Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
арашыана дипломы жмыс (Абдиралиев Санат).docx
Скачиваний:
155
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.11 Mб
Скачать

1.3 Стратиграфия

Жоспарланып жұмыс жасалынып жатқан жерде ең ескі ашылған шөгінді болып төменгі девон шөгіндісі табылады (скв 15, Д-5) (1.2-сурет).

Төменде орналасқан шөгінділер Бузулук ойпаты, Шығыс-Орынбор және Соль-Илецк тұз күмбездері аудандарына байланысты бөлінеді.

Кристалды іргетас

Шығыс-Орынбор тұз күбезі маңайларында іргетас 4.1 км тереңдігінде ашылған (Землянская ауданы). Соль-Илецк тұз күбезінде (Росточинская), Бузулук ойпатында (Зайкинская) 4,5 - 4,7 км тереңдікте, ал Булатов дөңесінде 5260 м тереңдікте (П - 9 Чинаревская ұңғысы) ашылған.

Іргетас гранитті жыныстардан құралған, оның жасы архейлік-ортапротерозойлық.

Сейсмобарлау нәтижесіне қарай отырып, жоспарланған жұмыс орындарында іргетас жату жадайы (горизонт «ф») шамамен 7-9 км құрайды.

Жоғары протерозой тобы - PR

Жергілікті таралу осы ауданды екі үлкен комплекс рифей және венд комплекстерінен тұрады.

Рифей комплексі Волга-Урал антиклизасында архей протерезой магмамоторфтық жынысты іргетастан тұратын массивтерін бөліп жатқан опырықтарда (грабен) дамыған.

Рифей шөгінділері 300-400 м тереңдікте Үлкен Өзен, Рожков, Землянская аудандарында ашылған. Комплекстің қалыңдығы қолда бар сейсмоборлар деректеріне сүйенсек 1000 м шамасында.

Венд терригенді комплексі бұрғылау арқылы Шығыс-Орынбор тұз күмбезі маңында ашылған. Комплекстің қалыңдығы 600-800 м құрайды. Шөгінділер іргетас трансагрессивті жатқан немесе рифей шөгіндісі сұры түсті құмтастармен және аргилиттермен қосылған карбонатты жыныстар қабықшаларынан тұрады.

Қарашығанақ ауданында сейсмобарлау нәтижесіне байланысты фундаментпен және қарастырылған «П» горизонтының арасы 2 км-ге жетеді. Бұл жоспарланған қимада тек девон ғана емес және де көптеген ескі, соның ішінде рифей-вендтік шөгінділердің бар екендігін дәлелдеуге болатын шешімдер шығаруға негіз бола алады.

Палеозой тобы - PZ

Ордовик шөгіндісі Шығыс-Орынбор тұз күмбезінің шығысында және оңтүстігінде, Соль-Илецк тұз күмбезі маңында және оларды бөліп тұрған ойпатта анықталған. Табылған шөгіндінің максималды қалыңдығы ұңғы 1 арқылы ашылған.

Қызыл Яр, Соль-Илецк тұз күбізінің көлденең тұсында ордовик шөгінділерінің скважиналары 2020 м-ден асып және толық қуатымен оларды әлі ашып үлгерген жоқ. Шығыс-Орынбор тұз күмбезінің оңтүстігінде және шығысында да силур шөгіндісі ашылған, оны максималды қалыңдығы 40 м-ді құрайды.

Төменгі палеозой шөгіндісі тығыз құмтастардан және сұр түсті аргилиттерден құралған.

Қарашығанақ ауданының қимасында шамамен 1000 м қалыңдығындағы төменгі палеозой шөгінділерінің бар екендігін мөлшерлеуге болады.

Қарашығанақ кен орнында терең бұрғылау кезінде тұз асты, тұзды, тұз үсті кешендерінің шөгінділері ашылған.

Девон жүйесі - D

Девон шөгінділері орта және жоғарғы бөлімдерімен берілген. Орта бөлімі: Ортадевон шөгінділері эйфель және живет ярустары көлемінде бірлік ұңғыларымен (15, Д5) ашылған. Эйфел ярусы төменгі жағында аргеллит қара, жоғары қарай ізбестас және тығыс, микро жіңішке қабатшалы аргелликтер. Ярустың ашылған қалыңдығы 59 метр. Живет ярусы – қалыңдығы 64 метр. Жоғарғы бөлім: Жоғарыдевон шөгінділері тек фамен ярусымен берілген.

Төменгі девон - D1

Жоспардың уақытын құрастыру үшін тек бір ғана іздеу ұңғымасы Д-5-пен ерте девон жасындағы шөгінділерді ашқан.

