Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Контрольная (отчёт)Кожевникова.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
12.09.2019
Размер:
247.71 Кб
Скачать
  1. Тәрбие формалары және құралдар жүйесі

Мектеп пен жанұяның педагогикалық процесінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру жүзеге асады. Педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін мұғалім оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, құралдары, формалары мен әдістерін, тәсілдерін ажырата білуі керек. Құралдар, формалар мен әдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекетінің қозғаушы күші болып табылады, соның арқасында жеке тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады.

Материалистік диалектика адам табиғатын биологиялық пен әлеуметтіктің (тұқымқуалаушылық мүмкіндіктер мен әлеуметтік ортаның) бірлігі деп түсіндіреді. Адам, басқа да тіршілік иесі сияқты, табиғат және қоғаммен өзара әрекеттестікте болады, оларды өзінше қабылдайды., яғни осы әрекеттестіктің белсенді қатысушысы.

Қоршаған ортаны өзгерте отырып, адам өзін де өзгертеді. Бұл ретте әр түрлі іс- әрекеттің орны ерекше. Адамның психикасы мен санасы қоршаған ортамен әрекеттестігі арқасында және нақты бір іс-әрекет барысында дамиды. Бұл ретте индивидумның іс-әрекеті жеке дара емес, басқа адамдардың (ата-ана, мұғалімдер, оқушылар т.б.) іс-әрекетімен тығыз байланыста жүзеге асады. Сондықтан жалпы адамзаттық мәдениетті игеру үшін бала қоршаған ортамен басқа адамдар арқылы әрекеттестікте болуы керек, яғни олармен қарым-қатынас жасауы қажет. Осылайша, іс-әрекет пен қарым-қатынас жеке тұлғаның қалыптасуының ең маңызды шарты болып табылады. Педагогикалық ықпал етудің амалдары да осылар.

Педагогикалық ықпал ету тәсілдері дегеніміз жеке тұлғаның қоршаған ортамен мақсатты әрекеттестігін ұйымдастыруға жағдай жасау. Сондықтан педагогикалық құралға жеке тұлғаның әрекеттестік жасайтын ортасы (табиғи, әлеуметтік, материалдық, рухани) және осы әрекеттестікті ұйымдастыратын іс-әрекеттің түрлері (қарым-қатынас, таным, ойын, еңбек т.б.) жатады.

Педагогикалық құралға қатысушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы педагогикалық ықпал ету арқылы жүзеге асады. Оқу-тәрбие процесінің субъектілері- әрекеттестігінің формалары мен әдіс-тәсілдер арқылы шешілетін белгілі бір мақсаттары мен міндеттері тиісті мазмұны бар, логикалық тұрғыдан аяқталған, белгілі бір уақыт аралығындағы педагогикалық процесс.

Ұйымдастыру формалары тұтас педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынасы мен әрекеттестігінің тәсілі ретінде де қарастырылады. Педагогикалық процестің ұйымдастыру формаларын былай жіктеуге болады:

-қатысушылардың құрамы (жеке даралық, шағын топтық, топтық, ұжымдық, жаппай);

- тұтас педагогикалық процестің оқу жұмысында қолданылуы (сабақ, семинар,факультатив, экускурсия);

- таным іс-әрекетінің сыныпта және сыныптан тыс уақыттағы байланысы (бірлесіп жасайтын жұмыс, аз топпен жұмыс, білімді тексеру, оқу жағдайындағы кездесу т.б.)

- оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекеті кезіндегі өзара әрекеттестігі (ертеңгілік, пәндік кеш, конфренеция, олимпиада т.б.).

Тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру формалары әдістер мен әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады.

