Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
арашыана дипломы жмыс (Абдиралиев Санат).docx
Скачиваний:
155
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.11 Mб
Скачать

1.5.1 Өнімді объектілердің коллекторлық қасиеттері

Қарашығанық кен орны тұз асты палеозойдың ірі көтеріліміне негізделген. Ол Қарашығанық-Қобланды зонасында, Каспий ойпатының солтүстік зонасының ішкі жағында орналасқан. Мұнда үш құрылымдық комплекс көрінеді. Төменгі құрылымдық летологиялық комплекс Артин ярусына дейінгі бүкіл ежелгі шөгінділер қимасын, ортаңғысын – кунгур-сульфат-галоген қалыңдамасын, жоғарғысы – жоғарғы пермь және триас құрылымдарын қосып алады.

Төменгі құрылымдық комплекс палеозойдық, тектоно-седиментациондық құрылымдық формасымен ерекшеленеді. Құрылым өлшемдері жоба бойынша 15×30 км, биіктігі 1600 метр комплекс жабындысының минималды тереңдігі 3680 метр.

Кунгурдың жоғары пластикалық қалыңдамасынан тұратын орта құрылымдық-литологиялық комплексте күрт дисгормониялық құрылымдар құрылған. Солардың ішіндегі: тұзды антиклинальдар, ассиметриялы диапир құрылымдары, тұзды штоктар, күмбездер және күмбез аралық дипрессиялар. Кен орында үш тұзды құрылым бар: Қарашығанақ тұз көтерілімі – солтүстікте, Сухореченск тұзды күмбезі – оңтүстік-шығыста, Қоншыбай тұз күмбезі – оңтістік-батысында.

Жоғары құрылымдық-литологиялық комплекстік құрылымдардың формаларының әртүрлілігімен ерекшеленеді. Жоғары пермь және триастың қызыл түсті қалыңдамасында пайда болған.

Газ және тұрақсыз конденсатты зерттеу нәтижесінде пермь объектілерінің қабат газы, орта есеппен 10 МПа, жоғары қайнау көмірсутектерімен қанықпағандығы анықталды. Оның құрамында: этан – 6%, пропан – 2,5%, бутан – 1,7% шамасында.

Тереңдікке жату жағдайына байланысты мұнайдың негігі тәуелділік параметрлері флюидтік моделі арқылы тұрғызылған (1.1-кесте).

1.1-кесте – Коллекторлық қасиеттер мен мұнайгазға қанығушылық сипаттамасы

Атауы

Өткізгіштігі,

10-3мкм2

Ашық кәуектілік коэф.үл.бірл

Коэффициент

Байланысқан сумен қанығуы

Көлденең

Тік

Газға қаны ғушылық

Мұнайға қа- нығушылық

1

2

3

4

5

6

7

1 игеру обьектісі (карбон, сұйық)

Орта мәні

16,98

15,37

3999/5300

5/5043

5

Вариация коэф.

0,76

1,00

0,002/0,179

0,024/0,049

0,061

Өзгеру интервалы

2,46

0,20

0,136/0,144

0,078/0,064

0,093

2 Игеру обьектісі(карбон, сұйық)

Орта мәні

22,45

15,56

0,104/0,086

0,884/0,962

0,071

Вариация коэф.

1,09

1,27

0,002/0,145

0,041/0,031

0,005

Өзгеру интервалы

1,90

0,10

0,088/0,023

0,677/0,746

0,004

1.1-кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

6

7

3 игеру обьектісі (карбон-девон, мұнай)

Орта мәні

15,91

10,53

0,095/0,089

0,879/0,923

0,121

Вариация коэф.

1,12

2,14

0,001/0,177

0,06/0,061

0,004

Өзгеру интервалы

1,27

0,45

0,073/0,064

0,7/0,671

0,028

Өнімді жыныстар бетінің дымқылданғыштық сипаттамасы

Дымқылданғыштықты анықтау бойынша лабороториялық жұмыстар әртүрлі мекемелер орындаған. Өнімді жыныстардың дымқылданғыштық сипаты жайлы бірмәнді тұжырымдар жасалмаған, бұл Қарашығанақ кен орынының дымқылданғыштығы күрделі сипат алатындығынан болуы мүмкін. Зерттеушілер берілген деңгейдегі зерттелінуіне қарап өткізгішті кавернозды-кәуекті жыныстар және жарықшақты жыныстар әртүрлі деңгейде гидрофобизацияланған , тығыз төменөткізгіш матрица іс жүзінде гидрофильді деп есептейді. Қуыс кеңістік бетіндегі гидрофобизациялану белгілері болуы сынамалардың дымқылданғыштығы көрсеткішін анықтап дәлелдейді. Қазіргі кездегі жүргізілген гидродинамикалық зерттеулер есебімен есептеулер үшін мұнайгаз құрамы бар қуыстар гидрофобты деп есептелінеді.