Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
арашыана дипломы жмыс (Абдиралиев Санат).docx
Скачиваний:
155
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.11 Mб
Скачать

5.2. Еңбекті қорғау туралы заңнаманың негізгі ережелері

«Еңбек кодексі туралы» 2007 жылғы 15 мамырдағы №528-ІІ ҚР Заңы.

3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

1. осы Заңның күші ҚР азаматтарына, еңбек қызметін ҚР-да жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.

2. Жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасында еңбек қатынастары туындаған кезде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бәрі орындауы міндетті.

3. Жеке еңбек шартында, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде көзделген жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайлары осы Заңда көзделген еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау деңгейінен төмен болмауға тиіс.

17 бап. Қызметкердің еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғау құқықтары

Қызметкердің:

  • еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға;

  • жұмыс берушіден ұйымның жұмыс орын мен аумағының сипаттамасы, еңбек жағңдайлары, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы, өмірге және денсаулыққа төнетін қауіп туралы, сондай-ақ зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен оны қорғау жөніндегі шаралар туралы шынайы ақпарат алуға;

  • өндірістік жарақаттануға, кәсіби ауруға немесе жұмыс қабілетін төмендетуге әкеп соқтыруы мүмкін зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғалған жұмыс орнына;

  • ҚР-ң еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдарында, сондай-ақ жеке еңбек және ұжымдық шарттарда көзделген талаптарға сәйкес жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етілуге;

  • өзінің жұмыс орнындағы еңбек жағдайына, қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға тексеру жүргізу туралы үәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне өтініш жасауға;

  • еңбек жағдайларын, қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды жақсартуға байланысты мәселелерді тексеруге және қарауға өкіл ретінде қатысуға;

  • өзінің денсаулығына немесе өміріне қатер төндіретін жағдай туындаған кезде бұл туралы тікелей басшыға немесе жұмыс берушінің өкіліне хабарлай отырып жұмысты орындаудан бас тартуға;

  • ҚР-ң заңдарында белгіленген тәртіппен еңбек міндеттерін қауіпсіз атқару үшін қажетті білім алуға және кәсіби даярлыққа;

  • шарттық міндеттемелерді, еңбек міндеттерін атқару кезінде өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды ҚР-ң заң актілеріне сәйкес өтеуге;

  • ұйымның жұмысы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес келмегендіктен тоқтатылған уақытта орташа жалақысының сақталуына.

5.3. Ақ «қпо б.В.» компаниясындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстарды, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілердің сақталуын, өндірістік жарақаттың, кәсіптік аурулардың алдын алу және еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі жұмыстарды жетілдіре түсуді ұыймдастырумен, бақылаумен және үйлестірумен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі айналысады.

Компанияның қызметіне мемлекеттік қадағалау жүргізуді ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, Қызылорда облысының төтенше, жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, Қызылорад облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы жүзеге асырады.