Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
арашыана дипломы жмыс (Абдиралиев Санат).docx
Скачиваний:
155
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.11 Mб
Скачать

1.7 Газ, конденсат және мұнайдың физикалық, химиялық қасиеттері

1.7.1 Қабаттағы газ-конденсат қасиеттері

Газ және тұрақсыз конденсатты зерттеу нәтижесінде пермь объектілерінің қабат газы, орта есеппен 10 МПа, жоғары қайнау көмірсутектерімен қанықпағандығы анықталды. Оның құрамында: этан – 6%, пропан – 2,5%, бутан – 1,7% шамасында (1.2-кесте).

1.2 -кесте – Ұңғы өнімінің құрамы

Ұңғы номері

33

44

1

2

3

Перфорация интервалы, м.

5120-5155

5127-5156

Мольдік құрамы, %

С1

62,69

62,75

С2

8,22

5,71

С3

3,08

3,06

С4

1,65

1,40

1.2 –кестенің жалғасы

1

2

3

С5

14,39

15,73

N2

1,03

0,41

CO2

4,62

6,05

H2S

4,32

4,81

Карбон объектілерінің газдары С5+ көмірсутектеріне көбірек қаныққан. Пермь және карбон шөгінділерінен алынатын конденсат қасиеттері әртүрлі. Кен орын қимасы бойынша конденсаттың фракционды құрамы ауырлай түседі: қиманың жоғарғы жағындағы конденсаттың 50%-і 203°С температурасында қайнайды, ал төменгі жағы 239°С; 360°С жоғары конденсат қалдығы 13,8-23 %-ке дейін көбейеді. Молекулярлы массасының шамасы 20 бірлікке көбейеді. Конденсаттың қату температурасы екі еседен көп өседі. Пермь шөгінділерінен алынған конденсатты ароматты көмірсутектер 19,1% масс. бойынша, ал карбоннан алынған конденсатта 25,1% масс. бойынша. Дистилянтты фракциялардың ароматты көмірсутектер мөлшері фракциялардың алу температурасы өскен сайын ұлғаяды.

Қарашығанақ кен орнының қабат газды едәуір ауытқуымен сипатталады, дәлдеп айтқанда жоғары сығылуымен, 1 обьекті үшін орташа 1.32, 2 игеру обьектісі үшін –1.4 құрайды. 1.3-кестеде қабат газының қабат қысымы кезінде түзілу тереңдігіне байланысты тұтқырлық коэффициентінің тәуелділігі көрсетілген.

1.3-кестеҚабат газы мен конденсат параметрлері

Игеру обьектісі

1 обьект

2 обьект

Тізілімнің абсолютті жату тереңдігі

420

470

Бастапқы қабат қысымы, МПа

54,75

57,0

Сұйық басталу қысымы, МПа

44,7

48,5

Қабат газының тығыздығы, г/см3

0,441

0,474

Қабат газының тұтқырлығы, МПас

0,068

0,084

Зерттелген мұнайдың молекулярлы массасы 214 бірлік, тығыздығы 0,842 г/см3, тұтқырлығы 20°С кезінде 9,12 м2/см; құрамы: жалпы күкірт 1,18%, қатты парафиндер 3,37%, шайырлар 3,08%, асфальтендер 0,39% масс. бойынша; ароматты көмірсутектердің жалпы мөлшері 35% масс. Бүкіл мұнайларға бір, фракция алу температурасы өскен сайын құрамында ароматты көмірсутек мөлшерінің жоғарылау тенденциясы байқалады. Бірінші кестеде №33 және 44 ұңғыларындағы қабат мұнайының құрамы берілген. Ұңғылардың өзара орналасу арақашықтығы үдкен болғанымен кестеде келтірілген мәліметтер бүкіл кен ауданындағы мұнай құрамының өзгешелігінің шамасы аз екенін көрсетеді.

1.5-сурет. Тереңдікке байланысты қабат газының параметрлерінің өзгеруі

1.6-сурет. Тереңдікке байланысты қабат газының параметрлерінің өзгеруі