Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Контрольная (отчёт)Кожевникова.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
12.09.2019
Размер:
247.71 Кб
Скачать
  1. Дидактика туралы түсінік және оның негізгі категориялары. Дидактиканың дамуы және қалыптасуы

Дидактика - педагогика ғылымының жетекші салаларынын бірі. Дидактика оқыту мен білім берудің теориясы болғандықтан оның негіздерін талдайды. Дидактиканың қарастыратын басты мәселелері мынау: оқытудың заңдылықтары мен үрдістері (процесі), оның мақсаты, білімдендіру мазмұнының ғылыми негіздері, әдістемелері, оқытудың формалары мен құралдары. Ал жалпы педагогиканың қарастыратын негізгі мәселелері — барлық пәндерге ортақ және оның деңгейіне үйлесімді тәсілдері мен жолдары және оқытудың мақсатына қарай нені оқыту мен қалай оқытудың теориялық негіздері болып табылады. Сондай-ақ жалпы педагогика жеке пәндерді оқыту мен білім беру әдістерін қоса қамтып, яғни бастауыш мектеп, орта оқу орындары мен жоғары мектептерде білім беру жолдарын бірлікте зерттейді. Жинақтай айтқанда, жалпы педагогика жеке пәндерді оқытудың теориялық негіздерін білгізумен қатар, сол жүйеде жүргізілген ғылыми зерттеу нәтижелеріне сүйеніп нақты тұжырымдық қорытынды жасайды. Дидактиканың негізгі міндеті мынау: біріншіден, оқыту үрдісін (процесін) түсіндіру, сипаттау және оны меңгеру мен жүзеге асыру жолдарын көрсету, екіншіден, оқыту үрдісін ұйымдастырудың тиімді жолдарын, амал-тәсілдерін, ең жаңа жетілген технологиялық жүйелерді білгізу.

Педагогика пәнін терең түсіну үшін оның дидактикалық категорияларын ұғыну керек. Ал дидактикалық категорияның бастау бұлағы — педагогикалық жүйе болып табылады. Сонда дидактикалық категорияның негізін айқындайтын құрылымы мынау: білім беру, оқыту, мақсаты, мазмұны, міндеттері, дидактикалық үрдіс (процесс), әдістемелері, құралы, оқыту формасы, окытудың заңдылықтары, принциптері және оқытудың нәтижесі.

Оқу жəне білімдену проблемалары педагогиканың дидактика деп аталатын бөлімінде зерттеледі. «Дидактика» термині грек тілінен енген, аудармасы «үйретуші» дегенді білдіреді. Алғашқы рет бұл сөз неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635) шығармаларында қолданылып, оқыту өнері мəнін аңдатқан. Ал Я.А.Коменский дидактиканы «баршаны барлық нəрсеге үйретудің əмбебап өнері» деп түсіндірген. XIX ғасырдың басында неміс педагогы И.Гербарт дидактиканы тəрбиелеп оқытудың өз алдына тұтас жəне қайшылықсыз теориясы ретінде таныған. Дидактиканың негізгі міндеттері В.Ратке заманынан бермен қарай бірде өзгерместен келе жатыр. Олар: нені үйрету жəне қалай үйрету проблемасын шешу; қазіргі заман педагогикасы бұларға қоса –қашан, қай жерде, кімді жəне не үшін оқыту қажет деген мəселелерді қарқынды зерттеуде. Дидактиканың негізгі категорияларын танытушы келесі ұғымдар белгіленген: оқыту, оқып-үйрену, оқу, білімдену, білім, ептілік, дағды, сонымен бірге оқу мақсаты, мазмұны, ұйымдастырылуы, түрлері, формалары, əдістері, құрал-жабдықтары, нəтижесі (өнімі). Дидактикалық жүйе жəне оқу технологиясы да осы категориялық ұғымдар тұрғысынан танылуы тиіс. Осыдан қысқа да ауқымды анықтама келіп шығады: дидактика- бұл оқу жəне білімдену, олардың мақсаттары, мазмұны, əдістері, құрал-жабдықтары, ұйымдастырылуы мен нəтижелері жөніндегі ғылым. Ең алғаш рет оны ңылымға неміс педагогі В.Ратке (1571-1635) кіргізген және өзінің лекция курсын «Дидактикадан қысқаша есептеу нәтижесі немесе Ратихия оқыту шеберлігі» деп аталған. Осындай мағынамен ұлы чехтік педагог Ян Амос Коменский да қолданған. Ол 1657ж Амстердамда өзінің «Ұлы дидактика» атты белгілі еңбегін бастырып шығарды. «Дидактика» термині грек тілінен шыққан, яғни «didaktikos»-үйренуші, ал «didasko»-зерттеуші. Я.А.Коменскийдің «бәрін бәріне оқыту өнері» ретінде қарастыру осы сөздер оятқан болар. Оның құрамында ол «жан-жақты моральдікке бағытталған ойлардың қалыптасуы» туралы тәрбиелеу сұрақтарын қарастырады. Педагогикалық ғылымның дамуында дидактика білім мен оқытуға көңіл бере бастайды. Әлемдік дидактиканың дамуына Иотон Фридрих Гербард (1776-1841), И.Г.Песталоцци (1746-1827), А.Дистерверг (1790-1816), К.Д,Ушинский (1824-1870), Д.Дьюри (1859-1952), Г.Кершенштейнер (1854-1932), В.Лай(1862-1926) және т.б. үлкен еңбек сіңірді.

XIX-XXғғ. Аралығында отандық дидактиканың дамуына П.Ф.Каптерев, С.Т.Шатский, П.П.Балконский, А.К.Гастев, А.П.Пинкевич, М.М.Пистрак және т.б. көңіл бөлді. Әсіресе КСРО кезінде отандық дидактикада П.Н.Груздев, М.А.Данилов, Ш.И.Ганелин, Е.Я.Голант, Л.В.Зонко, Б.П.Есипов. М.Н.Скаткин және т.б. жұмыс істейді.

Оқытудың ғылыми түсініктемесіне, обьектісі мен дидактика пәнін анықтауына, педагогикалық емес ғылымдармен байланысын табуына, дидактикалық зерттеудің әдістемесін өңдеуіне, оқыту әдісі мен дидактиканың басқа да өзекті мәселелердің қатарына В.С.Ильин, В.И.Загвязинский, В.В.Краевский, И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, П.И.Пидкасистый және т.б. маңызды үлес еңгізеді. Олардың дидактикадағы еңбегі, басқа зерттеулерге сияқты, қазіргі уақыттағы педагогикада туындайтын өзекті мәселелерге жауап табады.