Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
арашыана дипломы жмыс (Абдиралиев Санат).docx
Скачиваний:
155
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.11 Mб
Скачать

1.4 Тектоника

Қарашығанық кен орны тұз асты палеозойдың ірі көтеріліміне негізделген. Ол Қарашығанық-Қобланды зонасында, Каспий ойпатының солтүстік зонасының ішкі жағында орналасқан. Мұнда үш құрылымдық комплекс көрінеді. Төменгі құрылымдық летологиялық комплекс Артин ярусына дейінгі бүкіл ежелгі шөгінділер қимасын, ортаңғысын –кунгур-сульфат-галоген қалыңдамасын, жоғарғысы – жоғарғы пермь және триас құрылымдарын қосып алады.

Төменгі құрылымдық комплекс палеозойдық, тектоно- седиментациондық құрылымдық формасымен ерекшеленеді. Құрылым өлшемдері жоба бойынша 15×30 км, биіктігі 1600 метр, комплекс жабындысының минималды тереңдігі 3680 метр.

Кунгурттың жоғары пластикалық қалыңдамасынан тұратын орта құрылымдық-литологиялық комплексте күрт дисгормониялық құрылымдар құрылған. Солардың ішіндегі: тұзды антиклинальдар, ассиметриялы диапир құрылымдары, тұзды штоктар, күмбездер және күмбез аралық дипрессиялар. Кен орында үш тұзды құрылым бар: Қарашығанақ тұз көтерілімі – солтүстікте, Сухореченск тұзды күмбезі – оңтүстік-шығыста, Қоншыбай тұз күмбезі – оңтістік-батысында.

Жоғары құрылымдық-литологиялық комплекстік құрылымдардың формаларының әртүрлілігімен ерекшеленеді. Жоғары пермь және триастың қызыл түсті қалыңдамасында пайда болған. Кен орын жүйесінде үлкен Қарашығанақ күмбез аралық мулдасы дамыған, ол Қарашығанақ, Қоншыбай және Сухореченск тұзды күмбездерінің арасында орналасқан. Қарашығанақ күмбез аралық мульдасының өлшемі 5×20 км, максимал қалыңдығы 3500-4871 метр құрайды.

Ең жоғарғы қиманың бөлігі – неогенді және төрттік жайылым бұрышының келіспеушілігімен бұдан ежелгі басқа шөгінділерді жабады.

1.5 Мұнайгаздылығы

Каспий ойпатының солтүстік аудандарында мұнайгаздылықтың негізгі перспективалары тұз асты палеозоймен байланысты. 1979 жылы прибортовой зонасының ішкі бөлігімен Қарашығанақ ауданында, П-10 ұңғысында төменгі пермь шөгінділерінен 3908 метр тереңдіктен газ фонтаны алынған.

Қаршығанақ кен орнында барлау және эксплуатациялық ұңғыларында жүргізілген комплексті газодинамикалық және газоконденсатты зерттеулер ашылған төменгі пермь және карбон карбонатты қимасының өнеркәсіптік өнімділігін дәлелдеді (5217 метрге дейін 13 ұңғы). Жалпы кен орын бойынша бұрғылаумен дәлелденген көмірсутектер қаныққан жыныстар этажы 1557 метр (3660-5217 метр).

Негізгі мұнайгазконденсат кенінінің астында №15 ұңғысы 5630-5757 метр интервалында, орта девон шөгінділерінден мұнай кеніші ашылды. Орта девон кенінің дамыту кен орнының орталық бөлігінде және негізгі мұнайгазконденсат кенішінен солтүстікке қарай негізделген.

Стратиграфиялық жағынан ең зерттелгені пермь шөгіндлері. №112 ұңғысынан мұнай 3528 метр тереңдіктен алынған.

Мұнай жиналымдары мұнайға қаныққан жарықшақты ашық-сұр түсті ангидриттерге негізделген. Мұнайға қаныққан кеуектілігі 6,5% құрайды.

Ирен горизонтының сульфатно-карбонатты жыныстарында мұнайға қаныққан жыныстардың бар екендігі №6, 12, 17, 2Д, 100, 101, 109, 126, 622, 625 ұңғылары бұрғылау кезінде дәлелденді. Бұл кезде бұрғылау сұйығында мұнай қабыршағы пайда болған.

Филиппов горизонтының сульфатно-карбонатты шөгінділерінде газдылық №30 ұңғысында дәлелдеген. 4755-4765 метр аралығынан дебитті 47,7 мың м3/тәулік газ, және дебиті 47,5 мың м3/тәулік конденсат арыны алынған.

Кен орында таза күйінде қабат сулары алынбаған. Бірақ №13 ұңғыдан алынған мұнай және сұйық қоспасы негізінен қабат суынан тұрады – 70-80% (5202-5217 м.). 5125-5190 метр интервалынан сусыз мұнай алынған.

Кәсіпшілік және лабораториялық зерттеулер мәліметтері бойынша Қарашығанақ кен орны мұнайгазконденсатты болып саналады. Мұнайдан газконденсатқа өту аралығы -4971 – -4938 м анықталған. Мұнайды алған ең төменгі тереңдік -4965 м болса, ал ең жоғарғы тереңдік -4940 м. Сондықтан мұнай-газ контактісін -4950 м тереңдікте қабылдаған (1.4-сурет).

1.4-сурет – Қарашығанақ кен орнының төменгі пермь өнімді қабатынның жабыны бойынша структуралық картасы