Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Контрольная (отчёт)Кожевникова.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
12.09.2019
Размер:
247.71 Кб
Скачать

43.Оқыту құралдары және оларды топтастыру

Құрал дидактикада дербес терминологиялық мәні бар сөз. Мысалы, дидактикада қолданатын құралдар оқыту жабдықтары, оқыту ақпаратының көздері (оқытудың техникалық құралдары, оқулықтар, оқу құралдары, көрнекі құралдар т.б.). Оқыту құралдары - мұғалімге оқытуда көмектесетін аспаптар мен тұп деректер, яғни оңушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға көмектесетіндердің бәрі. Оқыту құралдарына мұғалімнің сөзі, оқулықтар, оқу құралдары, кітаптар, анықтамалық әдебиет, оқу жабдығы мен көрнекі құралдар, оқу киносы, радио, дыбыс таспасы, теледидар, т.б. техникалық құралдар, бағдарламалық оқытудың арнаулы құралдары - бағдарламалық оқулықтар, оқу құралы, үйрететін машиналар жатады.

44.Оқыту үдерісінің қозғаушы күштері. Оқыту процесін танымньщ арнайы процесі ретінде оның үнемі қозғалыстағы, дамушы процесс ретінде — қарама-қайшылықтарында түсіңдіру керек. Осыған байланысты мұғалім ешқандай тікелей түзуліктің шыңдық жолында тұрақты қозғалыс тетіктерінің болмайтынын және керісінше үлкеңді кішілі серпілістердің, құлдыраудың, күтпеген ойлардың туындайтынын, толғаныстарын болатынын білу керек. Таным бейнемен беріле отырып, қайшылықтардан пайда болады. Онда логикалық талдау, индуция да, мәңдісі де, мәнсізі де болады.

Жалпы ретті қарама-қайшылықтар пайда болады:

— қоғамдық -тарихи білімдері көлемі мен оқушының оны меңгерген көлемі арасында;

— оқушының жеке танымдық іс-әрекеті және қоғамдық -тарихи танымы арасында;

— оқушының қол жететін даму деңгейімен оқыту барысында алға жетелейтін оқу міндеттері арасында;

— жеке ретті қарама-қайшылықтар пайда болады;

— бұрынғы білім деңгейі мен оны «жататын» жаңа білім арасында;

— білім мен оны біліктілікпен қолдану арасында;

— оқуға және оқытуға оқушыларды қол жеткен және кажетті қатынас

деңгейі арасында;

— күрделі танымдық міндеттер мен соларды шешу үшін бұрынғы кемшіліктері әдістері арасында.

Негізгі қайшылықтар оқыту процесінің қозғаушы күші, себебі таным процесі де сарқылмайтын құбылыс. М.А.Данилов оны оқытудың қозғалыстағы қадамдары танымдық және практикалық міндеттермен оқушылардың білімдерінің, іскерлікгерінің және дағдыларның деңгейлерінің, олардың ой-өрісінің дамуы мен қатынастары арасыңдағы қарама-қайшылықтар деп түсіндіреді.

Педагогакалық үрдістің қозғаушы күшін, М.А.Данилов тұлғаның дамуының қарама-қайшылықтарымен байланыстырады. Педагогикалық үрдістін ішкі қозғаушы күші танымдык еңбек, практикалық, қоғамдық сииаттағы талаптар мен оларды іске асырудағы оқушылардың іс жүзіндегі мүмкіндіктерінің арасыңдағы қарама-қайшылықтар, яғни, әрбір жеке тұлғаның оқытудың қозғаушы күші — бір жағынан оған қойылатын талаптар мен екінші жағындағы оның құраддары мен мотивтерінің арасындағы қарама-қайшылықтар. Қажеттілік мотивсіз жасалмайды. Сондықтан оқушылардың мотивациясы, жеке тұлға мен ұжымды оқытудың қозғаушы күшін құрайтын қарама-қайшылық маңызды компоненті болып есептеледі.

Қарама-қайшылық мазмұнды болған жағдайда ғана оқушылар үшін

мәнді болып, оқьпудың қозғаушы күші бола алады, ал, қарама-қайшылықтың шешімі — олардың анық ұғынулары керек қажеттілік. Оқьпудың қозғаушы күші ретінде қарама-қайшылықтың болуы шартты — оқушылардың танымдық өрісіне сәйкестігі. Оқушылардың білімді тек қана «ұстап қалмауы», соған «тіреліп» қалмас үшін және өз беттерінше шешу тәсілдерін табу үшін, оқыту процесінің барысында логикаға сәйкес қайшылықтар алдын-ала әзірленуі маңызды.

