Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
арашыана дипломы жмыс (Абдиралиев Санат).docx
Скачиваний:
155
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.11 Mб
Скачать

6.5 Топыраққа және жер қойнауына әсер етуі

Мұнаймен ластанудың өсімдіктер әлеміне және топыраққа әсері. СО, СО2, СН4, К2О, NО2, SО2.

Мұнай–газ кен орындарын игеруде топырақ мұнаймен, мұнай өнімдерімен, әртүрлі химиялық заттармен және жоғары минералданған бұралқы сулармен ластанады. Мұнаймен ластану есебімен топырақтағы көміртегімен азот арасындағы қатынас күрт өседі, бұл топырақтың азоттық режимін нашарлатады және өсімдіктердің тамырларының қоректенуін бұзады. Бұдан басқа мұнай жер бетіне түсіп, грутқа сіңеді де жер асты суларын және топырақтарды өте ластайды, өсімдіктер мен микроағзалар тіршілігіне қажетті оттегіні грунттан ығыстырып шығарады, осының нәтижесінде жердің өнімді қабаты ұзақ уақыт бойы қайта қалпына келмейді.

Топыраққа және өсімдіктерге мұнайдың залалды әсері оның құрамында жоғары минералданған қабат суларының болуымен күшейеді.

Құрамында әртүрлі зиянды заттар (газ,мұнай,тұз және т.б) бар. Мұнай кәсіпшілік қабат және бұралқы сулары, өздерінің улылығымен өсімдіктер әлемімен жаңа ағзаларға кері әсерін тигізеді. Зерттеулер нәтижесінде жердің құнарлы қабатына мұнаймен ластанған сулардың төгілуі болса, ол жерлердің мүмкін қалпына келу уақыты 20 жылдай құрайтыны анықталған. Мұнай және мұнай өнімдерінің топырақты-өсімдікті кешендерге әсер ету сипаты және әсер ету дәрежесі құрама бөлшектерінің көлемімен, оның қасиетімен, өсімдік жабынының құрамымен,жыл мезгілімен және басқа факторлармен анықталады. Қатпау температурасы 150-ден 275°С дейінгі анағұрлым улы көмірсутектер мұнайлы және керосинді фракциялар екені анықталған.

Мұнай және газ өндіру аймақтарындағы табиғат тепе-теңдігінің бұзылуы кәсіпшілікті орналастыруда байқалады және құбырлар, уақытша жолдар және электроберіліс желілері құрылысында топырақтың өсімдік жабынын бұзумен қатар жүреді.

Мұнай кен орындарын игеру мен пайдалануда топырақтың ластануының алдын алу және өсімдіктер әлемін сақтау келесі шаралар нәтижесінде мүмкін болады:

  • Бұрғылау бұралқы суларынан бұрғыланған жыныстарды ажырату және оларды арнайы бөлінген орындарға шығарудың тиімді әдістерімен мүмкіндіктерін жасап шығару және енгізу;

  • Бұрғылау бұралқы сулары қайта пайдалану есебінен жуу ерітінділерін қолдану көлемін азайту,оларды тазарту технологиясы мен техникасын жақсарту;

  • Мұнай және мұнай өнімдерінен ластанған топырақтарды микробиологиялық тазалауды жасап шығару және енгізу;

  • Өндірістік және ауылшаруашылық жерлерде көліктердің қатаң белгіленген қозғалысы;

Жер қойнауы. Зерттеулер нәтижесі бойынша мұнай кен орындарын пайдалануда және бұрғылау үрдісінде жер қойнауының экологиялық тепе– теңдігінің бұзылуына жағдай жасалатыны анықталған. Осылай кейбір мұнай кен орнындарындағы өнімді қабаттардың сулануының ұзақ уақытты тәжірибесі айдау көлемі өсуімен қабат суларының минералдануының айтарлықтай төмендеуін және сульфаттар шоғырлануының жоғарылауын көрсетеді. Мұнай кеніштеріндегі биохимиялық үрдістердің дамуы, өз кезегінде мұнайда күкіртсутектің мөлшерін көбейтеді және қабаттың өткізгіштігін төмендетуге жағдай жасайды.

6.5.1 Жер қойнауын қорғау

Мұнай газ кен орнын игергенде жер беті мұнаймен, әртүрлі химиялық заттармен және минералдылығы жоғары сулармен ластанады. Мұнай және басқа компоненттер жерге тамып, гидронизация цементтелу сияқты процесстердің жүруіне әкеп соғады.

