Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
арашыана дипломы жмыс (Абдиралиев Санат).docx
Скачиваний:
155
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.11 Mб
Скачать

2. Техника-технологиялық бөлім

2.1. Игерудің технологиялық көрсеткіштік жүйесі

2.1.1. Игеру объектісін таңдау

«Қарашығанақ» мұнайгаз кен орны 1965 жылы К-46 іздеу ұңғымасының ашық оқпанын 250-263 м интервалында сынақтан өткізгенде 698 мың. м3/тәу сұйық 16 мм штуцер алынғанда ашылды. Қабат қысымы 50,4 Мпа құрады. Өнімді қабаттың табаны ұңғымен толық ашылған жоқ. Кен орнын игеруді жылдамдату үшін шешімімен барлауды әдісті-өнеркәсіптік пайдаланумен біріктіру қабылданды. Барлау және ВНИИмұнайдың қорды есептеу мәліметтерін негізінде Орал НИПИ-пен бірге 1975 жылы «Қарашығанақ мұнайгаз кен орнын тәжірибелі-өнеркәсіптік пайдалану жобасы» жасалынды.

1983 жылы конденсат, газ, мұнай қорларын оперативті есептеу жүргізілді. Кен орны өлшемі (15*30 км.) газ, конденсат, және мұнай қорларының мөлшері бойынша өте сирек кездесетін кен орны болса, сондай-ақ сақталған сұйық қордың геологиялық құрылымының өзгешелігі бойынша өте күрделі болып табылады.

1984 жылы Бүкілодақтық газ бойынша ғылыми-зерттеу институты (ҰБҒЗИГаз) құрастырған тәжірибелі - өнеркәсіптік пайдалану жобасы 1985 жылы КСРО газ өнеркәсібі Министрлігімен бекітілді. 1984 жылдың қараша айында-ақ кен орынды тәжірибелі - өнеркәсіптік пайдалану басталды.

1988 жылы «Оралмұнайгазгеология» өндірістік-геологиялық бірлестігінің 42-ші іздеу-барлау және 48-ші пайдалану ұңғыларын бұрғылау нәтижелері бойынша КСРО-ның қор бойынша мемлекеттік комитетіне 1988 жылдың 1- тамызындағы күйі бойынша мұнай, конденсат, газ және бірге болатын компоненттері қорын есептеп, тиянақты санақ нысаны тапсырылды. КСРО қор бойынша мемлекеттік комитетімен бекітілген.

Кен орнында үш пайдалану объектісі белгіленген: І және ІІ – газ конденсатты және ІІІ – мұнай бөлігі. Тереңдеген сайын конденсат мөлшері ұлғаяды.

Тәжірибелі-өнеркәсіптік пайдалануды бастағанға дейін кен орны 4200 метрден 55 МПа белгісін құраған жоғары қабаттық қысыммен сипатталған. Өнімді тілік шегіндегі қабат температурасы қабаттың жамылтқы бетінде +70,5°С-тан газбен сұйықтық жапсарындағы 82°С-қа дейін өзгереді.

Тәжірибелі-өнеркәсіптік пайдаланудың алғашқы жылдарында жалпы конденсат мөлшері көп кен орны ұтымды игеру принциптеріне сәйкес келмейтін, көбінесе игерудің бірінші объектісінің өнімді шөгінділері өңделді. Осыған байланысты 1987 жылдан бастап игерудің екінші объектісін басымырақ пайдалануға көшуді іске асырып, ал 1989 жылдан үшінші объектіні қатыстыра бастады.

Кен орнының орталық бөлігіндегі игерудің үшінші объектісіндегі өнімді шөгінділер қалыңдығының болымсыздығын және мұнай шығымының аздығын ескере отырып, ұңғылар екінші және үшінші объектілердің бірлесіп ашуына салынды. Мұнай объектісінің жоғары қалыңдығымен немесе айдамалау ретінде бұрғыланған ұңғыларға, әрбір ашылған объектіден өндіріп, іріктеуді басқаруды қамтамасыз ететін екі пакер орнатылды. Қазіргі уақытта конденсаттың түсуінің алдын алу үшін тәжірибелі-өнеркәсітік пайдаланудың басынан 1988 жылға дейін жұмыс істеген және конденсацияның бастапқы қысымына жеткен ұңғылар қорын толығымен ауыстырған.

Негізгі мұнай өрісінің таралу зонасында (солтүстік-шығыс, батыс және оңтүстік) бұрғыланған ұңғылар өңдеуге кірмейді және Орал газ өңдеу зауытының құрылысында дейін тоқтатылып қойылады.

1991 жылдан бастап кен орнын игеру “Тәжірибелі-өнеркәсіптік пайдаланудың аңықталған жобасының” 1-Б нұсқасы бойынша, яғни кен орнының орталық бөлігінде сайклинг – процесті пайдалану жалғасып келеді. Онымен қоса, айқын әртекті өнімді қоюлыққа құрғақ газды айдауды ұйымдастырудың қиындығын түсіне отырып, жобада ашылған өнімді шөгінділерден газды өндіруді қамту коэффициентін арттыру бойынша айқын шешімдер алынған. Бұл шараны 1993 жалдан бастау жоспарланған, бірақ кейбір себептер бойынша сайклинг – процесті еңгізу кейінге қалдырылды.