45.Оқытудың сапасын диагностикалау. Білімдену процесінің ажыралмас бір бөлігі диагностика болып табылады. Диагностика жəрдемімен белгіленген мақсат, міндеттердің табысты орындалуы анықталып барады. Ол болмаған жерде дидактикалық процесті тиімді басқару мүмкін емес. Диагностика – бұл дидактикалық процестің нəтижесін анықтау.

“Диагностика” түсінігінің мəні “білім, ептілік жəне дағдыларды тексеру” түсінігімен салыстырғанда едəуір тереңдеу əрі кең. “Тексеру” нəтиженің тек көрсеткіштерін ғана аңдатады, не себептен болғаны жөнінде дерек бермейді. Ал диагностикалауда нəтиже өзіне қол жеткізген əдіс – тəсілдермен бірге қарастырылады, дидактикалық процестің бағдар – бағытын, ілгерілі не кері қозғалысы анықталады.

Диагностика өз ішіне бақылау мен тексеруді, бағалау мен бағаны, жинақталған статистикалық деректер талдауын, дидактикалық процестің жүрісін, бағытын жəне жобалануын қамтиды.

Диагностикалаудың маңызды бөлігі – бұл қадағалау. Қадағалау – білім, ептілік жəне дағдылардың игерілу процесіне бақылау қоюды аңғартады. Қадағалау тексерулерден тікелей құралады. Тексеру – бұл білім, ептілік жəне дағдыларды игеру барысын бақылау үшін жүргізілетін əрекет – қимылдар жүйесі.

Мəн – мағыналық тұрғысынан бақылау, қадағалау кері байланыс түзуді қамтамасыз етеді, яғни оқушылардың оқу əрекеттерінің нəтижесі жөніндегі мəліметтерді алу мүмкіндігін ашады. Оқытушы өз шəкірттерінің қай білімді қандай деңгейде игергенін, жаңа ақпарат қабылдауға қаншалықты дайын екендігін анықтайды. Сонымен бірге оқушылардың өзіндік оқу жұмыстарының сипаты мен сапасын байқастырады. Қадағалау нəтижесінде мұғалім өз оқу жұмыстарының қаншама дəрежеде жемісті болғанын, педагогикалық процес мүмкіндіктерін оқыту – оқу мақсатында қай деңгейде пайдаланғанын сарапқа сала алады.

Бақылау, қадағалау кезінде оқушының өзі де өз оқу жұмыстарының нəтижесі бойынша ақпарат алады. Бұл оған білім игеру барысында қандай жетістіктерді қолға түсіргенін, сонымен бірге өз кемшіліктері мен олқылықтарының пəн бағдарламаларының қай тұстарымен байланысты болғанына көз жеткізеді. Тұрақты да бірізді қадағалаудан оқушының тəртібі жақсарады, белгілі жұмыс қарқынына үйренеді, ұнамды мінез, ерік сапаларын дамытады.

46.Оқудың мотивтері және оларды топтастыру. Оқыту практикасында оқудың әр түрлі мотивтері болады. Олардың бірі – тікелей талаптандыру мотивтері.бұл оқушылардың ұстазын ұнатуы, оған сүйіспеншілігі. Өйткені мұғалім оларға қызықты тартымды сабақ береді. Перспективті талаптандыру мотивтері – оқушының өзінің көздеген мақсатына ұмтылушылығына оның іс-әрекетінің болашаққа бағыштауына байланысты. Бұған жататын мотивтер: 1) мамандықты таңдап алуға қатысты байланысты шәкірттердің пәнге қызығушылығы. 2) келешек мамандыққа байланысы жоқ белгілі іс-әрекетке қызығушылық. (Ән, сурет әдебиет, спорт). Ойдың талаптандыру мотивтері .таным іс-әрекеті прцесімен байланысты. Іс-әрекеттің барысында сұраққа немесе проблемаға оқушы өз бетінше жауап беруге тілек білдіреді, тырысады. Түрлі психологиялық-педагогикалық зерттеу деректеріне сүйеніп (А.К Маркова, Г.ИЩукина, В.И.Ильина) мотивтерді екі топқа ажыратуға болады: 1) оқушыларды жаңа білімді игеруге және ұғу тәсілдеріне бағыттау мотивтері. 2) өз бетімен білім алу оны іс-әрекетте қолдана білу мотивтері. Әлеуметтік мотивтер: 1) кең мағынадағы әлеуметтік мотивтер (оқуда белсенділік ынталылық жауапкершілік және борышын сезу). 2) тар мағынада әлеуметтік мотивтер (үйелмен, ұжым және жолдастарының құрбы құрдастарыныңы алдындағы бедел) 3) ынтымақтастық әлеуметтік мотивтері оқу тәрбие жұмысында өзара әрекеттесуге ұмтылу және үнемі жетілдіру.

