Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
umkdmetodk otsenki imuschestva / УМКД Млкт баалау дстер,КФССП-301,3ж-каз.doc
Скачиваний:
46
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.01 Mб
Скачать

“Мүлікті бағалау әдістері”пәні бойынша оқу процесінің кестесі

2009-2010 Оқу жылына

Сабақтың түрі

Апта бойынша сағаттарды бөлу

Сағаттардың барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Дәрістер –30 сағат

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

30

Семинар – 15 сағат

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

15

СӨОЖ –23 сағат

2

1

2

1

2

1

2

1

2

1

2

1

2

1

2

23

Барлығы

5

4

5

4

5

4

5

4

5

4

5

4

5

4

5

68

Курс бойынша әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі

2. Қазақстан Республикасының Салық Кодексі

3. Асаул А.Н. Экономика недвижимости: Учебник дл вузов. – СПб.: СПб ГАСУ: М.: Изд-во АСВ, 2004.

4. Боровкова Вал., Боровкова Вик., Мокин В., Пирогова О. Экономика недвижимости. – СПб.: Питер, 2007. – 416 с.: ил. – (Серия «Учебник для вузов»)

5. Фридман Дж., Ордуэй Н. Анализ и оценка приносящей доход недвижимости. – М: Дело ЛТД, 2001. – 312 с.

6. Горемыкин В.А. Экономика недвижимости: Учебник для студ. вузов/ В. А. Горемыкин. - 3-е изд., перераб. и доп. - М.: Дашков и К, 2003. – 328 с.

7. Горемыкин В.А. Недвижимость: Экономика, управление, налогообложение. М., 2006 г.

8. Максимов С.Н. Экономика недвижимости: Учебное пособие. – СПб.: Изд-во Санкт-Петербургского университета, 1999

Қосымша әдебиет:

1. Альгин А.П. Риск в предпринимательстве. – СПб., 1992

2. Альгин А.П. Риск и его роль в общественно жизни. – М.: Мысль, 1989

3. Голощапов Н.А. Недвижимость: Словарь-справочник / Н. А. Голощапов, С. И. Помазкова. - М.: ИТРК РСПП, 2000. – 424 с.

4. Горемыкин В.А., Бугулов Э.Р. Недвижимость: регистрация прав и сделок, ипотечное кредитование в схемах. М.: Филинъ, 2004. – 302 с.

5. Оценка недвижимости: учебник для студ. Вузов/ Грязнова А.Г., Федотова М.А., Агуреев Н.В. и др.; под ред. А.Г. Грязновой, М.А. Федотовой. – М.: Финансы и статистика, 2005. – 360 с.

6. Экономика недвижимости: Учеб. пособие для студ. экон. вузов и слушателей учебных программ по экономике и управлению / В. И. Ресин, Т. В. Артеменко, В. В. Григорьев и др.; Рос. экон. акд.; Под ред. В.И. Ресина. - [2-е изд.]. - М.: Дело, 2000. - 328 с.

7. Кудрвцев В.А., Кудрвцева Е.В. Основа организации ипотечного кредитовании. – М.: Высшая школа, 1998

8. Мокин В.Н. Ипотечное кредитование: Учебное пособие. – СПб.: СПбТЭИ, 2004

9. Стерник Г.М. Мировая политическая и экономическая ситуация и ее влияние на рынок недвижимости. http://www.reаltymаrket.ru

10. Тарасевич Е.И. Оценка недвижимости. – СПб.:СПбГТУ, 1997

Глоссарий

Тапсыру акті – заңдық мінез құлықтың меншік объектілеріне қатысты қолданылатын құжат. Тапсыру акті еншілес тұлғасына (ипатекалық компания немесе банкке) жерді кепілдік ретінде берілуін растайды және қарыздың өтелуіне шартты түрде кепілдікке берілуін және қарыз өтелгеннен кейін қайтарылуын қамтамасыз етеді. Қарыз алушының тарапынан міндеттемелердің өтелмеуі жағдайы туындаған кезде атқарушы тұлға қарызды компенсациялау үшін жерді сатуға құқылы.

Меншік объектісін сатып алу акті – меншік объектісінің сату сатып алу келісім шартының жасалуын растайтын заңдық құжат. Меншік объектісін сатып алу акті – меншік объектісінің сатушысы мен сатып алушысының реквизиттерін, тіркеу жүйесі құжаттарында қабылдаған меншік объектісінің мағынасын, келісім шарттың куәгерлерінің реквизиттерін құрайды.

Несие амортизациясы – қарыздың негізгі соммасы мен пайыздар бойынша ұдайы түрде төлемдер төлеу арқылы несиені өтеу процессі.

Андеррайтинг– ипотекалық несие бойынша несиелік және пайыздық тәуекелділіктің талдауы; тәуекелділік деңгейіне сәйкес несилеудің шарты мен пайыздық ставкасын тағайындау жөнінде шешім дайындау.

Жер жалы– жер иесі белгілі-бір мерзімге басқа тұлғаға (жалға алушы) өз жер телімінде шаруашылық жүргізгені үшін белгілі-бір өтемақы алу мақсатында берілетін жерді пайдаланудың нысаны.

Жалға алушы – меншік объектісін заңдық негізінде уақытша пайдалануға құқық алатын жеке немесе заңдық тұлға.

Жалдық төлем– жалгердің жалға алушыға меншік жал объектісін пайдаланғаны үшін төленетін төлемі. Ол жалдық объектінің құнынан амортизациялық аударымдар, сонымен қатар меншік объектісін (жалдық пайыз) жалпылама қажетті пайдаланудан алынған пайданың (түсімнің) бір бөлігін кірістіреді.