Бұл процесстер өсімдіктер әлемінің және өнімділіктің нашарлануына әкеліп соқтырады. Жер бедерінің бұзылуына байланысты эррозия, дефляция, криогенез процесстері жүреді.

Кен орнының грунтары сазды және құмды фракциядан тұрады. Жер бедері жалаң, сұрғыш қоңыр топырақты, горизонт қалыңдығы 25 см-ге дейін.

Регионалды сейсмикамен, шөгумен және жарықтардың қалыптасуымен байланысты жерлерді бұзумен мұнай өндіруші кешендер литосфераға әсер етеді.

Жер бедерінің бүлінуі және оны дұрыс пайдаланбау – жер беті және жер асыт суларының, атмосфераның, өсімдіктер дүниесінің бұзылуына әкеліп соқтырады.

Кен орнын бұрғылау кезінде және игергенде жер бедерінің тепе-теңдік режимі бұзылатындығы белгілі. Су көп айдалған сайын қабаттағы судың минерализациясы күшейеді. Мұнайда, қабат суында, газда күкіртсутектің болуы қабаттың өткізгіштігін нашарлатады.

Мұнай және газ ұңғыларын қазуда, кен орнын игеріп пайдаланылғанда, барлық технологиялық процесстерде жер қойнауын қорғау өте маңызды.

Кәсіпшілік аймағында топырақ жабынының антропогендік нашарлау қарқындылығының үш дәрежесі бар.

  • топырақтың әлсіз нашарлануы- 5 см тереңдіке профилінің бұзылуы;

  • топырақтың әлсіз нашарлануы-кенорынның басым бөлігі, 5-10 см тереңдіке профилінің бұзылуы;

  • топырақтың өте күшті нашарлануы- көлік жолдары, оларды бұрғылау учаскелері, қалдықтарды өртеу орындарында 10-15см тереңдіке профилінің бұзылуы.

Топырақ мұнай өнімдерімен ластанған, әлсіз және күшті атпарланған, радионуклиндерімен ластанған.

Жер ресурстарының жағдайы туралы жалпы мәлімет және

жердің бүлінуін алдын алу шаралары

Жер ресурстарын қорғау бойынша негізгі шараларға келесілер жатады:

  • бұрғылау жұмыстарына және сызықтық құрылымдарға жерді бөлу нормаларын сақтау;

  • грунт жолдарының органикалық тораптары;

  • қалпына келтіру шараларын жүзеге асыру;

  • топырақ жағдайын бақылауды ұйымдастыру.

Бұзылған жерлерді қайта қалпына келтіру. Қайта қалпына келтіру жоспарына келесілер кіру керек:

Құбыр желілерін төсеу үшін траншеяларды қайтадан ашу. Көлік жолдары құрылысында трассалық резервуарлармен карьерлердің қайта қалпына келтірілуі қарастырылады.

Қайта қалпына келтірудің техникалық кезеңіне кіретіндер:

  • ашылған грунтты алу және оны жинау, құламаларды 1:10 түзетуде грунтты игеру, карьер құрамаларымен түбін жобалау, ашылған грунттың кері жылжуы;

  • ұңғыма құрылысында бұрғы аймағын ластанудан, қалдықтардан тазарту, шламдарды, бұрғылау ертінділерін және бұралқы суларды пайдаға асыру бойынша жұмыстар, амбарларды көму, грунтты жоспарлау, топырақты кешенді реагенттермен өңдеу қарастырылады;

  • Желіні төсеудің барлық тереңдігіне пышақты желі төсегішпен қатты кесу тәсілімен желіні төсеуде, байланыс желілері құрылысында жерді қайта келтіру қаралмайды;

  • ВЛ трассасы бойынша электро беріліс желілері құрылында қалпына келтіру жұмыстары тіректерге бөлінген жер учаскесінде жүргізіледі.

Биологиялық қалпына келтіру бұзылған жерлерді қалпына келтірудің технологиялық кезеңінен кейін жүзеге асырады.

Топырақты эрозияға қарсы бекіту теріскен, сексеуіл, қара сүзгін егумен өсімдіктерді қалпына келтіруді қарастырады. Олардың топыраққа терең енетін тамыр жүйесі бар.

Биологиялық қайта қалпына келтіру жүргізіледі;

  • ұңғыма алаңының периметірінен 100 м қашықтағы белдеуде;

  • орталық манифольдтің қоршалған өлшеу қондырғыларының периметрі бойынша 50 м қашықтықтағы белдеуде.