48.К.Д.Ушинскийдің дидактикалық жүйесі. Ушинский оқытудың дидактикалық негіздерін жасады, осыған сәйкес халық мектебінде барлық оқыту үрдісі құрылу қажеттігін атап өтті. Ушинскийдің балалардың жас және психологиялық ерекшеліктерін қатаң ескеріп отыруды талап етті. “Психологияға негізделген педагогика адамның табиғатына сәйкес оның жан дүниесін дамыту туралы бізге кеңес береді”. Осы талаптарды нақтылай отырып, Ушинский оқытуда ең алдымен шамаға лайықтылықты қамтамасыз ету қажет. Баланың шамасы келмейтін міндеттерді жүктеуге жол беруге болмайтындығын Ушинский атап көрсетті. Сонымен қатар оқушының оқу жүктемелері өте жеңул болмау керектігін ескертті. Өте жеңул сабақтар – баланың ақыл-ой мен қабілеттіктерін дамытпайтындығын ескерткен болатынды.

Оқыту оқушылардың дербестігі негізінде құрылуы және олардың ынтасын дамытуы қажет. Балалардың белсенділігін және өз бетімен әрекеттенуін шектей беруге болмайтындығын ескерте келіп, олар мүмкіншілігіне қарай өз бетімен жұмыс істеу керек, мұғалім осыған үйрету және оларды басқару қажет. Оқушылардың білімінің берітігін Ушинский жақсы ұйымдасқан оқытудың бөлінбейтін белгісі деп есептеді. Білімдерді, ептіліктерді және дағдыларды берік меңгеруге, балалардың ақыл-ой күштері мен қабілеттіктерін жемісті дамыту көрнекілігі көмектеседі. Ушинский әруақытта да оқыту тек ғана танымдық емес, сонымен қатар тәрбие үрдісі . Оқытуды дұрыс ұйымдастырудың басты көрсеткіші өзінің сабақ беруінде мұғалімнің танымдық және тәрбиелік мүмкіншілігі толық көлемде пайдалану ептілігідеп есептеді. Дидактикалық проблемаларды шешуге К.Д.Ушинский ұқсас ғылымдардың мәліметтерін ескере отырып, антропологиялық ұстанымдарды, әлеуметтік – философиялық ғылымдардың қағидалары тұрғысынан келді. Ұлы ғалым, орыстың ғылыми педагогикасының негізін салушылардың бірі К.Д.Ушинский сонымен қатар көрнекті әдіскер-мұғалімдердің мұғалімі. Бірдей ерекше жетістікпен ол өзінің адам туралы тәрбие пәні ретінде ғылыми-теориялық еңбегін және мектепке арналған “Балалар әлемі” және “Ана тілі” тамаша оқулықтарын жазды. К.Д.Ушинский оқытудың сынып-сабақ жүйесін жақтады. Ол сабақ оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі екендігін және мұғалімнің сабақты тиімді өткізуді сипаттайтын негізгі белгілерін анықтап берді. Бұл белгілерді төмендегіше түсіндіруге болады.

1) оқыту үрдісінде сабақтың басты түйінін немесе негізгі деректі алға қоя білу ептілігі

2) жаңа сабақты бұрынғы балалардың меңгерген білімдерімен табиғи байланысты қамтамасыз ету,

3) шәкірттердің жоғары деңгейдегі қызығушылығы мен белсенділігін қамтамасыз ету,

4) сабақ кезінде хабарланған шәкірттердің білімдерін толық мәнді және берік меңгеруді қамтамасыз ету,

1) сыныпта үлгілі талап пен тәртіптің болуы.

Оқытудың үрдісінде әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қолданудың қажеттігін талап ете отырып, Ушинский олардың ішіндегі негізгілерді түсіндіріп оқыту, мұғалімнің әңгімесі, әңгіме, жаттығулардың әртүрлі түрлері (ауызша, графикалық, жазбаша) деп есептеді.

Ушинский қайталауға ерекше мән берді. Оның пікірінше, біржүйелі өткізілген қайталауларсыз шәкірттерді қажетті білім көлемі берік меңгеруді қамтамасыз ету мүмкін емес.

Ол салыстыру сияқты педагогикалық тәсілді өте жоғары бағалады. Осы тәсілдің көмегімен Ушинский шәкірттердің оқылатын заттар мен құбылыстардың негізгі қасиеттерін анық та және дәл қол жеткізуін айтқысы келді. Ушинский балаларды сауат ашуға оқыту үшін дыбыстың, жазу-оқудың аналитикалық-синтетикалық әдісін ұсынды, бұл әдіс революцияға дейінгі жүйесінде кеңінен қолданып, өзін ақтады. Бүгінгі мектеп тәжірибесінде кеңінен қолданылып келеді.

К.Д.Ушинский “Адам – тәрбиенің пәні” (“Педагогикалық антропология”) атты еңбегінде әрбір педагог орындауға тиісті негізгі талаптарды ұсынды және негіздеді.

