Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
арашыана дипломы жмыс (Абдиралиев Санат).docx
Скачиваний:
155
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.11 Mб
Скачать

5. Еңбек және қоршаған ортаны қорғау

5.1. Газды және газды-конденсатты ұңғыларын пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Ұңғының әрбір түрі үшін нақты жағдайларға сүйене отырып, қауіпсіз және тиімді технологияға кепілдеме беретін, шегендеу құбырлар тізбегі мен цементі сақинаны сақтауды қамтамасыз ететін, мұнай мен газдың ашық бұрқақатануын, қоршаған ортаның ластануы мен қабаттың түпкі аймағының уақытынан бұрын сулануын болдырмайтын игеру әдістерінің бірі таңдап алынуы керек.

Газды ұңғыларды игеру барысында (бұрғылау және жер асты жөндеуінен кейін) қозғалмалы копрессорларды қолдану кезінде қатерлі кемшіліктер қатары айқындалды.

Көпшілік жағдайларда газды ұңғыларды меңгеру кезінде (жөндеуден кейін іске қосылғанда) болатын жарылыстар компрессорлардың және газ құбырлардың пайдалану деңгейі төмендігі, ұңғыдағы газды айыру процесінде жарылу қауіптілігі, сонымен қатар ұңғыны меңгеру технологиясының бұзылуы болып табылады.

Ұңғыда ағынды шақыру жұмыстар кезінде ашық оттан, газды-ауа қоспасының тұтану мүмкіндігін болдырмау үшін ұңғыларда сығылған ауамен қауіпсіз жұмыс істейтін арнаулы қондырғылар пайдаланылады.

Ұңғыны меңгерумен айналысатын адамдар ашық бұрқақтануға жол бермес үшін ұңғы сағасын өз уақытында және берік саңылаусыздандыру, сонымен қатар ұңғы сағасын ең үлкен шамаланған қысымға сәйкес жабдықтарды қолдану және жұмыс орнын дұрыс даярлау қажет.

Ұңғы сағасындағы жабдықты өнімді қабаттың мөлшерленген қысымына сәйкес таңдап алады және құрастыруға дейін және одан кейінгі сынама қысыммен байқалады. Ұңғыда шамаланған қысымға сәйкес арматура орнатылуы керек.

Ұңғыны меңгеруге кіріспей тұрып, жұмыс орынының қауіпсіздігіне кепіл болатын қажетті жасақтар, құралдар және аспаптармен қамтамасыз ету қажет.

Қабаттың жоғары қысымы кезінде ұңғыны меңгеруге тек ашық бұрқақтану мен сұйықтықтың төгілуін болдырмайтын фонтанды арматура болғанда ғана рұқсат етіледі.

Ұңғыны иеңгеру кезінде меңгеруге байланысты емес басқа жұмыстардың атқарылуы, сонымен бірге саға маңайында адамдардың болуына тыйым салынады.

Оператор бақылауға тиіс:

  • гидратты түзілулерді болдырмау, газды тазарту, айырып-қосқыш құрылғыларының және сызбаның күйін;

  • Бақылағыш өлшегіш құралдар жіне автоматика, тиекті, реттеуші және қозғаушы арматуралар, желдеткіш (ауаны жаңарту) жабдықтары, жылу және жарық жүйелерінің күйін;

  • қорғау құралдарын, байланыс және телемеханика құралдарының күйін;

  • жұмыс аймағындағы ауа құрамында газдың үлесін бақылау және табылған ақауларды жою;

Оператор қыс айы кезінде тиекті және сақтаушы арматура және байланысқан құбыр өткізгіштердің ашық жерлерінің күйін бақылап, үрлеп тазарту және басқа желілерде мұзды тығындардың пайда болу мүмкіндігін болдырмау керек.

Тиекті арматураны қажет мөлшерде майлау керек, ол оңай ашылу керек. Мөлшер реттеуіш ысырмаларын және басқа тиекті құрылғыларын ломдармен, құбырлармен ашып-жабуға тиым салынған.

Ұңғыларды ақаулы бақылағыш-өлшегіш және автоматтандыру құралдарын пайдалану қауіпті. Гидраттар ұңғылардың құбырөткізгіштер бөлігінде, тиекті арматурада қатып қалған жағдайда, оларды ыстық сумен жылыту керек. Бұл кезде жылытылатын бөлік жұмыс істейтін жүйеден бөлінуі (ағытылуы) қажет.

Ғимараттың ішіндегі газды манифольд жұмысының барлық түрлері, топтық өлшеу қондырғылары, сонымен қатар ұңғы сағасындағы жұмыстар ұшқынды қауіпсіз аспаптармен атқарылуы тиіс.

Мұнай мен газды өндіру бойынша оператор тізбек аралық мүмкін көріністерді бақылау керек.

Газды ұңғыларды пайдаланудың өзіндік ерекшелігі –– ұңғы сағасындағы жоғарғы қысым. Осыған байланысты барлық сағалық жабдық қысым астында жатыр, сондықтан ұңғы сағасында орныдалатын жұмыстардан кеткен кез-келген қателік қауіпті апатқа әкеліп соғуы мүмкін.

Өндірістік және қосымша пайдалану объектілерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және апатты жағдайларды болдырмау мақсатында, келесі негізгі қызметтер жинағы қарастырылады:

  • технологиялық үрдістердің бұзылуы мен апатты жағдайларын болдырмау, сонымен қатар объектілердегі жарылыс және өрт қауісіздігін қамтамасыз етуі;

  • жарылыстармен өрттердің таралып кетуін болдырмау, қызмет ететін адамдарды эвакуациялау қауіпсіздігі және жабдықтрмен қондырғыларды қорғауды қаматамасыз етуі;

  • апатты жағдайларды жедел жоюды қамтамасыз ету;

  • өртті сөндіру және оқшауландыруды қамтамасыз ететін жағдайлар тудыру.