Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
арашыана дипломы жмыс (Абдиралиев Санат).docx
Скачиваний:
155
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.11 Mб
Скачать

6.3 Атмосфераның ластаушы көздері ретінде технологиялық үрдістердің анализі

Мұнай өндіру аудандарындағы атмосфера тұрақты қондырғыларда минералды отындарды жағу нәтижесіндегі күкіртті қосылыстармен ластанады. Күкірт кейбір кен орындардың табиғи және мұнай газында, мұнайда қоспалар түрінде болады. Жалындарда газды өртегенде күкіртті қоспалар ауаға ұшып кетеді. Жоғарыда айтылған күкіртті газдардың аз шоғырлануы адамның көзінің, тамағының, тыныс жолдарының тітіркендіруін болдырады. Ал жоғары шоғырлануда бронхит, өкпенің қабынуы болады.

Мұнай өнімдерін өртеу атмосфераның тозаңмен, көмір тотығымен, күкірт тотықтарымен, мышьяк қоспаларымен және басқа зиянды заттармен ластануын болдырды. Мұнай-газ кен орындарын пайдалануда ауа негізінен мұнайды дайындауда, тасымалдауда және сақтауда ұңғыманың өнімін жинау жүйелерінің және әртүрлі қондырғылар жабдықтары элементтерінің ақаулығынан, сонымен қатар резервуарлардан, тұндырғыштардан, сыйымдылықтардан мұнайдың булануынан ластанады. Басқаларға қарағанда атмосфераға жеңіл көмірсутектер жиі тасталады, олардың шоғырлануы белгіленген мүмкін шектерден жиі артып кетіп жатады.

Бөліп шығарылған көмірсутектердің үлкен бөлігі (75%-і) атмосфераға, 20%-і суға, 5%-і топыраққа түсетіні анықталған. Осылайша мұнай-газ өндіруші кәсіпорындар ауданының атмосферасын негізгі ластаушыларға көмірсутектер, күкірт тотықтары, азоттар, көміртектер және қатты бөлшектер жатады.

Сондай-ақ газ және мұнай өңдейтін заводтарда мұнай және мұнай өнімдерінің шығыны есебінен ластанатынын айта кеткен жөн. Мысалы, кейбір зерттеулер мәліметтері бойынша,заводта орташа ластану келесідей:

Көмірсутектер (МГО қуаттылығына байланысты) – 1,5-28%

Күкіртсутектер (өртелетін отын массасына байланысты) – 0,0025-0,0035%.

6.3.1 Атмосфералық ауаны қорғау

Атмосфераны тиімді қорғау үшін ҚР “Атмосфералық ауа туралы” заңына сәйкес атмосфералық ауаны қорғау бойынша келесі талаптар қарастырылған:

  • ҚР нормативтік актілерін және қалдық тастаудың нормативтік шектерін сақтау;

  • ұңғыманы сынау бағдарламасы минимумға жеткізілуі керек;

  • ұңғыманы сынау барысында мұнайды өртеу үшін жанған өнімнің тарап кетуін қамтамасыз ететін алаулы оттықтарды қолдану;

  • химиялық реагенттерді тасымалдаудың, сақтаудың және дайындаудың жабық жүйелерін қолдану;

  • мониторинг жүргізу.

Атмосфераны зиянды заттармен ластау көздеріне резервуарлар, сораптар, сепараторлар, факельді қондырғылары жатады. Қондырғылардан бөлінген көмірсутектер, азот оксиді, көміртегі оксиді, көміртегі тотығы, азот тотығы, күйе, күкіртті ангидрид, күкіртсутек, меркаптандар, көміртегі күкірт тотығы сияқты зиянды қалдықтар ауаға тарайды.

Көмірсутектегі 300 мг/м3, азот оксиді 5 мг/м3, көміртегі оксиді 30 мг/м3, күкірт газ 10 мг/м3 дейін, ал елді мекендер үшін: көміртегі 5 мг/м3, азот оксиді 0,085 мг/м3, көміртегі оксиді 5 мг/м3, күкіртті газ 0,5 мг/м3 дейін ғана рұқсат етіледі.

ҚМГК кен орнында қолданылатын технологиялық құрал-жабдықтар резервуарлар, аппараттар, газды турбиналық двигательдер, жылумен қамтамасыз ету орындары, факельдік жүйелер болып табылады. Технологиялық құрал-жабдықтардың әсерінен ауаның бүліну себептері: коррозия әсерінен болатын авариялар, құбыр өткізгіштердің жарылуы, олардың дұрыс жалғанбауы, амбарлардың пайда болуы және тағы басқа жағдайлар.

Кен орнын пайдалану кезінде жыл бойына ауаның ластануы 27728 т/жыл. Оның ішінде азот оксиді – 472 т/жыл, көміртегі оксиді 13916 т/жыл, күкірт оксиді 102 т/жыл құрайды.

Атмосфераны зиянды заттардан қорғау үшін мына жағдайлар қарастырылуы қажет:

  • пештердің, жылу жүйелерінің, газотурбиналық двигатель жұмыстарының оптимальды жинау режимін бақылау;

  • магистральды құбыр өткізгіштерді конденсат жинағыш орнату және атмосфераны газбен, конденсатпен, мұнайдың булану өнімі арқылы ластаудан сақтау;

  • мұнай құбырларын, желілерді, коллекторларды дер кезінде жөндеуден өткізу;

  • факельден бөлінетін зиянды заттарды 15 % азайтатын арнайы қондырғылар орнату;

  • өндіру техникаларын, мұнай мен газды дайындап, тасымалдауға қоршаған ортаны қорғау шарттарына сәйкес жетілдіріп отыру.

