Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Контрольная (отчёт)Кожевникова.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
12.09.2019
Размер:
247.71 Кб
Скачать
  1. Біртұтас педагогикалық үдерістің мәні

  2. Адамгершілік тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері. Адамгершілікке тәрбиелеу – қазіргі мектептің маңызды міндеті

Адамгершілік тәрбиесінің негізі- адамдарды жалпы адамзаттық мораль рухында тәрбиелеу. Мораль дегеніміз- адамдардың бір-біріне деген міндеттері мен қарым-қатынасын айқындайтын мінез-құлқының нормалары мен ережелерінің жиынтығы. Мораль латын тілінде «адамгершілік» ұғымын білдіреді. Моральдық принциптер адамгершіліктің мазмұнын жалпы түрде анықтайды.

Ал адамгершілік дегеніміз- жағымды мінез-құлқының нормалары мен ережелерінің жиынтығы. Мінез деп адамның жеке басындағы қоғамдық ортаның, тәрбиенің әсерімен қалыптасып, оның ерік күшімен өзіне және қоршаған өмірге қарым-қатынасын айқындайтын күрделі процесті айтамыз.

Адамгершілік тәрбиесінің мақсаты- жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген тұтас адамгершілік тұлғаны қалыптастыру.

1. Өзекті міндеті- әрбір адам баласы өзі өмір сүріп отырған кезеңдегі қоғамның алдында тұрған мақсат-міндеттеріне, адамгершілік қасиеттердің тұтастығына сай тәрбиелеуді қамтамасыз ету.

2. Адамгершілік сананы, сенімді, көзқарасты тәрбиелеу.

3. Жас ұрпақта Отанға, қоғамға, еңбекке, адамдарға, өз-өзіне деген адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу, дамыту.

4. Ізгілік, парасаттылық қасиеттерін тәрбиелеу.

Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері:

  1. Оқушылардың белсенді өмірлік позициясын қалыптастыру.

  2. Қоғамдық борышқа саналы көзқарасын тәрбиелеу.

  3. Сөз бен істің бірлігін қамтамасыз ету.

  4. Адамгершілік нормаларын ауытқуға жол бермеу.

Бұл міндеттерді жүзеге асыру: біріншіден, тәрбие процесінің объективті және субъективті жақтарының бірлігіне, яғни оұушыларға қойылатын педагогикалық талаптарға-бұл объективті жағына; ал жеке адамның қоғамдық норманы меңгеруі-бұл тәртіп пен мінез-құлқ тәрбиесінің субъективті жағына байланысты; екіншіден, тәрбие шараларының мазмұнына, идеялық деңгейіне байланысты.

Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны, оған қойылатын талаптар тәрбие бағдарламасында көрсетілген. Осы бағдарламаға сәйкес мектептің, сынып жетекшілерінің, қоғамдық балалар ұйымдарының іс-жоспарларында оқу-тәрбие жұмыстарының мақсаты, мазмұны, формасы анықталады, іс-жүзіне асырылады.

адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз- жақсылық атаулыға деген сезімді дамыту, өзгеге болмайтын жамандық атаулыға жол бермеу деген сөз. Әрбір адам адамгершілік ұстанымдарды бұзу- жамандықтың басталатын межесінен аттау екенін сезінуі қажет.

Бастауыш сыныптарда оқушылардың тәртіп, құлық, достық, жолдастық және Отан туралы ұғымы қалыптасады, кеңиді, ата-аналарын, үлкен адамдарды құрметтеуді үйренеді, еңбекке сүйсініп қарайды, ізеттелік сақтайды.

Әр түрлі іс-әрекеттерінің барысында бастауыш сынып оқушылары тәртіпке, жолдастық өзара көмек беруге, өзара түсінуге дағдыланады. Олар оқу еңбегіне өзінің қатынасын, мектептегі, үйелмендегі және қоғамдық орындарындағы өзінің мінез-құлқының қандай болу керектігін біледі.

Сонымен, оқу және тәрбие барысында бастауыш сынып оқушыларының дербес және қоғамдық мінез-құлық туралы адамгершілік тәрбиесінің мазмұны байиды.

Орта мектеп жасындағы балалардың (жеткіншектік шақ) ішкі дүниесінде, сыртқы дүниеге көзқарасында, үлкендер арасындағы өз орнын түсінуінде елеулі өзгерістер болып отырады. Бұл өзгерістер оқушылардың ғылым негіздерін (тарих, әдебиет, география т.б.) оқып білуіне және ой-өрісінің дамуына, байқағыштығына, үй ішінде, мектепте әртүрлі еңбек тапсырмаларын орындауларына байланысты.

Жеткіншектік шақтағы балалар ер жеттім, есейдім, өз бетімен тіршілік ете аламын деп мөлдір қиялға шомылады. Сондықтан олар өзінің мүмкіншіліктеріне сын көзімен қарамайды, ойланбай асығыс шешім қабылдайды, оны орындауға тырысады.