Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
umkdmetodk otsenki imuschestva / УМКД Млкт баалау дстер,КФССП-301,3ж-каз.doc
Скачиваний:
46
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.01 Mб
Скачать

Лекция конспектісі

Қазіргі кезде жылжымайтын мүлік нарығында оның бағалы қағаздар нарығымен қосылуына негізделген жылжымайтын мүлікті қаржыландырудың жаңа нысандарын іздеу жүргізілуде. Мұндай интеграцияның негізгі бағыттары мыналар: юнитизация – меншікті көп үлеске бөліп, меншіктің бірлігін иеленуден түсетін пайда алу, және секьюритизация – жылжымайтын мүлікке инвестицияларды қаржыландыру үшін бағалы қағаздар шығарылымын пайдалануға негізделген.

Жылжымайтын мүлік нарығын секьюритизациялаудың дамуы мүлікке инвестицияларды қаржыландыру үшін бағалы қағаздарды шығарудан өз мәнін табады. Мұндай бағалы қағаздарға мыналар жатады:

- облигациялар,

- тұрғын үй сертификаттары,

- вексельдер,

- кепілхаттар,

- ипотекалық бағалы қағаздар.

Бағалы қағаздардың қаржылық құралдар ретінде әртүрлілігі нарықтық экономикадағы оладың орны мен роліне, айналым саласы мен мерзіміне, шығару нысаны мен иелену тәртібіне, табыстылығы мен тәуекел мөлшеріне, көрсетілетін құқықтар көлеміне, сақтандыру деңгейі және т.б. байланысты. Олар келесі белгілер бойынша жіктелуі мүмкін:

  1. Шығарылу нысаны бойынша (эмиссия) бағалы қағаздарды эмиссиялық (акциялар, облигациялар) және эмиссиялық емес (вексель, кепілхат, чек) түрлерге бөлуге болады.

Эмиссиялық бағалы қағаз – кез келген бағалы қағаз, оның ішінде құжатсыз түрі, ол мынадай белгілермен сипатталады:

  1. белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізілетін және куәландырылуы тиіс мүліктік және мүліктік емес құқықтардың жиынтығын бекітеді;

  2. шығарылымдар бойынша орналастырылады;

  3. бағалы қағаздарды иемдену уақытына тәуелсіз бір шығарылым ішінде құқықтарды жүзеге асырудың бірдей мерзімі, көлеміне ие.

Эмиссиялық – (жеке) бірліктермен немесе кішігірім сериялармен шығарылатын бағалы қағаз.

  1. Иелік ету тәртібі бойынша (бағалы қағаздармен бекітілген құқықтарды жүзеге асыру қандай тәсілмен өтетіндігіне байланысты) бағалы қағаздар мынандай түрлерге бөлінеді: атаулы, ордерлік, ұсынушыға байланысты.

Атаулы бағалы қағаз – бұл иесі туралы ақпарат көрсетілетін бағалы қағаз.

Ордерлік бағалы қағаз – бұл бағалы қағаз бойынша құқықтар онда аталған тұлғаға тиесілі болуы мүмкін, бұл тұлға осы құқықтарды өзі жүзеге асырады немесе өз бұйрығы бойынша басқа құқықтық өкілетті тұлғаны тағайындайды.

Ұсынушысына байланысты бағалы қағаз – иеленушісінің аты тіркелмейтін бағалы қағаз.

  1. Нысанына байланысты бағалы қағаздар: құжаттық (оқшауландырылған құжаттар нысанында) және құжатсыз (қолма-қол ақшасыз, шоттардағы жазбалар түрінде).

Эмиссиялық бағалы қағаздардың құжаттық нысаны – бұл нысан негізінде иеленуші сәйкесінше рәсімделген бағалы қағаз сертификатын ұсыну негізінде немесе депозиттеу кезінде депо шоты бойынша жазба негізінде бекітіледі.

Эмиссиялық бағалы қағаздардың құжатсыз нысаны – бұл нысан бойынша иеленуші бағалы қағаздар иеленушілері реестрін жүргізу жүйесіндегі жазба негізінде немесе бағалы қағаздарды депозиттеу кезінде депо шоты бойынша жазба негізінде бекітіледі.

  1. Экономикалық мәні бойынша бағалы қағаздар облигацияларға, вексельдер, чектар, тұрғын үй сертификаттары және кепілхаттарға бөлінеді.

  2. Пайдалану тәсіліне байланысты бағалы қағаздар инвестициялық (капиталды) және инвестициялық емес болады.

Инвестициялық – бұл ақша қорларын құру құралдары болып табылатын бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар және т.б.).

Инвестициялық емес – бұл жылжымайтын мүлік нарығында және басқа да нарықтарда ақшалай есеп-айырысулар мен белгілі бір мүліктік келісімдерге қызмет көрсететін бағалы қағаздар (вексельдер, чектар, кепілхаттар және т.б.).

