Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
арашыана дипломы жмыс (Абдиралиев Санат).docx
Скачиваний:
155
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.11 Mб
Скачать

6.6 Қоршаған ортаны қорғау шараларын ұйымдастыру

Қазақстан Республикасында қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы негізгі қаулылар ҚР «Қоршаған ортаны қорғау» заңымен мұнай туралы (1997ж) заңдарында баяндалған.

Жобада қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілікті - қоршаған ортаны қорғау бойынша инженер алады. Қоршаған табиғи ортаны қорғауға бірінші басшы және барлық қызметкерлер жауапкершілікте болады. Қоршаған ортаны қорғау бойынша барлық жұмыскерлер үшін квалификацияны жоғарылату курстары қарастырылған. Апат болуы мүмкін жағдайларға жұмыскерлер арнайы дайындықтан өтіп жыл сайын қоршаған ортаны қорғау бойынша емтихан тапсырады.

Биологиялық қайтадан өңдеу – нақты жағдайлардан және бар шектеулерден тәуелді органикалық материалдарды көміртегі екі тотығында, суда, микроағзалар биомассасында аздыруға арналған.

Термиялық қайтадан өңдеу – төмен температурада өңдеу қалдықтардан көмірсутектерді және суды алуға мүмкіндік береді, ал үрдістері арқылы жоғары температуралы технологиялар органикалық қосылыстарды бұзады. Термиялық қайта өңдеудің болжанатын әдістеріне келесілер жатады: өртеу, термиялық шығару және тексеруші ұйымдар келісімімен өртеу.

Саңылаусыздандыру, тұрақтандыру және қатайту – бірге қарастырылады, себебі сәйкесті технологиялық үрдістер шеңберінде бірге жүргізіледі. Бұл үрдістер қалдықтар құрамындағы ауыр металдарды тұрақтандыру.

6.7 Санитарлы – қорғау аймағы (сқа)

Өндірілетін мұнай сипатын ескеріп СҚА-ны кен орын контурынан емес жеке ұңғыдан орнатуға болады. СҚА бір-біріне қойылмайды. «Атмосфераға зиянды заттарды шашуды бастапқы өлшеуді ұйымдастыру ережесіне» сәйкес жүргізілген алдын – ала есептер көрсеткендей әрбір ұңғыдан шығатын УВН 0,0059 г/сек-тан аспайды, сондықтан СҚА-ны ұңғыдан 5000 м-ге алуға болады. Вахталық поселка жиі желдер әсері аймағынан тыс орналасады. Оның аймағындағы 3В концентрациясы, оның ішінде УВН де мүмкін шекті концентрациядан аспайды. Сонымен бірге: шаңды боран, қар, боран, температуралық инверсия, жоғары салыстырмалы болғандылық (70%-тен жоғары) кезінде де.

CҚА-ты орналастыру жоба құжаттамасына кіреді:

  • ластаушы заттармен ластануды алдын алу шаралары;

  • нысандардың айналасындағы ауаның ластану дәрежесін есептеу және талдау;

6.8 Қоршаған ортаның жағдайын бақылау және алдын-алу шаралары

Экология мәселелерімен «Қарашығақ Петролеум Оперейтинг б. в.» акционерлік қоғамының экологиялық қызметі айналысады.

Табиғатты қорғау шаралары «Қарашығақ Петролеум Оперейтинг б. в.» акционерлік қоғамы басшылығы және экобиоресурстар облыстық басқармасы бекіткен жоспар бойынша жүргізіледі. Оның үстіне кездейсоқ тосын жағдайлар болса, қосымша шаралар ұйымдастырылады.

Кен орнындағы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында 2011 ж. келесі жұмыстар атқарылды:

  • 280 км су құбырлары ауыстырылды және жөнделді;

  • 136 км мұнай құбырлары ауыстырылды және жөнделді;

  • 37 мұнайды қыздыру пештері жөнделді;

  • 2 резервуар жөнделді;

  • 27 радианттық пеш жөнделді;

  • 5 ПТБ-10/160 пештері жөнделді;

  • 383 жылтырланған штоктар ауыстырылды;

  • 438 СУСГ ауыстырылды;

  • 32 скважинада жабу арматуралары ауыстырылды.

Мұнай кәсіпшіліктері аумағында мұнай төгілулерін тазалау мен жоюға 5 механикалық бригада құрылды. Бұл бригадалар күшімен 10,17 га аудан тазартылды. Рұқсатты сақтау орындарына 19000 т майлы топырақ әкетілді. Майланған топырақты өңдеуге шетел фирмаларымен келіссөздер жүргізілуде. 01.01.11 ж. дейін апаттық мұнай төгілулері 162 қоймаға шоғырландырылған. Олардағы барлық мұнай көлемі 289773,8 т. 2011 ж. жаз кезеңінде 9 мұнай қоймасы жойылды, олардан 7795,3 т мұнай алынды, оның ішінде 2240 т мұнайды дайындау орталық бекетінің қоймасынан.

N40 топтық қондырғы жанында радиоактивті қалдықтарды уақытша сақтау бекетінің құрылысы жалғасуда. Бұдан басқа мұнай өндіру кешендерінде радиациялық қауіпсіздендіру жұмыстары жүргізілді.

Өнеркәсіптік, құрылыс-тұрмыстық қалдықтарды«Қарашығақ Петролеум Оперейтинг б. в»акционерлік қоғамының аумағында топтау, жинау және шығарып тастау үшін арнайы бригада құрылған және жұмыс жасайды.

Қорытынды

Берілген дипломдық жоба Қарашығанақ кен орнында істелініп жатқан қызметтер жайлы ақпараттар бере келе, олардың жұмысының жақсарту негізінде ұсыныстар келтірілген. Соңғы заман технологияларын пайдалану қазіргі кездегі маңызды жағдайлардың бірі болып табылады.

Қарашығанақ кен орнының мұнай бергіштігін арттыру үшін қандай шаралар істелінуі керек екендігін дәлелдеуге тырысады. Сонымен қатар, жалпы таңдалған техннологиялық тәртіппен жабдықтарды іріктеу есептерді жүргізеді.

Экономикалық бөлімінде қабатқа газ айдау арқылы қабат қысымын ұстаудың тиімді вариантын қабылдайды.

Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бұл әрбір КИО қызметкерлерінің жұмыс принціпі болып табылады. Әрбір қызметкер еңбекті, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау міндеттеріне берік болуды өз борышымыз деп санайды.