Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
umkdmetodk otsenki imuschestva / УМКД Млкт баалау дстер,КФССП-301,3ж-каз.doc
Скачиваний:
46
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.01 Mб
Скачать

Қорытынды

Осылайша, жылжымайтын мүлік нарығында жылжымайтын мүлік объектілерімен әртүрлі операциялар жасалады. Жылжымайтын мүлік нарығындағы маңызды операциялар: сату-сатып алу, айырбастау, сыйға тарту және мұраға беру, рента, жалға алу және лизинг, жылжымайтын мүлікке салық салу және ол бойынша келісімдер.

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Акимов В.А., Макарова Т.Н., Мерзляков В.Ф., Огай К.А. Экономика отрасли (строительство): учебник. – М.: ИНФРА-М, 2006, 304 с.

  2. Асаул А.Н. Экономика недвижимости: учебник для вузов. - М.: АСВ, 2004, 384 с.

  3. Банк «Центкредит» решил квартирный вопрос // Exclusive, 2006, № 7.

  4. Боровкова Вал., Боровкова Вик., Мокин В., Пирогова О. Экономика недвижимости. – СПб.: Питер, 2007. – 416 с.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

  1. Келісімшартқа анықтама беріңіз. Жылжымайтын мүлікпен байланысты келісмішарттардың қандай түрлері бар екенін көрсетіңіз. Оларға қысқаша сипаттама беріңіз.

  2. Ауызша түрдегі келісімшарт қай уақытта қолданылады?Жылжымайтын мүлікпен байланысты келісімдер ауызша түрде жасалынады ма?

  3. Жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу келісімдерінің жүзеге асырылуы қалай жүреді?

  4. Айырбас дегеніміз не? Оның ерекшелігі неде? Жылжымайтын мүліктің сату-сатып алу және айырбас секілді операцияларының бір-бірінен айырмашылығы және ұқсастығы қандай?

  5. Сыйлауды кім жүзеге асырады? Осындай келісімнің түрінде қандай ерекшеліктер болады?

  6. Мұраға қалдыру операциясы басқа келісім түрлерінен айырмашылығы неде?

  7. Ренталардың түрін атаңыз. Олардың айырмашылығы неде?

  8. Жалға беру мен лизингтің айырмашылығын көрсетіңіз. Лизингтің жалға беруден артықшылығы қандай?

  9. Жылжымайтын мүлікке және келісімдеріне салық салу кезінде пайдаланылатын салықтар мен алымдарды атаңыз.

  10. Жылжымайтын мүлікке салынатын жаңа консолидациялық салықтың енгізілуінің перспективадаларын анықтаңыз.

Сдуенттердің білімін тексеруге арналған бақылау сұрақтары

1. жылжымайтын мүлік объектілерін қайта құру немесе жаңадан құру мақсатында құрылған операция – бұл:

A) инвестициялық операциялар

B) клиенттік операциялар

C) эмисиялық операциялар

D) делдалдық операциялар

E) өндірістік операциялар

2. келісімнің қай жағы мәмілені жасау мақсатын анықтайды?

A) заңдық

B) экономикалық

C) физикалық

D) ұйымдастырушылық

E) этикалық

3. мемлекеттік органдар арқылы жүзеге асырылған іс-әрекет үшін төлем – бұл:

A) алым

B) салық

C) баж

D) жарна

E) пайыздар

4. салық жүйесінің қай функциясы салықтың көмегімен бюджетке шоғырланған ақша құралдары жалпы мемлкеттік мәселелерді шешуге, халық шаруашылық саласын дамытуға, мемлкеттік емес салаға және т.б. бағытталған?

A) фискалдық

B) бөлінуші

C) реттеуші

D) ынталандырушы

E) бақылаушы

5. келісімнің қай жағы келісімге қатысушылардың міндеттері мен азаматтық құқықтарын тоқтатуға, өзгерту және белгілеуге бағытталған қызметін сипаттайды?

A) заңдылық

B) ұйымдастырушылық

C) экономикалық

D) этикалық

E) физикалық

6. мемлекет қызметін қамтамасыз ету мақсатында жеке және заңды тұлғалардан алынатын заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылатын міндетті жеке қайтарымсыз төлем – бұл:

A) алым

B) салық

C) баж

D) төлем

E) пайыздар

7. мемлекет салық мөлшерлемесін, жеңілдіктерді, айыппұлдарды және салық салу тәртібін оңтайландыра отырып, өндірісті және экономиканың салаларын жылдам дамытуға жағдайлар жасайтын, яғни экономиканы реттейтін салық жүйесінің функциясы?

