Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
арашыана дипломы жмыс (Абдиралиев Санат).docx
Скачиваний:
155
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.11 Mб
Скачать

2.1.4. 01.01.10Ж игерілген кен орындарының жағдайын және реттелуін бақылау

01.01.2010 жылы техникалық режим арқылы өндіруге дайын 68 ұңғыма болды. Соның ішінде:

– I объект бойынша - 1 ұңғыма (№ 118);

– II объект бойынша - 15 ұңғыма (№ 106, 196, 243, 252, 320, 322, 326, 328, 340, 346, 348, 350, 432, 710, 817);

– II+III объект бойынша - 29 ұңғыма (№ 2д, 20д, 116, 117, 138, 162, 203, 205, 214, 223, 231, 232, 233, 239, 306, 310, 314, 319, 347, 351, 379, 420, 437, 439, 442, 452, 803, 806, 822);

– III объект бойынша- 23ұңғыма(№ 15, 216, 220, 308312д, 419, 423, 430, 446, 449, 713, 718, 818, 905, 912, 915, 918, 920, 933, 5488, 5790, 6394, 5887).

Атап кету керек, 2002 жылдың майынан 2007 жыл аралығында бастапқы конденсация қысымы критерия бойынша тоқтатылған жоқ. 2008–2009жылдар аралығында ұңғымада техникалық ақаулықтар бойынша тоқтатылады немесе барлау жұмыстарын жүргізу үшін тоқтатылады. 2009 жылы сұйық көмірсутектерді өндіруді арттыру мақсатында II және III объекттерге пайдалану ұңғымасын енгізу жоспарланды. 2009 жыл ішінде барлығы 3 жаңа ұңғыма енгізілді, олар III объектті игеруде (№ 15, 5887, және 6394). 2009 жылы пайдалануға 1 жаңа айдау ұңғысы енгізілді (№ 330).

2001 жылдың аяғынан қазіргі уақытқа дейін пайдалану коэффициенті 0.86 деп алынды.

2.5-кесте. 2009 жылы пайдалану рапорты бойынша пайдалану ұңғымалар саны

Айлар

I объект

I+II объект

II объект

II+III объект

III объект

I+II+III объект

Барлығы:

Қаңтар

1

2

3

2

1

3

12

Ақпан

5

6

6

4

5

4

30

Наурыз

1

2

3

5

4

6

21

Сәуір

Мамыр

4

2

6

6

6

8

36

Маусым

2

2

3

3

3

3

16

Шілде

2

4

2

4

2

4

16

Тамыз

1

1

1

1

1

1

6

Қыркүйек

2

2

2

2

2

2

12

Қазан

1

1

1

3

3

1

10

Қараша

3

3

3

3

1

4

17

Желтоқсан

1

1

1

2

2

2

9

2.6-кесте. Кен орынның пайдалану қорының коэффициенті

Айлар

Орта көрсеткішті қолданукоэффициенті

Жұмыстағы ұңғыма саны

Пайдалану коэффициенті -

орта шамасы

Қаңтар

0.624

68

0.854

Ақпан

0.588

65

0.841

Наурыз

0.674

69

0.908

Сәуір

0.737

71

0.955

Мамыр

0.699

69

0.922

Маусым

0.684

70

0.889

Шілде

0.607

68

0.812

Тамыз

0.489

69

0.652

Қыркүйек

0.425

66

0.593

Қазан

0.572

69

0.763

Қараша

0.606

69

0.808

Желтоқсан

0.572

68

0.766

Қазіргі уақытта кен орны қабат қысымының конденсация басындағы қысымға дейін түсуіне жол бермейтін шектеулердің сақталуымен тәжірибелі - өнеркәсіптік пайдаланудың анықталған жобасының 3 – А нұсқасы бойынша игеріледі.

Қарашығанақ мұнайгазконденсатты кен орнында игерудің үш объектісі белгіленді:

І – газ конденсатты (төменгі пермь);

ІІ – газ конденсатты (төменгі карбон);

ІІІ – мұнайлы (төменгі карбон).