“Егер педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда ол ең алдымен оны жан-жақты білуі қажет…”

К.Д.Ушинский психологияның көзқарасы тұрғысынан негізгі оқытудың тәрбиелік сипатының дидактикалық қағидаларын негіздеді: көрнекілік, біржүйелік және бірізділік, оқу материалының беріктігі.

49. Я.А.Коменскийдің дидактикалық көзқарастары. Коменскийдің еңбектерінде неге және қалай үйрету керек деген мәселе ерекше орын алады. Ортағасырлық мектептің берген білімі, онда қолданылған схолостикалық оқыту тәсілдері және шәкірттерге әсер етудің қатаң шаралары оны қанағаттандырмады. Коменский бұл мектепті балаларды қорқытып-үркітудің және ақылдылардың түрмесі деп атады. Ал шәкірттерді дамытпады, керісінше, ақыл-ой қабілеттілігін тежеп отырды, олардың оқуға деген ықыласын өлтіріп отырды.

Ескі варварлық оқыту әдістеріне, өз мәні жағынан негізіне “табиғи әдісті” немесе табиғатқа сәйкестікті, яғни, оқытудың әдістерімен табиғат заңдылықтарының арасындағы сәйкестікті жатқызады. Коменский өз дидактикалық қағидаларын табиғатқа сілтеме жасау арқылы дәлелдейді және бекітеді. Ол негізінен өсімдіктердің өміріне, құстардың дамуына, бағбанның, архитектордың қызметінесілтеме жасайды және т.б.

Біріншіден, Коменскийдің түсіндіруінше, дидактиканың “алтын ережесін” төменгіше түсіндірді: “Бәрі де сезім органдары арқылы қабылданады, атап айтсақ: көретін нәрсе – қабылдау үшін көру сезімімен, еститін нәрсе – есту сезімімен, иіс – иіс сезімімен, дәмінтату – дәм сезімімен, сипай-сезу, сипай-сезу арқылы іске асады. Егер де қандай ма болмасын заттар мен құбылыстарды бірнеше сезіммен бірден қабылдауға болады, мейлі олар бірден бірнеше сезімдер арқылы қабылдансын”.

Коменскийдің талап етуінше, оқу заттар мен құбылыстартуралы сөздік баяндаудан басталмау керек, бірақ оларды нақты бақылаудан бастау керек. Табиғи мүмкін болатынды бақылау қажет, бірақ заттарды тікелей бақылау мүмкін болмаған жағдайда оларды суреттермен, моделдермен, картинкалармен ауыстыру керек.

Негізгі дидактикалық қағидалардың бірі ретінде көрнекілікті талдауда Коменскийдің сіңірген еңбегі ұлан-теңіз. Сол кездегі қалыптасқан көрнекілік оқытудың кейбір практикалық іс-тәжірибесін ол ұлы ғұлама педагог ретінде негіздеді, жинақтады, әрі қарай тереңдетті және кеңейтті, тәжірибеде көрнекілікті кеңінен қолданды, өзінің оқулықтарын суреттермен қамтамасыз етті. Мағынасыз, механикалық жаттауға, догматикалық оқытуға Коменский оқытудың саналылық талаптарын қарсы қойды.

Коменский біржүйелік оқытуға ерекше мән берді. Ол құбылыстардың арасындағы байланыстарды оқушылардың түсінуінің қажеттігін атап көрсетті, оқу материалын біржүйелікпен дұрыс ұйымдастыру керек, ол шәкірттерге хаос (жүйесіз) болмауы керек, негізгі қағидалар түрінде қысқаша баяндалған болуы керек.

Оқыту үрдісінде, оның айтуынша, деректерден қорытындыларға, мысалдардан ережелерге жүріп отыру керек, демек, бұл деректер мен мысалдарды біржүйелейді, жинақтайды; нақтылыдан абстрактыға, жеңілден қиынға, жалпыдан жалқыға жүріп отыруды талап етті.

Коменский дидактикалық қағидаларының бірі – оқытудың бірізділік қағидасына жан-жақты тоқталды. Барлық шәкірттерге ұсынылған материалдарды меңгеру үшін жаңа материалды оқыту оның алдындағы сабақта даярланған материалдық тікелей жалғасы болуы керек.

Коменский балалардың жас ерекшеліктерімен санаса отырып, ең алдымен шәкірттердің түйсіктерін, одан кейін есін, одан әрі ойларын, ең соңында тіл мен қолын дамыту қажет деп кеңес береді, себебі шәкірт меңгергенді дұрыс айта білуі және оны күнделікті ісінде қолдана білуі қажет.

