Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
арашыана дипломы жмыс (Абдиралиев Санат).docx
Скачиваний:
155
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.11 Mб
Скачать

5.6. Жазатайым жағдайлар мен кәсіптік аурулардың алдын алу әдістері және құралдары

ҚПО АҚ өндірістік объектілерін, цехтарын, учаскелерін, жұмыс орындарын бағалау үшін жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардың алдын алу мақсатында және онда атқарылып жатқан жұмыстардың қауіпсіздік, зияндылық, ауырлық, жүктемелік жай-күйін, еңбек гигиенасын және өндірістік орта жағдайларының Компаниядағы жағдайлар нормативтеріне сай келуін анықтау бағытында белгіленген мерзімдерге сәйкес өндірістік объектілерде еңбек жағдайлары бойынша аттестация өткізіледі.

Аттестация нәтижелері бойынша қауіпті және зиянды өндірістік факторлар орын алған жұмыс орындары ұжымдық қорғаныс құралдарымен қосымша жарақтандырылады, қауіпті және зиянды факторлардың көздері жойылады, құрал-жабдықтар автоматты қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Компания аумағындағы тұрақты әрекет ететін қауіпті өндірістік факторлар аймағы ескерту белгілермен белгіленген және шекараларында тиісті сақтандырғыш қорғаныс қоршаулар орнатылған.

Қысыммен жұмыс істейтін құрал-жабдықтар мен құбырлардың барлық түрлері сақтандырғыш клапандармен, манометрлермен, және термометрлермен жабдықталған.

Жұмыскерлер қауіпті және зиянды заттармен байланысты болдырмайтын жеке қорғаныс құралдарын пайдаланады.

Газқауіпті орындардағы және бекітулі кеңістіктердегі жұмыстар тек тыныс алу органдарының қорғаныс құралдарын қолдану арқылы ғана орындалады.

Компанияның өндірістік бөлімшелеріндегі қауіптілігі жоғары барлық жұмыстар тапсырыс-рұқсат қағаздары бойынша атқарылады.

ҚПО АҚ барлық объектілерінде тыйым салатын, ескертетін, міндеттейтін және көшіруге арналған қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі белгілері орнатылған. ҚПО қолданылатын қауіпсіздік плакаттары тыйым салатын, ескертетін, міндеттейтін, көшіруге және өрт қауіпсіздігіне арналған болып бөлінеді.

5.7. Электрмен жарақаттанудың алдын алу жөніндегі негізгі талаптар

Электр тогы ұрудың негізгі себептеріне мыналар жатады: оқымаған қызметкерді электр құрылғыларымен бірге жұмысқа жіберу, электр жүйелері мен қондырғыларының дұрыс орнатылмауы және тиісті пайдаланылмауы.

Кернеудің электр жабдықтарының корпусына ауысуы барысында ток ұрудан қорғаудың неғұрлым кең тараған шаралары: жерге қосу, нөл сымына қосу, автоматты қорғанысты ажырату.

Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жекелей немесе сабақтас болып келетін төмендегідей әдістер мен құралдар қолданылуға тиіс:

  • Қорғаныстық жерге қосу;

  • Нөл сымына қосу;

  • Күш-қуаттарды теңестіру;

  • Қорғаныстық ажырату;

  • Ток жүріп тұрған бөліктерді оқшаулаудың аз кернеуі;

  • Желілердің электрлік бөлінісі;

  • Жерге тұйықталатын токтардың деңгейін төмендету;

  • Ток жүріп тұрған бөліктердің оқшау болуы;

  • Жеке қорғаныс құралдары;

  • Ток жүретін бөліктердің қол жетпейтін 2,5 метр биіктікте орналасуы;

  • Изоляцияны, қорғаныстық жерге қосуларды, ажыратқыштар мен бүленді құрылғыларды және т.б. жүйелі түрде тексеріп отыру.

5.8. Жеке қорғаныс құралдары. Жеке қорғаныс құралдарын берудің тәртібі мен нормалары. Пайдалану мерзімі

ҚПО компаниясы жеке қаржысы есебінен қызметкерлерді жеке, ұжымдық қорғаныс құралдарымен және емдік алдын алу құралдарымен қамтамасыз етеді. Жеке қорғаныс құралдарының тізбесі ұжымдық шартта белгіленген. Жеке қорғаныс құралдары қызметкерді жұмысқа қабылдау кезінде және оларды пайдалану мерзімі біткеннен кейін береді. Жеке қорғаныс құралдарын беру тәртібі мен нормаларды және оларды пайдалану мерзімдері бекіітілген нормаларға сәйкес белгіленген.