Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
арашыана дипломы жмыс (Абдиралиев Санат).docx
Скачиваний:
155
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.11 Mб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе 6

1. Геологиялық бөлім 8

1.1. Кен орын туралы жалпы мәліметтер 8

1.2. Ашылу тарихы және кен орынның игерілуіне қысқаша 9

1.3. Стратиграфия 10

1.4. Тектоника 16

1.5. Мұнайгаздылығы 16

1.5.1. Өнімді объектілердің коллекторлық қасиеттері 18

1.6. Гидрогеологиялық мінездеме 19

1.7. Газ, конденсат және мұнайдың физикалық, химиялық қасиеттері 20

1.7.1. Қабаттағы газ-конденсат қасиеттері 20

1.7.2. Қабаттағы мұнай қасиеттері 24

1.8. Мұнай мен газдың қорлары 27

2 Техника-технологиялық бөлім 29

2.1. Игерудің технологиялық көрсеткіштік жүйесі 29

2.1.1. Игеру объектісін таңдау 29

2.1.2. Пайдалану ұңғыларының орналасу анализі 31

2.1.3. Кен орындарын игеру режимі 33

2.1.4. 01.01.10ж игерілген кен орындарының жағдайын және реттелуін

бақылау37

2.2. Қабаттағы көмірсутекке әсер ету әдістері39

2.3. Өндірудің техникаға арналған таңдауы және белгілері41

2.4. Технологиялық көрсеткіштердің, ұңғыма қорының структурасының және олардың қазіргі дебиттерінің анализі43

2.5. Мұнай және газды игерудің технологиясы 47

2.6. Ұңғымаларды пайдалану түрлерінің көрсеткіштерінің мінездемесі 52

2.7. Ұңғымаларды пайдалану кезінде қиындықтармен күресу және оны алдын-алу жөніндегі салтанатты іс-шаралар 55

2.8. Ұңғы өнімдерін жинау жүйесінде және кәсіпшіліктік дайындауға қойылатын талаптары мен кеңестер 60

3. Арнайы бөлім 65

3.1. Eclipse-300 симуляциялық модельге қысқаша түсінік65

3.2. Қабат моделінің геолого-физикалық сипаттамасы және игеру нұсқалары66

3.3. Симуляциялық модель68

3.4. Симуляциялық моделде қолданылатын командалар мен мәліметтер69

3.4.1 Eclipse бағдарламасының құрылымы69

3.4.2. Қарашығанақ мұнай-газ-конденсат кен орынның қайта газ айдау әдісі арқылы қабат қысымын ұстау үшін жазылған бағдарлама коды 70

3.5. Қабатқа қайта газ айдау арқылы қабат қысымын ұстау мақсатында моделдеу кезінде алынған мәліметер 72

4. Экономикалық бөлім 75

4.1. Ұңғыманы игерудің технико-экономикалық көрсеткіштері 75

4.2. Экономикалық тиімділік есебі 84

5. Еңбек және қоршаған ортаны қорғау 88

5.1. газды және газды-конденсатты ұңғыларын пайдалану кезінде

еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету 88

5.2 Еңбекті қорғау туралы заңнаманың негізгі ережелері89

5.3 АҚ «ҚПО б.в.» компаниясындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті

қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру90

5.4. Компания аумағында, өндірістік және қосалқы орын жайларында

жұмыс істейтіндердің тәртіптік қылықтарының жалпы ережелері 91

5.5. Негізгі қауіпті және зиянды факторлар 91

5.6. Жазатайым жағдайлар мен кәсіптік аурулардың алдын алу әдістері

және құралдары 93

5.7. Электрмен жарақаттанудың алдын алу жөніндегі негізгі талаптар 93

5.8. Жеке қорғаныс құралдары. Жеке қорғаныс құралдарын берудің тәртібі

мен нормалары. Пайдалану мерзімі94

5.9. Өрт қауіпсіздігі. Өрттерді, жарылыстарды, аварияларды, болдырмаудың әдістері мен құралдары. Олар туындаған жағдайдағы қызметкерлер құрамының іс-қимылы 94

6. Қоршаған ортаны қорғау бөлімі 96

6.1. Қоршаған ортаны қорғауды анықтайтын негізгі нормативтік және

құқықтық құжаттар 96

6.2. Қоршаған ортаға тасымалдау және газ-мұнай өңдеу технологиясы

әсерінің негізгі факторлары 97

6.3. Атмосфераның ластаушы көздері ретінде технологиялық үрдістердің анализі 99

6.3.1. Атмосфералық ауаны қорғау 100

6.4. Су қорларын ластау көздері 101

6.4.1. Су қорларын қорғау 103

6.5. Топыраққа және жер қойнауына әсер етуі 105

6.5.1 Жер қойнауын қорғау 106

6.6. Қоршаған ортаны қорғау шараларын ұйымдастыру 109

6.7. Санитарлы-қорғау аймағы (СҚА) 109

6.8. Қоршаған ортаның жағдайын бақылау және алдын-алу шаралары 110

Қорытынды 111

Қолданылған әдебиеттер тізімі 112

Қосымша

Кіріспе

Қазақстан бұрынғы ТМД елдері ішінен мұнай өндіру жағынан Ресейден кейінгі екінші орынды иеленіп отыр. 2000 жылғы өнім күніне 693000 баррель болды. Өндірілген мұнай-газдың жартысынан көбі 3 ірі кен орындарынан өндіріледі. Олар: Тенгиз, Өзен және Қарашығанақ. «Қазақойл» компаниясының бастығы Нұрлан Балгимбаевтың тұжырымы бойынша Қазақстан келесі 40 жыл ішінде мұнай және газ кенорындарынан 700 миллиард доллар кіріс (салықтарды қосқанда) таба алады.

