Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Контрольная (отчёт)Кожевникова.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
12.09.2019
Размер:
247.71 Кб
Скачать
  1. Оқыту үрдісінің мәні және мазмұны

Оқыту - ғылыми білімдерді, біліктерді және дағдыларды игеруі бойынша, шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымдықты, өнегелі-әдепті көзқарастарды дамыту бойынша оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыру мен ынталандырудың педагогикалық үрдісі. Қазіргі заман түсінігі бойынша оқыту үрдісінің келесі белгілері бар:

1. екі жақты сипаты;

2. оқытушы мен оқушылардың бірлескен әрекеті;

3. оқыту жағынан басқаруы;

4. арнайы жоспарланған ұйымдастрыу мен басқару;

5. бүтіндік пен бірлік;

6. оқушылардың жас дамуының жас ерекшеліктеріне сәйкестігі.

Оқыту үрдісі — оқушыға білім, тәрбие берудің және оны дамытудың мақсаттары шешілетін мақсатты бағытталған, бірізді өзгеріп отыратын мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттестігі.

Оқыту үдерісінің құрылымы екі басты субъектілердің, яғни оқытушы мен студенттердің өзара бірлескен іс-әрекетімен танылған. Біріншісінің іс-әрекеті – білім беру, оқыту, ал екіншісінің іс-әрекеті – оқу. Оқыту үдерісінде студенттердің оқу іс-әрекеті ерекше орын алады. Адамның қоршаған ортаның шынайылығын танып білуі оның әрбір өмірлік қадамында, әрбір іс-әрекетінде (ақыл-ой еңбегі, әлеуметтік-пайдалы еңбек, көркем шығармашылығы және т.б.) жүзеге асатындығы барлығымызға аян. Осы орайда таным ерекше сипатқа ие болуы мүмкін. Тек оқыту үдерісінде ғана таным нақты ұйымдасқан, мақсатты бағытталған оқу-танымдық іс-әрекетті білдіреді.

Оқыту үдерісінің әдіснамалық негізі болып гносеология саналады. Гносеологияның негізгі қағидаларына сәйкес, таным үдерісі нақтылы пайымдау, абстрактілік ойлау мен практика бірлігінен тұрады.

Оқыту үдерісінің қозғалтқыш күші қарама-қайшылық болып табылады. Ол қорытылып талданған түрінде былайша түсіндіріледі: оқытудың арнайы мақсатына жету қажеттілігі мен мақсатқа жетуге деген тәсілдері мен құралдардың жетіспеушілігі арасындағы келіспеушілік; нормативтік талаптар, педагогтың педагогикалық әсер етуі мен білім алушылардың оқу мазмұнын нақты белгіленген уақытта, белгілі деңгейде меңгеру мүмкіндіктері арасындағы келіспеушілік және т.б. Оқыту үдерісінің субъектілері (педагог пен білім алушы) мынаны түсінгені маңызды: олар оқу барысында жалғаса беретін қарама-қайшылықтарды бірігіп шешіп, келесі пайда болатын жаңа қарама-қайшылықтарды шешуге дайын болуы керек.

33. Оқыту түрлері және оларға сипаттама Оқыту үдерісінің мәні және мазмұны. Педагогика саласындағы оқулықтар мен оқу құралдарында «педагогикалық үрдіс» - «процесс» деген латын сөзінен бастау алған термин арқылы жазылып келеді. Терминнің дәл мағынасы - ілгерілеу (продвижение), әрекеттің нәтижеге жетуі болса, мұның жүзеге асуына жетекшілік ететін бастаушы мұғалім екені белгілі. Осы орайдан мақсатқа жетіп ілгерілеудегі педагогикалық үрдістің іс-әрекетке айналудағы заңдылықтарға мұғалімнің мұқият қарауына және оның белсенділігі мен бейілділігіне байланысты.

Психологиялық тұрғыдан алғанда оқыту үрдісі - оқушынын оқу жүйесіндегі іс-әрекеті. Оқыту үрдісінін логикалық құрылымын айқындайтын танымдық іс-әрекет. Былайша айтқанда, танымдық ойды түсіну, қабылдау, ұғыну, білімдік дағдыны меңгеріп, сананы жетілдіріп және оны практикада қолдана білу. Сондай-ақ білімдік түсінік пен іскерлікті талдап, тексеріп, бағалау және қабылдаған, ұғынған таным-түсініктерін өз бетінше қайталап дамытуға машықтану.

Оқыту үрдісіндегі негізгі зандылық: нақты аңғарудан абстракты ойлауға және одан практикаға көшу - ақиқатты танудың объективтік реалдықты білудің диалектикалық жолы екендігін мойындауда. Олай болса, оқыту үрдісі білім жүйесіндегі мотивке де байланысты. Өйткені себепсіз салдар болмайды ғой. Ендеше мотив - адамның объективті қажеттігін, мұқтаждығын және ынтасьш бейімдейтін әрекеті, іштей талпынысы мен талабы.

34.Мектептің нормативті құжаттарына сипаттама. Жалпы орта білімнің мазмұны. Білімнің мазмұнын айқындауда оқулық, оқу құралы және әдістемелік әдебиеттермен қатар түрлі құжаттардың ішінде оқу жоспарының атқаратын қызметі ерекше. Орта оқу орындарына арналған оқу жоспарында - оқылута тиісті жеке пәндердің және оның қай жылы, қандай көлемде, неше сағат оқылатындығына орай апталық сағат көлемі белгіленеді. Мемлекеттік ресми мекемелер оқу орындарының аймақтық ерекшеліктеріне және оқытудың бағдарына байланысты оқу жоспарының түрлі варианттарын жасайды. Кеңестік жүйе ыдырап Қазақстан егемендік алғаннан кейінгі «Білім туралы» заңына сәйкес оқу жоспарының негізгі және типтік түрлері жасалды.

Қазақстан Республикасында жеке пәндерді теориялық және қолданбалы жағынан тереңдете оқытуға арналған типтік оқу жоспарының бірнеше түрі 1993-94 оқу жылынан бастап жасалды. Ал оны тереңдету оқу орнының материалдық-техникалық жағдайына, ұстанған бағдарына байланысты өріс алатыны белгілі болуға тиіс.

Оқу бағдарламасы - жеке оқу пәнінің мән-мазмұнын сипаттайтын құжат. Бағдарламада сол пән бойынша оқытылатын тақырыптардың деңгейі мен оның мазмұны, қандайлық көлемде оқылатын мазмұндық көлем мөлшері сипатталады. Осы пәнді оқу барысында оқушының алатын білімі, білігі, дағды деңгейі қамтылады. Сондай-ақ оқылатын пәнге байланысты қолданылатын құралдар мен оған жасалатын бақылау және әдістемелік кеңес пен нұсқаулар көрсетіледі. Бұл құжат мектептегі пән мұғалімінің басшылыққа алатын негізгі құжаты.

Бағдарламаға қатысты материалдарды орналастыруда негізінен үш принцип ұсталады: 1) Бірыңғай бірізділікке негізделген жүйе (линейный), 2) Концентристік, 3) Спиралдық жүйе.

Оқулық. Оқушы меңгеруге тиісті ғылым негізін білгізетін құрал - оқулық. Онда тиісті ғылымның мазмұны туралы жүйелі де жан-жақты ақпараттық мағлұмат беріледі. Оқулық тек ақпараттық мағлұмат берумен ғана тынбайды, оқу құралы болғандықтан мұнда тиісті деңгейде мәтін, сурет те, кестелік сызбалар да, фотографиялық көріністер де келтіріледі.