Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
umkdmetodk otsenki imuschestva / УМКД Млкт баалау дстер,КФССП-301,3ж-каз.doc
Скачиваний:
46
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.01 Mб
Скачать

Қорытынды

Жалпы, жылжымайтын мүлік нарығындағы барлық операциялар нақты нарық субьектілеріне байланыссыз тәуекелге ұшырайды.Жылжымайтын мүлік нарығындағы тәуекелдер жүйесі көпдеңгейлі және тармақталған.Тәуекелдің барлық түрлері өзара байлансқан және жылжымайтын мүлік нарығының субьектілерінің қызметіне белгілі дәрежеде әсер етеді. Таңдалған іс-әрекет нұсқасын жүзеге асыру кезінде неғұрлым жоғары тиімділікке жету үшін жылжымайтын нарық субьектісінің сыртқы және ішкі ортасының жағымсыз факторлрының әсері нәтижесінде болуы мүмкін шығындардың алдын алу бойынша шаралар кешенін қалыптастыру маңызды болып табылады. Сондықтан тәуекелді бағалағаннан кейін оптималды соңғы нәтиже алу үшін тәуекелді басқаруға көшу керек.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Альгин А.П. Риск в предпринимательстве. – СПб., 1992.

2. Альгин А.П. Риск и его роль в общественной жизни. – М.: Мысль, 1989.

3. Асаул А.Н. Экономика недвижимости: Учебник для вузов. – СПб.: СПбГАСУ; - М.: Изд-во АСВ, 2004.

4. Асаул А.Н., Карасев А.В. Экономика недвижимости: Учебное пособие. http://www.aup.ru, 2001.

5. Ахаледиани Ю.Т. Роль страхования жилья в современных социально-экономических условиях //Финансы. 2002. №3.

6. Горемыкин В.А. Экономика недвижимости: Учебник. – М.: Издательско-книготорговый центр «Маркетинг», 2002.

7. Рогов М.А. Риск-менеджмент. – М.: Финансы и статистика, 2001

8. Хохлов Н.В. Управление риском. – М.: ЮНИТИ, 2001.

9. Чернова Г.В. Практика управления рисками на уровне предприятия. – СПб.: Питер, 2003.

Өзін тексеруге арналған сұрақтар

1. Тәуекел дегеніміз не? Жылжымайтын мүлік нарығындағы тәуекелдің пайда болу себептері?

2. Жылжымайтын мүлік нарығындағы негізгі тәуекел түрлерін атаңдар.

3. Тәуекел –менеджментатің мәні мен мақсатын анықтаңдар.

4.Тәуекел –менеджмент жүйесінің құрамына не жатады?

5. Тәуекелді талдау мәні неде?Тәуекелді талдау процессінің негізгі кезеңдерін атаңдар. Тәуекелді анықтаудың негізгі әдістерін атаңдар.

6. Тәуекелді бағалаудың мәні неде?Тәуекелді бағалаудың негізгі кезеңдерін атаңдар.Тәуекелді бағалудың негізгі сандық әдістерін атаңдар.

7. Тәуекелді басқарудың мәні неде? Тәуекелді басқару процессінің негізгі кезеңдерін атаңдар.Тәуекелді басқару әдістерін атаңдар.

8. Жылжымайтын мүлік нарығындағы сақтандыру мазмұнын ашып көрсетіңдер.

9.Жылжымайтын мүлік обьектілерін сақтандыру түрлерін атаңдар.

10. Титулдық сақтандыру дегенііз не?

Студенттердің білімін тексеруге арналған бақылау тест сұрақтары.

1. Әлеуметтік – экономикалық ортаның институционалды құрылымы мен сыртқы және ішкі ортаның өзгерісі есебінен тәуекелділіктің ұлғаю немесе төмендеу белгілері көрінеді?

A) баламалық

B) Қайшылық

C) динамикалылық

D) әлеуетті табыстылық

E) анықталылық

2. Тәуекелдің қандай функциясы тәуекелдің нәтижелерін және деңгейін төмендету құралдары арқылы жүзеге асырылады?

