Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
umkdmetodk otsenki imuschestva / УМКД Млкт баалау дстер,КФССП-301,3ж-каз.doc
Скачиваний:
46
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.01 Mб
Скачать
  1. Курстың постреквизиттері

Қазіргі нарықтық экономика жағдайында «жылжымайтын және жылжыйтын мүлік» түсінігі барлық елдерде жалпықалыптасқан болып есептеледі, соның ішінде Қазақстан Республикасында да. Мүлік адам еңбегімен және капитал салымымен құрылады, сондықтан нарықтық экономикада ол қаржылық актив болып табылады. Олармен жасалатын мәмілелер қаржылық рынок секторларының бірі болып табылатын жылжымайтын мүлік РРРРРРтбььРРрыногында болады. «Мүлікті бағалау әдістері» пәнінің негізгі бағыты – сол мүлік нарығындағы экономикалық мәселелерін қарастыру.

  1. Пәннің сипаттамасы

«Мүлікті бағалау әдістері» курсын оқытудың мақсаты - болашақ мамандарға мүлікті пайдаланғанда кірістерді болжау мен бағалау туралы білімін қалыптастыру.

Пәнді оқыту міндеттері: Осы курсты игеру барысында студенттер мiндеттi:

  • Жылжымайтын мүлік нарығы инвестициялық нарықтың бөлігі екендігі туралы түсінігі болуы, мүлік кірістерін болжау мен бағалауды және де мүлікті инвестициялаудың варианттары туралы білуі тиіс;

  • Жылжыйтын және жылжымайтын мүлік экономикасындағы негізгі түсініктер мен мүлікті бағалау әдістерін білу және оларды жылжымайтын мүлік объектілерін бағалауда,сонымен қатар, бағалау туралы құралатын сертификатта қолдана білуі керек.

  • Мүлікке салық салуды меңгеру және мүліктен пайда түсіру жолдарын білу керек.

  • Мүлікпен келісімшарт операциялары бойынша нормативтік актілер мен заңдылықтарды меңгеріп алу қажет.

Оқу пәнінің мазмұны: «Мүлікті бағалау әдістері» пәнін оқып үйрену жолында студенттің міндеттері: мүлік түрлерін, жылжымайтын мүлік рыногының ерекшеліктерін, ипотекалық несиелендірудің негіздерін, жылжымайтын мүлік нарығындағы мәмілелердің түрлерін, жылжыйтын және жылжымайтын мүлік объектілерін бағалау принциптері мен әдістерін және т.б. мәселелерін игеру.

  1. Дәріс сабақтарының мазмұны

п/п

Тақырыптар мен олардың сағатағы көлемі

Бақылау сұрақтары

Сабақтардың мақсаттары мен міндеттері

Мәселелі сұрақтар

Жылжыйтын және жылжымайтын мүліктің анықтамасы – 2 cағат

1. Мүлік түрлері

2. Негізгі қорлар және олардың классификациясы

3. Жылжымайтын мүлік объектілерінің классификациясы

4. Кәсіпорын меншік кешені ретінде

Мақсаты:мүлік түрлерінің мәні мен мағынасын игеру.

Міндеттері:

- мүлік түрлерін қарастыру;

- негізгі қорлар жіктелімін қарастыру;

- жылжымайтын мүлік объектілерінің жіктелімін қарастыру

Кондоминиум түсінігі. Мүліктің құрамы. Жылжымайтын мүлік. Жылжыйтын мүлік

Нарықтар жүйесінде жылжымайтын мүлік нарығы – 2 cағат

1. Жылжымайтын мүлік нарығының ерекшеліктері мен заңдылықтары

2. Жылжымайтын мүлік нарығы нарықтың интеграциялық категориясы ретінде

3. Жылжымайтын мүлік нарығына әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсері

Мақсаты:жылжымайтын мүлік нарығының нарықтар жүйесінде алатын рөлі.

Міндеттері:

- жылжымайтын мүлік нарығының ерекшеліктерін анықтау;

- жылжымайтын мүлік нарығына факторлардың әсерін анықтау

Жылжымайтын мүлік нарығының заңдылықтары.

Жылжымайтын мүлік нарығының ерекшеліктері

Жылжыйтын және жылжымайтын мүлік объектілерін бағалаудың әдістемелік негіздері – 2 cағат

1. Мүліктің құндық аспектілері

2. Мүліктің құнына әсер ететін факторлар

3. Жылжымайтын мүлік объектілерінің өміршеңдігі мен тозуы

Мақсаты:негізгі бағаларды анықтау.

Міндеттері:

- бағаның түрлерін қарастыру;

- мүлікті бағалау үдерісімен танысу

Рыноктық құн. Айырбастау құны. Қайта өндіру құны. Қалпына келу құны. Жойылу құны. Бағалау үдерісі

Мүліктерді бағалау принциптері – 2 cағат

1. Пайдаланушылардың қалауларына негізделген принциптер

2. Жылжымайтын мүлік объектісімен байланысты принциптер

3. Нарықтық ортамен байланысты принциптер

Мақсаты:мүлікті бағалау принциптерімен танысу.

Міндеттері:

- мүлікті бағалаумен байланысты принциптерінің мәнің ашу

Күту принципі. Экономикалық көлемнің принципі. Бәсекелік принцип.Сәйкестік принцип.