Қарашығанақ дүние жузіндегі ең ірі газоконденсат кен орындарының бірі. Кенорнына 4,3 миллиард долларға жуық инвестициялар салынған. Бұл қазіргі кезге Қазақстандағы ең ірі жоба болып табылады. Кен орнын төрт шетел компаниялары дамытуда. Атап айтқанда, Ұлыбритандық «BG Group», Италияндық «Eni» компанияларының үлесі 32,5 % құраса, Американдық «Chevron» компанисы–20 %, ал Ресейдің «LUKOIL» компанисы 15 %-ті құрайды. Осы төрт компания бірігіп «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» бірлестігін құрады.

Басқа кенорындардың операторларына қарағанда (мысалы, Тенгиз кен орнындағы «Chevron» компаниясының мұнай өндіру барысындағы қоршаған ортаға тигізген зиянды әсері) Қарашығанақтың даму тарихы сәтті болып табылады.

Дегенмен, жеткен жетістіктер мен сәттіліктерге қарамастан, Қарашығанақ кен орнында әлі де көптеген қиыншылықтар да бар, шешуге тиісті мәселелер де көп.

Ең басты мәселенің бірі кенорнының географиялық орналасу жағдайы болып отыр. Себебі кен орнынан өндірілген табиғи газды үлестіру мүмкіндігі шектеулі. Бұны шешудің бір ғана жолы – Ресейдің тасымалдау жүйесі арқылы экспортқа шығу және Орынбордағы газды даярлау зауытына жіберу. Қазіргі кезде «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясы өндіріп жатқан газды «КазРосГаз» компаниясына сатуда. «КазРосГаз» компаниясы Ресейдің «Газпром» және Қазақстанның «ҚазМұнайГаз» компанияларының бірлесуі нәтижесінде құрылған бірлестік. «КазРосГаз» компаниясы сатып алған газды Оренбургке экспортқа шығарып, әрі қарай Ресейдің газ тасымалдау жуйесі арқылы баска да қалаларға жібереді. Бұл «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясың басқа альтернативалардың тапшылығынан әлсіз позицияға әкеліп отыр. Осылайша компания өндірген газды Батыс Еуропа елдеріне сата алмай, «КазРосГаз» компаниясына арзанырақ (Еуропа елдерінің бағаларына қарағанда) бағамен сатуға мәжбүр болып отыр.

Кен орны Каспий маңы ойпатының солтүстік өңір алқабында орналасқан. Газконденсатты кеніш төменгі пермдік және таскөмір карбонатты пайда болулардың қуатты кешеніне тураланған. Сонымен қатар, мөлшері бойынша шамалы филлиповтык қатардың үстіндегі кеніштер мен ортадевондық шөгінділердегі жеңіл мұнай кеніші анықталды.

1983 жылы конденсат, газ, мұнай қорларын оперативті есептеу жүргізілді. Кен орны өлшемі (15×30 км) газ, конденсат және мұнай қорларының мөлшері бойынша өте сирек кездесетін кен орны болса, сондай-ақ сақталған сұйық қордың геологиялық құрылымның өзгешелігі бойынша өте күрделі болып табылады.

Тағы бір қиыншылық кен орнының құрылысына байланысты туындап отыр. Қарашығанақ газконденсатты кен орны болғандықтан, сұйық көмірсуларды өндіріп даярлау мәселесі қарастырылу қажет. Бұл өнімді КТК құбыр жүйесі арқылы Батыс елдеріне жеткізіп сатуға мүмкіндік береді.

«Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясы өнім көлемі азая басталғандығынан өндірілген газдың альтернативті қолданылу жолдарын іздестіре бастады.

Бірінші жол – белгілі бір газ көлемін (жылына 6 миллиард м3 газ) қайта жер астына жіберу арқылы қысымды керек қалыпта ұстап тұру, нәтижесінде сұйық көмірсуларды өндіру. Бұл техниканы жүзеге асыру арқылы шығымды

20 %-ке арттыруға болады.

Қарашығанақ кен орынның 2-игеру фазасы бойынша Қарашығанақ өндеу комплексінде төртінші технологиялық желінің құрылысы басталды. Төртінші технологиялық желіні эксплуатацияға жібергенде, жылына конденсаттың өндірісі және экспорты 2,57 млн тоннаға өседі, яғни KPC-дің қуаты 30 пайызға артады. Жобалаушылардың пікірі бойынша, енгізіліп жатқан технологиялар ең жоғары әлемдік үлгіге сәйкес келеді, осы технологиялар арқылы атмосфераға зиян затардың шығуын минимумға дейін жеткізеді.

Жер астына жіберілген газ кейін өндіріліп шығарыла алады. Екінші жол–өндірілген газды кен орнындағы құрылғылар, қондырғылар мен техниканың жұмысын қамтамасыз ету үшін электр генератор ретінде қолдану.

Табиғи газды немесе басқа да газды қайта жерге айдау арқылы ұңғыма ішіндегі қысымды жоғарылатуға болады. Бұл газ молекулаларының мұнайда еріп, жылдам козғалуына, яғни шығатын өнімнің артуына себеп болады.

Сондықтан Қарашығанақ кен орнында қайта жерге айдауға арналған газды жинау және дайындау – ең бірінші қарастырылатын мәселе болып табылады. Сол тұрғыдан қарағанда, газды комлекстік дайындау қондырғысының жұмысына анализ беріп кемшіліктерді айқындау және жұмысын жақсарту жолдарын ұсыну маңызды.