Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
umkdmetodk otsenki imuschestva / УМКД Млкт баалау дстер,КФССП-301,3ж-каз.doc
Скачиваний:
46
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.01 Mб
Скачать

Қорытындылар

Экономикалық жағдай Қазақстандағы жағдайға ұқсас, яғни өтпелі экономикалық елдердегі ипотекалық несиелеудің дамуы кезінде пайда болған тәсілдемелерді талдау, дамыған елдердегі ипотекалық несиелеу тәжірибесін талдау, өзіміздің жеке ипотекамыздың даму тәжірибесін талдау Қазақстанда ипотекалық несиелеуді анағұрлым тиімді енгізу жолын жасауда маңызды болып табылады.

Қолданылатын әдебиеттер

  1. Ипотека недвижимого имущества: Сборник нормативных правовых актов Республики Казахстан. - Алматы: Издательский дом «БИКО», 2005, 30 с.

  2. Об ипотеке недвижимого имущества: Закон Республики Казахстан от 23 декабря 1995 года. – Алматы: Издательский дом «БИКО», 2006.

  3. Гуров Т., Полунин Ю. Кто надул пузырь на рынке недвижимости // Эксперт, 2006, № 30, С.20.

  4. Галкина И., Лесина А. Ипотека до востребования // Эксперт-Казахстан, 2005, № 23, С.13.

  5. Гибанова С. Риэлетерам закон не писан // Экспер-Казахстан, 2006, № 20-26.

  6. Дом Хундертвассера. - Австрия, Зальцбург: Издательство Бауер, 2006.

  7. Дом студентов квартирного типа // Экономика и право Казахстан, 2005, № 22, С. 29.

  8. Недвижимость Астаны - Алматы // Каталог недвижимости, 2006, № 7.

  9. Недвижимость // Курсив, 2006, февраль.

  10. Недвижимость движется в цене // Бизнес и власть. 2006, февраль.

  11. Нечаев В. Ренессанс старых квартир // Эксперт-Казахстан, 2006, № 38.

  12. Новостройки в Уральске – приметы обновление // Экономика и право Казахстана, 2005, № 20, С.25.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

  1. Ипотекалық тұрғын үй несиелеу жүйесінің негізгі элементтерін атап шығыңыз

  2. Ипотеканың тұрғын үй несиелеудің басқа түрлерінен негізгі айырмашылықтары қандай?

  3. Ипотекалық тұрғын үй несиелеудің негізгі түрлерін атап шығыңыз

  4. Ипотекалық тұрғын үй несиелеу кезінде қамтамасыз ету ретінде кім қатысады?

  5. Ипотекалық тұрғын үй несиелеудің негізгі қағидаларын атап, оларға сипаттама беріңіз

  6. Ипотекалық тұрғын үй несиелеудің бюджеттік моделінің ерекшелігі неде?

  7. Германиядағы тұрғын үй несиелеу жүйесінің негізі болып не табылады?

  8. Ипотекалық тұрғын үй несиелеудің американдық жүйесінің ерекшелігін атаңыз

  9. Ипотекалық тұрғын үй несиелеудің американдық жүйесінде қаржыландыру мәселелерін қай компаниялар шешеді?

  10. Ипотекалық тұрғын үй несиелеу жүйесін дамытуда туындайтын негізгі мәселелерге сипаттама беріңіз.

Студенттердің білімін тексеруге арналған бақылау тесттері

1. Ипотека түсінігі нені білдіреді?

A) Жылжымайтын мүлік сатып алу

B) Жылжымайтын мүлікті жалға беру

C) Жылжымайтын мүлікті айырбастау

D) Жылжымайтын мүлікті кепілге беру

E) өтімді жылжымайтын мүлік

2. Ипотекалық несие түсінігі:

A) бұл жылжымайтын мүлікті таратуға бағытталған несие

B) бұл жылжымайтын мүлікті жалға алуға тағайындалған несие

C) бұл нақты жылжымайтын меншікпен қамтамасыз етілген несие

D) жылжымайтын мүлікті айырбастауға тағайындалған несие

E) бұл кәсіпорынның негізгі құралдарын толығымен қайта қалпына келтіруді қамтамасыз ететін несие

3. Ипотекалық несиелеу – бұл:

A) қозғалмайтын мүлікті кепілге алып, несие беру

B) жылжымайтын мүлікті жою үшін несие беру

C) жылжымайтын мүлікті жалға алу үшін несие беру

D) жылжымайтын мүлікті жөндеу үшін несие беру

E) жылжымайтын мүлікті айырбастау үшін несие беру

4. Тарихта ең алғаш рет «ипотека» түсінігі қашан пайда болды?

A) б.э.д VII ғасырда

B) б.э.д VI ғасырда

C) б.э.д IX ғасырда

D) б.э.д V ғасырда

E) б.э.д IV ғасырда

5. Тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру жолдары:

A) саяси және экономикалық тұрақтылық

B) тұрғын үй нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың сәйкестігі

C) халықтың әлеуметтік тұрақтылығы, валюта бағамының төмендеуі

D) инфляция деңгейінің төмендеуі

E) үлестік құрылыс, бөліп төлеу арқылы сатып алу, жергілікті бюджеттің ресурстары, несие беру

8-тақырып: Жылжымайтын мүлік нарығындағы бағалы қағаздар

Сабақтың мақсаты: Студенттерге жылжымайтын мүлік нарығындағы бағалы қағаздардың мәнін және түрлерін түсіндіру, бағалы қағаздар нарығындағы ең маңызды операцияларды анықтау.

1. Жылжымайтын мүлік нарығындағы бағалы қағаздардың түрлері мен мәні

2. Бағалы қағаздардың жылжымайтын мүлікке шығарылуы реті мен айналымы

3. Жылжымайтын мүлік нарығындағы бағалы қағаздармен операциялар