Жалға беруші– жылжымайтын мүлік объектісінің жеке меншік иесі немесе баланс құраушысы және келісім-шартқа сай жалгерге уақытша пайдалануға беретін жеке немесе заңды тұлға.

Жариялылық аукцион – меншік объектісін мүмкін сатып алушыларға жобалап көрсету арқылы сату әдісі. Сатудың жалпы шарты сатушымен анықталады, ал сатып алушы ретінде аукционды өткізу барысында меншік объектісін көрсету кезінде ең жоғары баға тағайындаған тұлға саналады.

Меншік объектісін бағалау негізі – бағалаудың мақсаты мен әдісі жүзеге асырылатын меншік объектісінің құндық түрі.

Баланстық құн– шаруашылық жүргізуші субъектінің (кәсіпорын) негізгі қор құны, яғни оның балансында орналасқан ұзақ мерзімді активтер. Меншік объектісін құру немесе иемденудің алғашқы құны сияқты анықталады және жинақталған қалдықты шегеріп тастаған кезде ол баланстық тізімдемесіне енгізіледі.

Негізгі қорлар балансы – белгілі-бір уақыт мерзімінде негізгі қорлардың (ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтар) түсімін, шығыстарын және шығарып тастауын білдіретін шаруашылық жүргізуші субъектісімен құрылатын баланс.

Толық жабдықталғандық– жұмыстардың жиынтығы, яғни:

-         территорияны инженерлік дайындау, жолдарды құрылыстық жағынан ұйымдастыру, коммуникациялық желілерді дамыту және сумен жабдықтауды, канализация, энергиямен жабдықтауды орнату;

-         микроклиматты жақсарту, әуе бассейнін ластанудан, ашық сулы жерлер мен жер қыртыстарын қорғау, санитарлық тазалау, шуды төмендету және т.б.

Екінші деңгейлі ипотекалық нарық– несиегерге несиені оның толық өтелу мерзімі келгенше сатуға мүмкіндік беретін алғашқы бастаулардың сату-сатып алуы жүзеге асатын нарығы.

Іріктеу (таңдау) – жалпы барлық жиынтықтар туралы қорытынды жасау үшін экономикалық объектілер немесе көрсеткіштердің іріктеліп алынған жиынтығының бір бөлігі. Іріктеу белгілі түрде, белгілі көлемде статистикалық түрде көрсетілуі тиіс, яғни зерттеліп отырған жиынтықтарды бейнелеу қажет.

Негізгі қорлардың шығып кетуі– жойылуы (тарату), жүзеге асыру, басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерге тапсыру, негізгі қорлардың құрамында тіркелген объектілердің табиғи апаттан жойылуы.

Кепіл –

-    кепілдік, міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету. Сатушы әдетте сапа кепілдігін қамтамасыз етеді, ал сатып алушы – келісім құнының төлемін ұсынады, екі жақтың келісімі бойынша келісім міндеттемелерін атқаруына кепіл адам ретінде үшінші тұлға, әдетте белгілі фирма, банк болуы мүмкін;

-    заң бойынша белгіленген, сатушының міндеті – объектінің материалдық жетіспеушілігіне және меншік объектісі қарыздық міндеттемелерден босауын және үшінші тұлғалардың меншігінде болмауына жауап береді.

Жобаның бас директоры– инвестициялық-құрылыс компаниясы, ол ипотекалық несиелендіруді жүзеге асыратын бағдарламаның жауапты атқарушысы ретінде бекітіледі және ұйым бойынша сәйкес құқықтармен үйлестірілген және банктердің, сақтандыру компаниялары мен үшінші тұлғалардың қатысуымен инвестициялық қызметті жүзеге асырады. Жобанаың бас менеджері ретінде Қор болуы мүмкін.

Бас жоспар– құрылыс объектісінің толық жабдықталуы мен жобалануы, ғимараттарды орналастыру, салу, транспорттық коммуникация, инженерлік желілер, шаруашылық және тұрмыстық қызмет көрсетудің ұйымдық жүйесі сияқты сұрақтардың жинақталып шешілуінен тұратын жобаның бөлігі болып табылады.

Бас мердігер– тапсырыс берушінің келісімімен өз қызметтерінің орындалуына отандық және шетелдік фирмаларды тарту, бірақ әрдайым делдал мердігерлердің жұмысының орындалуына жауапты болып қалады. Бас мердігер әдетте тапсырыс берушіге комплектілі құралдарды немесе объектіні жалпы беру кезінде бас жабдықтаушымен бірге жүреді.

Мемлекеттік баж салығы– жеке және заңды тұлғалардың қызығушылықтарына қатысты меншік объектісімен байланысты іс-әрекеттерді аяқтау мен құжаттарды беріліуін арнайы атқарушы мекемелерден (соттар, мемлекеттік арбитраждар, нотариальдық конторлар) мемлекетпен бекітілген тәртіп пен мөлшері бойынша ақшалай жинақтар алу.

Меншік объектісін бағалау мерзімі – ағымдағы жағдай бойынша бағалау жүргізген мерзім.

Декувер– меншік объектісінің құны мен сақтандыру нарығында қалдырған сақтандыру бағасының арасындағы айырма.

Дисконттау– меншік объектісін бағалау кезінде кең түрде қолданылатын әдіс пен инвестициялық бағдарламаларды іріктеу, оның мағынасы: әр түрлі уақытта тартылған инвестиция және белгілі мерзімде ақшалай түрде келіп түскен түсімдер мен капитал салымының орнын толтыру коэффициентін анықтау, келешекте келіп түсетін капитал салымының ағымдық құнын қалыптастыру болып табылады.

Адал жанды меншік иесі– өзінің заңға қайшы иелік етуін белгілі жағдайлар бойынша білемеген және білмейтін меншік иесі.