Коменский оқытудың түсініктілік қағидасы туралы құнды кеңестер береді. Шәкірттерге оқыту тек ғана жас шамасына лайықтап беру керек. Шамаға лайықтылық және түсініктілік қағидаларын оықтудың анықтығына, негізгі мәселелерді хабарлау арқылы іске алады.

Сонымен қатар Коменский оқытудың беріктілік қағидасы туралы да құнды кеңестер берді. Коменский “берік негіз қалану керек, оқытуда асықпау керек, оқушылар берілген материалды толық меңгеруі қажет”.

50.Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары. Ыбырай Алтынсарин (1841-1889).Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы

Алтынсарин балаларға сабақты қызықты, тартымды, әрі түсінікті етіп беруші еді. Мәселен, діни мектептерде молдалардан сабақ алған балалар бір жылда әзер хат таныса, Ыбырайдың оқушылары небәрі үш айдың ішінде хат танитын. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда ол дүние жүзі педагогика классиктері Ушинский, Руссо, Каменский, Толстой, т.б. гуманистік идеяларын басшылыққа алады.

Ы.Алтынсарин демократиялық-ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзқарасының үш бірдей саласынан көрініс тапты. Біріншіден, бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге және соған оқу құралдарын жазып шыығаруға арнаса, екіншіден, өнегелі ұстаз тәлімгер дасрлауға, оларға күнделікті ғылыми-әдістемелік басшылық жасауға көңіл бөлді. Үшіншіден, шығармаларында қазақ халқының ХІХ ғасырдағы қоғамдық өмірінде болған саяси әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып жазуға жұмсады. Ол кез келген шығармаларында шәкірттерді адал, шыншыл, еңбек сүйгіш, өнерлі азамат болуға, жат мінезден бойын аулақ ұстауға шақырды.

Ы.Алтынсарин оқыту әдісі мәселелеріне де ерекше мән берді. Өзінің А.А.Мазюхин, Ф.Д.Соколов, Ғ.Балғымбаев, т.б. мұғалімдерге жазған хаттарында балаларға тиянақты білім беру, оқыту өмірімен байланыстыру, оқыту әдістерін жетілдіру жайында көптеген ақыл-кеңестер берді.

Ы.Алтынсариннің оқу-ағарту ісіндегі тағы бір ерен еңбегі қазақ жастарына кәсіптік мамандық беру мәселесін қолға алуында еді. Ол осы мәселеге ерекше мән беріп, қолөнер, ауыл шаруашылық училищелерін ашуға көп күш жұмсады. Көп ұзамай Торғай қолөнер училищесі ұйымдастырылып, өзі қайтыс боларының алдында Қостанайда ашылғалы отырған ауыл шаруашылығы училищесінде өзінің қора жайын беретіні туралы өсиет қалдырды. Қазақ қыздарын оқытып-тәрбиелей ісіне де жол ашқан Алтынсарин еді. Ол Ырғызда қазақ қыздарына арнап жанында интернаты бар мектеп аштырды. Мұның өзі қазақ халқының өмірінде орасан өор маңызды трихи оқиға болды. Ол патша әкімшілігінен Торғай облысының барлық уездерінде қыздар училищелерін ашуды өтінді. Оның бұл ұсынысы өзі қайтыс болған соң екі жылдан кейін жүзеге асты.

51.Р.Г. Лембергтің дидактикалық көзқарастары. Р.Г.Лемберг мұғалімнің сабақ өткізу үдерісіндегі жетекшілік жұмысының түріне айрықша мән бергені де талап ретінде қабылданды. Әрбір әдістің бірнеше тәсілдері бар екеніне тоқталады. Ол кездегі (40 жылдары) қазақ мектептеріне ұсынылған әдістер: 1) ауызша баяндау; 2) әңгімелесу; 3) байқау; 4) оқулықпен жұмыс; 5) жаттығулар; 6) лабораториялық сабақтар; 7) есеп шығару; 8) практикалық жұмыстар, өнер құралдарын пайдалану. Әрбір әдісті өзінің құрамындағы тәсіл түрлерімен қарастырғаны ескеріледі. Сабақ меңгерудегі оқушылардың психологиялық танып-білу әрекеттеріне бағынышты екені зерделенеді. Құбылыстарды үдеріс сыңайында топтастыру секілді әдістер қолданылды. Заттардың қасиетін айқындау қарастырылады. Оқу орыс тілді мектептерде бұл мәселелер шешімін бірден тауып, ұстаздар оқу-тәрбие үдерісін Н.Хмельден бұрын Р.Г.Лембергтің ғылыми еңбегінен біртұтастық қағидаға жүгіндіріп, өз сабақтарына сараптамашы сапасында қарап, кәсіби құзыретін сол өз заманына лайықты өткізіп жатты.