І және ІІ объектілер таусылу режимінде, ІІІ объект – еріген газ режимінде пайдаланылады.

Көмірсутекті өндіру негізінен І және ІІ объектілер бойынша іске асырылады. «Анықталған жобада» І объект үшін бастапқы қабат қысымы 53,3 МПа, ал ІІ объект үшін – 57,2 МПа қабылданды. І объект бойынша өнім қалыңдығының орталай өлшенген белгісі – 4200 м., ал ІІ объект бойынша – 4700 метрді құрайды.

Қарашығанақ кен орнында ұңғылар салу Қоншыбай, Қарашығанақ және Сухореченскідегі тұзды күмбездер мен олардың тік құлайтын бөктерлерінің дамуымен, жыныстарды қайта жабу кешеніндегі тілігі бар алаңға шығуымен байланысты.

Бірнеше объектілерге пайдаланатын ұңғылар, бірмезгілде бөлек үлгісі бойынша жұмыс істейді. Және де сұйық фактордың жылдар бойынша нақты және жобалық мәндерінің арасындағы айырмашылықтың ұлғаюын атап өту керек. Бұл мұнай жоба бойынша басып озған шығуымен түсіндірледі, өйткені 3-ші обьектіде технологиялық шектеулерді сақтаусыз сарқылу режимі жобаланған болатын, және 3-ші игеру обьектілерінің ұңғымаларына 1996 жылдан бастап енгізіледі. Сонда бұл кезде 3-ші игеру обьектісінен нақты өндіру тек қана оңтүстік-батыс учаскенің, газдық факторы төмен мәндерімен сипатталатын, біріккен ұңғымаларымен жүргізілді. Қарастырылатын уақыт кезеңі ағымындағы кен орнын бұрғылау және ұңғымаларды енгізу жобаланғаннан едәуір артта қалды, бірақ та іске қосылған ұңғымалардың орнласуы жобаланған торға сәйкес келеді. Жобалық шешімдермен қарастырылмаған 3 обьектілерді біріктіріп игеру (1,2,3) 1988 жылы басталды. Жылдар бойынша ұңғымаларды пайдалану коэффициенті, эксплуатациялыққа қарағанда жобалықтан жоғары. Пайдалану ұңғымаларының жұмысына сұйық басталу бойынша технологиялық шектеулер сақталмады, олардағы көптеген ұңғымалардағы статикалық түп қысымы Ркб-дан төмен түскенде пайдалану жүргізіле берілді, ол конденсаттың бөлігінің жоғалтылуына және кеніштің дренаждалатын аймақтарындағы орта қабат қысымының төмендеуіне алып келді. Өндіру ұңғымаларындағы нақты қысымның жобалыққа қарағанда жоғары болуы келесі факторлармен шартталады: өнімді жинау жүйесі мен кәсіпшілік ішінде дайындаудың ерекшеліктерімен; өткізу нарығының шектелуінен кен орнында көмірсутекті өнімдерді өндірудің шектелуімен; кен орнынды орналастырудың артта қалуымен; істеп тұрған және пайдалануға енгізілген барлық кен орынынының 1-ші және 2-ші пайдалану обьектілеріндегі ұңғымалардың шектеулі өнімдерімен; сайклинг-процессті енгізуге дейін қабатта конденсатты жоғалтуды алдын-алу мақсатында жұмысшы депрессияны төмендеу жолымен.

Осындай түрмен игерудің барлық технологиялық көрсеткіштері олардың жобалық көрсеткіштерінен төмен, бұл негізінен бұрғылаудың және кен орналастырудың артта қалуымен, пайдалану ұңғымаларының технологиялық жұмыс режимінің сақталмауымен, Орынбор, Уфа, және Салават қалаларындағы өңдеу зауыттарының өнімді қабылдауға шектеу енгізуімен байланысты.