  1. Оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру – қазіргі мектеп тәрбиесінің маңызды міндеті

Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға сан түрлі факторлар ықпал жасайды. Олардың құрамында адам өмірінің материалдық жағдайлары, өмір сүріп отырған микро және макро ортасы, көпшілік хабарларды тарату құралдары, оқыту мен тәрбиелеу кіреді. Ғылымда бұл факторлардың бірдей күшпен және тиімді әсер етпейтіні белгілі. Сондықтан болашақ мұғалімдер дүниетанымды бағдарлы қалыптастыратын факторларды басқаруды үйренуі керек.

Дүниетанымның психологиялық құрылымы танымдық, эмоционалдық және еріктік сияқты құрамаларды қамтиды. Білім жеке көзқарас сенімге айналу үшін оны тек ойластырып қана қоймай, терең сезіну, қоғамдық өмір және іс-әрекетпен салыстыруы керек.

Дүниетанымды қалыптастыру өткінші процесс емес. Ол адам өмірін түгел қамтиды. Оқушының жалпы дамуында бұл процесс тұрақты және үздіксіз өзгерістерге ұшырайды. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру оларды осы заманғы ғылыми біліммен қаруландыруға сүйенеді. Бұған мектепте оқытылатын барлық пәндердің қатынасы бар.

Мектепте оқылатын жаратылыстану, математика ғылымдары табиғаттың құбылыстары мен процестері және заңдылықтары туралы белгілі бір ұғым жүйесін жасайды.

Ботаника, Жалпы биология курстарын оқу, мектептің оқу-тәжірибе учаскелерінде, оқушылардың өндірістік бригадасында шәкірттер жұмыс істеп жүріп, өсімдіктердің даму процесін меңгереді.

Физика, химия заңдарын білу және сол пәндер бойынша тәжірибе жасау оқушылардың дүниенің пайда болуы мен дамуы туралы түсінігін, дүниетанымдық көзқарасын және сенімін нығайтады. Физика, астрономия сабақтарында адам ойының табиғаттың сырын бірте-бірте ашуы, тануы және заңдарын пайдалануы туралы оқушылар түсінік алады.

Гуманитарлық пәндерінің де рөлі ерекше. Тарих, әдебиет сабақтарында қоғамның дамуы туралы шәкірттердің диалектикалық-материалистік көзқаастары қалыптасады, олар адам өмірінің мәніне, мұраттарының, мінез-құлқының бағыттылығына, іс-әрекетінің мақсатын анықтауға түсінеді.

Тарих курсы қоғамның даму заңдарын түсінуге мүмкіндік жасайды. Әдебиет адамдар арасындағы қарым-қатынасқа жаңа өмірге, еңбекке жастардың дұрыс көзқарасын тәрбиелейді. Әдебиет сабақтарында оқушылар өмір шындығымен, Отандық және дүниежүзілік мәдениеттің барлық прогресшіл дәстүрлерімен, идеялық байлығымен танысады.

Сонымен мектепте оқыту оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың маңызды құралдарының бірі.

Қоғам өмірінде болып жатқан әртүрлі саяси-экономикалық, әлеуметтік мәселелерге дер кезінде жауап беріп отыру, яғни мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын, халықтар арасында жүргізіп отырған экономикалық және әлеуметтік шараларын дұрыс бағдарлап түсінуге, соған орай оқушылардың іс-әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі. Осы орайда, оларға қоғамдық- саяси азаматтық тәрбие беру, сабақтан тыс кездерінде саяси тақырыптарға арнап кештер, байқаулар, пікірталас, хабарлама жұмыстарын ұйымдастырудың да маңызы ерекше.

Дүниетанымның қалыптасып дамуына әсер ететін факторлар көп. Оларға:

  1. Адамның материалдық жағдайы.

  2. Әлеуметтік орта, тәрбие, ақпарат құралдары.

  3. Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары.

  4. Қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуы жатады.

Бұлар жасөспірімдердің қоғамдық өмірге ынтасын тәрбиелейді, саяси және мәдени ой-өрісін кеңейтеді, олардың еңбекке, мамандық таңдауға көзқарасын қалыптастырады.