6245-6248 м интервалынан алынған керн аргилиттен және қара-сұр түстен құралған.

Төменгі девон шөгіндісі шамамен 30 м қашықтықты құрайды.

Орта девон – D2

Живет ярусы шөгінділері қара-сұры тіпті қара әктастардан жиі органогенді аргилиттерден құралған. Сонымен қатар қиманың жоғары жағында 3 мм жететін ашық-сұр ұсақ кристалды әктастар қабықша ретінде орналасқан.

Жоғарғы девон – D3

Төменгі-орта фаменді бөлшектенбеген шөгінділер стратиграфиялық үзілістермен орта девон шөгінділерін жауып жатыр. Нақты толық қима 15-ұңғымасында зерттелген. Бұнда сұр және қара - сұр органогенді түйіршікті әктастар және қара түсті ұсақ кристалды доломиттер қабықша ретінде кездеседі.

Әктастарда көп мүшелі бір камералы фораминиферлер, криойд мүшелерінің кесектері кездеседі. Ерте-орта фамен ярусы бір камералық форминифер комплексі бойынша тұрақталады.

Максимал қалыңдығы 368 м (ұңғыма 15).

Жоғары фоменді шөгінділер келісім бойынша төменгі-орта фамен шөгінділерін жауып жатыр. Олар орталық батыс және шығыс бөліктерінен кристалды әктастар бар жерлерінен ашылған. Тек кен орнының оңтүстік бөлігінде әктастар қосымша мәнде есептелінеді.

Таскөмір жүйесі - C

Төменгі бөлімі жоғары фамен шөгінділерінде турней ярусымен берілген. Қалыңдығы 80 метр. Орта бөлімі краснополян горизонтымен берілген. Қалыңдығы 9 дан 55 метрге дейін.

Пермь жүйесі - Р

Пермь жүйесі ұңғылармен ашылған қиманың негізгі бөлігін алып жатыр. Төменгі бөлімі: Ассель ярусы (известняк, доломит), қалыңдығы 290-390 метр. Сакмар ярусы 5-25 метр, Артин ярусы 15-280 метрге дейін, Кунгур ярусы: төменгісі ангидритті 4-20-ден 300 метрге дейін. Жоғарғысыныңқалыңдығы 3178 метрге дейін. Жоғарғы бөлімі: Уфим ярусының шөгінділері (84-1252 метр), Қазан ярусы: төменгі литологиялық пачка қалыңдығы 138-299 метр, жоғарғысы 192-1118 метр, Татар ярусы 700-1925 метр.

Пермь жасының шөгінділері кен орны аумағының стратиграфиялық үзілісті таскөмірде орналасқан. Пермь жүйесі төменгі карбонат, орта тұзды және жоғары терригенді қалыңдықтардан құралған.

Төменгі бөлімі – Р1

Бұл бөлімнің құрамында ассель, сакмар, артин және кунгур ярустарын ашып зерттейміз.

Асссель ярусы – үш түрлі қима негізінде құралған.

Бірінші – биогермді әктас. Екіншісі – дөңес биоморфты-детритті әктастар. Үшіншісі – терең сулы, қара битуминозды жыныстар. Ассельде шөгінділердің максималды қалыңдығы 557 м-ге дейін жетеді, дөңес түрі 42-ден 216м-ге дейін барады. Терең сулы ассельді артин шөгінділерінің жалпы қалыңдығы 20 м-ден 40м-ге дейін болатындары ярустарға бөлінбейді.

Сакмар ярусы рифті фацияларында сұры әктастардан, дөңес түрлерінде органогенді детритті және пемитаморфты әктастардан тұрады. Бірінші түрінің қалыңдығы 23-тен 30 м-ге дейін, ал екіншісінікі 15-тен 56 м-ге дейін ұзарады.

Артин ярусы рифті және дөңес қималар негізінде екі подярусқа бөлінеді: төменгі және жоғарғы артиндік болып. Біріншісі екі түрлі рифтің қимасынан (биоморфно-детриттік әктастар) және дөңес түріндегі (екінші даламиттер). Бұлардың қалыңдығы 90 м-ге дейін жетеді. Екіншісі литологиясы жағынан бірінші подярусқа ұқсас. Артин шөгінділерінің биогенді түрінің қалыңдығы 143-тен 303 м-ге дейін, ал дөңес түрінде 5-тен 217 м-ге дейін өзгереді.

Конгур ярусы толық қималарының төменгі қабаттарында карбонат сульфатты сұры, көкшіл сұры ангидриттер доломит қабықшаларымен, жоғарғы жағында тұзды тас тұздарымен және тұзды терригенді жыныстармен құрастырылған. Алғашқысының қалыңдығы 1-ден 300 м шамасында, ал тұзды шөгінділер 172-ден 3028 м-ге дейін ұзарады.