Ластаушы заттардың номенклатурасын анықтау

Қалдықтар кешенінің құрамына суммация әсері бар заттардың бес тобы кіреді.

  1. азоттың екіқышқылды + күкіртті ангидрид;

  2. күкіртті ангидрид + күкіртті сутек;

  3. күкіртті ангидрид + күкірт қышқылының аэрозолі;

  4. күкіртті ангидрид + фторлы сутек;

  5. фторлы сутек + фторлар.

6.1-кесте. Заттардың шекті мүмкін концентрациясы (ШМК)

Заттар

ШМКж.з мг/м3

ШМКм.б.р

мг/м3

УМКа.а

мг/м3

ШМКс

мг/л

ШМКорг

мг/л

1. Мұнай

2. Күкірт сутек

3. Метилмеркаптан

4. Этилмеркаптан

5. Диалкилдисульфиді

6. Едкий натр

7. Натрий сульфиді

8. Натрий сульфаты

9.Натрий үшсульфаты

10. Натрий карбонаты

11. Азот оксиді

Барлығы:

10

10

0,8

1,0

50

0,5

0,2

10

10

2

5

0,04

0,008

1*10-4

0,3

3*10-5

0,01

0,01

0,04

0,3

0,03

0,0002

0,16

2,5

0,35

0,1

0,04

0,35

ШМКж.з - жұмыс зонасының ауасындағы химиялық заттардың шекті мүмкін концентрациясы;

ШМКм.б.р – елді жерлердің ауасындағы химиялық заттардың шекті мүмкін максималды – бір реттік концентрациясы;

УМКа.а (БҚӘД) – есептеу жолымен бекітілген атмосфералық ауадағы химиялық заттардың уақытша мүмкін концентрация (бағыт көрсетілген қауіпсіз әрекет деңгейі);

ШМКс – судағы химиялық заттардың шекті мүмкін концентрациясы;

ШМКорг – органикалық көрсеткіштер (иіс, дәм) бойынша анықталатын судағы химиялық заттың шекті мүмкін концентрациясы (0-1 балл).

Ластаушы заттардың сандық көрсеткіштері

Жобада атмосфераның ластануын шектеу үшін келесі негізгі технологиялық шешімдер қаралған. ТУ-39-РК 1168001-97-ге сәйкесті тауарлық өнімдегі күкірт сутектің мөлшері келесіні құрайды:

  • тауарлық мұнайда 10 ррm-нен артық емес, меркаптандар мөлшері 20 ррm-ге дейін;

  • құрғақ газда 2г/100нм3 шамасында, меркаптанда 36/100нм3.

  • меркаптанды күкірт ЖККФ-да 0,025%, соның ішінде;

  • күкіртсутектің мөлшері 0,003%;

  • этанды фракциялар 0,003%-н артық емес;

  • тауарлық күкіртте 10 ррm-н артық еммес;

Атмосфералық ауадағы зиянды заттардың ШМК(ПДК) мәндері келтірілген, олардың мәндерінің артып кетуі болмауы керек. Осы нормативтерге жету үшін жобада газдарды тазалау, күкіртті алу, соңғы газдарды толығымен тазалаудың қазіргі заманғы технологиялық үрдістерін пайдаланумен үш технологиялық желісі қаралған.

Атмосферада жайлу жағдайын қамтамасыз ету үшін күкіртті алу қондырғыларының түтін құбырларының биіктігі 210 м деп қабылданған болатын.

Газды өңдеу қондырғысында аминмен тазартылатын жеңіл көмірсутектердің кең фракциясының (ЖККФ)- өртелген газда 40%-і шоғырланады. ЖККФ-ы кәсіпшілік суды қайта өңдеу қондырғысында пайдаға асырылатын сілтілі ертіндімен меркаптандардан тазартылады.

Заводтар тоқтап қалғанда және газдарды түсіруде күкіртсутекті газ шығарындыларының алдын алу үшін әрбір КТЖ-де екі факелден бар факелді шаруашылықтар қарастырылған, ал таза және күкіртсутектері бар газдар үшін бір факелді жүйені қолдану КТЖ-ң жабдықтарының 70%-і күкіртсутегі бар ортада жұмыс жасауына байланысты.

Жабдықтарды дүркін-дүркін бәсеңдету есептік қысымнан артық кеткенде, қызмет көрсетуші жұмыскерлердің технологиялық ережені бұзуында және апаттық жағдайларда жабдықтарды апаттық қорғау түрінде қарастырылған. Бұл жағдайларда жабдықтарды түсіру сақтандырғыш клапандармен орындалады.

Атмосфералық ауаға зиянды заттардың мүмкін шоғырлануы ШМК (ПДК): азот диоксиді, азот оксиді, аммиак, бензпирен, диэтаноламин, керосин, қышқылы, күкірт қышқылы, уксус қышқылы, кремний диоксиді, ксилол, марганец, мыс оксиді, меркаптандар, натрий карбонаты, қалай оксиді, органикалық емес тозаң шаң, пісіру аэрозолі, күйе, күкіртсутек, қорғасын, көміртегі оксиді, көміртегілер, көміртегі тотығы, фтор.