Сенім хат– жеке немесе заңды тұлғаға басқа тұлғаның атынан келісім-шарттардың жасалуын және басқа да құқықтық актілердің орындалуын анықтайтын құжат. Сенім хат шұғыл құжат болып табылады, оның жарамдық уақыты құжатта көрсетіледі. Сонымен қатар сенім хаттың іс-әрекет етуінің тоқтатылуы заңды тұлғаның жойылуы және заңда көрсетілген өзге де жағдайларға байланысты сенім хат берушімен тоқтатылады.

Келісім-шарт – екі жақты келісім, ол бойынша мүліктің берілуі, жұмыстың орындалуы немесе қызмет көрсетуі анықталады. Келісім-шарт өзіне кезең бойынша дамитын үш міндеттемелерді кірістіреді: шешім қабылдау, атқару және тоқтату, яғни мүлікпен байланысты мүліктік емес құқықтар мен міндеттемелердің орнатылуы, өзгертілуі және тоқтатылуы.

Қарыз алу келісім-шарты – бір жақ (қарыз беруші) екінші жаққа (қарыз алушы) иелікке ақша немесе меншік объектісін беру, ал қарыз алушы қарыз берушіге сондай ақша (қарыз соммасы) немесе өзіне алған түрі мен сапасы сәйкес келетін заттарды қайтаруға міндеттелетін келісім-шарты.

Несиелік келісім-шарт – банк немесе өзге несиелік ұйым (несие беруші) қарыз алушыға келісімде көрсетілген мөлшер мен шартқа сәйкес ақша құралының (несие) беріліуін қамтамасыз ететін, ал қарыз алушы алған ақша сомасын қайтаруға және оған пайыздарды өтеуге міндетті болатын келісім-шарт.

Тұрғын үй кешенін жалға алу келісім-шарты – бірінші жақ – тұрғын үй кешенінің иесі немесе атқарушы тұлға – екінші жаққа тұрғын үйге иелік ету және пайдаланғаны үшін төлемақы алу мақсатында тұрғын үймен қамтамасыз ету келісім-шарты.

Қарызданушы – бірінші жақ – несие беруші екінші жақтың міндетті болуына байланысты белгілі-бір іс-әрекеттің (меншік объектісінің берілуін, жұмыстың немесе қызмет көрсетудің орындалуын, қарызды төлеу) орындалуын немесе іс-әрекеттің орындалмауын талап етуге құқылы.

Еншілес меншік– пайданың, мүліктің, басқа да құндылықтарға жалпы жұмыстың қатысушылары, коллективті меншік иесі, мұрагерлердің біреуі үміткер бола алады. Жалпы жұмыстың қатысушысы еншілес қатысуымен аталатын өз меншік ресурстарын, ақшалай құралдарын салу шарасы.

Нарық сыйымдылығы- баға деңгейінің өзгеруіне сай меншік объектісінің белгілі-бір түріне мүмкін жылдық сату көлемі, ол берілген нарықта бәсекелестерді, сұраныс икемділігін, экономикалық конъюктураның өзгеруін, баға деңгейін, объектінің сапасы мен жарнамаға кеткен шығындарды зерттеп, меңгеруге байланысты.

Тұрғын үй саласы– халық шаруашылық облысы, құрамына құрылыс және тұрғын үйді қайта құру, әлеуметтік инфрақұрылым мен инженерлік элементтерді құру, тұрғын үй қорын басқару, оның сақтауы мен жөндеулері кіреді.

Тұрғын үй құқығы– азаматтық құқықтың бір бөлігі, ол тұрғын үйді қамтамасыз етудегі тәртіпті, пайдалану және орналастыру жағдайларын, сонымен бірге оны пайдалануын өзгерту мен тоқтатуды басқарады.

Тұрғын үй серіктестігі– тұрғын үй және тұрғын емес үйлердің иелерінің көпқабатты үйлерде пәтераралық баспалдақтармен, лифтермен, дәліздермен, шатырлармен, техникалық подвалдармен, пәтерден тыс инженерлік құрылғылармен, үй маңай алды территория және басқа да жалпы бірігіп пайдалану жағдайы қарастырылған заңды тұлға ретінде тіркелген серіктестік.

Тұрғын үй қоры– барлық тұрғын үй аумағының жиынтығы, меншік нысанына байланыссыз, тұрғын үйлерді қосқанда, арнайыланған үйлер (жатақхана, қонақ үйлер, панахана, маневрлік қор үйлері, қарттарға арналған үйлер, мүгедектерге, ардагерлерге арналған үйлер), пәтерлер, қызмет тұрғын үйлер, басқа да тұруға жарамды тұрғын үйлер жатады.

Мұра– заңдық нысанымен бекітілген (нотариалдық және оған теңестірілген) азаматтың өзінің өмірден өту жағдайы кезіне қатысты өз меншік объектісін орналастыруы.

Тапсырыс беруші – жеке немесе заңды тұлға, оған арналып соғылған меншік объектісі. Тапсырыс беруші мердігерге құрылыс алаңын белгілеп, құрылысты өз уақытында қаржыландыруын, жұмыстың құндылығы мен сапа көлемінің сәйкестілігіне техқадағалауы мен басқаруды жүзеге асыруды қамтамасыз ету керек.

Заңдылық иелік – меншік объектісіне нақты иелік ету, оның негізінде әкімшілік акт немесе сот шешімі бойынша кез-келген заңдық, келісім-шарт негізінде туындайтын негізгі құқықтық иелік ету.

Меншік объектісінің жойылуына шығындар – бөлшектеу, демонтаждау және басқа да меншік объектісінің жойылуымен байланысты шығындар.

Жер иеленуші – белгілі-бір жер телімін иемденуге құқығы бар жеке немесе заңды тұлға. Жерге иелік ету мен меншікті иемдену сәйкес келе бермеуі мүмкін.