Жоғарғы бөлім – Р3

Бөлімнің шөгінділері уфимдік, қазандық және татар ярустары белгілі шарттармен анықталған. Олар қызғылт, қоңыр сұры саздармен және тұз, гипс, ангидрит ұяшықтарымен көмкерілген. Уфим ярусының қалыңдығы 84-тен 1630 м-ге дейінгі қашықтықта. Қазан ярусы 138-ден 180 м-ге дейін, ал татар ярусы 700-ден 1925 м-ге дейін ұзарады.

Мезозой тобы - MZ

Триас жүйесі - Т

Триас жүйесінің шөгінділері жыныстың терригенді қалыңдығымен, ұсақ бөлшектерге бөлінбейтін қасиетіне ие. Бұлар – қызыл-қоңыр түсті саздар, песчаниктер және алевролиттер.

Триас шөгінділерінің қалыңдығы 1068 - 2040 метр, Қарашығанақ күмбезінде 60 - 578 метрге дейін азаяды.

Юра жүйесі - J

Юра жүйесінің шөгінділері: орта бөлімі (песчанник, құм, саз, құмтас) – 121-392 метр; жоғарғы бөлімі: Волж ярусы (сазды мергель, фосфорит) шөгінділер қалыңдығы 53 - 132 метр.

Бор жүйесі - K

Бор жүйесінің шөгінділері: төменгі бөлім – валонянин, готерев, баррем және апт ярустарымен берілген. Волонянин-готорев ярусының қалыңдығы 13-44 метр (саз, мергель және фосфорит). Баррем ярусы (қара саз, мергель, сидерит) – 24-80 метр. Апт ярусы (қара саз, сидерит, мергель, фосфориттары бар құм тастар), қалыңдығы 76 метр.

Неоген жүйесі - N

Неоген жүйесі жоғары бөліммен (плиоцен) берілген, оның шөгінділерінің қалыңдығы 20-125 метр (сұр саз, құм, құм тастар, алевролит).

Төрттік жүйесі - Q

Төрттік жүйесінің шөгінділері (суглинка, супесь, құм, галечник, саз), қалыңдығы 8-20 метр.

Жүйе

Бөлім

Ярус

Горизонт

Қабат

Өнімді объект

Жоғарғы2)

Татар 2 t)

Казан (Р2 kz)

Кунгур (Р1 k)

Ирень

Филиппов

Пермь (Р)

Төменгі (Р1)

Артин (Р1 ar)

1

2

Объект I

Сакмар (Р1 s)

3

Ассель (Р1 a)

4

5

Жоғарғы (C3)

Гжель (C3g)

Касимов (C3k)

Москва (C2m)

Прикамск

Таскөмір (C)

Орта2)

Башкир (С2 b)

Северокамск

6

Объект II

Краснополянскй

Төменгі1)

Серпухов (С1 s)

Вознесенск

Запалтубинскй

Протвинскй

7

Стешевскй

8

9

Таруск

10

11

12

Визей (С1 v)

Веневск

13

Объект III

Михайловск

14

Алексинск

Тульск

15

Бобриковск

Радаевск

Косвинск

Кизелевск

Черепетск

Турней (С1 t)

Упинск

16

Объект III

Малевск

Гумеровск

Зиганск

Жоғарғы (D3)

Фамен (D3 fm)

Заволжск

17

Объект III

Лебедианск

Задонск

Франск (D3 f)

Девон (D)

Орта (D2)

Живет (D2 g)

Эйфель (D2 ef)

Төменгі (D1)

Эм (D1e)

Зиген (D1zg)

Жедин (D1z)

  • Оқшаулауыш қабат

Қабаттардың сәйкессіздігі

1.2-сурет Қарашығанақ кен орынның литологиялық тізбегі

1 – стратиграфиялық шекаралар; а – сәйкестелген, б – сәйкестелмеген; 2 – маржанды әктастар; 3 – әктастар; 4 – сазы әктастар; 5 – ангидриттер мен доломиттердің қабаттасуы; 6 – тұзды тау жыныстар; 7 – әктаспен қатпарланған аргиллитер; 8 – протерозойлы-ерте палеозойлы терегенді жыныстар; 9 – гравилиттер; 10 – іргетасты жыныстар; 11 – кен орындар: а – газ-конденсатты; б – мұнайлы; 12 – жарықтар; 13 – ұңғылар: а – бұрғыланған; б – бұрғылауға жоспарланған; 14 – ВНИГНИ ұсынған ұңғылар.

1.4-сурет – Қарашығанақ мұнайгазконденсат кен орынның геологиялық қимасы.