A) фискалдық

B) бөлінуші

C) реттеуші

D) ынталандырушы

E) бақылаушы

8. Салықтың қай түрлері салық төлеушінің табысына және мүлкіне салынады?

A) жанама

B) мақсатты

C) тікелей

D) жалпы

E) прогрессивті

9. Эмиссиялық операциялар – бұл:

A) өз атынан жылжымайтын мүлік объектілеріне қаржылық ресурстарды тарту немесе субъектінің операцияларды өздігінен инвестициялау мақсатында құрылған операциялар

B) жылжымайтын мүлік объектілерінің ескілерін қайта құру немесе жаңадан құру мақсатында құрылған операциялар

C) жылжымайтын мүлік объектісіне қатысты операция субъектісінің клиенттер алдында міндетерін қамтамасыз ету

D) жылжымайтын мүлікпен байланысты клиент міндеттемелеріне қатысты операция субъектісінің клиент алдында міндеттерін қамтамасыз ету

E) риэлторлық және тұрғын үй коммуналдық қызмет көрсету

10. жылжымайтын мүлік нарығы келісім түріне байланысты былай жіктеледі:

A) бірніші реттік және екінші реттік

B) өндірістік объектілер, ауылшаруашылық объектілер, қоғамдық ғимараттар

C) сату сатып алу нарығы, жалға беру, несиелер, заттық құқықтар

D) мемлкеттік объектілер, жеке объектілер нарығы

E) кәсіпорын, ғимарат, жер нарығы

11. келісімнің қай жағы келісімнің жүзеге асырылуына тәртіптік және реттілік орындалуына және олардың құжата көрсетілуіне әсер етеді?

A) заңдылық

B) экономикалық

C) физикалық

D) ұйымдастырушылық

E) этикалық

12. пайдалану және қызмет ету құқығы үшін мемлкеттік органдармен заңдық және жеке тұлғалардан алынатын міндетті жарна – бұл:

A) алым

B) салық

C) баж

D) төлем

E) пайыздар

13. мемлекетке салық төлемдерінің бюджетке толық және уақытылы түсіп отыруын бақылап отыруға мүмкіндік беретін және олардың көлемін қаржылық ресурстарға деген қажеттіліктермен қатар қоятын салық жүйесінің қызметі?

A) фискалдық

B) бөлінуші

C) реттеуші

D) ынталандырушы

E) бақылаушы

14. өндіріп алу деңгейіне байланысты салықтар қалай жіктеледі?

A) жеке және заңды тұлғалардан алынатын салық

B) жер салығы, жер қойнауын пайдаланғаны үшін салық

C) аймақтық және жергілікті

D) өткізуден түскен салық, табысқа салынатын салық

E) прогрессивті, регрессивті, пропорционалды

15. келісімді жүзеге асыру әдісіне байланысты жылжымайтын мүлік нарығының түрлері жіктеледі:

A) сату сатып алу нарығы, жалға беру, несиелендіру, заттық құқықтар

B) бірінші ретті және екінші ретті, ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған, қордағы және қордан тыс, дәстүрлі және компьютерленген

C) өндірістік объектілер, ауылшаруашылық объектілер, қоғамдық орындар және басқа да объектілер нарығы

D) мемлкетік және жеке объектілер нарығы

E) өндірістік ғимараттар, тұрғын үй нарығы, өндірістік емес ғимараттар нарығы

16. жылжымайтын мүлік нарығындағы барлық операциялар келесі үш топқа бөлінеді:

A) эмиссиялық, инвестициялық, клиенттік (делдалдық)

B) шығындық, нарықтық, салыстырмалы

C) ұйыдастырылған, экономикалық, саясаттық

D) этикалық, заңдық, эмиссиялық

E) абсолюті, қатысты, салыстырмалы

7-тақырып: Ипотекалық несиелеу

Сабақтың мақсаты: ипотеканың пайда болу тарихымен танысу, ҚР-дағы ипотекалық несиелеу жағдайын, несиелеу қағидаларын қарастыру, ипотекалық несиелеудің негізгі үлгілерін меңгеру, ипотекалық несиелеу дамуының әлемдік тәжірибесін салыстыру.

1 Ипотекалық несиелеуді шектеу принциптері

2. Ипотекалық несиелеудің негізгі үлгілері

3. Ипотекалық несиелеуді жетілдірудің әлемдік тәжірбиесі

4. Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелеу