Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
арашыана дипломы жмыс (Абдиралиев Санат).docx
Скачиваний:
155
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.11 Mб
Скачать

5.4. Компания аумағында, өндірістік және қосалқы орын жайларында жұмыс істейтіндердің тәртіптік қылықтарының жалпы ережелері

Қызметкерлердің құрамы Компанияның қолданыстағы талаптарында және ҚР-ң нормативтік актілерінде көзделген еңбек қаіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария талаптарын сақтауға міндетті. Қарашығанақ кеніштеріне әрбір қызметкері «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в.» АҚ-ң ҚТ, ҚОҚ, ДС жөніндегі нұсқаулығымен танысуға міндетті.

  • Қарашығанақ кеніштерінің осы мақсаттарға арнайы жабдықталған орындарынан басқа барлық учаскелерінде, сондай-ақ тұрмыстық, өндірістік орын-жайларда, автокөлік құралдарының ішінде темекі шегуге тыйым салынған;

  • Жұмыс орнында тамақтануға тыйым салынған;

  • Жұмыс аяқталғаннан кейін жұмыс орнында жүруге тыйым салынады;

  • Компанияның меншігіндегі заттарды, мүліктерді не материалдарды тиісті рұқсатсыз алып кетуге тыйым салынады;

  • Компанияның әрбір қызметкері өз иелігіндегі барлық жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын пайдалануы тиіс;

  • Қарашығанақ кеніштерінің барлық объектілерінде жұмыскер тиісті жеке қорғаныс құралдарын міндетті пайдалану ережесін сақтауы керек;

  • Өндірістік жарақат алу қауіптілігін ескерту үшін әрбір жұмыскер өзіне жұмыс атқаруға сеніп тапсырылған құрал-жабдықтарды, аспаптар мен техникаларды қауіпсіз жұмыс жағдайында күтіп ұстауға міндетті;

  • Кез-келген төтенше жағдай, жұмыскердің өндірістік жарақаталуы туралы ҚПО қабылдаған ТЖ кезінде шұғыл дабыл көтеру сұлбасына сәйкес кәсіпорын басшылығына тез арады хабарлау керек;

  • Көлік құралдарын пайдаланушы барлық адамдар қауіпсіздік белдіктерін тағып отыруы тиіс;

  • Әрбір жұмыскер қозғалыс жылдамдығы жол бойына қойылған белгілерге сәйкес болуға тиіс;

  • Алкогольді ішімдіктерді, есірткі заттарын, тыйым салынған дәрі-дәрмектерді, суық және ату құралдарын алып жүрмеуге қатысты ПҚҚР саясатын қатаң сақтау керек.

5.5. Негізгі қауіпті және зиянды факторлар

Жазатайым жағдайлар мен кәсіптік аурулардың алдын-алу әдістері мен құралдары: ұжымдық қорғаныс құралдары, плакаттар, қауіпсіздік белгілері, дабылдатқыш. Электрмен жарақаттанудың алдын алу жөніндегі негізгі талаптар.

Негізгі қауіпті және зиянды өндірстік факторлар әрекет етуіне қарай төмендегі топтарға бөлінеді:

  • Физикалық

  • Химиялық

  • Биологиялық

  • Психофизиологиялық

Физикалық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар мыналарға бөлінеді:

қозғалыстағы машиналар мен тетіктер; өндірістік құрал-жабдықтардың жылжымалы бөліктері; жұмыс аймағындағы ауаның шамадан тыс шаң-тозаңдануы және газдануы; құрал-жабдықтар мен материалдардың үстіңгі бетінің жоғарғы немесе төменгі температурасы; жұмыс аймағындағы ауаның жоғарғы немесе төменгі температурасы; жұмыс орнындағы шуылдың жоғарғы деңгейі; вибрацияның жоғарғы деңгейі; жұмыс аймағындағы ионды сәулеленудің жоғарғы деңгейі; тұйықталу адам денесі арқылы өтетін электр жүйесіндегі кернеудің джоғарғы мәні; жұмыс орнының жер бетінен едәуір биіктікте орналасуы.

Химиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторларға мыналар жатады: адам ағзасына әсер ету сипатына қарай: уытты, тітіркендіргіш, сенсибилизациялық, канцерогенді; адам ағзасына ену жолдары бойынша: тыныс алу органдары, асқазан-ішек жолдары, тері қабаты және кілегейлі қабықшалар.

Биологиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар мына биологиялық объектілерге бөлінеді: патогенді микроағзалар (бактериялар, вирустар, риккетсиялар, спирохеттер, саңырауқұлақтар, қарапайым ағзалар) және олардың тіршілік ету өнімдері, микроағзалар.

Психо-физиологиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар әрекет ету сипатына қарай мыналарға бөлінеді:

а) физикалық артық жүктемелер (статикалық және динамикалық);

б) жүйкелік-психикалық артық жүктемелер (ақыл-ойдың шамадан тыс жұмыс істеуі, еңбектің монотондылығы, эмоционалды артық жүктемелер).