Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
арашыана дипломы жмыс (Абдиралиев Санат).docx
Скачиваний:
155
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.11 Mб
Скачать

1. Геологиялық бөлім

1.1 Кен орын туралы жалпы мәліметтер

Қарашығанақ МГККО Батыс-Қазақстан облысының батысында, Бөрлі ауданының территориясында орналасқан. Аудан климаты континентальды. Температура қыста -40°С-қа дейін жазда +40°С арасында тербеліп тұрады. Оңтүстік-шығыс және солтүстік-батыс бағытындағы желдер басым. Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 300-350 мм. Кен орыннан Оралға дейінгі арақашықтық 160 км, Орынборға дейін 155 км, ОГӨЗ дейін 158 км. ОГӨЗ дейінгі газ құбырларының орташа ұзындығы 140 км. Ең жақын тұрғылықты пункттар: Қарашығанақ ауылы 10 км, Тұңғыш ауылы 2 км, Березовка ауылы 3 км (1.1-сурет).

1.1-сурет. Қарашығанақ кен орынның шолу картасы

Ауданнның орфографиялық жағдайы сирек кездесетін құм сазды жазықтан тұрады. Рельефтің абсолютті белгілері 80-130 метрге дейін өзгереді.

Кен орнының гидрографиялық жүйесі солтүстігінде Орал өзенімен, cолтүстік-шығысында Елек өзенімен шекараласады. Жоспарланған жұмыс ауданында Елек өзенінің сол ағысы болып саналатын Березовка өзені қиып өтеді. Жазда ол құрғап қалады. Ауданда аз мөлшерде табиғи су қоймалары кездеседі.

Техникалық сумен қамтамасыз ету жерасты суларымен іске асырылады. Сулы горизонттар 65-110 метр тереңдікте, әктас және мергель жарықшақтарында орналасқан және де неогенді төрттік бор юра және триас кезеңіндей құмтастарда қалыптасқан.

Сулар әлсіз минералданған, гидрокарбонаты калций минералдылығы 1-3 т/л ал ұңғы шығымы тәулігіне 26 - 100 м3/тәу.

Аудан климаты шұғылконтинентальды. Ауа температурасы минус 40 (қыста) +40 (жазда) дейін өзгереді.

Жел оңтүстік-шығыс және солтүстік-батыс бағыттарында соғады. Күзде, қыста және көктемде жылдың орташа жауын-шашын көлемі 300-950 мм-ді құрайды.

Грунттың қалыңдығы, қар табанына байланысты 1-ден 1,5 метрге дейін өзгереді. Жылыту маусымының ұзақтылығы 176 күн (15/10-15/04).

1.2 Ашылу тарихы және кен орынның игерілуіне қысқаша шолу

Қарашығанақ ауданында сейсмикалық жұмыстар шағылған толқын әдісімен (ШТӘ) сирек профиль торкөзде (10 км) магнитті тіркеуші аппаратурасымен бірінші рет 1970-1972 жылдары Урал геофизикалық экспедициясымен жүргізілді (УГП). Олардың нәтижелері бойынша Қарашығанақ тұзды дөңесі ашылды. Ол антиклиналды құрылым көлемі 5×9 км шағылған горизонт «П» бойынша амплитудасы 150 км болып табылатын тұзды шөгіндіден құралған. Материалдарды қайта интерпретациялау нәтижесінде көрсетілген горизонт бойынша құрылым жұмыс тақырыбы нақты анықталып және өлшемі 10×20 км болатын брахиантиклинал түрінде сызылды. Амплитудасы 400 метрден жоғары шамамен минималды өлшемі 4400 м болатын күмбезді анықтаған. Бұл құжаттар П-10 параметрлік ұңғысының құрылымын жасауға ұсыныстар негізін құрады.

Қарашығанақ мұнайгазконденсатты кен орны 1979 жылы «Уральскнефтегазгеология» өндірістік-геологиялық бірлестігінің №10-П параметрлік ұңғыны бұрғылау кезінде ашылған. Кен орын Каспий ойпатының солтүстік жағында орналасқан.

Мұнайгазконденсат кеніші терең жатысты тұз асты құрылымында негізделген және кристалды фундамент шоқысында жататын төменгі перьм және жоғарғы тас көмір жасты күшті рифогенді карбонатты денемен берілген.

Мұнайгаздылық этажы 300-ден 1600 метрге дейін, ал осындағы мұнайлы бөлігінің қалындығы 200 м. Газ су контактісі 4950 метр тереңдікте, су мұнай контактісі 5150 метр терңдігінде.

1983 жылы мұнай, газ және конденсаттың қорын оперативті түрде саналуы жасалған. Соның негізінде 1985 жылы ВНИИГаз тәжірибелі-өндірістік игеру жобасы (ОПЭ) тұрғызылды. ОПЭ 1984 жылдың қараша айында басталды.

1988 жылы көмірсутектер қоры саналып бекітілді. Кен орын үш игеру объектісіне бөлінген: 1 мен 2 газконденсатты объектісі, ал 3 мұнайлы объектісі болып табылады. Терңдеген сайын конденсат мөлшері көбейеді.

ОПЭ жүргізу үрдісінде кейбір техникалық шешімдер жасалынбай қалған:

  • 1990 жылы құрғақ газдың кері айдалуы басталу керек еді;

  • ұңғы өнімділігін арттыратын жаңа технологиялардың игерілуімен енгізілуі қамтамасыз етілмеген;

  • эксплуатациялық ұңғыларды бұрғылау негізінде коллекторлар және объект аралық флюидтардан керн алу жұмысы жасалынбаған.

Осы кезге дейін әр түрлі себептерге байланысты сайклинг-процесс басталған жоқ, ал кен орынның игерілуі фантанды әдіспен жүргізіліп жатыр.