Жер парцелласы– аймақта және/немесе жоспарда шектелген территория бөлігі: жер қабатының үстінгі бөлігі жер телімінің шекарасымен, белгіленген биіктігі мен әуе кеңістігінің көлемі, белгіленген тереңдігі мен жер қойнауның көлемі болып табылады.

Жерді пайдалану – заңмен белгіленген жер телімін пайдалану (совхоздар, колхоздар).

Жер құрылысы– заңдар, ережелер, сату-сатып алу нормалары, мұра ету, жер қолайлығын пайдалану.

Тозу– меншік объектілеріне оны пайдалану үрдісінде алғашқы бағасының төмендеуі.

Мүліктік құқық – заттай құқық: белгілі-бір жолмен кез-келген мүлікті пайдалану құқығы, меншік объектісін пайдаланғаны үшін пайда алу құқығы.

Инвестициялар – капиталдың, мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлеріне пайда көру мақсатында және әлеуметтік тиімділікке жетуге бағытталған ұзақ мерзімдік салымы; табыс немесе пайда табу алу үшін алынған мешік.

Инвестициялық меншік– жалдық төлем түріндегі табысты, сату-қайта сатудан түскен табысты табу үшін қолданылатын меншік.

Меншік объектісінің инвестициялық бағасы – жоба алдындағы, жобалық және құрылыс-монтаждық жұмыстарды және жобаның бас менеджерінің қызмет көрсетуі үшін төленетін шығындардың жиынтығы.

Инвестор –

- меншікке табыс табу үшін қор аударатын тұлға;

- құрылыс бастаушысы, банк оған ипотекалық несиені ұйымдастыру қызметін жүзеге асырады.

Инфрақұрылым– халық шаруашылығына қызмет көрсететін шаруашылық және қызметтер жиынтығы. Мысалы, құрылыс жүйесінің инфрақұрылымына коммуникация мен құрылыс кәсіпорындарының жұмыскерлеріне өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ететін объектілер кіреді.

Қуыну мерзімі –тұлғаның құқығы бұзылған жағдайдағы заң бойынша белгіленген тұлғаның қуынымы бойынша құқығын қорғау мерзімі.

Жер кадастрі– жердің құқықтық және шаруашылық ережесі, табиғи жағдайы жайлы жүйелендірілген заңдар жинағы. Ол жер қолайлығын, телімдердің, олардың аумағын және орналасқан жерін, конфигурациясын, жер қыртысының сапасын, жердің құндылығының бағасын кірістіреді. Кадастрда сонымен қатар берілген жердің иесін анықтау мүмкіндігі көрсетілген.

Кадастрлік түсірілім– жер учаскесі бойынша геодезикалық жұмыстар, олар жер пайдаланушылардың шекарасын және межелік белгілердің бейнеленуін, құрылысы біткен және қолайлы салынған территорияның, берік қабаттар мен көгал шөптердің бар болуы, құрылыстың мінездемесі, жер учаскесінің шекарасы бойынша сұраныстардың бар болуы немесе жоқ болуын қарастырады.

Кадастрлық жерге орналастырушылық құжаты – жер телімінің техникалық, заңдық және экономикалық мінездемелердің құжат түрінде жасау жиынтығы, ол құқық орнатушы құжаттарды жасаудың негізі болып табылады.

Капитал салымы– кәсіпорынды құру және негізгі қорларын қайта құруды инвестициялау. Нәтижесінде негізгі қорлардың ұлғаюы (құрылыс жұмыстары, монтаждық жұмыстар, құрылғыларды сатып алу, түсімдер және көпжылдық отырғызуларды өсіру) жүретін шығындар.

Кодекс – қоғам қатынастарының кез-келген облысын реттейтін синтезделген біріңғай заңдық акт.

Кондоминиум – көпқабатты үйлерде пәтераралық баспалдақтармен, лифтермен, дәліздермен, шатырлармен, техникалық подвалдармен, пәтерден тыс инженерлік құрылғылармен, үй маңай алды территория және басқа да жалпы бірігіп пайдаланатын жеке меншік мүлкінің иелерінің серіктестігі; меншіктің құқықтық нысаны, ол жеке меншік элементі және біріккен меншік элементі болып бөлінеді.

Конъюнктура – белгілі мерзімдегі экономиканың ағымдық жағдайын мінездейтін белгілердің жиынтығы, сонымен қатар нарықта қалыптасқан сұраныс пен ұсыныс, баға деңгейі, тауарлық баға, сала бойынша қоржын тапсырыс берушілері және басқа да экономикалық көрсеткіштердің арақатынасының экономикалық жағдайы.

Қарыз коэфициенті– ипотекалық қарыздың жылжымайтын меншік құнына пайыздық қатынасы (бағасы сату бағасының төменгі шекарасы бойынша немесе бағалау құнына байланысты анықталады).

Телімді салу коэффициенті – ғимарат пен жер алаңының арақатынасын көрсететін коэффициент.

Несиегер– ақшалай құрал немесе басқа да құндылықтар түрінде қарыз беруші жеке және заңды тұлға, сондай-ақ шаруашылық субъектілердің осы тұлғаға ақша құралымен қарыздар болуы.

Өтімділік – іске асырудың жеңілдігі (меншік объектілерінің қолма-қол ақшаға айналуы); нарықтың сыймдылығы және оның баға өзгеруінің сәйкес әсері болмауынан сұраныс пен ұсыныстың жылдам өзгеруін жұмсарту қабілеті.

Листинг– меншік объектісінің иеленушісі мен меншік бойынша лицензиясы бар брокер арасындағы келісім-шарт, шарт бойынша брокер меншік объектісін сату ретіндегі агент болып қызмет атқарады, ал меншік иесі брокерге комиссиялық төлемдерді төлеуге келісімін береді.