  1. Меншік нысанына және эмитент түріне байланысты бағалы қағаздар мемлекеттік және мемлекеттік түрлерге бөлінеді.

  2. Мерзіміне байланысты бағалы қағаздар мерзімді және мерзімсіз болады.

Мерзімді – бұл пайдалану мерзімі бар бағалы қағаздар. Олар қысқа мерзімді (1 жылға дейін), орташа мерзімді (1-5 жыл) және ұзақ мерзімді (5 жылдан артық) деп бөлінеді.

Мерзімсіз – шексіз мерзімге қолданылатын бағалы қағаздар, тек эмитенттің өмір сүру мерзімімен ғана шектелінеді.

  1. Табыстар нысанына байланысты тіркелген немесе қалқымалы мөлшерлемелі пайыздық (купондық), дисконттық, индекстелетін бағалы қағаздар болады. Бағалы қағаздар тіркелген немесе тұрақсыз табыспен болуы мүмкін.

  2. Тәуекел деңгейіне байланысты бағалы қағаздар тәуекелсіз және тәуекелді болуы мүмкін.

  3. Ұлттық иемденуіне байланысты бағалы қағаздар отандық және шетелдік болады.

  4. Айырбастау мүмкіндігіне байланысты бағалы қағаздар айырбасталымды және айырбасталынбайтын болып бөлінеді. Айырбасталымды – бұл белгілі бір шарттармен бір эмитенттің басқа бағалы қағаз түріне айырбасталынатын бағалы қағаз.

  5. Айналыс сипатына байланысты бағалы қағаздардың нарықтық (екінші нарықта еркін айналатын), нарықтық емес (тек бірінші нарыққа ие болатын) түрлері анықталады.

  6. Иеленушінің қаражаттар салу нысанына байланысты бағалы қағаздарды қарыздық және үлестік деп бөледі.

Қарыздық – бұл белгіленген мерзімге қарыз сомасын келісілген пайыздармен қайтаруды меңзейтін бағалы қағаздар (облигациялар, вексельдер). Үлестік – бұл кәсіпорын ликвидацияланған жағдайда иесіне мүлік үлесіне құқығын бекітетін, үлесіне байланысты пайда, ақпарат алуға құқық беретін және кәсіпорынды басқаруға қатысуға мүмкіндік беретін бағалы қағаздар (акциялар, акция сертификаттары).

  1. Табысқа байланысты бағалы қағаздар табысты және табыссыз болып бөлінеді (мысалы, чек).

Бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздар эмиссиясы мен айналымы ең маңызды операциялар болып есептеледі. Эмиссияның негізгі мақсаттары: қарыздық бағалы қағаздарды шығару арқылы қарыз капиталын тарту; бағалы қағаздардың қосымша шығарылуы арқылы капиталды басқару; эмитенттің инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға ресурстарды мобилизациялау, оның айналым қаражаттарын толықтыру; кредиторларға шығарылған бағалы қағаздардың бөлігін ұсыну арқылы несиелік қарызды өтеу.

Шығару (эмиссиялау) нысанына байланысты бағалы қағаздар эмиссиялық (акциялар, облигациялар, ипотекалық жабатын облигациялар) және эмиссиялық емес (вексель, кепілхат, қатысушының ипотекалық сертификаты) деп жіктеледі.

Эмиссиялау процедурасы келесі кезеңдерден тұрады:

1 кезеңде эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру туралы шешім қабылдайды,

  1. кезең – бағалы қағаздарды шығару (қосымша шығарылуы) туралы шешімді бекіту. Эмиссиялық бағалы қағаз шығару туралы шешім директорлар кеңесімен қабылданады.

  2. кезең – бағалы қағаздар эмиссиясының анықтамалығын дайындау. Бағалы қағаздар анықтамалығы келесі деректерді құрауы тиіс:

  1. эмитенттің басқару органының құрамына кіретін тұлғалар жөнінде қысқаша ақпарат, банктік шоттар, аудитор жөнінде, бағалаушы және эмитенттің қаржылық кеңесшісі туралы ақпарат, сонымен қатар анықтамалыққа қол қойған өзге де тұлғалар жөнінде ақпарат;

  2. эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру шарттары мен тәртібі, мерзімі, көлемі туралы қысқаша ақпарат;

  3. эмитенттің қаржы-экономикалық жағдайы және тәуекел факторлары туралы негізгі ақпарат.

  4. эмитент туралы нақты ақпарат;

  5. эмитенттің қаржы-шаруашылық қызметі туралы ақпарат;

  6. эмитенттің басқару органдары құрамына және оның қаржылық-шаруашылық қызметіне бақылау бойынша эмитент органдарының құрамына кіретін тұлғалар жөнінде нақты ақпараттар, эмитенттің қызметкерлері туралы қысқаша ақпарат;

  7. эмитент қатысушылары туралы ақпарат және белгілі қызығушылықпен эмитентпен жасалған келісімдер туралы ақпарат;

  8. эмитенттің бухгалтерлік есебі мен басқа да қаржылық ақпарат;

  9. эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру шарттары және тәртібі туралы толық ақпарат;

  10. эмитент жөнінде және ол орналастырған эмиссиялық бағалы қағаздар туралы қосымша ақпарат.