52.Білім беру мазмұнының мәні. Білімнің мазмұны туралы ұғым. Білімнің мазмұны дидактиканың негізгі ұғымдарының бірі. Ол әрбір мектеп реформасының негізіне жатады, ал реформалар тек қана жергілікті факторлардың ықпалымен ғана емес, сонымен қатар халықаралық ықпалмен жүреді.

Білім мазмұны балаларға "Нені оқыту керек?" — деген сұраққа жауап береді. Бала тағдыры көбіне оның білімінің саны мен сапасына байланысты. Білім беру мазмұнының теориялық мәселелерін және оны іріктеу жолдарын В.В.Краевский, И.Я.Лернер, В.С.Леднев, М.Н. Скаткин, т.б. зерттеді.

И.Я.Лернердің анықтамасы бойынша "білімнің мазмұны дегеніміз - оқушыға берілетін білім, іскерлік және дағды жүйесі, шығармашылық іс-әрекет, әмоциялық қарым-қатынас тәжірибесі".

Ең бастысы, білімнің мазмұны жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту керек.

2. Білім құрылымы төрт бөліктен тұрады. Білім жалпы білімнің мазмұнындағы негізгі элемент, болмысты тану, табиғат, қоғам және ой заңдарын ашу нәтижесі, әлеуметтік-тарихи тәжірибе процесінде адамдардың жыйнаған тәжірибесі.

Білім мазмұнының түрлері:

• күнделікті болмыс туралы негізгі ұғымдар, терминдер және ғылыми білімдер;

• көзқарастарды дәлелдеуге керекті күнделікті өмірден және ғылымнан алынған фактілер;

• болмыстың әртүрлі объектілері және құбылыстары арасындағы байланыстарды көрсететін ғылымның негізгі заңдары;

• белгілі бір объектілер, олардың арасындағы байланыс туралы ғылыми білімдер;

• ғылыми іс-әрекет тәсілдері, таным әрекеті және ғылыми білімді алу тарихы туралы білімдер;

• әртүрлі өмір құбылыстарын бағалау нормалары туралы білімдер.

Сонымен ғылыми білім — болмысты іс жүзінде тану нәтижесі, болмысты дұрыс түсіну құралы. Білім, дүние дамуымен бірге өзгеріп және жетілдіріліп, дүниетінымдық және тәрбиелік идеялар бір ұрпақтан екіншіге негізінен ұйымдастырылған, нақты мақсаты бар оқыту арқылы беріледі.

Білім - өлеуметтік тәжірибенің бірінші элементі болса, оның екінші элементі - әлеуметтік тәжірибедегі іс-әрекет тәсілдерін оқушыға үйрету, білімді қолдануға дағдыландыру, дәлірек айтсақ адамзат жасаған іскерлік пен дағдыларды меңгерту.

Сыртқы (практикалық) және ішкі (ақыл-ой) дағдылары мен іскерліктеріне барлық пәндер үйретіп, оқушы жоспар құруға, мөндіні бөлуге, салыстыруға, қорытынды жасауға машықтанады. Кейбір оқу пәндерінің өздерінің қалыптастыратын іскерліктері мен дағдылары бар. Мысалы, физикадан немесе математикадан есептер шығару, химиядан тәжірибе өткізу, т.б.

53.Білім берудің парадигмалары. Білім беру парадигмалары

Парадигма (латын тілінен аударғанда) үлгі немесе мысал, алгоритм, нобай дегенді білдіреді.

Білім беру парадигмасы - білім берудің тұжырымдамалық нобайы. Бұл ұғымды Колесникова енгізген.

Білім беру парадгмаларын қалыптастыру адамзаттың әлеммен өзара әрекеттесудің әр түрлі тәсілдерін игеру барысында жүзеге асып отырған. Әр парадигма дүниені, педагогикалық нысандарды қабылдаудың, олардың мәнін түсінудің әр түріне сай келеді. Мәдениетке деген үш амал және білім берудің тұжырымдамалық үш үлгісі бар.

Мәдениетке деген үш амал: 1)аксиологиялық – мәдениет құндылық ретінде қарастырылады; 2)әрекеттік – материалдық немесе рухани құнылықтарды игеру, жасау бағытындағы белгілі бір іс-әрекет; 3)тұлғалық – мәдениет тұлғаның белгілі бір типтерінде, оның қасиеттерінде көрініс табады.

Осы мәдениетке деген үш амалға сәйкес білім берудің тұжырымдамалық үш үлгісі немесе үш парадигма бар:

1.Дәстүрлі-консервативті (аксиологиялық амалға сай) білім беру арқылы мәдениетті сақтау, оң мәні бар.

2.Рационалистік (әрекеттік амал) – баты назарда білім емес, әрекет ету тәсілдері.

3.Феноменологиялық (тұлғалық амал) – мәдениет құбылысы, білім беру субъектісі ретінде адамға деген ізгілікті қарым-қатынас.

