Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Контрольная (отчёт)Кожевникова.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
12.09.2019
Размер:
247.71 Кб
Скачать
  1. Тұлғаның зерделік дамуы

Зерде (интеллект-лат. Inteellectus – ақыл-ес) тек өкілінің ақыл-ес қабілеттерінің тұрақты құрылымы, оның танымдық мүмкіндіктерінің денгейі, адамның өмір жағдайларына бейімделуіне арқау болар психикалық тетіктері, болмыстың мәнді өзара байланыстарын түсіне білуі, сонымен бірге тұлғаға тән қауымдық мәдениет тәжірибесіне араласа жүру қасиеті.

Қазіргі күнде «зерде» мәнін түсіндірудің үш жолы бар:

1. биологиялық тұрғыдан зерде – бұл «жаңа жағдайға саналы икем­десуге қабілеттілік»;

2. педагогикалық тұрғыдан зерде – бұл «оқу, оқытуға қабілеттілік»;

3. құрылымдық тұрғыдан зерде – бұл барша ойлау құралдарын мақсатқа бейімдестіре жұмылдыруға «қабілеттілік» және «әрқилы қабілеттер бірігімі».

Адам бойындағы танымдық үдерістердің жиынтығы сол адамның ақыл, парасатын, яғни зердесін анықтайды.

Векслер анықтауында «Зерде – ақылды, саналы ойлай білу мен тір­шілік жағдайларында ұтымды табысқа жеткізетін ауқымды қабілеттілік», яғни зерде адамның қоршаған ортада бейімделе білу қабілеті ретінде қарастырылады.

Зерде құрылымы. Ч.Спирмен көзқарасында, әрбір адам өзінің жал­пы зердесінің белгілі деңгейімен сипатталады. Осыған орай тек өкілі қоршаған ортаға өзінше бейімдеседі. Сонымен бірге, адамдардың бәрінде әрқилы дәрежеде дамыған, нақты қызметтерде ғана көрінетін арнайы зерделілік болады.

  1. Тәрбие әлеуметтік және педагогикалық құбылыс ретінде

Олай болса, тәрбие процесінде жеке тұлғаның сана-сезімі мен ақыл-ойына жүйелі түрде әсер етіп, оның дүние танымының дамуына, ерік-жігері мен моральдық бейнесінің қалыптасуына оң ықпал етеді.

Сонымен қатар тәрбие- адамдарды қоғамда еңбекке және басқа да пайдалы әрекеттерді орындауға, көптеген әлеуметтік қызметтерді атқаруға дайындаудың табиғи заңдылық процесі.

Н.К.Крупская «Тәрбие» атты мақаласында (1929ж): «Тар мағынада алып қарағанда, «тәрбие» деген сөз арқылы балалар мен жеткіншектердің мінез-құлқына, әдетте, ересек адамдардың алдын ала ойластырылған және жүйелі түрде жасайтын белгілі бір ықпалы, ал кең мағынасында ... «қоғамдық мекемелер, айналаны қоршаған бүкіл жағдай, бүкіл қоғамдық құрылыс тәрбиелейді»-деп түсіндіреді.

Педагогикалық құбылыстар деп- тұлғаның өмір сүруі, әрекеттері барысында жеке басында, айналасында кездесетін, ықпал ететін табиғи немесе табиғи емес әртүрлі жағдайларды айтуға болады.

Тәрбие процесінің негізіне тұлғаның табиғатын, әлеуметтік мәнін, қоғамдық өмірдің объективтік қажеттілігін білдіретін заңдылықтар жатады.

Тәрбие қоғамдық құбылыс. Себебі қоғамның материалдық жағдайының өсуі, идеологиясының өзгеруімен байланысты тәрбиенің мақсат-міндеттері, мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері де толығып, жаңа жағдайға сәйкес жақсарып отырады. Әрине адам жеке тұлға болғанымен, қоғамнан тыс өмір сүрмейді. Ал қоғам дегеніміз- адамдардың тіршілік ету, өмір сүру үшін топтасқан ортасы.

  1. Тәрбие әдістері және оларды топтастыру

Авторлардың бір тобы В.А.Сластенин, Ю.К.Бабанский т.б. мектепте тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара байланысты іс-әрекетінің жолдарын тәрбие әдісі деп атайды.

Т.А.Ильина оқушыларға тәрбиелік ықпал ету әдістері немесе тәрбие әдістері дегеніміз- тәрбиешінің оқушылардың бойында көзқарасты және мәнез-құлық әдеттері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында, олардың санасы мен ерік-күшіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы дейді.

Т.Е.Конникованың анықтамасы бойынша- бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету.

В.А.Сластенин тәрбие әдісін тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс-әрекетінің өзара байланыс тәсілдері деп тұжырымдайды.

Сонымен, әртүрлі авторлардың анықтамаларына сүйеніп, мынадай қорытынды жасауға болады:

Тәрбие әдісі - тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыс іс-әрекеттерінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері. Мұндай анықтама ынтымақтастық педагогика талабына сәйкес келеді.

Барлық әдістер тәрбие мақсаттарын іске асыруға, оқушыларды мінез-құлықтың қоғамдық нормасына үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға және олардың іс-әрекеттеріндегі құнды тәжірибелерін пайдалануға бағытталуы қажет.

Мектеп өмірінде В.А.Сластенин жасаған тәрбие әдістерінің жіктеуі ойдағыдай қолданылуда. Бұл жіктеуде тәрбие әдістерінің 4 тобы қарастырылады.

Бірінші топ - Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері: әңгіме, лекция, пікірталас, өнеге.

Екінші топ -Қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру және іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері: педагогикалық талап, қоғамдық рікір, тапсырма, жаттықтыру, тәрбиелеуші ситуация.

Үшінші топ- Іс-әрекетін және мінез-құлықты ынталандыру әдістері: жарыс, мадақтау, жазалау.

Төртінші топ- Бақылау, өзін-өзі бақылау және тәрбиеде өзіне-өзі баға беру әдістері: педагогикалық бақылау, әңгіме, сұрау анкета, ауызша т.б. қоғамдық пайдалы іс-әрекеттерінің нәтижелерін талдау, балалар ұйымдарының тапсырмаларын орындау.

Сонымен әр топтағы көрсетілген тәрбие әдістері екі жақты тәрбие ықпалын сипаттайды: бір жағынан бұл әдістер жеке адамның әлеуметтік адамгершілік ережелерді саналы меңгеруіне ықпал жасауды көздейді. Екінші жағынан, тәрбиеленушілердің әр түрлі іс-әрекетте, мінез-құлықта қарым-қатынас жасауға белсенді азаматтық позицияда болу қажеттігінен туындайды.