A) қорғаныстық

B) алдан алушы

C) орнын жабушы

D) ынталандырушы

E) реттеуші

3. Сауықтырудың мәні неде?

A) Төлемқабілетті сұраныс ұсыныс көлеміне сәйкес келетін жағдайда тең бағаларды бекіту.

B) Жылжымайтын мүлік обьектілері бағасы және салынған капиталдан табыс алу арқылы құнды жүзеге асыру.

C) Экономиканы бәсекеге қабілетсіз және әлсіз нарық қатысушыларынан тазарту және тиімсіздерінің дәрменсіздікке ұшырауы.

D) Нарық өз бетімен қызмет етіп тұрып, кәсіпкерлік салалары бойынша ресурстарды қайта таратады және оның қатысушыларын экономиканың тиімді құрылымын қалыптастыруға және қоғамдық қажеттіліктерді қалыптастыруға бағыттайды.

E) Нарық жиынтық ұсынушы және көптеген тәуелсіз және экономикалық ерекшеленген сатушылар мен сатып алушылар үшін кездесу орны болып табылады, олардың арасында байланыс орнатады, баламалы түрде серіктес таңдау мүмкіндігін туғызады.

4. Қазіргі обьективті тәуекелді әрекеттер мен олардың субьективті бағалауының кездесуі кезінде тәуекелдің қандай белгілері көрінеді?

A) баламалылық

B) қайшылықтар

C) динамикалылық

D) әлеуеттік табыстылық

E) анықтылық

5. Тәуекелді қабылдау әдістеріне жатады:

A) хеджирлеу, тәуекелді бақылауды басқа біреуге беру

B) сақтандыру, факторинг

C) жергіліктендіру, өздік сақтандыру

D) форфеттеу, лизинг

E) жалдау, векселдер есебі

6. Субьектінің қандай да бір пайда алу мақсатында тәуекелді шешім қабылдауы немен байланысты және жағымды нәтиже немесе зиянды нәтиженің болуы мүмкін бе?

A) баламалылық

B) қайшылықтар

C) динамикалылық

D) әлеуетті табыстылық

E) анықтылық

7. Тәуекелдің қандай функциясы тәуекелдің нәтижелерін және деңгейін төмендету құралдары арқылы жүзеге асырылады?

A) қорғаныстық

B) алдан алушы

C) орнын жабушы

D) ынталандырушы

E) реттеуші

8. Тәуекелді қабылдау әдістеріне жатады:

A) хеджирлеу, тәуекелді бақылауды басқа біреуге беру

B) сақтандыру, факторинг

C) жергіліктендіру, өздік сақтандыру

D) форфеттеу, лизинг

E) жалдау, векселдер есебі

9. Егер жалдаушы төлемдер жасамаса, бұл қаржыландырумен бйланысты тәуекелдің қандай түріне жатады?

A) пайыздық мөлшерлеме тәуекелі

B) қарызды алдын ала жабу тәуекелі

C) алдын ала міндеттемелер тәуекелі

D) ликвидациялық тәуекел

E) несиелік тәуекел

10. Қаржыландырудан бұрын пайыздың тіркелген мөлшерлемесі анықталған несиелерді қаржыландыру тәуекелі қалай аталады?

A) пайыздық мөлшерлеме тәуекелі

B) қарызды алдын ала жабу тәуекелі

C) алдын ала міндеттемелер тәуекелі

D) ликвидациялық тәуекел

E) несиелік тәуекел

11. Инвестициялық тәуекелді ескере отырып, пайдалану нұсқаларының келешек табыстарын дисконттау келесідей анықталды:

A) учаскенің физикалық жарамдылығымен

B) техникалық негізделуі мен физикалық жүзеге асырылуымен

C) максималды табыстылығымен

D) қаржылық негізделуімен

E) заңнамалық мүмкіндігімен