Жылжымайтын мүлік объектілерін бағалау – 6 cағат

1. Табыстық тәсіл

2. Шығындық тәсіл

3. Салыстырмалы тәсіл

Мақсаты:Жылжымайтын мүлік объектілерін бағалау үдерісінің технологиясын игеру.

Міндеттері:

- табыстылық тәсілдің технологиясын қарастыру;

- шығындық тәсілдің технологиясын қарастыру;

- салыстырмалы тәсілдің технологиясын қарастыру

Көлемдік әдіс. Тікелей және жанама шығындар. Жаңа құрылыс құның анықтау әдістері

Жылжымайтын мүлік нарығындағы операциялар – 4 cағат

1. Жылжымайтын мүлік нарығындағы операциялардың мәні мен түрлері

2. Жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу – сату

3. Мена

4. Біреуге беру және мұраға алу

5. Рента

6. Аренда және лизинг

7. Жылжымайтын мүлікпен оның келісімшарттврына салық салу

Мақсаты: жылжымайтын мүлік нарығындағы операциялар түрлерімен танысу.

Міндеттері:

- барлық операциялардың мәнін қарастырып, заңдылық ерекшеліктерімен танысу

Эмиссиялық, инвестициялық және клиенттік операциялар.

Мәмілелер. Франчайзинг

Ипотекалық несиелеу – 4 cағат

1 Ипотекалық несиелеуді шектеу принциптері

2. Ипотекалық несиелеудің негізгі үлгілері

3. Ипотекалық несиелеуді жетілдірудің әлемдік тәжірбиесі

4. Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелеу

Мақсаты: ипотекалық несиелеудің қалыптасқан кезеңдерімен танысу.

Міндеттері:

- ипотекалық несиелеудің даму кезеңдерін қарастыру;

- ипотекалық несиелендірудің әлемдік тәжірибесімен танысу;

- ҚР ипотекалық несиелеудің жағдайы

Ипотека. Ипотекалық тұрғын үй несиеленуі. Ипотекалық несиелеуді жетілдірудің әлемдік тәжірбиесі. Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелеу

Жылжымайтын мүлік нарығындағы бағалы қағаздар – 2 cағат

1. Жылжымайтын мүлік нарығындағы бағалы қағаздардың түрлері мен мәні

2. Бағалы қағаздардың жылжымайтын мүлікке шығарылуы реті мен айналымы

3. Жылжымайтын мүлік нарығындағы бағалы қағаздармен операциялар

Мақсаты:жылжымайтын мүлік нарығындағы бағалы қағаздардың түрлерімен мәнін қарастыру.

Міндеттері:

- бағалы қағаздардың түрлерін және мәнін анықтау;

- Жылжымайтын мүлік нарығындағы бағалы қағаздармен операциялардың сипаттамасын анықтау

ҚР бағалы қағаздардың түрлері. Жылжымайтын мүлік нарығындағы бағалы қағаздар

Жылжымайтын мүлік нарығын реттеу – 2 cағат

1. Жылжымайтын мүлік нарығын реттеудің мәні, мақсаттары мен принциптері

2. Жылжымайтын мүлік нарығын мемлекеттік реттеу

3. Жылжымайтын мүлік нарығындағы маманданған қатысушылардың өзін-өзі реттеу ұйымдары

Мақсаты:жылжымайтын мүлік нарығын реттеудің мақсатын анықтау.

Міндеттері:

- жылжымайтын мүлік нарығын реттеудің принциптерімен танысу;

- жылжымайтын мүлік нарығын мемлекеттік реттеудің маңыздылығын айқындау

Жылжымайтын мүлік нарығын реттеудің мәні. Жылжымайтын мүлік нарығындағы маманданған қатысушылардың өзін-өзі реттеу ұйымдары

Жылжымайтын мүлік нарығындағы тәуекелдер– 2 cағат

1. Жылжымайтын мүлік нарығындағы тәуекелдердің мәні мен түрлері

2. Жылжымайтын мүлік нарығындағы тәуекел-менеджемент

3. Жылжымайтын мүлік нарығындағы тәуекелдерді басқару әдістері

4. Жылжымайтын мүлік объектілерін сақтандыру

Мақсаты:жылжымайтын мүлік нарығында кездесетін тәуекелдердің түрлерін қарастыру.

Міндеттері:

- жылжымайтын мүлік нарығындағы тәуекелдердің мәнің ашу;

- тәуекел-менеджемент түсінігін анықтау;

- жылжымайтын мүлік нарығындағы тәуекелдерді басқару әдістерін ашып көрсету

Жылжымайтын мүлік нарығындағы тәуекел-менеджемент. Жылжымайтын мүлік нарығындағы тәуекелдерді басқару әдістері

Жерді бағалау – 2 cағат

  1. Жерді тиімді пайдалануды талдау

  2. Қала жерлерін тиімді пайдалануды талдау

  3. Жерді бағалау әдістері

Мақсаты:жерді бағалау технологиясын қарастыру.

Міндеттері:

- жерді және жер телімдерін тиімді пайдалану әдістерін ашып қарастыру;

- жерді бағалау әдістерін талдау

Жердің тиімді пайдалануы. Жерді бағалау әдістері