Межелеу–жерді пайдалану шекарасын белгіллеу.

Мұрагерлік – иесінің өмірден кетуіне байланысты қалдырған меншік объектісін, ақшалай құралдарды, бағалы қағаздарды, құндылықтарды және т.б. туыстық немесе мұрагерлікке қалдыру негізінде алу. Заңдық мұрагерлікке қалдыру құқығы бойынша нотариалдық контораның мұрагер иесінің тұрғылықты жері бойынша куәлікпен дайындалады.

Жылжымайтын меншік

-        заңдық ұғым, ол жылжымайтын мүлік меншік құқығының жиынтығын білдіреді, өзіне иеліктеу құқығын, пайдалану, орналастыру, басқару, иелік етуден түскен түсімді және жылжымайтын меншікті басқарудан түскен түсімді өзіне алу;

-      физикалық жылжымайтын мүлік пен оны иелік етуге құқықтың бірлігі.   Тұрғын емес үй – кез-келген мақсатта пайдаланатын, тек жеке тұлғалардың тұруы қарастырылмаған ғимарат аумағы.

Аяқталмаған құрылыс – құрылыс объектісінде құрылыс-монтаждық жұмыстардың тоқтатылуы, және объектінің белгілі уақыт мерзіміне қарай “қатуы” жүретін жағдайын білдіретін көрсеткіш.

Материалдық емес активтер – шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінде ұзақ мерзім бойы қолданылатын және табыс әкелетін активтер. Бұл – жылжымайтын мүлік объектілерін, сонымен қатар жер телімдерін, табиғи ресурстарды пайдалану құқығы. Патенттер, лицензиялар, ноу-хау, бағдарламалық өнімдер, монополиялық құқықттар және артықшылықтар (арнайы қызмет түрлеріне лицензияларды қосқанда), тауарлық маркалар және тауарлық белгілер.

Амортизация нормасы  - амортизацияның жылдық соммасының негізгі қорлардың алғашқы құнына пайыздық қатынасы.

Капитализация нормасы– жылжымайтын мүлік объектісінің нарықтық құнының оның қызмет етуінің таза табысына қатынасы.

Міндеттемелер– азаматтық құқықтық қатынас, оның күшіне бір тұлға екінші тұлғаның пайдасына белгілі-бір іс-әрекеттер жасауға міндетті болады: жылжымайтын мүлік объектісін беру, жұмысты орындау, ақшаны төлеу және т.б. немесе белгілі-бір іс-әрекеттерден бас тарту.

Жылжымайтын мүлік саласындағы объектілер қатынасы– жер телімдеріне құқық және жылжымайтын мүліктің басқа да объектілері, сонымен бірге жылжымайтын мүліктің объектісінің құқығымен байланысты туындайтын міндеттемелер.

Меншік құқығының объектілері – кәсіпорын мүліктік кешен ретінде, жер телімдері, ғимараттар, соғулар, құрылғылар, шикізат және материалдар, ақшалар, бағалы қағаздар, өндірістің, тұтынушының, әлеуметтік-мәдени және басқа да мәні бар мүлік, сонымен қатар интеллектуалды және шығармашылық еңбек өнімдері жатады.

Шектеулі міндеттемелер – жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу келісім шарттарындағы шектейтін ережелер, яғни үйдің сыртқы түрін өзгертпеу міндеттемелері, сатушының келісімінсіз еш құрылыстарды жүргізбеу, құрылыс аймағынан тыс жерде құрылысты бастамау, қауіпті қызмет түрлерін жүзеге асырмау, көршілердің жарық пен коммуникацияны пайдалану құқығына шектеу қоймау және т.б.

Жылжымайтын мүлікті бейнелеу– тіркеу құжаттарында жылжымайтын мүліктің бейнесі. Жылжымайтын мүліктің материалдық объектісін анықтау үшін қажет, жылжымайтын мүлік телімінің шекарасын белгілеу, оның аумағын есептеу, телімнің көршілер мен бір меншік иесінен екіншіге иелік етуге беру үшін қажет.

Жылжымайтын мүлікті бейнелеу – жылжымайтын мүлік нарығында айналым объектісін ерекшелеуге негіз болады, және жылжымайтын мүлік құрамын оның құраушыларын ескеруін нақты бейнелеу қажет.

Опцион –

-        ағаымдағы уақыт ішінде келісілген шарттар негізінде болашақта меншік объектісін жалға алу немесе сатып алу құқығы;

-       белгілі уақыт ішінде анықталған шарттар және белгіленген баға бойынша меншік иесінің басқа тұлғаға мүлікті сатып алуға немесе жалға алуға құқық беру;

-    альтернативтік міндеттемесін атқару әдісін таңдау мүмкіндігі;

-    екі жақтың келісілген уақыт ішінде болашақта келісім-шарт жасаудың жобаланған келісімі.

Жерді бөліп беру – белгіленген заңдық тәртіп және мөлшермен, нормативтік құқықтық құжаттармен анықталған жермен қамтамасыз ету (жер телімдері).

Оферта –

-         тендер құжаттамаларында белгіленген сауда пәнінің нақты шарты бойынша қатынасын жасау келісім-шартын ұсыну;

-        екі жақтардың біреуінен туындайтын кез-келген келісім-шарт жасау ұсынысы (сонымен бірге жобалық келісім).

Жылжымайтын мүлік бағалаушысы – мүлікті бағалау үшін дайындығы, тәжірибесі және маманданған дәрежесі бар тұлға.

Қарызды аудару– қарыз беруші келісімімен қарыз алушы алғашқы қарызданушының міндеттемелерін қолға алып, жаңа тұлғаның міндеттемелерін атқаратын келісім жасау.

