Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
umkdmetodk otsenki imuschestva / УМКД Млкт баалау дстер,КФССП-301,3ж-каз.doc
Скачиваний:
46
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.01 Mб
Скачать

Қорытынды

Жылжымайтын мүлік объектілерін бағалау процесінде келесідей үш түрлі элемент қатынасы байқалады: субъект, объект және нарықтық орта. Сол себепті жылжымайтын мүлікті бағалаумен айналысатын мамандарға үш принциптер тобы қарастырылған – тұтынушы көзарасы принциптері; жылжымайтын объектпен байланысты принциптер; нарықтық ортамен байланысты принциптер. Нақты бағаланатын объектілерге бір уақытта бірнеше принцип қолдануы мүмкін.

Ұсынылған әдебиет

  1. Варежкин В.А., Гребенкин В.С. и др. Экономика архитектурного проектирования и строительства: учебник. - М.: Стройиздат, 1990.

  2. Виноградова М.В., Панина З.И. Организация и планирование деятельности сферы сервиса: учебное пособие. - М.: Издательско-торговая корпорация «Дашков и Ко», 2006, 464 с.

  3. В Астане презентован бизнес-центр нового типа //Экономика и право Казахстана, 2005, № 19, С.23.

  4. Горемыкин В.А. Недвижимость: экономика, управление, налогообложение, учет: учебник. – М.: КНОРУС, 2006, 673 с.

  5. Гуров Т., Полунин Ю. Кто надул пузырь на рынке недвижимости //Эксперт, 2006, № 30, С.20.

Өзіндік бақылау сұрақтары

  1. Мүлікті бағалудың принциптерін атап, әрқайсысын сипаттаңыз;

  2. Тұтынушы көзқарасына байланысты принцип мәні;

  3. Пайдалылық приципінің мәні неде?

  4. Жылыжымайтын мүлік объектісімен байланысты принцип мәні;

  5. Экономикалық бөлу принципі қандай жағдайларда қолданады?

  6. Нарықтық ортамен байланысты принциптерді қолдану маңызы.

Студент білімін тексеретін бақылау тест сұрақтары

  1. Жылжымайтын мүлікпен және оны жақсартумен байланысты принциптерге байланыстысы:

А) жердің қалдықты өнімділік, шекті өнімділік, өсетін және төмендейтін табыс, экономикалық бөлу принциптері;

В) экономикалық бөлудің тиімділігі принциптері;

С) тәуекелділік, сұраныс пен ұсыныс, сәйкестік, бәсекелестік принциптері;

D) бәсеклестік, өзгерістерді күту принциптері;

Е) тиімділік, сұраныс пен ұсыныс принциптері.

  1. Тұтынушы күтіміне байланысты принциптерге жататындар:

А) баланс, экономикалық өлшем, шекті өнімділік принциптері;

В) өзгеру, сұраныс пен ұсыныс сәйкестігі, бәсекелестік принциптері;

С) сұраныс пен ұсыныс, сәйкестік принциптері;

D) тиімділік, орынбасу, күту принциптері;

Е) тәуекелділік, сәйкестік, өзгеру принциптері.

  1. Жылжымайтын мүлікті ең тиімді пайдалану принципі бойынша анықталатын жылжымайтын мүліктің бағасы:

А) нарықтық;

В) инвестициялық;

С) коммерциялық;

D) тұтынушылық;

Е) қалпына келтіру.

  1. Келесі қай принципті сипаттайды: «Жылжымайтын мүлік бағасы қазіргі бағаны, келешектегі барлық табыс мөлшерін және оның үзіліссіз өсуін ескеруі керек»?

А) орынбасу принципі;

В) тиімділік принципі;

С) күту принципі;

D) баланс принципі;

Е) бәсекелестік принципі.

  1. Белгілі бір жерде, белгілі уақыт аралығында тұтынушы талғамын қанағаттандыру қабілеті – ол:

A) орынбасу принципі;

B) тиімділік принципі;

C) күту принципі;

D) баланс принципі;

E) бәсекелестік принципі.

  1. Қай принцип жер учаскесінің табиғи бағасын анықтайды, яғни нарық конъюктурасымен байланысты жер пайдаланудың оптималды масштабын анықтайды?

A) баланс принципі;

B) экономикалық өлшем принципі;

C) өсетін және азаятын пайда принципі;

D) шекті өнімділік принципі;

E) экономикалық бөлу принципі.

  1. Тұтынушы күтіміне байланысты принциптер:

A) үлес, шекті өнімділік, баланс принциптертері;

B) қарыз және салыстырмалы тиімділік принциптері;

C) орын ауыстыру және ликвидтілік принциптері;

D) жарамдылық және оптималдылық принциптері;

E) тиімділік, орынбасу, күту принциптері.

  1. Нарық ортасымен байланысты принциптер:

A) тиімділік, орынбасу, күту принциптері;

B) үлес, шекті өнімділік, баланс принциптертері;

C) сыртқы әсер, өзгеру, бәсекелестік принциптері;

D) қарыз және салыстырмалы тиімділік принциптері;

E) жарамдылық және оптималдылық принциптері.

  1. Жылжымайтын мүлік компоненттерін көрсететін принциптер:

A) орын ауыстыру және ликвидтілік принциптері;

B) үлес, шекті өнімділік, баланс принциптертері;

C) қарыз және салыстырмалы тиімділік принциптері;

D) баланс жоқтығы, бәсекелессіздік принциптері;

E) жарамдылық және оптималдылық принциптері.

  1. Мүлікті пайдалану және табыс табу, тиімді қабілеттерін пайдалану құқығы:

A) иелену құқығы;

B) пайдалану құқығы;

C) қолдану құқығы;

D) беру құқығы;

E) мұрагерлік құқығы.

  1. Сату, жалға беру, аманатқа салу, мұрагерлікке қалдыру – бұл:

A) иелену құқығы;

B) пайдалану құқығы;

C) қолдану құқығы;

D) беру құқығы;

E) мұрагерлік құқығы.