Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
арашыана дипломы жмыс (Абдиралиев Санат).docx
Скачиваний:
155
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.11 Mб
Скачать

5.9. Өрт қауіпсіздігі. Өрттерді, жарылыстарды, аварияларды, болдырмаудың әдістері мен құралдары. Олар туындаған жағдайдағы қызметкерлер құрамының іс-қимылы

Жаңадан жұмысқа қабылданған жұмыскерлер мен ҚПО қызметкерлері кәсіпорында белгіленген өртке қарсы режимді сақтау туралы өртке қарсы нұсқамалықтан өтеді. Беолгілі бір мерзім өткеннен кейін (кемінде бір жыл), сонедай-ақ кәсіпорын жұмысшыларымен жұмыс атқару ерекшелігі өзгеру барысында қайтадан нұсқамалық өткізіп, қрт-техникалық минимум жөнінде сабақтар ұымдастырады. Өрт-техникалық минимумнан өткеннен кейін мамандандырылған оқу орталығында сынақтар қабылдайды.

Компанияда өртке қарсы режим белгіленген:

  • Ашық тұрған отты пайдалану тәртібі мен қауіпсіздік шаралары белгіленген;

  • Шылым шегуге арналған орындар анықталып, жабдықталған;

  • Өрт сөндіру көліктерінің объектіге кіру тәртібі белгіленген;

  • Жанғыш қалдықтар мен шаңдарды және май жұққан арнаулы киімдерді сақтау тәртібі белгіленген;

Мыналар регламенттелген:

  • Уақытша ату және жарылысқа, өртке қауіпті жұмыстарды жүргізу тәртібі;

  • Жұмыс аяқталғаннан кейін роын-жайларды тексеріп, жабу тәртібі;

  • өрт болған жағдайда қызмеркерлердің іс-қимылы.

ҚПО объектілерінде, Қарашығанақ кеніштерінде мына маркілердегі өрт сөндіргіштер қойылған:

  • ұнтақты өрт сөндіргіш ОП-2, ОП-5, ОП-10;

  • жылжымалы дөңгелегі бар ұнтақты өрт сөндіргіштер ОП-50, ОП-80, ОП-100.

Өрт қауіпсіздігі департаментінің қызметкерлері өрт сөндіргіштерге жылына бір рет тексеру жүргізеді, тексеру кезінде жылжымалы өрт сөндіргіштердің индикаторларындағы қысым деңгейі, жылжымалы дөңгелекті өрт сөндіргіштердің қолға ұстайтын бөлігінің және корпусының жай-күйі, пломбысының болуы қаралады. Өрт сөндіргіштерді өрт болуы ықтимал және өртке қауіпті орындарға өрт қалқандарына кояды. өрт болуы мүмкін орын мен өрт сөндіргіш қойылған жердің арасы 30 метрден аспауы тиіс. өрт сөндіргіштердің орналасқан жері көзге көрінетін жерлерге ілінген нұсқау белгілермен белгіленуі қажет. ­­Өрт техникалары мен мұқаммаларды басқа қажеттіліктерге пайдалануға қатаң тыйым салынады.

Өрт шыққан жағдайда Компанияның әрбір қызметкері:

  • орын алған өрттің нақты орнын көрсете отырып, нысандық немесе қалалық өрт қызметіне жедел хабарлауға;

  • өрттен қорғау қызметі келгенге дейін адамдарды көшіруге кірісуге тиіс;

  • қолда бар бастапқы өрт сөндіру құралдарымен өрт сөндіруге кірісуге тиіс.

6 Қоршаған ортаны қорғау бөлімі

6.1 Қоршаған ортаны қорғауды анықтайтын негізгі нормативтік және құқықтық құжаттар

Мұнай-газ өндіретін өнеркәсіп қоршаған ортаны ластайтын құрылымдарының ең негізгілерінің бірі болып саналады. Мұнай және газ кен орындарын өңдеу және пайдалану жұмыстары қоршаған табиғат ортасы мен жер қойнауына техногендік әсер етеді.

Қоршаған ортаны және жер қойнауын қорғау ҚР-ның күші бар заңдылықтары мен халықаралық нормалары мен ережелеріне сәйкес іске асырылу қажет.

ҚР-ның «Жер қойнауы», «Қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы», «Рұқсат ету туралы», «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану», т.б. актілер Заңының негізінде қаралып, 1996 жылдың 18 маусымында бекітілген «Мұнай және газ кен орындарын пайдаланудың жалпы ережелерінде» мұнай және газ кен орындарын өңдіру және пайдалану кезінде қоршаған ортаны қорғаудың негізгі талаптары бекітілген.

Мекемелерде қоршаған ортаға байланысты қысқаша мәліметтер

Кен орынның орфографиялық ауданы аңғарлармен тереңдігі 5-10 м жыралар торымен кесілген жазықтықты құрайды. Рельеф биіктігінің құлауы 50-ден 1 км-ге дейін аспайды. Кен орнының көп бөлігін егіншілік жерлер, жайылымдық жерлер, қорғаныс орман алқабымен дара аудандарға бөлінген кен алып жатыр. Кішкентай орман сілемдері Орал мен Елек өзендерінің жаймаларында кездеседі. Территориясының 50% – егіншілікте, 40% – шалғындық, жайылымдық ретінде, қалған бөлігі 10%-ы қалалық, ауылдықхалықтар орналасқан, ормандар, жолдар және инфраструктура ғимараттары алады. Ауданның өзен торабы Березовка болып табылады. Аудан климаты шұғыл континенталды. Жазы құрғақ әрі ыстық +44 ºС дейін, қысы – 43 ºС-ға дейін салқын болады. Әрдайым қатты жел соғады дерліктей. Қысқы мерзімде көбінесе оңтүстік және оңтүстік-шығыс бағыттағы 6,2 м/с жылдамдықта, ал жазғы уақытта солтүстік-батыс және шығыс бағыттағы 4,3 м/с орташа жылдамдықтағы қатты желдер соғып тұрады. Жыл бойы қар жамылғысы 13-30 см-ге дейін өзгеріп отырады, сондай-ақ кейде 50 см-ге де жетіп қалады. Топырақтың қатқақтануы 1,0-1,65 м аралығында ауытқиды. Обылыстың топырақ жамылғысы оңтүстік қара топырақпен, қара сырғылт, орташа сырғылт. Жайық жайылымдарында жайылымдық топырақтар таралған.