Жер телімінің жоспары – жер телімінің көлденеңінен бейнеленген проекциясының нақты өлшемі мен нысандарының кішірейтілген түріндегі сызба, оның аумағы меридианға қатысты бағытталған. Контурлы түрі болады, яғни төбелердің, қоршаулардың және т.б. жергілікті рельефтердің топографиялық бейнесі.

Жағдайлық жоспары – меншік объектісінің жақын орналасқан жергілікті пунктермен, энергетикалық, жылу және сумен қамтамасыз ету көздерімен, канализация желілерімен және құрылыстармен, сонымен қатар меншік объектісінің орналасу маңайы негізгі ерекшеліктермен байланысын көрсету жоспары.

Мердігерлік саудалау– мердігердің құрылысқа тапсырыс беруді орналастыру үшін конкурс негізінде қызмет көрсету мен жұмысты орындау.

Дамуға құқық– жаңа құрылысты енгізуді қоса алғанда муниципалды органдар немесе салушылармен келісілген кез-келген құқықтар.

Құқық– мемлекетпен расталған және қорғалған жалпылама міндеттемелердің нормалық жүйесі.

Меншік құқығы– меншік иесінің өз мүлкіне иелік етуге, пайдалануға және басқару, сонымен қатар оны пайдаланғаннан түсетін табысқа иелік ету құқығы.

Жерге меншік ету құқығы – заң негізіне сәйкес өз жер телімі бар және оны сатуға, сый етінде тартуға, кепілдікке беруге немесе жалға беруге және оны басқа да жолдармен басқаруға жерлердің айналымнан шықпауы немесе айналымда шектеуі жоқ болғанына байланысты тұлғананың құқығы.

Жеке меншік құқығы– әрі бір азаматтың меншік объектісін біріңғай түрде ғана емес, басқа тұлғалармен бірге иеліктеуге, пайдалануға және басқаруға құқығының болуы. Жеке меншік мүлкі заңмен қорғалады. Оған қатысты мүлікті міндетті түрде ешкім айыра алмайды, тек соттың шешімімен ғана болады. Меншік объектісін берілуін талап ету тек мемлекеттік қажеттіліктер үшін ғана алынуы мүмкін, бірақ объектінің жобаланған және теңестірілген бағасын қайтару қажет.

Құқықтық норма– мемлекетпен расталған және қорғалатын, қоғамда жалпылама міндеттің ережесі.

Құқықтық дәреже - құқық субъектісіне жататын құқықтар мен міндеттемелердің қосындысы.

Азаматтың құқықтық қабілеттілігі – азаматтық құқықтың болу қабілеттілігі, заңда қарастырылған азаматтардың барлығы тең мойындайтын жауапкершілік жүргізу және міндеттемелерді атқару болып табылады.

Заңды тұлғаның құқықтық қабілеттілігі– заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында қарастырылған және осы қызметтермен байланысты қызметтің мақсаттарға сай келу міндеттерін атқаратын заңды тұлғаның қабілеті.

Кәсіпкерлік қызмет– жылжымайтын мүлікті пайдалану, тауарды сату, тұлғалардың қызмет көрсетуі мен жұмысты орындауынан түсетін пайда жүйесіне бағытталған, осы заңдық тәртіп бойынша бекітіліп тіркелген қызметінің тәуекелділікке бел бууы.

Тұрғын үйді жекешелендіру - азаматтардың тұрғын үйді өз еректері бойынша мемлекеттік және муниципалдық тұрғын үй қорынан, ал тұрғын үйді жалдаған азаматтар үшін тұрғын үй қарызының орналасуы бойынша тегін берілуі.

Конкурс бойынша жекешелендіру– жеке немесе заңды тұлғалардың жекешелендіру объектісіне кіретін, тұтынушылардан жекешелендіру объектісіне байланысты белгілі шарттардың орындалуы талап етілуі кезінде мемлекеттен меншік объектісін жекешелендіру немесе меншік объектісіне жал құқығын алу болып табылады. Жекешелендіру объектісін алу құқығы тұтынушының ұсынысы конкурстық шарттар мен максималды бағаны құрайтын барлық талаптарға толық сай келуі кезінде берілуі.

Меншік объектісін бағалау принциптері – жылжымайтын мүлік нарығына тән, жылжымайтын мүлік объектісінің құнына және жылжымайтын мүлікті бағалау және бағалаушыға көптеген факторлардың әсер етуін ескеретін әдістемелік ережелері.

Тұтынушылық мерзім– меншік объектісін өз мүлкі ретінде сапалы, ашық және үздіксіз он бес жыл аралығында иелік ету, немесе басқа мүлікті өз мүлкі ретінде он бес жыл аралығында иелік ету нәтижесінде осы мүліктің меншік иесі болып табылмайтын азаматтың немесе заңды тұлғаның меншікті иеленуге құқық алуы.

Жобалық-сметалық құжаттау – жаңадан соғылатын немесе соғылған объектіге жөндеулер жүргізу үшін қажетті құжаттар жиынтығы (есептеулер, сызбалар, ақша құралдарының түсімі мен шығындары және т.б). Жобалық-сметалық құжат бір жағынан объектіні құру жөніндегі құжаттар жиынтығын білдірсе, екінші жағынан келешектегі операциялардың, ақша құралдарының келіп түсуін және шығындарды жабу тәртібін бағалау құны үшін пайдаланатын қаржылық құжат.

Өнеркәсіп меншігі– өндірістік бағытқа арналған меншік объектісі, ғимараттар және құрылыстар.

Пайыздық ставка – банктердің несие берумен қамтамасыз еткені үшін алатын төлемі. Пайыздық ставка банктердің шаруашылық есебінің негізі болып табылады. Пайыздық ставканың мөлшері несиенің мөлшеріне, оның өтелу мерзіміне, жылдық төлем нормасына, ақша нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына, сонымен қатар несие мекемесі қарызгерге қарыз беруді жүзеге асыратын тәуекелділік деңгейіне байланысты болады.

