Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
umkdmetodk otsenki imuschestva / УМКД Млкт баалау дстер,КФССП-301,3ж-каз.doc
Скачиваний:
46
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.01 Mб
Скачать

Қорытынды

Сонымен, қазіргі кезде Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығы барлық нарықтық экономиканың негізгі элементі болып табылады. Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың даму кезеңін өтіп жылжымайтын мүлік нарығы қазіргі кезде барлық нарықтық механизмдердің іске асуындағы маңызды роль ойнайтын қалыптасқан инфрақұрылым категориясын құрайды.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Максимов С.Н. Экономика недвижимости: Учебное пособие. - СПб., 1999, с. 14 - 18.

2. Балабанов И.Т. Операции с недвижимостью в России. - М., 1996, с. 5 -11.

3. Рахман И.А. Развитие недвижимости в России: теория, проблемы, практика /МАИЭС. - М., 2000.

4. Дияров С.К. Экономика недвижимости: учебное пособие. – Алматы, 2005.

5. Горемыкин В.А. Недвижимость: экономика, управление, налогообложение, учет: учебник. – М.: КНОРУС, 2006, 673 с.

6. Обзор рынка жилой недвижимости /www.perspekt.kz//five: //E:/, 2006.

Өзіңді-өзің тексеру сұрақтары

1.Жылжымайтын мүлік нарығының астары?

2. Жылжымайтын мүлік нарығындағы өмірлік цикл түсінігіне мінездеме беріңіз

3.Жылжымайтын мүлік нарығының өмірлік цикліне түсініктеме беріңіз

4. Жылжымайтын мүлік нарығындағы сұраныс пен ұсынысты анықтайтын факторларды атаңыз

5. Жылжымайтын мүлік нарығындағы іс- әрекеттердің артықшылықтары мен кемшіліктері неде?

6. Жылжымайтын мүлік нарығының инвестициялық нарықтың бір түрі деп қандай негізде айтуға болады?

7. Неліктен жылжымайтын мүлік нарығын басқару қажеттілігі туындайды?

8.Неліктен жылжымайтын мүлік инвесторға инвестицияланған құралдардың сақталуына көп сенім ұялатады ?

9. Жылжымайтын мүліктің қай тауар ретіндегі объектілерін арнайы түрге жатқызуға болады? 10.Жылжымайтын мүліктің ерекше тауар ретіндегі басқаша түсініктерін атаңыз. 11.Жылжымайтын мүліктің қызмет ету нарығының түрі ретіндегі мағынасы қандай?

12.Тұрғын үй нарығын тұрғызу секторын өзгертуге қатысатын факторлар.

13.Жылжымайтын мүлік сферасындағы заңнамалық жүйе туралы.

Студенттердің білімін тексеретін бақылау тестері

1. Жылжымайтын мүлік нарығы дегеніміз –

A) Тұрғын үйді сатыпалушылар арасындағы экономикалық қатынастар

B) Тұрғын үйді сатушылар арасындағы экономикалық қатынастар

C) Құрылыс компаниялары арасындағы қатынастар

D) Тұрғын үйді жалға алушылар арасындағы экономикалық қатынастар

E) Жылжымайтын мүлікпен операциялар жасау барысында туындайтын экономикалық қатынастар жүйесі

2. Жылжымайтын мүлік нарығындағы кәсіби делдалдарсыз объектілермен жұмыс істейтін түрі:

A) Ұйымдастырылған нарық

B) Ұйымдастырылмаған нарық

C) Биржалық нарық

D) Биржадан тыс нарық

E) Дәстүрлі нарық

3. Бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен жылжымайтын мүлік нарығын реттеу, реттеудің қай түріне жатады?

A)Мемлекеттік реттеу

B) Биржалық реттеу

C) Өзін өзі реттеу

D) Қоғамдақ реттеу

E) Функционалдық реттеу

4. Жылжымайтын мүлік нарығы – бұл:

A)Жылжымайтын мүлігінің маңайында жасалатын операциялар жиынтығының қатынастары

B)Тұрғын үйді сатып алушылар арасындағы қатынастар

C) Тұрғын үйді сатушылар арасындағы экономикалық қатынастар

D) Құрылыс компаниялары арасындағы қатынастар

E) Тұрғын үйді жалға алушылар арасындағы экономикалық және әлеуметтік қатынастар

5. Жылжымайтын мүлік нарығының әкімшілік факторлары:

A)Салық ставкалары мен аймақтық шектеулер

B) Тұрғындардың саны мен орналасу жиілігінің өзгеруі

C)Тұрғындардың табысының мөлшері,қаржылық ресуртардың қол жетімділігі

D) Құрғақшылық пен су басу қаупі

E) Объектілердің өзіндік құны мен құнының өзгерісі

6. Келісімдерді жасауға қатысушылар арасындағы қай жағы оны орнатуға, өзгертуге немесе қатысушылардың азаматтық құқығын тоқтатуға құқылы ?

A)Заңдық

B) Ұйымдастырушылық

C) Экономикалық

D) Этикалық

E) Физикалық

7. Жылжымайтын мүлік нарығының басқа нарықтар түріне қарағандағы тән қасиеттері?

A)Жоғары ликвидтілік,сатушылар мен сатыпалушылардың шексіз көп саны,жоғары икемділігі

B)Сатушылар мен сатып алушылардың шектеулі мөлшері,оқшаулылығы,төммен ашықтығы

C) Сұраныс тұрақты түрде,заңнамалық нормалармен мемлекеттің нарықты реттеу төмендігі

D)Келісімшартттарды жасасу жеңіл, заңдық түрде,ашықтық дәрежесенің жоғарылығы

E) Сұраныстың кеңістікте де,уақытта да тұрақтылығы

8. Келісімшарт түріне сай жылжымайтын мүлік нарығының жіктелуі :

A) Бастапқы және екінші

B)Өндірістік объектілер,ауылшаруашылық объектілері,қоғамдық мекемелер

С) Сату сатып алу, аренда, ипотека, заттық құқықтар нарығы.

D) мемлекеттік объектілер, жеке меншік объектілер нарығы

Е) құрылыстар, кәсіпорындар, ғимараттар нарығы, жер нарығы.

9. Әр түрлі мамандар ассоциациясы қызметі арқылы жүзеге асырылатын жылжымайтын мүлік нарығын реттеудің қандай формалары бар?

А) мемлекеттік реттеу

В) биржалық реттеу

С) өзін өзі реттеу

D)жалпы қоғамдық реттеу

Е)функционалды реттеу

10. Жылжымайтын мүлік нарығының экономикалық факторлары:

А)елдің және бизнестің табыс деңгейі

В) халық санының және тығыздығының өзгерісі

С) құрғақшылық пен су басу қаупі

D) экологиялық жағдайдың өзгерісі

Е) салықтар ставкасы және зоналық шектеулер

11. Жылжымайтын мүлік нарығындағы инвестициялау әдістері:

А) негізгі және қосымша

В) тікелей және жанама

С) табиғи және жасанды

D) техникалық және технологиялық

Е) экономикалық және саяси