  1. кезең – эмиссиялық бағалы қағаздардың эмиссиясының анықтамалығының және шығарылымының мемлекеттік тіркелуі. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылуын мемлекеттік тіркеу – бұл бағалы қағаздарға мемлекеттік тіркеу нөмірін беру.

  2. кезең – бұл бағалы қағаздар сертификатын жасау.

  3. кезең – эмиссия анықтамалығындағы ақпаратты ашу.

  4. кезең – бағалы қағаздарды орналастыру.

Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру – бұл азаматтық-құқықтық келісімдерді жүзеге асыру арқылы эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздарды бірінші иелерінен алу.

  1. кезең – эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару нәтижелері туралы есеп беруді тіркеу.

Бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар – бұл алға қойған мақсатқа жету үшін нарықта бағалы қағаздармен және (немесе) ақшалай қаражаттармен жүргізілетін іс-әрекеттер.

Бағалы қағаздар нарығында негізгі операцияларға мыналар жатады:

  1. бағалы қағаздарды шығару (эмиссия) – эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру бойынша заңмен бекітілген іс-әрекеттер кезектілігі;

  2. бағалы қағаздарды орналастыру – азаматтық-құқықтық келісімдерді жүзеге асыру арқылы эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздарды бірінші иелерінен алу;

  3. бағалы қағаздарды сату-сатып алу – бір иеленушіден екіншісіне бағалы қағаздарға меншік құқығының ауысуын әкелетін азаматтық-құқықтық келісімдерді жүзеге асыру;

  4. бағалы қағаздар иелерін тіркеу және қайта тіркеу – атаулы бағалы қағаздар иелерін есепке алу, бағалы қағаздар меншік иелерінің құрамының өзгеруін бақылау;

  5. конвертация – басқа да құқықтар мен мүмкіндіктерді алуға әкелетін бағалы қағаздарды айырбастау бойынша операция;

  6. траст – бағалы қағаздарды пайдаланудың ең тиімді нұсқаларын таңдау арқылы капиталды өсіруге бағытталған бағалы қағаздармен сенімді басқару;

  7. клиринг – бағалы қағаздарды және олар бойынша есеп айырысуларды жабдықтау бойынша міндеттемелерді орындау;

  8. сақтау – ұрлықтан және өзге де залал шегу себептерінен қорғау;

  9. қайтарымсыз жабдықтау – мұрагерлік құқықты жүзеге асыру, сыйға тарту;

10) кепіл – несиеге кепілмен қамтамасыз етуді ұсыну;

11) сақтандыру – қатысты тқрақтылықты қамтамасыз ету, сол арқылы қосымша әлеуетті инвесторларды тарту;

12) маркетинг – бағалы қағаздар нарығының белгілі бір сегментін зерттеу, әлеуетті инвесторларды бағалау, қор операцияларының диагностикасы, тәуекелділіктерді бағалау, нарықта бағалы қағаздарды жылжыту стратегиясын әзірлеу;

13) бухгалтерлік есеп және аудит;

14) облигациялар бойынша пайыздарды есептеу және төлеу;

15) баға белгілеу – қалыптасқан экономикалық жағдайларды, заңнамалық нормаларды және қалыптасқан тәжірибені ескере отырып бағаны қалыптастыру процесі;

16) инвестициялық тәуекелділікті бағалау;

17) инвестициялық жобалау – қаржылық саясатты әзірлеу, болжамдау;

18) консалтинг – бұл бағалы қағаздар нарығындағы және т.б. тәжірибелік мәселелерді шешу, талдау және болжау жасау бойынша жоғары білікті мамандар тарапынан консультация немесе кеңестер нысанындағы білікті көмек.

Нарықта барлық бағалы қағаздар түрлеріне тән операциялар (шығару, орналастыру, сату-сатып алу және т.б.) және белгілі бір бағалы қағаздарға ғана сипаттас операциялар бар.

Бағалы қағаз

Операциялар

Облигация

Шығару, орналастыру, табыс алу, конвертация, сату-сатып алу, жабу (сөдіру)

Тұрғын-үй сертификаты

Шығару, орналастыру, айналым, жабу, сату-сатып алу

Вексель

Иелену, беру, табыс алу және жабу

Кепілхат

Шығару, талап ету құқығын беру, сату-сатып алу, кепілдік, сенімді басқару

Ипотекамен жабылатын облигация

Эмиссия, айналым, пайыздарды есептеу, жабу, сақтандыру

Қатысудың ипотекалық сертификаты

Шығару, орналастыру, сенімді басқару, сату-сатып алу, жабу

Чек

Шығару және жабу