1995 жылдан игеруді конденсацияның басындағы технологиялық шектеулердің сақталуымен табиғи азаю режимінде кен орнын игеруді қарастыратын, айқын жобаның 3-А нұсқасы бойынша іске асыру туралы, шешім қабылдады.

Объектілерді пайдалану үшін айдайтын және пайдалану ұңғыларының дербес тармақтары қарастырылады. Игерудің қабат қысымын ұстаумен нұсқасын жүзеге асыру кезінде, айдайтын ұңғылардың төрт тармағы жобаланды: бірінші объектіге, екінші объектіге, екінші мен үшінші объектіге және үшінші объектіге.

Бірінші объектіге ұңғыларды орналастыру басқа тармақтардағы ұңғылардың орналасуынан байланыссыз түрде жүргізілді. Бірінші объектінің айдайтын ұңғылары екі параллель желі бойынша, жоғары өнімділікпен сипатталатын пермдік екі күмбездің білік сызығын бойлай орналасқан.

Өнім жаңа ұңғылардың қатарға қосылуына қарай ұдайы артып отырды және 1990 жылы көмірсутектерінің тұрақты өнімділігіне жетті. Тұрақты деңгей біртіндеп төмендеу басталған 1992 жылдың ортасына дейін 2 жұмысында үзілмей тұрды.

Сұйықтық пен газ өндіру қарқыны 1994 жылы түсті. Мұндай төмендеу үшін бірқатар себептер болды, олардың ішінде ұңғылардағы техникалық мәселелер және жағдайды түзеу үшін қаржының жетіспеушігі болды, сонымен қатар, қысым қабаты қазір қабылданған шық нүктесі қысымына жақындағандықтан ұңғылар тоқтатылды. Өндіруге тағы Орынбор газ өңдеу зауыты мен Ресейлік мұнай өңдеу зауыты белгілеген өнімді шектеулер де әсер етті. 1994 жылдан бастап өнім мердігерлер атқарған, ұңғыларды күрделі жөндеу және жаңа құрама желілерін орнату арқасында ішінара біртіндеп өсе бастады. 1996 жылы өндіру қарқынның қайтадан төмендеуі толығымен Орынбор тағайындаған шектеулермен түсінділіріледі.

Тәжірибелі - өнеркәсіптік пайдалануды іске асыру процесінде оны игеру үрдісінде көмірсутекті жүйе тәртібінің сипатын неғұрлым толық бағалауға мүмкіндік бере алатын техникалық шешімдер орындалмады:

  • 1990 жылы тәжірибелі - өнеркәіптік пайдалану жобасына сәйкес: бірінші объект бойынша – 7,2 млрд.м3, екінші объект бойынша – 5,4 млрд.м3 құрау керек болатын құрғақ газды өндіру басталмады;

  • 1988 жылы мұнай жиегін сынама пайдалану жобасы және мұнай өңдеу, жинау, дайындау, тасымалдайдың дербес үлгілерін құру жасалмады;

  • ұңғылардың өнімділігін арттыратын жаңа технологияларды игеру және еңгізу қамтамасыз етілмеді;

  • пайдалану ұңғыларын бұрғылау кезінде объектілер арасындағы сұйықтық тіректер мен коллекторларды (сұйық затты бойына сіңіруші тау жынысы) сүзгілі – ыдысты қасиеттерін егжей – тегжейлі үйрену үшін үлгі тасты таңдап іріктеу жүргізілмеді;

  • бірнеше қабатты бірге пайдалану кезінде өндірілген өнімді объектілер арасында берік таратып бөлу қамтамасыз етілмеді;

  • ағыс клапандарын пайдалана отырып аралық бойынша және көбекті – спиртті – тұзды қышқыл өңдеуіне бағытталған технологияларды қолдану бойынша тәжірибе жұмыстары жүргізілмеді.

Осы уақытқа дейін әр түрлі себептер бойынша сайклинг – процесс басталмады, ал кен орнын игеру Қарашығанақ мұнай – газ конденсатты кен орнының, “Тәжірибелі - өнеркәсіптік пайдаланудың айқын жобасының” 3 – А нұсқасына (1991 жыл) сәйкес келетін, конденсациясының басындағы, қысымнан қабат қысымының төмен түсуіне жол бермеуі бойынша технологиялық шектеулердің сақталуымен табиғи азаю режимінде кен орнын игеру жалғастырылып келеді.

Сонымен бірге, ағылшын және итальяндық “Бритиш Газ” және “Аджип” клмпанияларымен экономикалық, техникалық, коммерциялық және басқа мәселелерді талқылауды аяқтайтын басты келісімге қол қойылды. Ол Қарашығанақта өздерінің мұнай өңдеу және мұнай өңдеу зауыттарын салу қамтиды.