Парадигмалар мыналар бойынша ерекшеленеді:

-білім беру мақсаттары бойынша,

-мектеп функцияларын түсіну бойынша;

-мақсатқа жету жолдары бойынша;

-педагогикалық әрекеттесу сипаты бойынша;

-оқушының білім берудегі позициялары бойынша.

  1. Бақылаудың түрлері, формалары және әдістері. Бақылау - бұл педагогикалық басшылықтың және оқушылардың танымдық іс-әрекетін меңгерудің функциясы. Бақылаусыз жеке адамның дамуы мен қалыптасуын басқаруға болмайды. Бақылаудың психолгиялық- педагогикалық мәні оқушыларға дер кезінде көмек көрсету. Олардың шығармашылық күшіне, қабілетіне сенім білдіру, оқушыларды оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау үшін ынталандыру және іске жұмылдыру. Бақылау процесінде мұғалім оқушыларға ерекше көңіл бөліп, құрмет сезімін білдіруі тиіс. Егер кейбір оқушы тапсырманы орындауда қате жіберсе, оған дөрекі, өріскел сөздер айтып ескерту жасауға болмайды. Тақырыптық бақылау оқу бағдарламасындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге, мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерін өткен сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми ережелерді оқушылардың есіне салады.

Тараулар бойынша оқтын - оқтын бақылау әрбір тоқсанның аяғында оқу бағдарламасының белгілі тарауын оқып болғаннан кейін өткізіледі. Бақылаудың мақсаты оқу бағдарламасы негізінде бақылау жұмыстары және түрлі техникалық құралдар (оқыту машинасы, компьютер, электронды-есептеуіш машинасы т.б.) арқылы әрбір тоқсанның аяғында пәндер бойынша оқушылардың алған білімінің көлемін және сапасын, іскерлігін, дағдысын анықтау.

Қорытынды бақылау - барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Бақылау процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойында алған теориялық және практикалық білімдері негізгі емтихан және оқушылардың жылдық үлгерім бағалары болады. Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады. Бақылау әдістері арқылы оқушылар жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері байланыс қамтамасыз етіледі. Бақылау әдістеріне ауызша, жазбаша және графикалық бақылау әдістері жатады. Бұл әдістерге қарағанда бағдарламалап бақылау әдістерінің өзіндік ерекшелігі бар. Олар машинасыз және машиналы бағдарламалап бақылау әдістеріне бөлінеді.

Машинасыз бағдарламалап бақылау әдістері бойынша перфокарталар және бақылау карталарын қолданып, оқушылардың теориялық және практикалық білімдерін анықтайды. Мұғалім оқыту және білім беру мазмұны бөлімі бойынша 20-25 сұрақтар дайындап, әрбір сұраққа 4 вариантты жауаптың мазмұнын жазады. Олардың ішінен бір сұраққа ғана дұрыс жауап беріледі. Қалған сұрақтар варианттары: дәл емес, толық емес немесе басқа тектес ұғымдарға сәйкес келеді.

Егер оқушының дайындығы жеткілікті болса, ол дұрыс жауап беріп, оны мына бақылау картасы арқылы табуы керек.

56.Білім беру мазмұны теориясының негіздері. Педагогикалық жүйені айқындайтын негізгі компоненттердің бірі - білім берудегі мақсат. Ол қоғамның қажеті мен талабына, әлеуметтік жағдайына үйлесімді саясатына байланысты. Ал педагогикалық жүйені құрудың мақсатын белгілеу дидактикалық- психологиялық талаптар негізінде айқындалады.

Дидактика тарихын зерттеуші ғалымдардың оқыту мақсаты жөніндегі пайымдауларын негізге алғанда бұл саладағы пікірлерді екі топқа бөліп қараған жөн. Бірінші топтағылар оқытудағы мақсат - тұлғаның ақыл-ойын, есін, қабілетін дамыту деген түсінікті ұстанады. Сол себепті педагогика ғылымында бұларды «Формалдық білім берушілер» деп атайды. Ал екінші топтағылардың ұстанымы - білім берудін мақсаты ғылым негіздерін меңгертіп, өмір үшін кажетті де нақты түсінік қалыптастыру деп түсіндіреді. Осы орайдан бұларды “білім берудегі материалистік” көзқарастағылар деп атайды.

