу зерттеудің бастапқы құрамды бөлігі болып табылады. Бұл кез-келген ғылыми іс-әрекеттің алғашқы кезеңі. Зерттеуші ғылымның осы саласында оған дейін қандай мәселелер зерттелгенін анықтау үшін, зерттеу мәселесінің бұрынғы мен қазіргі жай-күйін және оған қатысы бар барлық мәселелерді түсіну үшін таңдап алған тақырыбы бойынша әдебиеттермен танысуы қажет.

Талдау мен синтез. Талдаудың эмпирикалық материалды механикалық бөлу; тұтастың құрамындағы элементтердің өзара қатынасы формаларын анықтау; білім құрылысын ашу; зерттеу объектісінің сипаты мен динамикасын айқындау сияқты түрлері бар. Талдау элементарлы сипатта болуы мүмкін, бұндай талдауда элементтердің бір біріне және тұтастай бастапқы жүйеге қатынасы айқындалмайды.

Абстракциялаудың (дерексіздендіру) екі түрі бар: талдап қорыту және жекелеп бөлу. Талдап қорыту – көптеген бірыңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, бірдей белгілерін анықтау. Жекелеп бөлу – бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажетті бір қасиетін бөліп алу процесі.

Тұжырым жасаудың индуктивті және дедуктивті әдістері; бұл әдістің көмегімен эмпирикалық деректер қорытындыланып, жекеден жалпыға қарай және керісінше жалпыдан жекеге қарай қисынды салдарлар айқындалады.

5. Ұқсастыру әдісі заттар мен құбылыстардың жалпылығын айқындау үшін қолданылады.

6. Теория жүзінде мүмкін жағдайдың, құбылыстың немесе заттың моделін жасау әдісі. Модельдеу – зерртеу объектісі өзімен ұқсастық қатынастағы басқа бір объектімен алмастырылатын зерртеу әдісі. Бірінші объект түпнұсқа болады да екінші объект оның модкелі болады. Зерттеуші модельді зерттеп, алған нәтижелерін ұқсастық және үйлестік заңы бойынша түпнұсқаға көшіреді. Модель және модельдеу әдісі түпнұсқаны зерттеу қиын немесе мүмкін емес болғанда немесе түпнұсқаны зерттеу үлкен қаражат шығынын талап еткен жағдайда қолданылады.

Болжау әдісі зерттеушінің қатысынсыз педагогикалық жүйе немесе білім беру жүйесінің қозғалысын көрсету үшін қолданылады. Зерттеу нәтижесінде алынған нақты ғылыми деректерді сандық көрсеткіштерге, кестелерге, графиктерге, сызбаларға, диаграммаларға, формулаларға, түсініктер мен заңдарға айналдыру үшін зерттеушінің ойлау абстракциясының жоғары деңгейі мен дәрежесі қажет.

Математикалық және статистикалық әдіс педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті анықтау үшін қолданылады. Бұл әдіс зерттеу жиынтығын өңдеу үшін, байланыс пен ықпал ету көрсеткіштерін есепке алу үшін, өз ара тәуелділікті айқындау үшін, әр түрлілік көрсеткіштерін бөлу деңгейін анықтау үшін, орташа арифметикалық қате мен оның мөлшерін айқындап, осы мөлшерді бөлу дәрежесін (дисперсия), орташа квадраттық ауытқуларды, әр түрлілік коэффициенттерін есептеу үшін қолданылады.