Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
арашыана дипломы жмыс (Абдиралиев Санат).docx
Скачиваний:
155
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.11 Mб
Скачать

6.4 Су қорларын ластау көздері

Жер бетіндегі және жер астындағы суларға әсер ету көздері келесілер болуы мүкін:

  1. тазартылмаған немесе жеткіліксіз тазартылған өндірістік және тұрмыстық бұралқы сулар;

  2. жер бетіндегі бұрамды сулар;

  3. құрғатылған бұрамды сулар;

  4. апаттық лақтырулар және бұрамды сулардың жиналуы;

  5. сыйымдылықтардан, құбыр желілерінен және басқа құрылымдардан сулы сұйық материалдардың сүзіліп шығуы;

  6. сулы объектілердің және рельефтердің бетінде тұнатын зиянды заттардың атмосфераға тасталуы;

7) апаттық шығарынды тастау (мұнайдың, газды тазалау өнімдерінің,

реагентердің түзілуі);

8) материалдармен қалдықтарды сақтау орындары, кәсіпорынның өндірістік алаңдарының шегінде ұйымдастырылған тасымалдауға арналған алаңдар;

9) ұйымдастырылмаған қалдықтар үйінділері.

Жер бетіндегі және жерасты суларының бүліну көздеріне дұрыс тазартылмаған өндірістік және тұрмыстық сулар, кәсіпорынның өндіріс аудандарынан, құбыр өткізгіштерден шыққан зиянды заттар жатады.

Сумен қамтамасыз ету көздеріне жерасты сулары жатады. Ішуге және технологиялық сумен жабдықтауға сеноман шөгінділеріндегі сулар пайдаланылады. Оның минерализациясы 1-1,2 г/л-ден аспайды. ГОСТ 2874-82 бойынша «ішуге жарамды» деп табылған. СЭС пайдалануға рұқсат еткен.

Техникалық сумен қамтамасыз ету үшін альбсеномандық су қолданылады. Ол кен орынның шығыс шекарасына таяу орналасқан.

6.4.1 Су қорларын қорғау

Саз грунттық сулары ластанудан және оларды сарқылта пайдаланудан қорғалады. Су объектілеріне (су қоймаларына, тоғандарға, көлдерге, өзендерге) өндірістік, тұрмыстық басқа да қалдықтарды тастауға тыйым салынады. Ағынды суларды белгіленген тәртіппен қадағалау орындарымен келісілген жекелеген технологиялық шешім бойынша зиянды заттардың құрамы рұқсат етілген нормадан артық болмаған жағдай да ғана төгуге болады.

Ағынды сулардағы мұнай өнімдерінің болу нормасы 40 мг/л құрайды.

Мұнаймен бірге өндірілген қабат суы, ондағы қатты түйіршік заттар мен мұнайдың құрамының нормасына сәйкес тазаланады да, одан әрі ҚҚҰ жүйесінде немесе көму мақсатында арнайы жұту ұңғылары қабатқа кері айдалады. Қабат суын жер үстіндегі су көздеріне тастауға, жер асты суларының ластануына алып келетін жер асты қабаттарына қайта айдауға, сондай-ақ құрамында күкірт сутегі бар сұйықтарды бейтараптандырмай канализацияның ашық жүйесіне ағызуға тыйым салынады.

Өндірістік ағынды суларды жер астындағы арнайы жұту қабаттарына айдауға тек ерекше жағдайда ғана жол береді:

  • су айдау әдісін қолданбай кенішті игерген жағдайда;

  • су айдау жүйесінің құрылысы аяқталғанға дейін, игерудің бастапқы кезеңінде өндірістік ағынды сулардың мөлшерін алған кезде.

Су ресурстарын қорғау үшін осы жобада келесілер қарастырылған:

  • Өндірістің жоғары тиімді үрдістерін, су қалдықты және қалдықсыз технологиялық, сондай-ақ өндірістік үрдістерді пайдалану;

  • Су қорларын тиімді пайдалану;

  • Бұралқы суларды тазалау мәселелерінде алдыңғы қатарлы;

  • Өндірістік қалдықтармен грунттық және жоғары бетіне суларды ластануын болдырмаудың алдын алу шаралары;

  • Бұралқы сулардың апаттық тасталуының алдын алу бойынша инженерлік шараларды жүзеге асыру және өндірістік объектілерді экологиялық қауіпсіз пайдалану;

  • Өндірістік алаңның жоғарғы бетіне өндіріс өнімдерінің және оларға ілесетін ластанушы заттардың түсуін болдырмау.

Жобада қабылданған су қорларын қорғау және тиімді пайдалану бойынша негізгі ұсыныстар, сәйкесті жүйелерімен объектілердің технологиялық жағдайынан, тозуынан және ластануынан су қорларын қорғау және тиімді пайдалану деңгейін есепке ала отырып жасалған.

Бұралқы суларды тазарту үшін қазіргі заманғы механикалық және геологиялық тазарту жүйелері бар және қарастырылуда, қабат суларын айдаудың дүниежүзілік тәжірибесі пайдаланылады.

Жасанды сұрыпталған, қимылсыздандырылған ыдыратқыш-микроағзаларды суда қолдануға негізделген амины бар бұралқы суларды микробиологиялық тазалау қолданылған, бұл органикалық бұралқы суларды биологиялық объектілерде (бактериялармен) экологиялық қауіпсіз өнімді шығарумен пайдаға асыру.

Тазалау технологиясы анаэробты және аэробты микроаэзаларды қолдануды қарастырады. Алшыны бар бұралқы суларды тазалаудың қарастырылған биотехнологиясының дүниежүзілік тәжірибеде ұқсасы жоқ.

Судың ластануының алдын алу шаралары. Жерасты суларын қорғау мақсатында санитарлық қорғау зонасы жұмыс істейді. Ол жерасты суларын химиялық және бактериялық лас нәрседен қорғауға арналған. Жерасты суларын қорғау үшін мына шарттардың орындалуы қатаң талап етіледі:

  • сулы қабаттарды бұрғылау кезінде су алу және бақылау ұңғыларының дұрыс толық жұмыс істеуі;

  • кен орнын игеру кезінде мұнай өндіру, айдау ұңғыларының жұмыстарының дұрыстығы;

  • амбарлардың дұрыс изоляциялануы.