Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
арашыана дипломы жмыс (Абдиралиев Санат).docx
Скачиваний:
155
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.11 Mб
Скачать

3.3. Симуляциялық модель

Симуляциялық модель кен орынның сандық үшөлшемді геологиялық-математикалық және жер қойнауының үшөлшемді композициялық моделдер жиынтығын көрсетеді.

Симуляциялық модельдің координаторлық торы СМК шекарасын қосып алғандағы ұзындығы 27,6 км және ені 16,0 км аумақты алып жатыр. Координата жүйесінің бағыты X осі бойынша батыстан шығысқа қарай, ал Y осі бойынша солтүстіктен оңтүстікке қарай бағытталған.

X осі бойынша бағана саны – 81-ге, ал Y осі бойынша қатар саны – 61-ге тең.Ұяшықтар көлемі 345×267 м. Ұяшық қалындығы (өлшемі Z осі бойынша) ұяшықтың орналасу орнына байланысты, ұяшықтардан құралған қабаттар саны 21-ге тең.Симуляциялық модельдегі белсенді ұяшықтар саны – 76944 ұяшық.

Симуляциялық моделде газ-мұнай контактісінің (ГМК) абсолюттік деңгейі минус 4950 м болса, ал су-мұнай контактісінің (СМК) абсолюттік деңгейі 5250 м-ге тең деп қабылданды.

Симуляциялық моделдің әр ұяшығы орналасу орнымен (XYZ осі координата бойынша), жалпы және эффективті қалындық мәнімен, кеуектілігімен, өткізгіштігімен, бастапқы қанығушығымен меншектелген. Сонымен қатар моделде салыстырмалы фазалық өткізгіштігінің қисық сызығының, қанығушылыққа тәуелді капилляр қысымның сілтеме кестелері қосылған. (Қосымша)

3.4. Симуляциялық моделде қолданылатын командалар мен мәліметтер

3.4.1 Eclipse бағдарламасының құрылымы

Eclipse бағдарламасының бастапқы мәліметтер *.DATA форматындағы файл арқылы енгізіледі. Бастапқы мәліметтер кезегінде кілт сөздерінен құралған секциялардан тұрады. Eclipse бағдарламасы негізгі 5 және 3 қосалқы секциядан тұрады. Секциялар келесі заңдылықпен орналасады:

  • RUNSPEC (негізгі) – Тақырып, өлшем бірліктер, кездесетін фазалар, компоненттер саны, кестелер туралы мәліметтер және т.б. мәліметтер енгізіледі.

  • GRID (негізгі) – Геометриялық торды (corner point, cartesian) және әр ұяшықтың тау жыныстық қасиетін (кеуектілік, абсолютті өткізгіштік) сипаттайды.

  • EDIT (қосалқы) – Енгізілген мәліметтерді қосымша өзгерту үшін қолданылады.

  • PROPS (негізгі) – Қабат жыныстары мен сұықтардың қанығушылығы мен құрамы (тығыздыңы, тұтқырлығы, салычтырмалы өткізгіштігі, капилляр қысымы және т.б.) қысымға байланысты тәуелділік кестелер жинтығы.

  • REGIONS (қосалқы) – Есептеу торларын келесі аудандарғабөледі:

  • PVT қасиеті

  • Қанығушылық

  • Бастапқы жағдай

  • Флюидтер қоры

  • SOLUTION (негізгі) – Қабаттың бастапқы жағдайын анықтайды.

  • SUMMARY (қосалқы) – Мәліметтерді уақыт аралығында еспетеу үшін қолданылады.

  • SCHEDULE (негізгі) – Ұңғылардың өндіру және айдау режимдерін уақыт аралығында мәліметті өңдеу.

3.4.2 Қарашығанақ мұнай-газ-конденсат кен орынның қайта газ айдау әдісі арқылы қабат қысымын ұстау үшін жазылған бағдарлама коды

Ескерту. Егер жол қос дефистен (--) басталса, онда бағдарлама бұл жолды түсініктеме ретінде оқиды және есептеу кезінде ескермейді.

-- RUNSPEC секциясы

--Бағдарлама аты

TITLE

Karachaganak cycling process

-- Өлшем бірлік жүйесі

METRIC

-- Су фазасы

WATER

-- Есептеудін басталу уақыты

START

1 ‘jan’ 1997 /

-- AIM есептеу әдісі

AIM

-- Компоненттер саны

COMP

10 /

--Есептеу кезінде Пенг-Робинсон теңдеуін қолданылуы

EOS

PR/

-- Ұяшықтар саны

-- x бойынша y бойынша z бойынша

80 60 21 /

-- Ұңғылар бойынша мәліметтер

WELLDIMS

-- Кестелер бойынша мәліметтер

TABDIMS

-- Газ-конденсат бойынша есептеме

ISGAS

-- GRID секциясы

-- Сызықтар координатасы

COORD

-- Бұрыштық блок центрлердың тереңдігі

ZCORN

-- x осі бойынша өткізгішітік

PERMX

-- y осі бойынша өткізгішітік

PERMY

-- z осі бойынша өткізгішітік

PERMZ

-- PROPS секциясы

-- Стандарттық жағдай

STCOND

-- Компоненттер аттары

CNAMES

-- Критикалық температура °К

TCRIT

-- Критикалық қысым Bar

PCRIT

-- Критикалық сығылу

ZCRIT

-- Молярлық масса

MW

-- Компоненттердің тереңдікке тәуелді молярлық үлесі

ZMFVD

-- Судың қанығушылық функциясы

SWFN

-- Газ қанығушылық функциясы

SGFN

--SOLUTION секциясы

--Қабат жағдайының тепе-теңдігі

EQUIL

--SCHEDULE секциясы

--Сепораторлар жағдайы

SEPCOND

-- Ұңғымалар бойынша жалпы мәлімет

WELSPECS

-- Ұңғылардың жер қойнауын ашу туралы мәлімет

COMPDAT

-- Пайдаланушы ұңғылырды бақылау кілт сөзі

WCONPROD

-- Айдаушы ұңғылырды бақылау кілт сөзі

WCONINJE

-- Уақыт қадамы

TSTEP

-- Бағдарламаның соңы

END