Пайыздық тәуекелділік – қарыз алушылардың берілген ипотекалық несиелер, инвесторларға ипотекалық банк немесе ипотекалық делдалдар төлейтін пайыздық деңгейі арасындағы кері байланыстың туу тәуекелдігі.

Жарияланған жазбалар– мемлекеттің қолдауымен жүзеге асатын заттай тіркелген инвесторларды меншік саласында және осы инвесторларды қорғау үшін негіз болатын құжаттар жүйесі.

Рұқсатты пайдаланым - жылжымайтын мүлік обьектісі пайдаланылуға болатын, соның ішінде жер учаскесі, териториялардың зоналау және жекелеген жылжымайтын мүлік обьектілерінің мақсаттарының сарқылу тізімі.

Реверсия - жылжымайтын мүлік обьектісінің бастапқы иеленушісіне қайтарылуы.

Жеке мүлік реестрі- банк өзімен өзіндік (заңды және жеке тұлғаларға) мәліметтермен қамтамасыз ететін және жеке меншік обьектісі жайында - өндірістік орынның мүліктік кешені сияқты, ғимараттар, құрылыстардың арнайы территорияға салынатын өзіндік реестірдің құрылымдық бөлігі.

Реконструкция- жылжымайтын мүлік обьектілерінің техника-экономикалық көрсеткіштерінің негізгі өзгерістерімен байланысты жұмыстардың жиыны.

Рента- капиталдан, мүліктен немесе жерден уақытылы кіретін кіріс, мұнда кәсіпкерлік әрекетке байланыссыз болады, талап етілмейді.

Реституция– мүлікке бастапқы құқылық жағдайдың қайта берілуі; жылжымайтын мүлік обьектісінің заңды иеленушісіне қайтарылуы.

Тәуекелділік- тұрақсыздыққа немесе өзгермелікке әкеп соқтыратын құлдырау мүмкіндігі. Инвестор жылжымайтын мүлікті инвестірлеу арқылы күтілген кірісін таба алмау мүмкіндігі.

Нарық –

-       психологиялық, әлеуметтік, демографиялық және экономикалық кешенді әрекеттердің қорытындысы формаланатын және сатып алушы сұранысын дифференциалдайтын тұтынушылардың жеке сала жиыны;

-        тауардың ақшаға және керісінше ақшаның тауарға айналуы, яғни тауар ақша айналымы процесі болатын экономика саласы;

-        өндіріс экономикасының әр-түрлі аймағында болатын тауар массасының сату, сатып алумен байланысты актілер жиыны;

-        өндіріс процесінде ұйқасатын, тауар орналасуы мен айналымы, сонымен бірге баға анықтамасы, ақша қозғалысының құралы, сатушылар мен сатып алушыларға ерікті мінезделген , ресурс көздерін қолдану және құруы жайындағы экономикалық қатынастар жүйесі;

-         жұмыс күші қозғалысының және өндірістің басқа да факторлары тауарлары мен капиталының айналым саласы.

Сатып алушы нарығы- жылжымайтын мүлік обьектісін өндірушілер мен сатушылардың белгілі бағамен ұсыныстан сұраныстың жоғары болуы, соның нәтижесінде жылжымайтын мүлік обьектілеріне бағаның төмендеуі және соның нәтижесінде сатып алушылардың пайдалы шарт пен бағаға қол жеткізетіндей нарықта болатын жағдай.

Сатушы нарығы - бұл тұтынушылардың жылжымайтын мүлік обьектісін ұсынылған бағамен тұтыну сатушылардың нарықты толықтыру мүмкіншілігінен жоғары болуымен байланысты сатушылардың артықшылыққа ие болуымен байланысты нарықта болатын жағдай.

Ерікті құрылым- заңды және басқа да құқықтармен бекітілген, болмаса қажет келісімдерге рұқсатсыз немесе құрылыс нормаларының бұзу арқылы жергілікті телімінде салынған тұрғын үй, құрылыс, жылжымайтын мүлік обьектісі.

Нарық сегменті –

-         алға қойылған мақсаттарға бірдей қараушы тұтынушылар жиыны;

-        тұтынушылар тобының экономикалық әрекетте бірегей мінезделетін нарық бөлігі.

Секьюритизация– жылжымайтын мүлікті қаржыландыру кезіндегі бағалы қағаздар шығарылымы. Сонымен бірге жылжымайтын мүлік нарығында трансакционды шығындардың шегерімдері және құралдардың ликвидтық өсімі.

Құрылыс ғимараттарының сметалық бағасы- ақша құралдарының соммасы және оның пайда болуы үшін қажет жоба.

Сметалық нормативтер - жеке томға біріктірілетін сметалық комплекттің атауы, нормалар, бағалары. Заңдармен қоса өзіне қажетті талабы бар, сонымен қатар құрылыстар мен ғимараттар реконструкциясы мен сметалық құнына анықтама үшін қызмет етеді.

Сметалық бағалар - құнның сметалық шығарылымы үшін құрылыста қолданылады. Сметалық бағаның жүйесі құрылыс материалдарына орташа аймақтық құн қосуы, конструкция шығарылымы; құрылыс машиналары мен механизмдерін шығару жұмысы құны; жүк тасымалдау тарифы; құрылыс жұмысшыларының еңбекақы соммасы; жеке сметалық құн; орнықты және сырттай материалдардың өндірісі мен конструкциясы.

Жылжымайтын мүлік иегері - бекітілген заңмен жылжымайтын мүлік обьектісін қолдану мен орналастыруға иелік ету құқы бар жеке немесе заңды тұлға.

