Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Контрольная (отчёт)Кожевникова.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
12.09.2019
Размер:
247.71 Кб
Скачать
  1. Оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін ескеру

  2. Ұжым теориясының қалыптасуы

Ұжым (латын "collectivus" - "коллективус") - жинақтаушы, топ, бірлестік, деген сөзінен шыққан. Ұжымға педагогикалық ғылыми және әдістемелік әдебиеттерде әртүрлі сипаттама беріледі, солардың бірінде: - ұжым кез келген адамдардың ұйымдастырылған тобы, - ұжым – жоғары  деңгейде ұйымдасқан топ. Демек, адамдардың бірігуі ортақ бір мақсатты көздегенде және  бірлесіп іс-әрекет атқару нәтижесінде ғана жүзеге асады. Адам өмірінің көп бөлігін ұжымда өткізеді. Мысалы, балабақшада, мектепте, білім алуда,  қызметте белгілі бір ұжымның мүшесі болып саналады және ортақ мақсат, ортақ бағытта жұмыс жасайды.

Балалар ұжымы жеке тұлғаны мақсатты түрде тәрбиелеу, әлеуметтендірудің маңызды факторы. Оның жеке тұлғаға деген ықпалы ұжымның мақсаттары мен міндеттері ұжым мүшелері тарапынан қандай деңгейде сезіледі, сонымен қатар ұжымдық мақсаттар мен міндеттер жеке ретінде қандай деңгейде сезіледі. Жеке тұлғалық және әлеуметтіктің біртілі ұжымдық пайдалы қызмет барысында туындап ұжымда толық көрініс алады. Ұжымдылық ол топтағы ынтымақтастық сезімдер, өз өзін топтың бір бөлігі ретінде сезіну, топпен қоғамның пайдасына  қызмет етуге деген дайындық.

Алған рет ұжымды қалыптастыру сатыларын ғылыми түрдеанықтап неіздегендірдің бірі А. С. Макаренко болды. Ол тәрбие ұжымын дамытуда  педагогтың міндетті талаптарынан ұжымның талаптары тұсында жеке тұлғаның еркін талаптарының қалыптасу процессі жатады деп атаған. Қазіргі кезде ұжымды дамыту барысында кезеңдерді зерттеумен көптеген зерттеушілер айналысады. Л.И.Новикова бойынша  ұжым дамуының үш кезеңі бар: біріншіден, ұжымның қалыптасу кезеңі, екіншіден, ұжым оқушыларды тәрбиелеу құралына айналуы, үшіншіден,  кез келген ұжым тәрбиеленушінің  әлеуметтік тәжірибесін коррекциялау және шығармашылық жеке тұлғалық  ерекшеліктерді дамыту.

 Оқушылар ұжымының дамуы мен қалыптасуы балалардың жас ерекшелігіне,  мұғалімнің іс-әрекет деңгейіне де байланысты. А.С.Макаренко оқушылар ұжымының дамуын үш кезеңге бөлген: а) Ұжым дамуының бірінші кезеңі – ұжымның пайда болуы, алғашқы топ құру құрылу кезеңі, мұнда оқу-тәрбие мақсатын оқушылар алдына тікелей мұғалім қояды. Сынып белсенділері болмайды, соған байланысты мұғалім сыныпқа тиісті талаптарды өзі қояды. Бұл кезеңде мұғалім сабақта және сабақтан тыс уақыттарда оқушыларды әр түрлі бірігіп атқарылатын іс-әрекеттерге араластыру арқылы бір-бірін (оқушы мен мұғалім) жақсы танысуға күш салуы тиіс. Бұл кезеңде ұжым ең алдымен педагогтың тәрбиелік ықпалдарының мақсаты ретінде қызмет атқарады. Топты ұжымға айналдыру бірлескен қызметтің мазмұнымен, оның мақсаттарымен, міндеттерімен, құндылықтарымен анықталады. Ұжымды ұйымдастырушы - мұғалім, әрі ол талап қоюшы. Оқушылар ұжымы бұл кезеңде жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін, жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап іс - әрекеттің процесінде орындалуға тиісті нақты міндеттер. Талап қою балаларды мінез-құлық нормасына үйрету әлеуметтік тәжірибеге тарту болып табылады. ә) Ұжым дамуының екінші кезеңі - белсенділер ықпалының артуы, талапты мұғаліммен бірге ұйымдасқан ұжым мүддесін түсінген белсенділер тобы қояды. Сабақта және сабақтан тыс іс-әрекеттің түрлері көбейіп, күрделене түседі. Белсенді топ мүшелері тапсырмаларды оқушылардың мүдделеріне ғана емес, ұжым қажеттілерін ескере отырып береді. Әрбір оқушы бұл кезеңде өзін ұжым мүшесі ретінде санап өз әрекеттерінің маңыздылығын түсінуі тиіс. Сонымен бірге оқушылар алға қойылған мақсатты біледі және түсінед және сол мақсатқа жетудегі әрбір оқушының рөлі мен қосатын үлесі анық болады.