Ұңғыма сағасымен өлшеу қондырғылары алаңының қоршаулары шегінде топырақты ұшудан сақтайтын 20 см қабаты қиыршықтасты жабынмен жабылған.

Ұңғыма, өлшеу қондырғылары, газ құбырлары, су құбырлары 5 және 35 км мұнай жинау желілері трассалары аймағын биологиялық қайта қалпына келтіру, қайта қалпына келтірілетін аймаққа құмбекіткіш өсімдіктерді егу жолдары қарастырылады. Өсімдіктерді отырғызудың терең 0,35-0,45 м ара қашықтықтары 1, қатарлар арасы 6 м болады.

Жолдар, карьерлер бауырайларын биологиялық қайта қалпына келтіру үшін дәнді егу нормасы 32 кг/га жергілікті күнсүйгіш көпжылдық шөптерді егу қарастырылған.

Бөлінетін құмдарды бекіту бойынша эрозияға қарсы шаралар екі кезеңде қарлады:

  • Құм беттерін тұтқыр материалдармен бекіту;

  • Қайталама тұтқыр материалдармен өңдеп құм бекіткіш өсімдіктерді отырғызу.

Топырақтың ластану деңгейін төмендететін шаралар:

  1. ұйымдастырушылық ;

  2. технологиялық;

  3. жобалық конструкторлық;

  4. санитарлық эпидемияға қарсы.

1)Ұйымдастырушылық:

  • қалдықтарды басқаруды ұйымдастыру;

  • кен орын аймағымен көлік қозғалысын ұйымдастыру және бекіту;

  • қалдықтардыбасқару жүйесін бұзатын санкцияланбаған жұмыс жүргізудіболдырмау.

2) Келесі жағдайларда ластанумен байланысты жұмысты жүрнізуді мұқият бекіту немесе технологиялық:

  • бұрғылауда;

  • жабдықтарды тасымалдауда;

  • жердегі жұмыстар барысында;

  • техникалық қайта қалпына келтіру.

3) Жобалық конструкторлық:

  • СЭС және табиғатты қорғау ұйымдарда жасалған жобаларды сәйкестендіру және тексеру;

  • топырақтың ластануын төмендетуге бағытталған жобалық конструкторлық шешімдердің тиімдісін таңдау.

  1. Санитарлық-эпидемияға қарсы:

  • өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды көмуге арналған орындардың сәйкесті учаскелерін орналастыруды таңдау және ұйымдастыру.

  • жұмысшыларды аса қауіпті инфекциялардан эпидемияға қарсы қорғауды қамтамасыз ету.

Қалдықтарды жинау және жою әдістерін таңдауда келесі факторларға көңіл аудару керек: жергілікті рельефпен географиялвқ ерекшелігі, қабат суларының жағдайларымен ерекшелігі, топырақтың жағдайы және бар қабілеті, құрғалу жағдайлары, берілген аймақтың экологиялық сезімталдығы, атмосфералық ауаның сапасы және геологиялық, экологиялық, жағдайлар.

Ауаның және судың эррозиясынан жер бетін қорғау үшін көпжылдық өсімдіктер өсіріледі. Жер қойнауын қорғау негізгі жағдайлары:

  • сепарация, мұнайды дайындау, жинау және тасымалдаудың герметизациясының болуы;

  • авария кезінде ұңғылардың автоматты түрде тоқтауы;

  • қабаттық және өндірістік суларды қабатқа айдауға мейлінше көп пайдалану;

  • транспорттың тек автожолдармен жүруін қадағалау.

Жер қойнауын қорғау шараларына мыналар жатады:

  • ашық фонтандауды, ұңғы қабырғаларының құлауын, жуу сұйықтығын жұтылуын, ластанбауды болдырмау. Бұл үшін мұнайлы, газды және сулы интервалдар бір-бірінен изоляциялануы керек. Ұңғы оқпанын кондуктормен, жоғары сапалы цементажды аралық пайдалану колоннасымен қамтамасыз ету.

Технологиялық схемалық бөлімдеріне сәйкес:

  • жерасты және жер бетіндегі құрал – жабдықтардың герметизациясы;

  • мұнайды жинау, дайындау, тасымалдау және сақтау жүйесінің авариясыз сенімді жүруін қамтамасыз ету;

  • технологиялық режимдегі ұңғылар жұмысын қабат құрылымының бұзылмауын және ұңғының уақытытынан ерте суланбауын қадағалау;

  • сумен қамтамасыз ету жүйесінің тұйық түрін қолдану, өндірістік суларды қабатқа айдауға мейлінше көп қолдану.