Тұрғылықты алаңның әлеуметтік нормасы - тұрғын үйге төлеу мен коммуналдық қызметке берілетін компенсация шегінде жан басына келетін тұрғылықты алаң көлемі. Мемелекеттік органдармен тұрғылықты жердің қамтамсыз етілу деңгейі, әлеуметтік қолданылудағы үйлерде тұратын жанұя құрылымына байланысты белгіленетін эквивалентті минималды көлемі.

Бастапқы баға- құрылыс монтаждық жұмыстарға кететін шығындар, жобалы ізденімді жұмыстарға кеткен шығындар, жерді иелену және қажет болған жағдайда сол аймақта тұратын халықты көшірумен байланысты шығындар, сонымен қатар құрылысты бақылайтын техникалық органдарды ұстаумен байланысты шығындардан тұратын жылжымайтын мүлік обьектісін иеленумен байланысты шығындардың сомма жиынтығы.

Титулдың сақтандыруы– үшінші жақтың бар болуы немесе жылжымайтын мүлікпен байланысты сақтандыру полисін сатып алу жолымен иеленушіге белгісіз басқа да мәселелердің болуымен байланысты иеленушінің қаржылық айырылымнан сақтануы. Титулдың сақтандыруы әлеуетті тәуекелділікті меншік иесі немесе жалға алушыдан сақтандыру компаниясына көшу.

Субаренда- жылжымайтын мүлік обьектісінің жалға беру бөлігін келесі үшінші жаққа беру, мұнда жалға алушы екінші жалға алушы ролінде бола алады, қатысады.

Меншік құқының субьектісі (жылжымайтын мүлік саласына қатысты субьектілер) - жылжымайтын мүлік обьектілерінің иелері: азаматтар, заңды тұлғалар, ҚР ұлттық күшінің қоластындағылары, ҚР субьектілері, жергілікті басқарылымның қоластындағы органдары.

Қоршалым саласы – жекелей жылжымайтын мүлік обьектілері мен анықталатын функционалды территориялар орнына жүргізілетін жалпы жоспардың жасалымдық бөлігі, орналастырылған аймақ құрылымы мен жоспарлары.

Сюрвейер– жылжымайтын мүлік дамуының және басқарымының құнына байланысты маман.

Ағымдық тапсырыс- инвестициядан инвестициялық шығындар арасындағы ағымдық ақша түсімінің қатынасы.

Тендер- бүкіл сауданың конкурстық түрде жүргізілетін нысаны. Мұнда тендерлік құжаттауда көрсетілген критерийлар бойынша өзара жарыс жүргізіледі: құрылысқа ұсыным, обьектімен басқару, сауда жүргізудегі тауарлар мен қызметтер көмегі, сондай-ақ жабық конкурс болып табылады.

Тендерлік құжаттама - бұл техникалық және коммерциялық бөлімдерден тұратын, тендерлік комитетттің атқаруымен жүргізілетін құжат.

Титулдық тізім - құрылыс обьектісінің және оның мінездемесінің тізбегі (жалпы сметалық құны және жоспарланып отырған аралық жұмысының құны, жобаның мықтылығы, құрылыс орны, жұмыстың бастапқы және ақырғы уақыты).

Инвестициялық кешен тауары - құрылыстың толығымен бітуі және функционалдыққа дайындылығы (өндірісті қоса алғанда) инвестициялық әрекет обьектісі.

Жылжымайтын мүлік обьектісінің жақсаруы- құрылыс, жерге ғимараттар салудың әсерінен пайда болатын, жер өзгерістеріне әсер ететін жердің сапалы өзгерістері.

Жылжымайтын мүлік обьектісін бағалау қызметтері – бұл бағалаушының және тапсырушының арақатынасындағы қорытындысы, сонымен қатар жылжымайтын мүлік обьектісін бағалау мақсатымен жүргізілетін бағалаушының өзіндік әрекеті.

Жылжымайтын мүлік қаржыландырылуы– иелік ету және жылжымайтын мүлік обьектісінің дамуы үшін қолданылатын қаржылық ресурстар. Жылжымайтын мүлік обьектісін жасау кезінде және жылжымайтын мүлік обьектісін иелік ету немесе қаржылық ресурстардың ұзақ мерзімдік кепілге берілетін ұзақ мерзімді және қаржылық иелік ету мен қаржылық ресурстарды пайдалану.

Тұрғылықты эмитент сертификаты- ҚР территориясында тіркелген,тұрғын мүлкі құрылысын пайдалануға құқылы, берілген тәртіппен тұрғын үй құрылысын салуға және оның жобалық құжатына, құралдар обьектісін иелендіре алатын, сондай-ақ заңды түрде барлық құқықтарға ие заңды тұлға.

Эскроу– анықталып болғаннан кейін берілу шартымен берілетін, содан кейін өз күшіне енетін қол қойылған және мөрмен бекітілген құжат. Құжаттарды дайындау және өз күшіне енген аралықта ғана заңды түрде үшінші жаққа беріледі. Үшінші жақтың жылжымайтын мүлік обьектісін келісім шарт жүргізуді арнайыландырылған кәсіпорын және эскро қызмет атқарушысы б.т. Эскроу счеті құралдардың депинерлеуі үшін және салықтар төлеу мен сақтандырулар үшін қолданылатын ипотекалық несиелеу.

Жылжымайтын мүлікті бағалаушының этикасы жылжымайтын мүлікті бағалау кезіндегі бағалаушының этикалық ережелері мен жүргізу нормаларының қарым қатынасы.

Заңды кадастр – иеленушінің құқыққа ие болу жайындағы және жүйленген, актуалды жағдайдағы куәлігі және жылжымайтын мүлік обьектісіне құқық берілетін құжат.