Қазіргі дидактикада түлғаның дамуы білім негіздерін меңгеруге тәуелді деген ұстанымды тұтынады. Сондықтан да білім негіздерін меңгеруде жалпы білімдік мақсатты айқындайтын міндеттерді былайша белгілейді:

Оқушыға жүйелі түрде білім беруде табиғат, қоғам, техника, мәдениет туралы білімдендіріп, шәкірттің алған білімін тиісті деңгейде өмірге үйлесімді ілгері дамытуға бейімдеуді қамтамасыз ету;

Оқушының қызығушылығын, қабілетін, ақыл-ойын, зейінін, қиялын, есін, сезімін, ерік қасиеттерін, таным-түсінігін және практикалық іскерлігін дамыту; негізгі де басты бағдар орта оқу орнын бітіруші өзін-өзі жетілдіріп, білімдік таным қабілетін, ойлана білу деңгейін өрістетіп дамыту;

Ғылыми көзқарасын, имандылық, адамгершілік, эстетикалық т.б. сапалық қасиеттерін қалыптастыру;

Өзін-өзі білімдендіру қабілетін қалыптастырумен қатар, өзін-өзі үздіксіз жетілдіруге деген қажеттілікті өрістете түсу керек, өйткені дамудағы көз ілеспейтін жылдамдық, заман талабы тоқтаусыз өркендеуді қажет ететіндіктен әр тұлғаның үнемі оқып ізденуін талап етсе, оларды сол деңгейде болуға баулу негізгі шартқа айналғандығын әмісе ескеру;

• Өндірістің негізгі түрлері мен ондағы атқарылатын еңбекті ұйымдастырып, басқару жүйесі жөнінде білім беру және техникалық құрылымдарды пайдалана алу жолдары туралы тиянақты түсінік қалыптастыру жағын қадағалау керек.

57.Мемлекеттік білім беру стандарты. Білімнің мазмұны. Білім берудегі мемлекеттік стандарт.

Қазіргі кезеңдегі білімнің мазмұнын айқындауға қойылатын басты бағдарлардың бірі- мемлекеттік стандарт, былайша айтқанда, мемлекеттік жұйедегі бірыңғай норма мен талапты жүзеге асыру міндетін шешу. Кеңестік кезеңдегі орта мектептер біртекті, бірыңғай жүйеде болды да, жоғарыдан жасалған оқу жоспары мен пән бағдарламалары негізінде оқылатын. Онда аймақтық жергілікті ерекшеліктер мен оқушыньщ тұлғалық өзгешеліктеріне мән берілмей эмпирикалық жүйе жүзеге асырылатын. ТМД (тәуелсіз мемлекеттер достастығы) құрамында болған елдер 1996 жылдан бастап «Білім беру туралы» заң жобаларын қабылдап, онда мемлекеттік стандарт мәселесін жүзеге асыру міндеттері белгіленді. Осы орайдан Қазақстан Республикасында жалпы орта білім берудің мемлекет стандартында басшылыққа алынатын үш денгей көрсетілген:

1. Тұлғаға берілетін білімнің әлемдік мәдениеттің қол жеткен табыстарына үйлесімділік (интеграциялық) мәнде болуы;

2. Білім мазмұнының аймақтық, ұлттық танымға сәйкестігі және білімдендіруде елдің тілі мен әдебиеті, тарихы, жағрафиясы, өнері, дәстүрлік салты ескерілетіндігі т.б.

Берілетін білімді жүзеге асыратын оқу орнының ерекшеліктеріне сай тұлғаның мемлекет алдында, ал мемлекеттің тұлға алдында жауапкершілігі қатаң сақталып, білімнін терең де тиянақты болуы және оқу жүктемесінің нормалық талап деңгейіне сәйкес жүзеге асырылуын қамтамасыз ету көрсетілген.

58. Инклюзивті білім берудің мазмұны. Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады.

Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны  Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың  13 желтоқсанында енгізілді. Сонымен, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал. Атап айтқанда: жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы. 

 Инклюзивті білім беру  мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім  беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасында» көрсетілді. Осы бағдарлама төңірегінде инклюзивті білім беруді жетілдіру мәселелері қарастырылып, 2015 жылға мына міндеттерді шешу көзделген:

-мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары жасалады;

- мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді;

- түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;

-мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді.[5] Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жабдықтау арқылы «кедергісіз аймақтар» құруы жоспарланған. 3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалу міндеті  (мектептерде педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы) алға қойылған. Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету сияқты істері жүзеге асырылмақшы. Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, олардың қоғамға етене араласуына, оларды оңалту, жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын құру, білім алу, оқыту, қайта мамандандыруда қолдан келгенше жағдай жасамақшы.[4,5]

Саламан Декларациясына сәйкес инклюзивті білім беру саясатының міндеттері мынадай:

   Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс.

   Әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және оқуға деген мұқтаждықтары болады.

  Білім беру жүйесіне оң өзғерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатына орай өзгерту.[6]

Осыған орай, инклюзивті білім берудің  негізгі 8 принципі туындайды. Яғни ол мына принциптер:

1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.

2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.

3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.

4. Барлық адам бір-біріне қажет.

5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.

6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.

 7.Әрбір оқушы үшін жетістік кежетуөзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.

8. Жан- жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.