Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
арашыана дипломы жмыс (Абдиралиев Санат).docx
Скачиваний:
155
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.11 Mб
Скачать

2.1.2. Пайдалану ұңғыларының орналасу анализі

Ұңғыларды орналастыру сайклинг – процесс кезінде ұңғыларды орналастырудың жалпы жүйесі дамуындағы қабылданған кезеңдерге сәйкес жүргізілді. Қабат қысымын ұстаумен игеру нұсқасын жүзеге асыру кезінде айдайтын ұңғылардың төрт тармағы жобаланды: І І объектіге, ІІ ІІ объектіге, ІІ ІІ+ІІІ ІІІ объектілеріне және ІІІ объектіге. Бірінші кезекте 1,1·1,1 км. жетінүктелі сетка бойынша барлық кеніштерді бұрғылау жасалды. І объектіге ұңғыларды орналастыру басқа тармақтардағы ұңғылар орналасуынан тәуелсіз өтілді. І объектінің айдайтын ұңғылары жоғары өнімділікпен сипатталатын пермдік екі күмбездің білік сызығын бойлай, екі параллель желі бойында орналасқан. Айдайтын ұңғылардың ара қашықтығы – 1 км. Пайдалану ұңғылары айдайтын ұңғылар сызығынан 1 – 1,5 км. қашықтықта орналасады. Жоғары мұнайға қаныққан қалыңдығымен (80 – 120 метр) мұнайлы жиек алқабында ұңғылардың мұнай өндіру үшін 500×500 метрлік дербес сеткасы құрылды. одан кейін 500×500 метрлік ұңғылар сеткасын құратын шоғыр ішіндегі алқапты бұрғылау жүргізілді. Қазіргі кезде ұңғыларды тығыздайтын бұрғылау тоқтатылған. Үш ірі объектілерден тұратын Қарашығанақ кен орны туралы көрсетулерге сүйене отырып, ұңғылардың дербес сеткаларымен екі газ конденсатты және мұнайлы пайдалану объектілерін пайдалануды жүргізу белгіленді. Орал мұнай газ химиялық кешені құрылысының бөгелуіне байланысты тек үшінші объектінің ұңғыларын тоқтатып қою шешілді. Сонымен кейбір ұңғылар І және ІІ объектілерді бірге пайдаға асырады, терең

пайдалану, ұңғыларының негізгі бөлігі ІІ және ІІІ объектілерді құрғатады.

Келтірілген эксплуатациялық объектілерде ұңғымалардың жекеленген торлары қарастырылады, сондай-ақ «Өндірістік өңдеудің бекітілген жобасында». Айдау ұңғымаларын аудандарда орналастыру және сайклинг процесін іске асыру көптеген дәрежеде гравитациялық тиімділікті қолдануға мүмкіндік береді, яғни ол майлы газды құрғақ күйінде бірқалыпты ығыстыруына әсер етеді.

Айдау әдісі арнайы жобаланып бұрғыланған айдау ұңғыларында жүргізілсе, сондай-ақ қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған эксплуатациядағы ұңғымаларда жүргізіледі.

Кен орнында жие кездесетін 1 км қашықтықтағы ұңғыманың 7 нүктелі торында және әрі қарай 500 м дейін таңдап алынған көп мөлшерде көмірсутектің меншікті қоры бар ауданында бұрғылау жұмыстарын жүргізу қарастырылған.

Бұл кезде бір ұңғымада бірнеше объектілердің (I + II, II + III, I + II + III) қос дренаждалуына рұқсат етілген. Нәтижесінде ұңғымалардың тұрақсыз торы пайда болды, әсіресе ол кен орынның ортасында аса жүргізілген бұрғылау жұмыстары кезінде.

Сонымен қатар ұңғыманың 7-нүктелі торы қолданыстағы тордың мәнімен қарастырылады және оның ұлғаюы ,яғни әлі де ауданның өндіріске алынбаған бөлігі.

III объекттегі көлбеу эксплуатациялық ұңғымаларға және айдау ұңғымаларын бұрғылауға аса негізгі мән беріледі, өйткені коллекторларды өндірудің негізгі бағыты, сайклинг-процессті іске асыру және мұнай бөлігің өндіру болып табылады.

Айдау ұңғымаларын орналастыру кезінде келесі принцептер қолданылған:

  • құрғақ газдың көмегі арқылы аса ауыр шикі газды ығыстыру үшін II объектің жабынынан газды айдауды бастау ;

- кен орынның солтүстүк-шығыс ауданынан 16 істе тұрған эксплуатациялық ұңғымаларды айдау ұңғымаларына ауыстыру және УКПГ 3, КПК аудандарындағы ұңғымаларының санының өсуінен айдау басталады;

- айдау ұңғымалары 7 нүктелі сұлба бойынша орналасады,ондағы айдау және эксплуатациялық ұңғымалардың арасындағы қашықтық 600 м құрайды.

Өндірудегі III объектегі эксплуатациялық ұңғымаларын жобалау үшін келесі критериялар қолданылған:

- көлбеу ұғымалар коллекторлардың аса өнімді аумағында орналасқан,ол негізінен 5050 м тереңдікте ГНК дан және ВНКдан бірдей қашықтықта қамтамасыз ету үшін;

- жалпы 30 жаңа көлбеу ұңғымаларын бұрғылау және 12 істегі көлбеу оқпанын бұрғылаумен тереңдету қарастырылған;

- тік ұңғымалар коллектордың біртексіздігі көп жерде және қалыңдығының тиімділігі көп жерде орналасады.

Өндірістегі газоконденсатты объектілердегі эксплуатациялық ұңғымаларды жобалау үшін келесі критериялар қолданылған:

- II объектегі жаңа ұңғымаларды бұрғылау , мұнай бөлігінің аса көп бөлігі өндіріліп жатқан кезде басталады;

- II объектің жоғарғы бөлігі атылып, қысымы төмендеген кезде , ұңғымалар бұрғыланады және II объектің төменгі бөлігінде аяқталады (4800 м – 4950 м);

- I объект соңында өндіріледі;

- 8 ұңғымада I және II объектілердің бір уақыттағы эксплуатациясы қарастырылады.

Өндірудің барлық варианттарына жаңа ұңғымалардың орналасу орнын таңдау критериялары бірдей. 2 және 3 (60% және 100% газ айдау) варианттарда газды айдау көлемі сәйкес болуы үшін айдау ұңғымаларының саны өскен.

4, 6 және 7 (III объектте байытылған газ және III объектте айдаудың қатарлануы) варианттарда айдау ұңғымалары аса өнімді аудандарда орналасқан. III объектегі айдау ұңғымалары 4950-5100 м интервалында аяқталады.